ТРК Президента
✔
28.8K subscribers
7.38K photos
5.24K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Таза қала» Теміртауға жетті

▫️Өндіріс өркен жайған шаһардағы тазалық мәселесі қай деңгейде?
▫️Қаланың қақ ортасындағы батпақ! Балаларға қаншалықты қауіпті?
▫️Тау-тау боп үйілген қоқыс! Кім, қашан жинайды?
▫️Ақшасы бар-нәтижесі жоқ саябақ! Қолдынасқа қашан беріледі?

Кеншілер шаһарындағы жасыл оазис те «Таза қала» бағдарламасында. Еліміздегі ең белсенді жастар. Теміртаудағы тегеурінді тірліктер.

📰Келесі шығарылымды сәрсенбі, 6 тамыз сағат 19:30-да Jibek Joly телеарнасынан көре аласыздар!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесті

🔷Қазақстан Президенті Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясына шақырғаны үшін Сердар Бердімұхамедовке алғыс айтты.

🔷Қасым-Жомарт Тоқаев аталған іс-шара осы санатқа жататын елдердің жағдайына қатысты өзекті мәселелер туралы пікір алмасып, нақты шешімдер әзірлейтін маңызды алаң екеніне назар аударды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Мемлекет басшысы көрме павильонын аралап көрді

⚛Президент пен Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ-ның үшінші конференциясына қатысушы делегация басшылары Орталық Азия елдерінің көрме павильонына барды.

⚛Көрермендер ұлттық нақышта безендірілген Қазақстан экспозициясын тамашалады. Қонақтарға ұлттық салт-дәстүрлерімізден театрландырылған қойылым ұсынылды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇺🇳Президент келесі жылдың сәуір айында өтетін БҰҰ-мен бірге Астанада ұйымдастырылатын Өңірлік экологиялық саммитіне шақырды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Қасым-Жомарт Тоқаев: «Қазіргі кезде Азия мен Еуропа арасындағы құрлық арқылы тасымалданатын жүктің 85 пайызға жуығы еліміз арқылы өтеді»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿Президент: «Қазір теңізге шығар жолымыз болмағанымен, келешекте амалын табамыз. Яғни құрлық арқылы байланыс орнатудың маңызы арта түседі»

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇹🇲Мемлекет басшысының Түрікменстанға жұмыс сапары аяқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан мен Армения арасында қол қойылған келісімді тарихи жетістік деп санайды

🖋Мемлекет басшысының пікірінше, Әзербайжан мен Арменияның мұндай келісімге қол қоюы – АҚШ Президенті Дональд Трамптың тегеурінді әрі тиімді бітімгерлік миссиясының арқасы. Ол Әзербайжан және Армения басшыларын саяси ерік-жігер танытып, стратегиялық тұрғыдан көреген шешім қабылдауға көндіре алды.

©Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан да екі ел арасындағы осынау маңызды уағдаластыққа қол жеткізуге елеулі үлес қосты деп санайды.

▫️Еліміз бейбіт келісімнің негізгі шарттарына қатысты сыртқы істер министрлерінің деңгейіндегі келіссөз алаңы ретінде Алматы қаласын ұсынды.

▫️Министрлер арасындағы келіссөздер Алматыда өтті.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Президент Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай өтетін салтанатты іс-шараға қатысушыларды құттықтады

Қадірлі қауым!


Сіздерді Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуымен құттықтаймын!

Абай – төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосқан әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға, халқымыздың сана-сезімін жаңғыртқан ұлы ақын.

Хәкім Абайдың мол мұрасы – қазақ халқының ғана емес, барша адамзаттың өнеге алатын асыл қазынасы. Оның ой-толғамдары мен өсиеттерінің өзектілігі ешқашан жоғалмайды. Сондықтан Абайды тану және таныту, шығармашылығын терең зерделеу өте маңызды. Бүгінгі салтанатты іс-шараның түпкі мәні де – осында.

Бұл өңір – Абаймен қатар Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов сынды ұлттың ұлы перзенттерін дүниеге әкелген киелі өлке. Мемлекет осы аймақты ұлттық құндылықтар мекені ретінде өркендетуге баса мән береді.

Ұлы ойшылдың өміршең өлеңдері мен қастерлі қара сөздері әлі талай ұрпаққа рухани азық болары анық.

Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🖋️Бүгін ұлы ақын, ағартушы, қазақтың жазба әдебиетінің және әдеби тілінің негізін салушы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толды

@ptrkkz
⚛Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді:

– Біз жасанды интеллект саласында бірқатар жетістікке қол жеткіздік, бірақ босаңсуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта табанды жұмыс істеуіміз керек

– Қытай Жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жаһандық ұйым құру туралы бастама көтерді

– Қытайдың мұндай ұйым құру туралы ұсынысын қолдау керек деп ойлаймын. Дайындық іс-шараларына атсалысу қажет. Бұл – еліміздің мүддесі

– Алдағы бес жылдың ішінде Қазақстан цифрлық мемлекетке айналуы керек. Бұл – айқын әрі өзгермейтін мақсат

– Қазақстанда да перспективті медициналық стартаптар бар. Алайда бюрократия олардың әлеуетін шектеп отыр. Бір жағынан еліміздегі медициналық ақпарат жүйелерінде біртұтас алгоритм жоқ, әрқайсысы дербес дамып жатыр. Бұл жасанды интеллектінің медицина саласына енгізілуін тежейді

– Қазір мемлекеттің цифрлық саясатқа қатысты ұстанымдарын қайта қарайтын кез келді. Жаһандық технологиялық бәсеке күшейіп, жасанды интеллектінің дамуы қарқын алған кезеңде бізге жан-жақты әрі жүйелі әрекет етуге мүмкіндік беретін кешенді бағдарлама керек

– Үкімет Стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесіп, жасанды интеллектіні дамыту және еліміздің цифрлық трансформациясы туралы жүйелі құжат әзірлеуге тиіс. Бұл іске халықаралық компаниялар мен беделді сарапшыларды тарту қажет

– Құжат прагматикалық тұрғыдан барынша жетік, айқын әрі алдағы жұмысымыздың бағыт-бағдары ретінде қызмет етуге тиіс

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
ТРК Президента
⚛Мемлекет басшысы жасанды интеллектіні дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді: – Біз жасанды интеллект саласында бірқатар жетістікке қол жеткіздік, бірақ босаңсуға болмайды. Осы стратегиялық бағытта табанды жұмыс істеуіміз керек – Қытай Жасанды интеллект…
– Жасанды интеллектіні экономиканың нақты секторына енгізуді қолға алу қажет

– Үкімет үш айдың ішінде мемлекеттік қызмет көрсету саласына жасанды интеллектіні енгізу бойынша нақты шаралар әзірлеуі керек

– Еуропа Одағы, АҚШ, Қытай және Канада қауіп-қатерлер мен ықтимал мүмкіндіктерді ескере отырып, саланы реттеудің төл моделін жасақтауға кірісті. Қазақстан да өзінің нормативтік базасын қалыптастыруға тиіс

– Жасанды интеллект туралы тиісті заңды қабылдау – шұғыл міндет. Оны орындауға Үкімет баса мән беруі керек

– Құжатта инновация, жауапкершілік, қауіпсіздік мәселелері тең дәрежеде ескерілуі керек. Сондай-ақ азаматтардың құқығын, кәсіпкерлердің мүддесін қорғау ісіне мән берілуі қажет

– Үкімет жеке деректерді қолданатын барлық коммуникацияны қорғалған ұлттық мессенджерге көшіру мәселесін пысықтауы керек

– Ұстаздар мен оқушылардың жасанды интеллект саласындағы білімін жетілдіру үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Бұл – тиісті министрліктің алдында тұрған маңызды міндет

– Бір ай бұрын мен ЖИ саласындағы бірқатар қазақстандық стартаппен таныстым. Олардың кейбірі әлемдік деңгейге шыға алады. Дарынды жастарымыздың бар екені қуантады

– Біздің міндетіміз – қарым-қабілеті жоғары жастарға қолайлы инновациялық экожүйе қалыптастыру

– Еліміз міндетті түрде озық, дамыған болуы қажет. Сондықтан бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады

– Барлық мемлекеттік органдар мен мекемелер бірлесіп жұмыс істеуі керек. Бұл жұмысқа жеке сектор өкілдерін де қосу керек. Себебі, бұл – жалпыұлттық мақсат.

@ptrkkz
🏛️Еліміздің білімпаз және дарынды жастары Ақордада

Бүгін Мемлекет басшысы ірі халықаралық пән олимпиадаларының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтайды.

@ptrkkz
Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарын марапаттады

📚Президент Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында топ жарған 24 оқушымен кездесті. Олар химия, математика, физика, география, информатика және биология пәндерінен 4 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль жеңіп алған.

Мемлекет басшысы оқушыларды білім жолындағы жетістіктерімен құттықтап, дарын мен еңбектің үйлесімі табысқа жеткізетінін атап өтті. Ол ұстаздар мен ата-аналардың еңбегіне алғыс білдіріп, жастарды ел болашағы ретінде бағалады.

🏅Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр оқушылар 1000-ға жуық халықаралық медаль иеленгенін айтып, бұл – Қазақстан білімінің жоғары деңгейін көрсететінін мәлімдеді.

@ptrkkz
☑Президент Үлкенде салынатын АЭС-ке атау беру бойынша байқау жариялауды ұсынды

АЭС энергетика нысаны ғана емес, ғылыми-техникалық прогрестің жарқын символы болуға тиіс. Әзірге оның атауы жоқ. Бұл еліміздегі тұңғыш станса болғандықтан, халық арасында үздік атау жөнінде байқау жариялауға болады деп санаймын. Осы сайысқа қатысып, шығармашылық қарымдарыңызды көрсетуге шақырамын. Бәлкім, шешім қабылдаған кезде Сіздердің де ұсыныстарыңызға сүйенерміз, – деді Мемлекет басшысы.


@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Мемлекет басшысы жасанды интеллект барлық саланың қозғаушы күші болуға тиіс деп санайды

@ptrkkz
📱Мемлекет басшысы: Бұл, әрине, теңдесі жоқ өсім болмақ. Жасанды интеллект дамудың жаңа мүмкіндіктеріне кеңінен жол ашады.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌍Президент отметил, что сейчас в мире происходят значительные технологические изменения, связанные со стремительным развитием искусственного интеллекта

@ptrkkz