ТРК Президента
✔
28.8K subscribers
7.38K photos
5.24K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌲Леса занимают всего 5% территории Казахстана. И именно они страдают первыми, когда приходит огонь.

🔥Что остаётся после пожаров? Кто возвращает к жизни обожженную землю?

🎥Телерадиокомплекс Президента РК представляет новый документальный фильм «После огня», посвящённый последствиям масштабных пожаров в Костанайской и Абайской областях, произошедших в 2022–2023 годах. Съёмочная группа побывала в пострадавших регионах, чтобы показать как оживает земля после природной катастрофы.

📰📺Смотрите 29 июля в 19:30 на телеканале Jibek Joly!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎶Президент опера әншісі Әйгерім Алтынбекті CLIP 2025 опера байқауындағы жеңісімен құттықтады

@ptrkkz
🇰🇿🇹🇷 Президент Түркияға ресми сапармен келді

Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкара қаласының «Есенбоға» әуежайында Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Әуежайда екі ел президенттері аз-кем әңгімелесті

– Қонақжайлық танытқаныңызға көп рақмет. Әуежайға келіп, мені қарсы алдыңыз. Бұл мен үшін үлкен құрмет. Біздің арамызда ешқандай түйткіл жоқ. Бізді тек туыстық, ынтымақтастық байланыстырады. Ертең маңызды сапар болады. Сапардың бағдарламасы өте мазмұнды. Оны толық іске асырамыз деп ойлаймын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ертең, яғни 29 шілде күні мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту перспективасын талқылап, келіссөз жүргізеді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📸Қазақстан мен Түркия президенттері «Есенбоға» әуежайынан Анкараға бір көлікке отырып аттанды

@ptrkkz
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷🤝«Жоғары мәртебелі Қасым-Жомарт Тоқаев мырза». Біздің Президентті Анкарада қалай қарсы алды?

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев Мұстафа Кемал Ататүрік кесенесіне зиярат етті

Президент Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷 Эксклюзивные кадры. Касым-Жомарт Токаев посетил мавзолей Мустафы Кемаля Ататюрка

Почтив память великого государственного деятеля в мавзолее Аныткабир, Президент оставил памятную запись в Книге почетных гостей.

Впереди насыщенный день и серия ключевых встреч.

📹📰Следите за визитом вместе с командой Reporter with President телеканала Silk Way.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Мемлекет басшысы Түркияда бірқатар кездесу өткізді

🤝YDA Holding басқарма төрағасы Хусейн Арсланды қабылдады:

▫️Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркістан, Астана және Петропавл қалаларындағы көпбейінді аурухана құрылысы туралы баяндалды.
▫️Компания Астанада өндіріс кешенін кеңейтіп, сэндвич-панель зауытын іске қоспақ.
▫️Сонымен қатар Ақтауда мультимодальді транзиттік хаб салу жоспары айтылды.

🤝S Sistem Lojistik басқарма төрағасы Хусейн Барлинді қабылдады:

▫️Мемлекет басшысы компанияның Ақтөбе әуежайында логистика орталығын құру бастамасын қолдады.
▫️S Sistem Lojistik алдағы уақытта Астана, Алматы, Шымкент және Ақтауда да орталықтар ашуды жоспарлап отыр.

🤝Tiryaki Holding атқарушы директоры Сүлеймен Тирьякиоғлыны қабылдады:

▫️Кездесуде агроөнеркәсіп саласындағы серіктестік, логистика және қайта өңдеу мәселелері талқыланды.
▫️Президент Астанада бидай мен бұршақты терең өңдейтін зауыт салу бастамасына қолдау білдірді.

🤝Orzax Group басқарма төрағасы Селман Алимоғлыны қабылдады:

▫️Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар шығаратын зауыт салу жобасы талқыланды.
▫️Компания Қазақстанда 40 млн доллар инвестиция салып, 500 адамды жұмыспен қамтымақ.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷💲YDA инвестирует $2 млрд в Казахстан

📌Председатель правления YDA Holding Хюсейн Арслан в эксклюзивном интервью Silk Way рассказал о проектах компании в Казахстане и встрече с Президентом Касым-Жомартом Токаевым.

«Мы уже инвестировали более 2 миллиардов долларов. Обсудили текущие проекты и два новых, включая Международный аэропорт Актау с грузовым хабом на $1 млрд. Президент подтвердил поддержку, надеемся начать в начале следующего года».

©Отдельно Хусейн Арслан прокомментировал знаковый жест Президента Эрдогана:

«Впервые в истории наш президент лично сопровождал лидера другой страны до отеля. Это сильный сигнал доверия и уважения».


📺 📰Полное интервью смотрите скоро в эфире в программе Reporter with President на телеканале Silk Way.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркияға ресми сапары аясында Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

Салт атты гвардия кортежді бастап жүріп, Құрмет қарауылы сап түзеді. Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайип Ердоған қарсы алып, екі елдің әнұрандары шырқалды, 21 зеңбірек оғымен құрмет көрсетілді.

Мемлекет басшылары делегация мүшелерін таныстырып, келіссөз жүргізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөз өткізіп, стратегиялық серіктестікті дамыту перспективаларын талқылады.

Тараптар сауда, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға мән берді.

⚛Біздің Президент қонақжайлық үшін алғыс айтып, Р. Ердоған екіжақты қатынасты жаңа деңгейге шығаруға дайын екенін жеткізді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤝Түркия басшысы біздің Президентке: «Екінші отаныңызға қош келдіңіз!»

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-ші отырысын өткізді.

⚛Жиын барысында Мемлекет басшысы Түркияның ежелден бауырлас, тамырлас және түбі бір туысқан ел екенін атап өтті.

– Біз осы сара жолды жалғастырып, өзара байланысты бүгінгіден де биік белеске көтеруге мүдделіміз

– Екі елдің арасында ауқымды шарттық-құқықтық негіз қалыптасты. Атап айтқанда, алпыстан астам екіжақты шарттар мен келісімдер бар. Бүгін де бірқатар екіжақты келісімге қол қойылады

– Еліміз Түркия нарығына кемінде 34 түрлі өнім жеткізуге дайын. Оның көлемі 1 миллиард долларға жуықтайды. Түркиядан келетін тауар түрлерін де арттыра түсу маңызды

– Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін қолға алынған реформалар шетелдік кәсіпкерлерге мол мүмкіндік береді.

🇰🇿🇹🇷Бұдан бөлек Қазақстан мен Түркия делегациялары энергетика, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы ынтымақтастықты талқылады.

▫️Энергетика: Баку – Тбилиси – Жейхан мұнай құбыры арқылы экспортты арттыру жайы қаралды. Қ. Тоқаев түрік компанияларын энергия тапшылығын жою жобаларына қатысуға шақырып, «ҚазМұнайГаз» бен Turkiye Petroleum арасындағы әріптестікке сенім білдірді. Жаңа Салық кодексінде шикізатты өңдеуге ынталандыратын роялти тетігі қарастырылғаны айтылды.

▫️Ауыл шаруашылығы: Түркияға дәнді-дақылдың 25%-ы, мақтаның 33%-ы, клейковинаның 26%-ы экспортталады. Түрік кәсіпкерлері қатысқан 23 жоба жүзеге асуда, 18-і іске қосылды.

▫️Инвестиция мен тау-кен саласы: Түрік инвесторларына бірлескен қор арқылы жаңа жобалар ұсыну жоспарланған.

▫️Білім: Астана мен Алматыда «Маариф» қорының екі мектебі мен түрік ЖОО филиалдары ашылады. Газиантепте жаңа мектеп салынып жатыр.

▫️Туризм және визалық режим: Түркия азаматтарына Қазақстанда 90 күнге дейін визасыз болуға рұқсат берілді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇷 Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған келіссөздерінің қорытындысында Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 5-отырысының шешімі мен Бірлескен декларация қабылданды.

🖋Ресми сапар аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎤Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді

✉️✉️✉️✉️✉️✉️

– Қазақ азаматтары Президент Режеп Тайип Ердоғанды және бүкіл Түркия елін шын жүректен құрметтейді

– Былтыр екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі 5 млрд доллар болды. Алдағы уақытта сауда айналымын айтарлықтай арттырамыз. Бұған әлеуетіміз жетеді

– Қазір елімізде 4 мыңға жуық түрік компаниясы жұмыс істейді. Олармен бірлесіп, құны 6 млрд доллар болатын бірқатар жоба жүзеге асырдық

– Қазақстанның Түркияға салған инвестициясының көлемі 2,5 миллиард доллардан асты

– Қазіргі таңда біздің 12 мыңнан астам студентіміз Түркияда, ал 300 түрік студенті Қазақстанның жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Осыған қолдау көрсеткені үшін Түркия Президенті мен Үкіметіне ризашылығымды білдіремін.

⚛Сондай-ақ екі ел президенттері әлемдегі өзекті мәселелерге қатысты пікір алмасты

Қазақстан мен Түркия президенттері барлық жанжал мен қақтығыс дипломатиялық келіссөздер арқылы бейбіт жолмен шешілуі қажет деп есептейді.

🇹🇷✈️🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі келіссөздердің табысты өткені үшін Режеп Тайип Ердоғанға алғыс айтып, Түркия Президентін өзіне ыңғайлы уақытта Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM