ТРК Президента
✔
27.4K subscribers
7.38K photos
5.24K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
🚆Президент Stadler Kazakhstan зауытына барды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпорында құрастырылған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды. Жаңа вагондар – жайлылық пен қауіпсіздікті арттыруға бағытталған заманауи шешімдердің нәтижесі.
⠀
▫️Зауыт жыл соңына дейін 51, ал 2030 жылға дейін 557 вагон шығармақ.
▫️Купе, плацкарт және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы вагондар өндірілуде.
▫️Мемлекет басшысы теміржолшылармен тілдесіп, саладағы жаңғырту жұмыстары туралы ақпарат алды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Сондай-ақ Президент Астанадағы бірқатар өндірістік нысанда болды

🏭 Респиратор және газтұтқы зауыты

Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының өндірісін аралап көрді. 10 млн доллар инвестицияға салынған зауыт химиялық, биологиялық және радиациялық қауіптен қорғайтын құралдар шығарады.

⚛Медициналық бұйымдар көрмесі

Мемлекет басшысына отандық инженерлердің жаңа медициналық құрылғылары таныстырылды. Олардың қатарында ALEM аппараты, отандық коронарлық стенттер, және 250-ден астам жоғары сапалы протез бар.

🏭 Orbis Heavy Machinery зауыты

Президент арнайы техника шығаратын кәсіпорынмен танысты. 2022 жылдан бері зауытта 700-ден аса KIA көлігі құрастырылған. 240 адам жұмыс істейді, өндіріс кеңеюде.

🏭 KazPan зауыты

Қасым-Жомарт Тоқаев сэндвич-панель шығаратын заманауи кәсіпорынмен танысты. Зауыт жылына 1,8 млн шаршы метрге дейін өнім өндіре алады, 50 маман Kindus технологиясы бойынша оқытылған.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент «Мыңжылдық» аллеясын абаттандыру жобасымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың оңтүстігін қамтитын 942 гектарлық аумақтағы ландшафттық даму жоспары таныстырылды.

🌳Сарайшық ауданындағы желілік саябақ тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды біріктіреді;
🌳Болашақта ойын алаңдары, амфитеатр, веложолдар мен демалыс аймақтары салынбақ.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Казинформ
Глава государства обратился к участникам форума СМИ «Китай — Центральная Азия»

📍 В Астане проходит Форум по сотрудничеству Центральной Азии и Китая, организованный агентством «Синьхуа» и ТРК Президента РК.

📩 Открытие началось с поздравления Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева, текст которого зачитал помощник Главы государства Арман Кырыкбаев:

«Казахско-китайские отношения, основанные на принципах добрососедства, дружбы и вечного всестороннего стратегического партнёрства, крепнут с каждым днём. Подобные мероприятия способствуют углублению гуманитарного диалога и укреплению культурного сотрудничества».


📊 Форум собрал 140 участников из 6 стран. В центре обсуждения — интеграция медиа, запуск совместных проектов и расширение культурных связей.

@kazinform_news
Forwarded from Казинформ
📰 Центральная Азия – Китай: новые горизонты медийного партнёрства

В Астане прошёл Форум информационных агентств «Китай – Центральная Азия». Организатором выступило ИА «Синьхуа» при поддержке Телерадиокомплекса Президента РК.

📌 Директор ТРК Президента Раушан Кажибаева и глава «Синьхуа» Фу Хуа обсудили углубление стратегического партнёрства и роль СМИ в продвижении инициативы «Один пояс – один путь».


@kazinform
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇨🇳Орталық Азия – Қытай: БАҚ интеграциясының жаңа кезеңі

🐆Астанада «Қытай – Орталық Азия» ақпарат агенттіктерінің форумы өтті. Іс-шараны «Синьхуа» ақпарат агенттігі ҚР Президенті Телерадиокешенінің қолдауымен ұйымдастырған.

▫️Форум қарсаңында ҚР Президенті Телерадиокешенінің директоры Раушан Қажыбаева мен «Синьхуа» ақпараттық агенттігінің Бас директоры Фу Хуа екіжақты кездесу өткізді.

☑Тараптар екіжақты және көпжақты гуманитарлық байланыстарды дамыту, бірлескен жобаларды ілгерілету, контент алмасу, кадр даярлау, БАҚ әлеуетін нығайту және «Бір белдеу – бір жол» бастамасы аясында ресурстарды бірлесіп пайдалану мәселелерін талқылады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚛Ертең Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысы өтеді

Жиынға ҚР Үкіметі, Президент Әкімшілігі, Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, Қаржы мониторингі агенттігі, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылары қатысады.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝Президент «Эгмонт» тобының төрайымын қабылдады

▫️Қасым-Жомарт Тоқаев «Эгмонт» қаржылық барлау бөлімшелері тобының төрағасы Эльжбета Франков-Яскевичпен кездесті. Кездесуде ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрестегі халықаралық ынтымақтастық талқыланды.

▫️Президент «Эгмонт» тобының жаһандық қаржылық қауіпсіздікке қосқан үлесін атап өтіп, Қазақстан осы саладағы ұлттық жүйесін халықаралық стандарттарға сай жетілдіруге ниетті екенін айтты. Сонымен қатар, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту үшін «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы қабылданғанын жеткізді.

⚛Эльжбета Франков-Яскевич еліміздегі реформаларға жоғары баға берді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президент еліміздегі полиция қызметкерлері мен мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөз сөйледі:


⚖️Мемлекетке қызмет ету – ең құрметті әрі аса жауапты міндет

⚖️ 2019 жылдан бері қылмыстық құқықбұзушылық саны шамамен екі есе азайды. Соның ішінде қарақшылық, тонау, ұрлық пен бұзақылық деңгейі 4 есе төмендеді, ал кісі өлтіруге қатысты қылмыстар 30 пайызға кеміді

⚖️ Қоғамдық орындардағы қылмыс саны 80 пайызға азайды. Бұл – азаматтарымыз көшеде ештеңеден қауіптенбей, алаңсыз жүре алады деген сөз

⚖️ Отбасылық зорлық-зомбылық жасағаны үшін берілетін жаза едәуір күшейтілді. Бір жыл бұрын тиісті заң қабылданды. Заңға енгізілген түзетулер мен басқа да шаралар нақты нәтиже бере бастады. Орташа және ауыр деңгейдегі отбасылық-тұрмыстық қылмыс саны жыл басынан бері 30 пайызға төмендеді

⚖️ Соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтар екі есе азайды. Ең бастысы, қазір қоғамдық сана түбегейлі өзгеріп жатыр

⚖️ Нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жұмыс атқарылуда. Биылдың өзінде 83 есірткі зертханасы жойылып, айналымнан алынған есірткі заттарының көлемі 84 пайызға ұлғайды

⚖️ 2019 жылдан бері ЖІӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі 23 пайыздан 16 пайызға дейін төмендеді. Бірақ әлі жоғары деңгей сақталып отыр

⚖️ Менің арнайы тапсырмам бойынша Бас прокуратура жалпы сомасы 34 трлн теңге болатын шетелдіктердің қатысы бар жүздеген инфрақұрылымдық жобаға құқықтық тұрғыдан көмек көрсетіп келеді. Алайда отандық бизнесті негізсіз қылмыстық қудалау мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Бас прокуратура бұл жұмысты жалғастырғаны жөн

⚖️ Менің тапсырмаммен сот арқылы жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда. Үш жылдың ішінде 89 мектептің құрылысына 150 млрд теңгеден астам қаражат берілді

⚖️ Бүгінде Қазақстанға келген әрбір туриске әуежайдан қауіпсіздік жадынамасымен бірге мобильді байланыс пен базалық интернет пакеті бар жаңа сим-карта беріледі

⚖️ Құқық қорғау органдары түбегейлі өзгерістерге дайын болуға тиіс. Түйткілдің бәрін жан-жақты ойластырып, жоспарлы түрде шешу қажет. Құзырлы органдардың негізгі мақсаты – нақты нәтижеге қол жеткізу.

@ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан басқа да маңызды сөздері

✉️✉️✉️✉️✉️✉️

– Үкімет білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысын қайта зерделеп қарауы керек. Жас ұрпақты заңды сыйлауға үйрету мәселесіне баса мән берген жөн. Балалар мектептен «Адал азамат» болып шығуы қажет

– Бүгін мен «Заң және тәртіп» апталығын жариялауды ұйғардым. Алдағы жеті күн құқықтық мәдениетті нығайтуға, сондай-ақ құқық қорғау органдарының абырой-беделін арттыруға арналуы керек

– Менің тапсырмаммен «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заң жобасы әзірленіп, Мәжілістің қарауына берілді. Жаңа заң аталған саладағы мемлекеттік саясатты біріздендіріп, профилактикалық шаралармен қамтылатын тұлғалардың санатын кеңейтеді

– Заңнамалық өзгерістермен қатар, ұйымдық құрылымды да жаңғырту қажет. Ішкі істер министрлігі жүйесінде профилактикалық жұмыстарды үйлестіретін дербес бөлімше құратын уақыт келді

– Қылмысқа көбінесе тұрмысы нашар отбасыдан шыққан адамдар барады. Алдын алу шараларын жүзеге асырғанда дәл осы санатқа айрықша назар аударған жөн

– Жасанды интеллект пен «үлкен дерекқор» мүмкіндіктерін жұмылдыру қажет. Көп ұзамай іске қосылатын суперкомпьютерімізді осы мақсатта пайдалануға болады

– Бұдан бөлек, «Қауіпсіз қала» ұлттық платформасын іске қосу керек. Бұл – қаладағы бейнебақылау құралдары енді адамның бет-жүзін анықтап, оның жүріс-тұрысына талдау жасап, көшедегі көлікті де есепке алады деген сөз

– Азаматтарымыздың жеке мәліметтерінің сенімді жерде сақталуын қамтамасыз ету өте маңызды. Халықтың қаржылық сауатын арттырып, қоғамда алаяқтардың әрекеттеріне иммунитет қалыптастыру үшін барлық деңгейдегі депутаттармен бірлескен жұмысты күшейткен жөн

– Үкіметке уәкілетті органдармен бірлесе сим-карталарды сату тәртібін реттеуді және оларды таратқаны үшін мобильді операторлардың жауапкершілігін күшейтуді тапсырамын

– Биыл Конституцияның қабылданғанына 30 жыл толады. Осыған орай, құқық қорғау құрылымдары, депутаттар мен құқық қорғаушылар сотталған азаматтарға рақымшылық жасау туралы бастама көтерді

– Парламент тиісті заңды қарады, мен бұл заңға қол қойдым. Осы ізгі шараның арқасында жазасын өтеп жатқан 15 мыңнан астам адамға амнистия жарияланды

– Мемлекет шалыс қадам басқан азаматтан теріс айналмайды, тек оның тура, дұрыс жолға түсуіне жәрдем береді

– Жазасын өтеп жүргендерді қалыпты өмірге дайындаудың тағы бір тиімді жолы – еңбекпен, яғни, жұмыспен қамту. Бұл бағытта біраз түйткілдер бар, нақты шаралар қолдану керек

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан басқа да маңызды сөздері ✉️✉️✉️✉️✉️✉️ – Үкімет білім мекемелеріндегі тәрбие жұмысын қайта зерделеп қарауы керек. Жас ұрпақты заңды сыйлауға үйрету мәселесіне баса мән берген жөн. Балалар мектептен «Адал азамат» болып шығуы қажет…
⚛Сондай-ақ Мемлекет басшысы мына мәселелерге тоқталды:

– Учаскелік инспекторлардың әлеуетін одан әрі нығайту қажет. Себебі олар іс жүзінде мемлекет мен қоғам арасындағы басты дәнекер саналады

– Менің ойымша, ауылдағы учаскелік инспекторларға шен берген кезде жеңілдік жасап, яғни бір жылдық еңбек өтілін 1,5 жыл деп есептеу қажет

– Ауылдағы учаскелік инспекторларды баспанамен қамтып, материалдық-техникалық базасын нығайту керек. Өңір әкімдері осы мәселеге мұқият назар аударғаны дұрыс

– Менің тапсырмаммен биылдан бастап күштік құрылымдар еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшті. Бұл тәсіл, ең алдымен, аудан деңгейіндегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге мүмкіндік берді

– Оқуда үздік нәтиже көрсеткен және үлгілі тәртібімен ерекшеленген академия түлектеріне бірден «аға лейтенант» шенін беру қажет деп санаймын. Сондай-ақ оларға бос жұмыс орындарынан өзі қалаған қызмет түрін таңдауына мүмкіндік берілуі керек. Үкімет заңға енгізілетін өзгерістерді әзірлесін

– Құқық қорғау органдарында үздіксіз әрі мінсіз қызмет атқарғандарға «құрметті қызметкер» атағы беріледі. Алайда кейбір құрылымдарда бұл жоғары атақ басшыларға ғана бұйырады. Қатардағы қарапайым қызметкерлер арасында ұзақ жылдар бойы кәсіби борышын адал атқарып жүрген лайықты кандидаттар жеткілікті

– Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы. Өкінішке қарай, Тәуелсіздік жылдарында 842 азамат қызметтік міндетін орындау кезінде қазаға ұшырады, 4,5 мың адам жарақат алды

– Бүгін біз қаза болған ерлеріміздің жақындарына марапат тапсырамыз

– Менің тапсырмам бойынша Президент Әкімшілігі мен Қауіпсіздік Кеңесі бір аптаның ішінде Құқық қорғау органдарының жұмысы туралы арнайы талдау дайындауы керек.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент: «Заң және тәртіп» апталығына азаматтардың құқықтық сана-сезімін көтеретін маңызды, жүйелі шара ретінде қараған жөн»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
©Қасым-Жомарт Тоқаев: Соңғы 5 жылда әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтар екі есе азайды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы Полиция күніне арналған концертке қатысты

⚖️🏛️Іс-шараға құқық қорғау органдарының өкілдері, ардагерлер және қаза тапқан полицейлердің туыстары жиналды. Концертте өнер шеберлері мен «Жас сақшы» сыныбының оқушылары өнер көрсетті. Қызмет бабында қаза болғандарға арналған реквием көпшіліктің көңілін толқытты.

@ptrkkz
🖋Президент: Менің тапсырмаммен сот арқылы жемқорлардан алынған қаражат мектептер салуға жұмсалуда

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM