ТРК Президента
✔
27.1K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇮🇳Президент БРИКС XVIII саммитіне қатысу үшін Нью-Дели қаласына барды
 
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев «аутрич»/«БРИКС+» форматындағы пленарлық отырыста сөз сөйлейді, сондай-ақ бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
 
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇦🇪Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Наһаянмен кездесті

Мемлекет басшысы шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянның Астанаға жасаған сапарының тарихи маңызын атап өтті. Оның аясында екіжақты қарым-қатынасты дамытуға тың серпін берген маңызды құжаттарға қол қойылған еді.

– Өзара ынтымақтастығымыз шын мәнінде сан қырлы сипатқа ие және көптеген бағытты қамтиды. Алдағы уақытта да бірлескен жұмысты ілгерілету үшін күш жұмылдыра береміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🤝 Президент пен Абу Дабидің Тақ мұрагері энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технология және ауыл шаруашылығы салаларында табысты іске асырылып жатқан ірі инвестициялық жобаларды талқылады. Аталған бастамалар экономикалық ықпалдастықты жандандырып, өзара сауда-саттық көлемін арттыруға септігін тигізеді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі ел арасындағы тығыз ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі екенін растады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады

🤝 Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады. Мемлекет басшысы жылы лебізі үшін АҚШ Президентіне алғыс айтып, Америка көшбасшысын Қазақстанға сапармен келуге шақыратынын растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка стратегиялық серіктестігі қарқынды түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, ықпалдастық аясын одан әрі нығайтудың маңызына тоқталды.

– Қазіргі уақытта Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жүрмін. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Өзара тиімді ықпалдастықты ілгерілету жолында сөзден гөрі нақты іске көшкенді жөн көреміз, – деді Қазақстан Президенті.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
🇰🇿🇺🇸Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады 🤝 Серджио Гор Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында Президент Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады.…
🇰🇿🇺🇸АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңындағы құттықтауы

Құрметті Президент мырза!

Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығы қарсаңында жылы лебізімді қабыл алыңыз!

Миллиондаған қазақстандық Астанада және елдің түкпір-түкпірінде 1991 жылы республика Тәуелсіздігі жарияланғаннан бері көздің қарашығындай сақтап, еселей түскен бай мәдениетін, тарихи мұрасын және қайталанбас келбетін ерекше мақтанышпен паш етеді.

Мемлекеттеріміз арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестікті жоғары бағалаймын және мен президенттік лауазымды атқарған екі мерзімде қалыптасқан берік байланысты одан әрі нығайтамыз деп сенемін.

Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар. Осы қуанышты сәтті сіздермен бөлісу – мен үшін зор мәртебе.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев Отбасы күнімен құттықтады
 
Қымбатты отандастар!
 
Отбасы күні құтты болсын!

Отбасы – ұлттың бірегей болмысын айқындайтын және мемлекет пен қоғамның дамуына тікелей ықпал ететін айрықша маңызды институт. Әр азаматтың дүниетанымы, адами қасиеттері қастерлі қара шаңырағында қалыптасады. Ана жүрегінің жылуы мен әкенің өрісті өнегесі әр адамды биік мақсаттарға жетелейді. Үлкендердің даналығы мен парасат-пайымы жастарға өмірлік бағдар болады, жанашыр жандардың қолдауы әрдайым күш-қуат береді. Осылайша, біз салт-дәстүріміз бен төл құндылықтарымызды ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп, халқымыздың мәдени діңгегін және рухани тұтастығын нығайтып келеміз.

1 шілде күні заңды күшіне енген Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес неке және отбасы, ана, әке мен бала мемлекеттің қорғауында болады. Конституцияда балалардың құқығын, әйел мен ананың отбасындағы рөлін күшейтуге баса назар аударылды. Тұңғыш рет «неке – ер мен әйелдің мемлекет заңға сәйкес тіркеген ерікті және тең құқықты одағы» деген норма көрініс тапты. Сондай-ақ биыл Отбасы мәселелері жөніндегі уәкіл институты құрылды.

Бала тәрбиесі мәселесіне зор жауапкершілікпен қарау, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау – мемлекеттің маңызды миссиясының бірі. Бұл – адам капиталын нығайтудың, яғни еліміздің әлеуетін арттырудың басты шарты.

Барша Қазақстан азаматына зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!
 
@ptrkkz
🏡Отбасы күні құтты болсын!

@ptrkkz
🎾🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны теннистен АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

– Бұл – Сіздің әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екеніңізді растайтын тамаша табыс. Сіз тағы да асқан шеберлік пен табандылық танытып, жоғары мәдениетіңізбен көпшілікті тәнті еттіңіз. Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын! Сіздің кәсібилігіңіз Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі-өнеге, – делінген құттықтауда.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Біздің Президент Эфиопия Премьер-министрі Абий Ахмедпен кездесті
 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абий Ахмед кездесуде екіжақты қарым-қатынасты дамыту перспективасын, атап айтқанда, саяси диалогты, сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты жандандыру мәселелерін талқылады.
 
– Сіздің еліңізге зор құрметпен қараймыз. Аддис-Абебадағы тұрақты түрде қызмет ететін елшілігіміз Қазақстанның Африка құрлығындағы алғашқы дипломатиялық өкілдіктерінің бірі болды. Бұдан бөлек, Қазақстан Африка Одағында байқаушы ел ретінде танылған. Сондықтан біздің Африкаға деген қызығушылығымыз айқын әрі орнықты сипатқа ие. Әсіресе, Эфиопияға көзқарасымыз ерекше. Елдеріңізбен қарым-қатынасты нығайтуға мүдделі екенімізді айтқым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇰🇿🇪🇹Кездесу соңында Президентіміз Эфиопия Премьер-министрін Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС плюс» саммитінде сөз сөйледі

▫️Бүгінде «Адамзат – бәрінен маңызды» қағидасына негізделген және халықтардың мүддесін көздейтін күн тәртібі аса өзекті

▫️Былтыр қақтығыстардың салдарынан жаһандық экономика шамамен 22 триллион доллар зиян шекті. Яғни әлемдік ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына парапар. Бұл – алаңдатарлық ахуал

▫️Маңызды теңіз жолдарының үзілуі жаһандық энергетика, азық-түлік және сауда тізбегіндегі осал тұстарды анық көрсетті

▫️Дамып келе жатқан орта державалар да жаһандық ауқымдағы шешім қабылдауға салмақты үн қосуы керек

▫️Қазақстан серіктес ел ретінде БРИКС-ті нақты ынтымақтастыққа арналған, БҰҰ-ның көпжақты жүйедегі жетекші рөлін толықтыратын әрі халықтарды, өңірлер мен нарықтарды өзара байланыстыратын ашық алаң ретінде қарастырады

▫️Біз барлық БРИКС мемлекеттерімен сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды әртараптандыруға ниеттіміз. Оған өнеркәсіп, транзит және технологиялық әлеуетіміз жетеді

▫️Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі төрағасы ретінде БРИКС-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және Үндістанмен еркін сауда туралы келісім жасасуды құптайды

▫️Өткен жылы Қазақстан арқылы 40 миллион тоннаға жуық транзиттік жүк тасымалданды. Ұзақмерзімді жоспар бойынша осы көрсеткішті жылына 100 миллион тоннаға жеткізуді мақсат етіп отырмыз

▫️Еліміз Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында Азия мен Еуропа арасын Каспий теңізі арқылы жалғайтын стратегиялық нүкте саналады

▫️Қазақстан үшін жасанды интеллект стратегиялық басымдыққа ие. Бұл ретте еліміз БРИКС плюс аясындағы тиімді ынтымақтастықтың аясын кеңейту үшін алдыңғы қатарлы есептеу инфрақұрылымын, сондай-ақ БҰҰ-ның ұлттық және цифрлық орталықтарын жұмылдыруға дайын

▫️Нақты шара ретінде жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын. Оның аясында ұлттық ЖИ орталықтарын біріктіруге, зертханалар мен ғылыми жобаларды қолжетімді етуге, сондай-ақ бірлесіп көптілді шешімдер әзірлеуге болады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модимен кездесті

Мемлекет басшысы қазақ-үнді қарым-қатынасы көптеген бағытта қарқынды ілгерілеп келе жатқанын атап өтті.

– Бүгінде Қазақстанда үнді капиталының үлесі бар 600-дей компания нәтижелі жұмыс істейді. Былтыр елімізге 150 мыңға жуық Үндістан азаматы келді. Қазақстанда көптеген үнді студенттері білім алып жүр. Сондай-ақ біз халықаралық ұйымдар аясында тығыз ықпалдастық орнаттық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


🇮🇳 Нарендра Моди БРИКС саммитіне қатысқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген бастамалар мен ұсыныстардың өзектілігіне назар аударды.

🇰🇿 Мемлекет басшысы Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Біздің Президент БРИКС саммиті аясында бірқатар ел және халықаралық ұйым басшыларымен кездесті
 
Нью-Делидегі БРИКС саммиті аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам Премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийемен, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен, Таиланд Премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен аз-кем-әңгімелесті.

✉️ Кездесулерде екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндістанға жұмыс сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Қасым-Жомарт Тоқаев:

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі төрағасы ретінде БРИКС-пен экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді және Үндістанмен еркін сауда туралы келісім жасасуды құптайды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM