ТРК Президента
✔
28.2K subscribers
7.15K photos
5.15K videos
984 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
✈️ Президентіміз Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Король Филипп пен Патшайым Матильданы елорда әуежайынан қарсы алды

Қазақстан Республикасы Әскери әуе күштерінің ұшақтары мемлекет шекарасынан Астанаға дейін Король мен Патшайым мінген бортқа қапталдаса ұшты.

Мәртебелі меймандарды салтанатты түрде қарсы алу үшін ұшу алаңында Құрмет қарауылы ротасы мен Президенттік оркестр сап түзеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✉️ Президентіміз құрметті қонақтармен елорда әуежайында аз-кем әңгімелесті

Мемлекет басшысы Король мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды.

– Қазақстанға қош келдіңіздер. Сапарларыңыз мемлекетіміздің дамуындағы өте маңызды кезеңмен тұспа-тұс келіп отыр. Жалпы, еліміз өркендеп, экономикасы ілгерілеп келеді. Сіздердің сапарларыңыз екіжақты қарым-қатынасқа тың серпін береді деп айтуға болады, – деді Президент.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Мемлекет басшысы Бельгиялықтар Королі мен Патшайымның елімізге сапары Қазақстан-Бельгия қарым-қатынасын одан әрі нығайту тұрғысынан тарихи мәнге ие екеніне назар аударды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪Бельгиялықтар Королі Филипп және Патшайым Матильданың Қазақстанға мемлекеттік сапары

✔️ Кездесу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 11:00-де көріңіз!

🔴🟥📹 Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📝 Президентіміз Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату мәселесі бойынша консультация өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету, жергілікті бюджеттерді бекіту және өңірлердің дамуын бақылау үшін мәслихаттардың толыққанды жұмысының маңызды екенін атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Конституцияның негізгі ережелеріне толық сәйкес және айтылған пікірлерді ескере отырып, түпкілікті шешім қабылдайтынын айтты.
 
@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Біздің Президент елімізге мемлекеттік сапармен келген Бельгиялықтар Королі Филипп пен Патшайым Матильданы ресми қарсы алды
 
🇰🇿🇧🇪 Салтанатты рәсім кезінде Әскери-әуе күштерінің тікұшақтары Қазақстан мен Бельгияның Мемлекеттік Туларын алып, Ақорда резиденциясының үстінен ұшып өтті.

Мемлекет басшысы мен Король Филипп ресми делегация мүшелерін таныстырды. Одан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт беріп, Президенттік оркестр екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇧🇪 Президентіміз Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен шағын құрамда келіссөз жүргізді
 
Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгияны Қазақстанның Еуропадағы уақыт сынынан өткен сенімді серіктесі деп санайтынын жеткізді.

– Келесі жылы елдеріміздің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнағанына 35 жыл толады. Осы жылдарда шынайы достық пен өзара құрметке негізделген тығыз қарым-қатынасты жолға қойдық. Үздіксіз саяси диалог ынтымақтастығымыздың берік тұғыры іспеттес. Біз жетістіктеріңізді ұдайы қарап отырамыз. Бұл шын мәнінде таңғалдырады. Сіздерден үлгі алып, тәжірибелеріңізді үйренуіміз қажет. Бельгияға бес жыл бұрын жасаған сапар барысындағы мазмұнды келіссөздерді ықыласпен еске аламын. Биыл маусым айында Бельгияға барған сапарымда Премьер-министр Барт де Вевермен келіссөз жүргізіп, серіктестікті нығайтуға қос тарап та бейіл екенін растадық, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

▫️Бельгия Қазақстанның жетекші сауда серіктестерінің қатарына кіреді. Сонымен қатар еліңіз Қазақстан экономикасына қаржы құйған ең ірі он инвестордың бірі саналады. Мұны Қазақстан экономикасының келешегіне деген сенімнің айқын көрінісі деп бағалаймын

▫️Бельгиямен Еуропалық одақ және басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ықпалдастығымызды жоғары бағалаймыз. Жаһанда тұрақсыздық белең алған кезеңде сенім, құрмет пен өзара түсіністік қағидаттарын арқау еткен іскерлік байланыстардың маңызы арта түседі

▫️Ертең Қазақстан – Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысын өткіземіз. Бұл бастаманың мүмкіндіктерімізді іске асырып, орнықты нәтижеге қол жеткізетін тиімді алаңға айналғаны қуантады

Қарым-қатынасымыздың зор әлеуетіне сенемін. Сапар аясындағы уағдаластықтарды толық іске асыруға барынша күш саламын!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM