ТРК Президента
✔
29K subscribers
7.36K photos
5.23K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
#ТОҚАЕВСӨЗІ

🇰🇿Біздің Президент:

Заңды құрметтеу, тәртіпке бағыну, ел игілігі үшін табанды еңбек ету деген сөз. Заңға құрметпен қарайтын адам табысты болады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
#ТОҚАЕВСӨЗІ

🧷Қасым-Жомарт Тоқаев:

Мемлекеттік қызметші, ең алдымен, Конституция талаптарын басшылыққа алып, Отанына және халқына адал қызмет етуге тиіс

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎥 Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапары

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✈️Біздің Президент елімізге Ақаба процесі саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті елорда әуежайынан шығарып салды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонның Қазақстанға ресми сапары

📰Ресми қарсы алу рәсімін Silk Way телеарнасының тікелей эфирінде сағат 10:45-те көріңіз!

🔴🟥📹Сондай-ақ онлайн трансляция Silk Way Qazaqstan YouTube арнасында жүргізіледі.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Президентіміз Ақордада Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды салтанатты қарсы алды
 
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылы ротасының бастығы рапорт берген соң Президент оркестрі екі елдің әнұрандарын орындады.
 
Содан кейін Президенттер келіссөз жүргізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝 Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президентімен келіссөз жүргізді

🔹Бүгін біз бауырлас мемлекеттеріміздің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығы жөнінде толық негізде айта аламыз. Екіжақты ынтымақтастықта қандай да бір мәселе жоқ

🔹Көпжақты байланыстарымызды одан әрі ілгерілету мақсатында қарастырып, шешімін табуды қажет ететін жайттар бар. Жаңа мүмкіндіктерге жол ашу, өзара тиімді жобаларды іске асыру және қол жеткізілген уағдаластықтарды орындау тұрғысынан тек алға қарай қадам басып келеміз

🔹Елдеріміздің жыл сайынғы тауар айналымы тұрақты түрде 1 миллиард доллардан асады. Осының есебінен Қазақстан ұдайы Тәжікстанның ең ірі сауда серіктестерінің үштігіне еніп отыр

🔹Мәдениет күндері алма-кезек өткізіліп, көрнекті тұлғалардың ескерткіштері ашылды. Душанбеде Абай бюсті, Астанада Ибн Сина ескерткіші бой көтерді. Білім беру мен жастар саясаты салаларындағы ықпалдастық жоғары деңгейде

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎖️Мемлекет басшысы Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонды Qoja Ahmet Yasaui орденімен марапаттады

Президенттің айтуынша, қазақ пен тәжік халықтарын ғасырлардан тамыр тартатын достық, рухани үндестік және ортақ тарихи тағдыр байланыстырады.

– Біздің өңіріміз әлемге көрнекті ойшылдар, ғалымдар, шайырлар мен ағартушылардың тұтас шоғырын сыйлады. Олардың мұрасы жекелеген елдер мен халықтардың ауқымынан асып, кең таралды. Ислам қайта өрлеу дәуірінің ең көрнекті тұлғаларының бірі – Қожа Ахмет Ясауи. Қазақ халқы ұлы ғұлама әрі ағартушы есімін ертеден ерекше қастер тұтады, киелі санайды. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи мұрасы – бүкіл өркениетке және әрине, ғасырлар бойы ортақ рухани дәстүрлері қалыптасқан Орталық Азия халықтарына тиесілі қазына, – деді Қазақстан Президенті.


@ptrkkz
🇰🇿🇹🇯Келіссөз қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытудың басым бағыттарын айқындайтын Бірлескен мәлімдеме қабылдады

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📝Состоялся обмен межведомственным меморандумом о взаимопонимании и сотрудничестве между Телерадиокомплексом Президента Республики Казахстан и Комитетом по телевидению и радио при Правительстве Республики Таджикистан

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан мен Тәжікстан Президенттері БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

🔸Бүгінгі сапардың символдық мәні терең, өйткені екі ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығына тұспа-тұс келіп отыр. Егемен ел болғалы Қазақстан да, Тәжікстан да табысқа толы үлкен жолды еңсерді

🔸Былтыр елдеріміз арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті көлемі сәйкесінше 8 және 15 пайызға ұлғайып, шамамен 7 миллион тоннаны құрады. Тасымалдаушыларға жасалған жағдай биыл да оң динамиканы сақтауға мүмкіндік берді

🔸Қазақстан трансшекаралық өзендер қорын пайдалану мәселесіне қатысты бірізді саясаты мен қолдауы үшін тәжік тарапына алғыс айтады. Біз осы бағыттағы конструктивті ықпалдастықты жалғастыруға келістік

🔸Барлық бағыттағы ауқымды жұмысты жүйелеу үшін Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі кешенді жоспарын әзірлеп, қабылдауды ұсындық

🔸Келіссөз барысында Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше ден қойдық. Өңірдің орнықты дамуы – бауырлас халықтардың түпкілікті мүддесіне сай келетін ортақ мақсат

🔸Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2028-2029 жылдардағы тұрақты емес мүшесіне үміткер ретінде Тәжікстанның ұсынылуын қуана қабыл алды. Біз Тәжікстанның кандидатурасын қолдаймыз

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇯Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Мемлекет басшысы мен Эмомали Рахмон рәсімдік лентаны қиды. Содан соң Президент оркестрі екі елдің мемлекеттік әнұрандарын орындады.

Мемлекеттер басшылары дипломатиялық өкілдікті аралап көрді. Одан кейін Президенттер елшілік аумағына ағаш көшетін екті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM