ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Президентіміз бейнебайланыс режимі арқылы Жамбыл облысында жүгеріні терең өңдеу бойынша өнеркәсіп паркі құрылысын бастауға рұқсат берді

▫️Жобаны әлемдегі биологиялық ашыту саласы көшбасшыларының бірі – қытайлық Fufeng Group компаниясы іске асырады. Өндірістік кешенді инвестициялаудың алғашқы кезеңіне 350 миллион доллар жұмсалды. Кәсіпорын жылына 500 мың тоннаға дейін жүгері өңдей алады

▫️Екінші кезеңде кәсіпорынның жүгері өңдеу қуатын жылына 3 миллион тоннаға дейін ұлғайту және шығарылатын өнім түрлерін арттыру қарастырылған. Бұл кезеңдегі инвестицияның жалпы көлемі 1,15 миллиард долларды құрайды

▫️Өнеркәсіп паркін құру 1,5 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және елімізде жүгері дәнін терең өңдеу бойынша толық өндірістік циклді қалыптастыруға мүмкіндік береді

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев Sunwah Group төрағасы Цай Гуаньшэньді қабылдады

Мемлекет басшысы іскерлік ортаның 500-ден астам өкілі, соның ішінде 300-ге жуық қытай кәсіпкерлері бас қосқан Алматыдағы «Қазақстан – Қытай» инвестициялық форумын ұйымдастыруға Цай Гуаньшэньнің қосқан үлесін жоғары бағалады.

Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі дамытуға айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. Бұл ретте Президент Гонконгтағы Қытай бас сауда палатасына форумның басты институционалдық серіктестерінің бірі болуды ұсынды.

@ptrkkz
Президентіміз Hong Kong Sino-Science Oil and Gas компаниясының басшысы Инь Цайванмен, VNET Group басшысы Чэнь Шэнмен, Shanghai Junhe Atomic Technology басшысы Тянь Цзяшумен және Silk Road Finance Corporation басшысы Ли Шаньмен кездесті

Мемлекет басшысы екі елдің жан-жақты стратегиялық серіктестігінің мазмұнын технологиялық және өнеркәсіптік тұрғыдан байыта түсу маңызды екеніне назар аударды. Президенттің айтуынша, Қытайдың жетекші компанияларының елімізге келуі Қазақстанға деген сенімнің жоғары екенін айғақтайды.

Қытай компанияларының өкілдері дәстүрлі энергетика секторымен қатар, ел дамуына бағытталған басқа да салалар мен жобаларға инвестиция көлемін ұлғайтуға дайын екенін айтты.

@ptrkkz
Біздің Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кәсіпорын еліміздің индустриялық дамуы және агроөнеркәсіп биотехнологиясы сияқты жаңа бағытты қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие.

@ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев Xinfa Group компаниясының президенті Чжан Гуйчунды қабылдады
 
Кездесуде Мемлекет басшысы еліміздің ұзақмерзімді ынтымақтастыққа, Қазақстанда заманауи технологияларды енгізуге және өндірісті дамытуға бейіл ірі инвесторлармен жұмыс істеуге қызығушылық танытатынын жеткізді.
 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чжан Гуйчун аса маңызды материалдар саласында серіктестікті нығайту мәселесін талқылады.
 
@ptrkkz
Президентіміз YTO Express атқарушы директоры Чжоу Цзянь мен Pinduoduo компаниясының халықаралық бизнес жөніндегі жетекшісі Вэн Пэйчэнді қабылдады
 
Әңгімелесу барысында логистика және электронды коммерция саласында, соның ішінде «Бір белдеу, бір жол» бастамасын іске асыру аясында өзара тиімді ынтымақтастық құруға мүмкіндік мол екені атап өтілді.
 
Президенттің айтуынша, еліміз 2030 жылға қарай жалпы саудадағы электронды коммерцияның үлесін 20 пайызға дейін жеткізуді көздеп отыр.

Чжоу Цзянь ірі жобаларды жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты.

@ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев UBTECH Robotics Corp компаниясының аға президенті Чжун Юнмен кездесті
 
Президентіміз корпорацияның Алматыда білім беруге және қызмет көрсетуге арналған роботты техникалар шығаратын зауыт ашу жоспарына қолдау білдірді.

Кездесуде білім саласындағы серіктестік перспективасы талқыланды. Атап айтқанда, UBTECH пен Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындары және колледждері арасында жүйелі ықпалдастық орнату мүмкіндігі қаралды.
 
Сонымен қатар UBTECH технологияларын Alatau City жобасына жан-жақты енгізу, тау-кен, мұнай-газ салаларында және ірі логистикалық нысандарда роботты техникаларды пайдалану мәселелері қарастырылды.
 
@ptrkkz
🖊️ Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізу жөніндегі комиссия құрылды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
♟️Біздің Президент Тимур Турловты FIDE президенті болып сайлануымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық шахмат федерациясының (FIDE) президенті лауазымына сайлануына орай Қазақстан шахмат федерациясының президенті, белгілі кәсіпкер, меценат Тимур Турловқа құттықтау жеделхатын жолдады.
 
@ptrkkz
⚜️Қасым-Жомарт Тоқаев Еңбек күнімен құттықтады

Құрметті отандастар!
 
Сіздерді Еңбек күнімен құттықтаймын!

Бұл – қарым-қабілетімен, ақыл-парасатымен және қажырлы еңбегімен қастерлі Отанымыздың өсіп-өркендеуіне зор үлес қосып жүрген түрлі мамандық иелері ұлықталатын, оларға құрмет көрсетілетін мерейлі күн.
 
Өз ісін жетік меңгерген кәсіби маман болу – қазіргі заманның аса маңызды талабы. Білікті, жауапкершілігі жоғары, еңбекқор және тәртіпті азаматтардың арқасында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан мол табысқа жетуде.
 
Әлем халықтарына ортақ «Еңбек – бәрін жеңбек» нақыл сөзінің мәні зор, мағынасы терең. Табанды еңбек – жетістікке жетудің көзі. Адал ниетпен атқарылған әрбір іс – қадірлі, кез келген еңбек – зор құрметке лайық.
 
Құрметті отандастар, баршаңызға мықты денсаулық, амандық және толағай табыс тілеймін!
 
Еліміз өсіп-өркендей берсін!  

@ptrkkz
🇰🇿 Еңбек күні құтты болсын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу жиыны кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды

@ptrkkz
🖊️Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін бір топ әскери қызметші «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды
 
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады
 
▫️Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

▫️Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

▫️Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының басшылық құрамымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы ұжымға жаңа Қорғаныс министрін таныстырды. Жиын Маңғыстау облысында өткен оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан 14 әскери қызметшіні бір минут үнсіздікпен еске алудан басталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев болған оқиғаға қатаң баға берді:

– Мен қаза болған әрбір әскери қызметшінің ата-анасына көңіл айтып, арнайы жеделхатымды жолдадым. Қайтыс болған азаматтардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Олардың ешқайсысы қолдаусыз, көмексіз қалмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Президенттің айтуынша, бейбіт күнде сарбаздардың өмірін жалмаған бұл қайғылы жағдайға бірінші кезекте офицерлердің, соның ішінде генералдардың салғырттығы және кәсіби біліксіздігі себеп болды.

@ptrkkz
Мемлекет басшысы әскери қызметшілер лауазымына, шеніне қарамастан жауапқа тартылатынын, заң бойынша қатаң жазасын алатынын ескертті

@ptrkkz
Глава государства поручил перевести армию на рельсы цифровой трансформации и заменить человека технологиями там, где это возможно

@ptrkkz