ТРК Президента
✔
27.6K subscribers
7.17K photos
5.16K videos
985 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Президентіміздің Корея Республикасына мемлекеттік сапарына бейнешолу

Ертең Мемлекет басшысы бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитіне қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷 Біздің Президент:

Біз Кореяны халықаралық абырой-беделі зор мемлекет ретінде жақсы білеміз. Сіздің еліңіздің экономика, ғылым және технология саласындағы орасан зор жетістіктерін бүкіл әлем мойындайды, солардың ішінде Қазақстан да бар

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Мемлекет басшысы:

Кореяның әлемге танымал компаниялары Қазақстан нарығында ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Біз оларға барлық жағдайды жасап отырмыз. Келешекте де солай болады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Біздің Президент Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен кездесті

Мемлекет басшысы Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты нығайтуда заң шығарушы органдардың атқаратын рөліне тоқталды

– Жалпы, соңғы жылдары парламентаралық диалог айтарлықтай тереңдей түсті. Қазақстан Парламенті мен Корея Республикасының Ұлттық Ассамблеясы арасындағы байланыстар тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Осындай байланыстарды Құрылтай депутаттары белсенді түрде дамыта бермек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев


🤝 Президентіміз екіжақты қатынастардың жекелеген аспектілеріне де назар аударды.

– Қазақстанда шамамен 120 мың корё-сарам қауымы, яғни этникалық корейлер тұрады. Олар халықтарымыз арасындағы достықтың «алтын көпірі» десек, артық болмайтын шығар. Өзіңізге белгілі,
келесі жылы корей халқының Қазақстанға қоныс аударғанына 90 жыл толады
. Бұл – тарихи уақиға. Екі мемлекет бірлесіп, осы айтулы межені жоғары деңгейде атап өтуіміз керек, – деді Президент.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇷 Kazakhstan – Korea
Together towards a brighter future

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
▪️ Біздің Президент Корея Ұлттық Ассамблеясының Спикері Чо Чжон Шикпен қазақ этноауылына барды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чо Чжон Шик киіз үйді аралап көріп, қазақ халқының бірегей мұралары айшықталған «Жеті қазына» голографиялық инсталляциясын тамашалады.

🤝 Этноауыл көрінісі қазақ-корей қарым-қатынасының нығайып келе жатқанын және екі ел ықпалдастығындағы мәдени-гуманитарлық байланыстың айрықша рөлге ие екенін айғақтады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌳 «Таза қала» Балқаштың жаңа қырын көрсетеді

Бұл жолы «Таза қала» түсірілім тобы Балқашқа аттанды. Бір жағында – өндірісімен танылған шаһар, екінші жағында – бірегей табиғатымен ерекшеленетін Балқаш көлі.

Балқаш көлінің жағалауы, туристік инфрақұрылым, демалыс орындары және қаланың өзекті мәселелері – жаңа шығарылымның назарында.

📺 Бүгін, 19:30-да Jibek Joly телеарнасында.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Біздің Президент Кореяда оқып жатқан және еңбек етіп жүрген Қазақстан азаматтарымен емен-жарқын әңгімелесті

Президент отандастарымызбен жүздесуде елімізде жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге тоқталды.

🤝 Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяда тұратын Қазақстан азаматтары мен студенттерге сәттілік тіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Біздің Президент бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитінде сөз сөйледі

▫️Бұл диалогтың тарихы тереңде. Оған осыдан жиырма жыл бұрын корей тарапы бастамашы болған. Бүгінде ықпалдастық форматы жоғары саяси деңгейге көтерілді

▫️Былтыр Орталық Азия мен Кореяның өзара сауда-саттық көлемі алғаш рет 10 миллиард доллардан асты. Өңірдегі тауар айналымының жартысына жуығы Қазақстанға тиесілі

▫️Қазақстан өз аумағы арқылы тасымалданатын транзиттік жүк көлемін 100 миллион тоннаға дейін жеткізуді көздейді

▫️Елімізде 33 миллиард тоннаға жуық көмір қоры бар, ал көмірден алынатын қуат электр энергиясы өндірісінің 60 пайыздан астамын қамтамасыз етеді. Сондықтан «таза көмір» технологиясын енгізуге айрықша басымдық береміз

▫️Кореямен бірқатар бірлескен бастама жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Түркістанда Woosong университеті ашылды, Қызылордада SeoulTech университетімен бірге Жасанды интеллект институты құрылды. Алатау қаласында орналасатын KAIST, яғни Корея озық технологиялар институты филиалы өзара серіктестігіміздің серпінді жобасы болуға лайық

▫️Қазақстанның ресурс базасы айтарлықтай мол. Сирек кездесетін металдар қоры бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енеді. Корея стратегиялық санатқа жатқызатын 10 минерал түрінің бәрі де елімізде бар

▫️Қарапайым тілмен айтқанда, жартылай өткізгіштер, микроэлектроника, аккумулятор, электромобиль мен роботты техника бөлшектерін өндіруге көшуіміз керек. Бұл міндетті орындау үшін бірлескен қазақ-корей компаниясын құруды ұсынамыз

▫️Жастардың өзара байланысын, білім және мәдениет саласындағы ықпалдастық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған Central Asia – Korea Future Generation бағдарламасын қабылдау қажет деп санаймын

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM