ТРК Президента
✔
27.9K subscribers
7.16K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🇰🇿🇩🇪 Президентіміздің Германияға ресми сапары аталған елдің жетекші іскерлік қауымдастықтары мен қаржы институттарының басшыларымен кездесуден басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың іскерлік кездесуде айтқан негізгі ойларын ұсынамыз

▫️Халқымыз Германияға айрықша құрметпен қарайтынын, абырой-беделі жоғары мемлекет деп білетінін атап айтқым келеді. Банк секторындағы темірдей тәртіпке, инженерлік шешімдердің жоғары сапасына, шағын және орта бизнестің орнықтылығына (Mittelstand) тәнтіміз

▫️ГФР – Еуропадағы басты серіктестеріміздің бірі. Еліміздің ең ірі сауда-инвестициялық серіктесі – Еуропалық одақпен ықпалдастықта қазақ-герман ынтымақтастығының маңызы зор

▫️Қазақстан даму банкі ұзақ жылдар бойы неміс қаржы институттарының қолдауымен өнеркәсіп, энергетика, көлік инфрақұрылымы салаларында маңызды жобаларды іске асырып келеді. Бұл мақсатқа Deutsche Bank, Helaba, LBBW, Commerzbank, KfW және басқа да ұйымдардан 1,2 миллиард доллар қаржы тартылды

▫️Біз елімізде жұмыс істеп жатқан халықаралық қаржы ұйымдарының қатарында экспортты кредиттеумен және инвестицияны сақтандырумен шұғылданатын германиялық институттар да болғанын қалаймыз. Бұл ретте Қазақстанда қызметін бастаған Euler Hermes компаниясымен ынтымақтастыққа айрықша маңыз артамыз

▫️Біз германиялық компанияларды өз әлеуетін деректер өңдеу орталығына, энергия тиімділігіне қатысты технологияларға, «бұлтты инфрақұрылым» және киберқауіпсіздік салаларына жұмылдыруға шақырамыз

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Берлин төрінде – Қазақстан Президентінің кортежі

Мемлекет басшысының Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары аясындағы кадрлар.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇩🇪 На встрече с Нашим Президентом в Берлине немецкий бизнесмен Константин Финк выразил благодарность казахскому народу за помощь и гостеприимство в трудные времена

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✔️ Мемлекет басшысы:

Орталық Азиядағы алғашқы «ақылды қала» әуел бастан цифрлық дәуірдің барлық талаптарын сақтай отырып жобаланды. Ол неміс капиталы мен Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін тоғыстыратын көпір бола алады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Берлинде Қасым-Жомарт Тоқаевты Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің қатысуымен салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Франк-Вальтер Штайнмайер делегация мүшелерін таныстырып, екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Құрмет қарауылының рәсімінен кейін екі ел Президенті келіссөздер өткізу үшін Германия Президентінің резиденциясына аттанды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🖊️ Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президентінің резиденциясындағы Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент Германия еліміздің Еуропадағы басты стратегиялық серіктесі саналатынына, ал екіжақты ынтымақтастық өзара сенімге, құрметке және ортақ мүддеге негізделгеніне назар аударды.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынас орнағанына 35 жыл толатынын еске салды.

🇩🇪 Президент Франк-Вальтер Штайнмайер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Астана мен Берлин арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты кеңейтуге қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧷Наш Президент:

Германия является для Казахстана очень надёжным партнёром

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📑Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияның жетекші бизнес өкілдерімен кездесуінде қандай мәселелер талқыланды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Екі ел Президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

🔹2025 жылы екіжақты тауар айналымы 4,5 миллиард долларға жетті. Биыл да оң қарқын сақталып отыр. Жыл басынан бергі 7 айда өзара сауданың көлемі 2,6 миллиард доллардан асты

🔹Қазақстанда неміс капиталы бар 1400-ден астам компания тіркелген. Жиырма жыл ішінде Германиядан тартылған инвестицияның жалпы көлемі 8 миллиард долларды құрады

🔹Германияның CLAAS Group, Rhenus Logistics, Siemens Energy, Linde секілді жетекші компанияларымен байланыс – ықпалдастығымыздың жарқын үлгісі

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM