ТРК Президента
✔
22.8K subscribers
7.3K photos
5.22K videos
992 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🧷 «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастау рәсімінде Мемлекет басшысының сөйлеген сөзінен негізгі ойлар

🔹Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту

🔹Өткен жылы 13 мың шақырым автокөлік жолын салу және жөндеу жұмысы жүргізілді. Соның 6 мың шақырымы халық игілігіне берілді. Келесі жылы автокөліктерді өткізу бекеттері толық жаңартылады. Мұндай ауқымды жұмыс Тәуелсіздік тарихында алғаш рет жүзеге асырылып отыр

🔹Бір сөзбен, Қазақстан үлкен құрылыс алаңына айналатын болды. Бұл мемлекетіміздің өсіп-өркендеу жолына түсіп, жаңа даму кезеңіне қадам басқанын көрсетеді

🔹Халқымыздың таным-түсінігінде құдық қазу, көпір салу сауапты іс саналады. Осы тұрғыдан алып қарасақ, біз игілігі баршаға ортақ, яғни өзіміз де, өзгелер де пайдасын көретін аса жауапты жұмысты бастап отырмыз

🔹«Бейнеу – Сексеуіл» бағыты республикалық, аймақтық, құрлықтық деңгейдегі маңызды жол болары анық. Сондықтан бұл жолды «Арал-Каспий магистралі» деп атаған дұрыс

🔹Басты мақсат – елімізді Еуропа мен Азияны жалғастыратын жетекші логистикалық желінің біріне айналдыру. Қазақстандағы автокөлік тасымалы саласы табысы жағынан теміржол көлігімен теңесті

🔹Арал маңындағы иен даламен тартылып жатқан жолдар бұған дейін тұйық нүкте саналып келген бағыттарды Еуразияның негізгі көлік дәліздерінің тоғысына айналдырады

🔹Бүгін бастау алып жатқан жұмысты уақтылы, яғни 2029 жылдан кешіктірмей аяқтау өте маңызды. Қажетті жағдайдың барлығы жасалып жатыр. Енді білек сыбана жұмысқа кірісу керек. Біз бір ел болып, бұл міндетті ойдағыдай жүзеге асырамыз. Мен бұған кәміл сенемін

Баршаңызға амандық, сәттілік және табыс тілеймін!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан ЖИ бойынша ІІІ халықаралық олимпиаданың ашылу салтанатында сөз сөйледі

▫️Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының электронды үкіметті дамыту индексінде 193 мемлекеттің арасынан 24-орын алады. Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр

▫️Білім қай заманда да халықты біріктіріп, адамзатты өркениеттің шыңына жетеледі. Сіздердің қарым-қабілеттеріңіз медицина, білім, экология және басқа да өте маңызды салалардағы тың шешімдерге негіз бола алады

▫️Былтыр Бейжіңде өткен Жасанды интеллект бойынша олимпиададан Қазақстан оқушылары үш алтын, бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Ел мерейін асыратын бұл жетістік жастарымыздың зияткерлік және шығармашылық әлеуетінің зор екенін көрсетеді

Талантты өрендерімізге бағыт-бағдар беріп жүрген ұстаздар мен тәлімгерлерге алғыс айтамын.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⌨️ Президентіміз Жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада алаңымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық олимпиаданың құрылымымен, байқау тапсырмаларымен және автономды роботтың мүмкіндіктерімен танысты.

🤖 Астанада 2–8 тамыз аралығында өтіп жатқан додаға 106 елден 500-ден астам дарынды оқушы қатысуда. Қатысушылар жасанды интеллект үлгілерін әзірлеу және автономды роботтарды бағдарламалау бойынша бақ сынайды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Мемлекет басшысы:

«Біздің мақсатымыз – Қазақстанды Еуразиядағы негізгі транзит хабы ретінде дамыту»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Дороги жизни в неосвоенных степях Приаралья сделают тупиковые прежде маршруты важными перекрестками ключевых транспортных коридоров Евразии – Глава государства

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🛣 Қасым-Жомарт Тоқаев телекөпір арқылы «Қызылорда – Сексеуіл», «Ұлғайсын – Сексеуіл» және «Бейнеу – Сексеуіл» автокөлік жолдарының құрылысын бастап берді

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Важной задачей является не просто строительство дорог, а создание современной цифровой экосистемы – Глава государства

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Мемлекет басшысы:

«Соңғы жылдары Қазақстанда тас жолдарды түбегейлі жаңғырту жұмысы қолға алынды. Бірқатар ірі инфрақұрылымдық жоба табысты аяқталды»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🌐 Жаңа технологияларды енгізуге әзірлік деңгейі бойынша еліміз Орталық Азияда көш бастап тұр – Біздің Президент

@ptrkkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📌 Қасым-Жомарт Тоқаев:

«Озық және заманауи көлік жүйесін қалыптастыру – алдымызда тұрған стратегиялық міндет»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📑 III Казахстанско-Российский медиафорум объединил свыше 60 представителей медиа-сообщества двух стран, государственных органов и экспертных кругов для обсуждения актуальных вызовов современного информационного пространства

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абай күнімен құттықтауы
 
Құрметті отандастар!
 
Баршаңызды Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ұлы ойшылдың шығармашылық әрі зияткерлік мұрасы әлемдік және ұлттық мәдениеттің асыл қазынасы қатарынан айрықша орын алады. Абай ілімі – рухани шамшырағымыз, айнымас темірқазығымыз. Ақын жұртшылықты толғандыратын көкейкесті мәселелерді бүкпесіз айтып, халқымызды бейқамдық пен жалқаулықтан аулақ болуға шақырды. Хакімнің «Толық адам» идеясы – әрбір азаматты рухани кемелденуге үндейтін және ешқашан өзектілігін жоғалтпайтын мазмұны терең тұжырым.

Биыл Абай күні елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістермен тұспа-тұс келіп отыр. Қазақстанның Халық Конституциясы заңды күшіне еніп, биліктің барлық институттарын түбегейлі жаңғырту үдерісі басталды. Бұл – шын мәнінде, ұзақ мерзімге арналған даму бағдарымызды айқындайтын ерекше кезең. Көп ұзамай ел тарихында алғаш рет Құрылтай сайлауы өтеді. Бір палаталы Парламент реформаларды сапалы әрі тиімді жүзеге асыруға тың серпін беретіні сөзсіз.

Бұл өзгерістердің түпкі мәні – жасампаздық құндылықтарын азаматтардың санасына сіңіріп, Қазақстанның тың қарқынмен дамуына жол ашу. Біз қоғамда жаңа этиканы қалыптастыру, ұлттық бірегейлікті нығайту және гуманистік идеалдарды дәріптеу барысында әрдайым Абайға жүгінеміз. Ұлы ақын халықтың болашағы үшін білімпаздық, еңбекқорлық, жауапкершілік сынды қасиеттер өте маңызды екенін ұғындырды, көрегендік танытып, жұртты бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Абай қара сөздерінің тағылымы қазіргі Қазақстанның құндылықтарымен толық үндеседі. «Адал Азамат», «Таза Қазақстан», «Заң мен Тәртіп» тұғырнамалық идеялары – Абай армандаған берекелі қоғамның берік негізі. Сондықтан, біз Әділетті, Озық әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз.

Ұлы ойшылдың мол мұрасы алдағы уақытта да өскелең ұрпақты шынайы отаншылдық пен туған елге сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу ісінде рухани азық болады деп сенемін.

Баршаңызға амандық және табыс тілеймін!

Абай күні құтты болсын!
 
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🪶10 тамыз – Абай күні

«Абай ілімі біздің ұлттық бірегейлігіміздің, ұлттық болмысымыздың өзегі болуға тиіс. Оның ой-толғамдары қанша заман өтсе де өзекті болып қала береді»

Қасым-Жомарт Тоқаев

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎮 Виртуалды әлем мен шынайы спорт тоғысқан дода – «Болашақ ойындары – 2026»

Астана төрінде өткен мультиспорттық жарысқа 30-дан астам елден 800-ге жуық үздік атлет қатысып, 4,6 миллион доллардан астам жүлде қоры сарапқа салынды. Спорт пен цифрлық технологияны ұштастырған тартысты бәсеке көрерменге ерекше әсер сыйлады.

🈂️Фиджитал-футбол, баскетбол, шутер, жекпе-жек, би, MOBA Mobile, MOBA PC және Корольдік шайқас – жарыстың ең қызықты сәттерін «Астана. Болашақ ойындары» деректі фильмінен тамашалаңыз.

📺 Бүгін сағат 18:45-те Jibek Joly телеарнасында!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM