ТРК Президента
✔
28.9K subscribers
7.37K photos
5.23K videos
995 links
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметі туралы ресми медиа-ресурс

web-cайт: https://ptrk.kz/
Instagram: https://instagram.com/ptrk.kz
Facebook: https://facebook.com/ptrk.kz/
YouTube: https://youtube.com/@trkpresident
TikTok: @ptrkkz
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬 Президент Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды
 
Мемлекет басшысын Манас халықаралық әуежайында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Президенттің Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды

💐Мемлекет басшысы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Президент Шыңғыс Айтматовтың бейітіне зиярат етіп, рухына Құран бағыштады

@ptrkkz
🤝«Ынтымақ Ордо» резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшылары әнұран тыңдап, құрмет қарауылын аралады. Кейін ресми делегациялар таныстырылып, келіссөз залына өтті.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыз – тілектес, бауырлас елдер. Біздің тарихымыз – тамырлас, салт-дәстүріміз бен таным-түсінігіміз, ұлттық болмысымыз ұқсас.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Президенттің Қазақстан мен Қырғызстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінен:

🇰🇿🇰🇬Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, тағдыры ортақ ағайынды халықтар

🇰🇿🇰🇬Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз – ата-бабадан қалған аманат, ұрпақтан ұрпаққа берілген рухани қазына

🇰🇿🇰🇬Қырғызстан – Қазақстанның аймақтағы басты стратегиялық серіктесінің бірі. Екіжақты сауда-саттық көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті

🇰🇿🇰🇬Су-энергетика саласында өзара үйлесімді жұмыс атқарылып жатыр. Мәдени-гуманитарлық саладағы байланысымыз да күшейіп келеді

🇰🇿🇰🇬Былтыр Одақтастық қатынастарды кеңейту туралы тарихи шартқа қол қойдық. Бүгін біз Ынтымақтастықтың кешенді жоспарын қабылдаймыз.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🦅Қасиетті Алатаудың қос қыраны сияқты қазақ пен қырғыз – тағдыры ортақ ағайынды халықтар

@ptrkkz
🎖️Мемлекет басшысы Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Мен Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – Қазақ елінің Сізге және бүкіл қырғыз халқына деген ерекше құрметі мен шынайы алғысының риясыз белгісі, – деді Президент.


@ptrkkz
🎤Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров баспасөз брифингін өткізді

– Бауырлас мемлекеттер ретінде кез келген мәселені өзара сенім мен одақтастық рухында шешеміз деген пайымға келдік

– Қазақстан – Қырғызстанның сауда және инвестиция саласындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,7 миллиард долларға жетті

– Алдағы 5 жылда сауда-саттық көлемін 3 миллиард долларға дейін арттыруға мүдделіміз. Сондықтан бүгін арнайы Жол картасына қол қойылды

– Келесі жылы қазақ-қырғыз шекарасында салынып жатқан Индустриялық сауда-логистика кешені іске қосылмақ

– Қазақстан соңғы 20 жылда Қырғызстан экономикасына 1,4 миллиард доллар инвестиция салған.

– Былтыр Астанада құрметті Президентпен бірге Айкөл Манастың ескерткішін аштық. Бүгін Бішкекте бауырластығымыздың тағы бір нышаны – «Достықтың алтын көпірі» ескерткішін ашамыз

– Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Ош қаласындағы филиалы ашылуда. Бұдан бөлек, Қазақстан Үкіметі қырғыз студенттеріне 50 грант бөліп отыр

– Кешеден бері Бішкекте Қазақстанның кино күндері, Үшінші жастар форумы өтіп жатыр. Мұның бәрі халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани байланысын нығайта түседі

– Келесі жылы Қырғыз елінде 6-шы Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Дүбірлі доданың табысты өтуіне тілектеспіз, біздің жақтан қолдау көрсетуге дайынбыз

– Біз Қырғызстанның 2027-2028 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын толық қолдаймыз.

@ptrkkz
Президент Қырғызстанның бірқатар мемлекет және қоғам қайраткерін марапаттады

🇰🇿🇰🇬Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы достық және одақтастық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары – Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Камчыбек Ташиев І дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

🎖Қырғыз Республикасының VII шақырылған Жогорку Кенешінің депутаты Дастанбек Жұмабеков, Қырғызстан Президентінің кеңесшісі Арслан Койчиев, қоғам қайраткері Аскар Салымбеков ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
☑Президент: Тарихтың талай тезінен аман өткен достығымыз – ата-бабадан қалған аманат, ұрпақтан ұрпаққа берілген рухани қазына

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров Бішкектегі Қазақстан мен Қырғызстан достығы аллеясында орналасқан «Достықтың алтын көпірі» ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты

🔷Монумент Мұхтар Әуезов пен Шыңғыс Айтматовқа арналған. Мемлекет басшысы бұл күнді қазақ-қырғыз бауырластығының символы деп атап, қырғыз халқына ризашылығын білдірді.

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏫Мемлекет басшысы Бішкек қаласындағы Кемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназияға барды

Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдары Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан. Қазақстан Президентінің әкесі – соғыс ардагері, жазушы Кемел Тоқаев дәл осы жерден майданға аттанған. Білім ошағына К.Тоқаев есімін беру туралы бастаманы Президент Садыр Жапаров биыл мамыр айында көтерген болатын.

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Президент екіжақты қатынастарға қатысты бірқатар өзекті мәселе егжей-тегжей талқыланып, екі елдің де мүддесіне сай келетін маңызды келісімдерге қол жеткізілгенін мәлімдеді

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📚Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасты нығайтуға баса мән берілген

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Қазақстан мен Қырғызстанның көптеген халықаралық түйткілге қатысты ұстанымы – ортақ. Әсіресе, Орталық Азиядағы ықпалдастықты күшейту екі елдің мүддесіне сай келеді

@ptrkkz
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿🇰🇬Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары аяқталды

@ptrkkz
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
#Сандарсөйлейді

🚛Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы сауда-саттық көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті.

Бұл көрсеткішті еселеуге барлық мүмкіндік бар. Инвестициялық ынтымақтастық жылдан жылға нығая түсуде, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


@ptrkkz