ТРК Президента
✔
23.3K subscribers
7.28K photos
5.21K videos
992 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
#СЛОВОТОКАЕВА

🧷Касым-Жомарт Токаев:

«Служение государству – это почетная и ответственная миссия»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ Қасым-Жомарт Тоқаев GITEX AI Central Asia & Caucasus 2026 халықаралық технологиялық көрмесін аралап көрді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады

▫️Қазақ – шекарасын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бекемдеген қаһарман халық, ержүрек ұлт

▫️Бүгінде Қазақстанның айбынды армиясы батыр бабалардың даңқты жолын лайықты жалғастырып келеді

▫️Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет. Бұл әлем елдерінің қазақ армиясына деген сенімі жоғары екенін көрсетеді

▫️Біз құқықтық нигилизмге жол бермейтін, аңыздағы немесе қолдан жасалған «батырларды» емес, бұрынғы және бүгінгі нағыз қаһармандарды құрмет тұтатын үйлесімді қоғам құруымыз қажет

▫️Біздің мақсатымыз – батырларымыздың ерлігін мәңгі есте қалдыру, отандастарымыздың жарқын бейнесін жүрегімізде сақтау, өскелең ұрпақты нағыз ерлікке, қайсарлыққа және шынайы патриотизмге тәрбиелеу

▫️Біз кез келген қақтығыс дипломатиялық жолмен, келіссөздер арқылы шешілуге тиіс деп есептейміз, әрқашанда «ас пен тас» стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет

▫️Қарулы күштерімізді және әскери мекемелерімізді түбегейлі реформалау керек. Бұл – стратегиялық маңызы зор міндет, оны созбай, екі жыл ішінде орындау қажет

▫️Қауіпсіздік мәселелері, еліміздің қорғаныс қабілетін күшейту, қызметтердің беделін көтеру – негізгі мемлекеттік басымдықтар мен міндеттер

▫️Күштік құрылымдар сапына жастарды көптеп тартып, кадрлық әлеуетті нығайту ісіне көңіл бөлінуде

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸 Президент мемлекеттік марапат және әскери шен тапсыру рәсіміне қатысушылармен бірге суретке түсті

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштері Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Нағыз патриот азамат үшін бұдан асқан мәртебе жоқ – Президент

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Ерлік ешқашан ескірмейді – Мемлекет басшысы

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📌 Касым-Жомарт Токаев:

«Нравственным ориентиром для молодежи должны быть люди чести и долга, посвятившие свой труд во всех сферах общественной жизни делу служения своей стране и своему народу»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазақ – шекарасын ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен бекемдеген қаһарман халық, ержүрек ұлт»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❕ Президент: «Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын дербес орындау мәртебесіне ие болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ішіндегі жалғыз мемлекет»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷Глава государства:

«Наша цель – увековечить память о подвигах наших героев, сохранить в сердцах соотечественников их светлый образ, воспитывать молодежь на примерах истинного мужества, непреклонной стойкости и подлинного патриотизма»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Ерлік ешқашан ескірмейді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🈂️«Халық Қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұрпақтары – ұлы Махамбет Мәденов, немересі Батырбек Мәденов, шөбересі Мұзафар Мәден Jibek Joly телеарнасының «Жаңа уақыт» бағдарламасына қатысып, сұхбат берді.

🧷Батырдың ұлы Махамбет Мәденов өз сөзінде Президентке алғыс білдіріп, бұл күнді ұзақ күткенін айтты. Сондай-ақ ол бұл күн Кенжебай Мәденовтің ұрпақтары үшін маңызды күн екенін атап өтті.

🏅Бүгін Мемлекет басшысы «Халық қаһарманы» Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлына айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» орденін салтанатты түрде тапсырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Мемлекет басшысы: «Қазақстан – өткенге зор құрметпен, болашаққа үлкен үмітпен қарайтын бейбіт ел»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!

Баршаңызға Отан қорғаушы күні құтты болсын!

Мемлекеттік әрі қоғамдық маңызы айрықша мерекеде жауынгерлеріміздің ерен ерлігі, мықты рухы мен қайтпас қайсарлығы кеңінен дәріптеледі.

Бұл – Қазақстанның қауіпсіздігін, тұрақтылығы мен тыныштығын күндіз-түні қас қақпай күзеткен, сондай-ақ қазір Отан алдындағы борышын адал өтеп жатқан барша азаматқа құрмет көрсетілетін күн.

Ел жауынгерлері мен командирлері батыр бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып, нағыз отаншылдық рухының жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Сардарлар мен сарбаздардың, барлық күштік құрылым қызметкерлерінің бітімгерлік миссиялар, арнаулы оқу-жаттығу жиындары мен түрлі халықаралық сайыстар кезіндегі кәсіби шеберлігі, темірдей тәртібі мен жауынгерлік даярлығы – соның айқын дәлелі.

Қуатты әскеріміз ең күрделі міндеттерді орындауға қашанда дайын екені сөзсіз. Сондықтан мемлекет еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтуге және әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға әрдайым баса мән береді.

Жаңа Конституцияда «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп жазылды.

Осы аса маңызды тұжырым мемлекет пен халықтың тығыз байланысын, ел тағдырына әрбір отандасымыздың жауапты екенін аңғартады.

Біз Отанға қалтқысыз қызмет ету қағидатын және Конституцияда айқындалған мызғымас құндылықтарды негізге ала отырып, сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайта түсеміз, биік мақсат-мұратымызға жетіп, Әділетті, Күшті, Қауіпсіз Қазақстанды құрамыз. Мен бұған кәміл сенемін.

Антына адал болып, табандылық танытып, мінсіз қызмет етіп жүрген Отан қорғаушыларымызға алғыс айтамын.

Барша азаматтарымызға мықты денсаулық, амандық және табыс тілеймін!

Армиямыздың айбыны, халқымыздың ынтымағы арта берсін!

Қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры бекем болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿7 мамыр – Отан қорғаушы күні құтты болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Көктемнің шуағымен нұрланған Ақорда — елорданың айбыны мен сұлулығының үйлесімі. Табиғат оянған сәттегі бас қаланың көркем көрінісі көз тартады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam халықаралық рейтингтік турниріне барды

Мемлекет басшысымен бірге сайысты Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) президенті Мариус Визер тамашалады.

🤼 Жарысқа әлемнің 36 елінен 300-ге жуық үздік спортшы қатысып жатыр.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирін тамашалады

@ptrkkz