Qalaisyn Student 🇰🇿
4.37K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥ТОП-жаңалық!!!😱🔥🔥

🚀 ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлескен наноспутникті ғарышқа ұшырды!

😍 ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлесіп жасаған «Қазақстан – Қытай» наноспутнигі 530 км биіктікте Жер орбитасына ұшырылды.

🛰️ Наноспутник ғарыштық зерттеулер жүргізуге, нысандарды дәл бақылауға және Жерді қашықтан зондтауға арналған.

🇰🇿🇨🇳 Жобаға Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам ғалым мен жас зерттеуші қатысты.

😎 Ғылым жаңалықтарынан қалыс қалмау үшін бізге жазыл, бірге оқиық!
👍8😱2🔥1
🆕🤩 inVision U университетінің студенттер тобы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған білім беру мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіретін онлайн-платформаны іске қосты.

🌟 ZhasLink платформасы байқаулар, олимпиадалар, гранттар мен курстар туралы ақпаратты жариялап, жаңа мүмкіндіктер жөніндегі деректерді жаңартып отырады. Сондай-ақ платформа түрлі білім беру мүмкіндіктерін пайдаланған студенттер мен мектеп оқушыларының жетістіктерін жариялайды.
👍2🔥1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан студенттері әлемдік ТОП-3 қатарында 🇰🇿🔥

Yessenov University базасында жұмыс істейтін Huawei ICT Academy студенттері халықаралық Huawei ICT Competition 2024-2025 байқауында жоғары нәтиже көрсетті.

🤩 Yessenov University студенті Руслан Таңатар
🔹 өңірлік кезеңнен өтіп,
🔹 ұлттық финалда 1-орын иеленіп,
🔹 Сауд Арабиясында өткен халықаралық кезеңде Yessenov University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Astana IT University студенттерінен құралған Қазақстан құрамасы 2-орын,
🔹 ал Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Global Final кезеңінде Cloud Track бағыты бойынша әлемдік деңгейде 3-орынға қол жеткізді.

💥 Глобалдық финалда әлемнің 2000-нан астам университетінен іріктелген 24 үздік команда бақ сынады.
👍5❤3😍1
💡 Huawei ICT Competition – бұлтты есептеулер, желілік технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және Big Data салаларында тәжірибе жинап, халықаралық деңгейде өзіңді көрсетуге мүмкіндік беретін байқау.

Бұл жетістік – қазақстандық студенттердің ІТ саласындағы жоғары әлеуетін дәлелдейді 👏
❤8🔥3👍2😍1
😍Qalaisyn, Student! Жаңа жыл құтты болсын!🎄2026 жаңа жылымыздағы алғашқы жаңалықты жариялаймыз🤗👇🏻

📣 Аманжолов студенті спорттағы жетістіктері үшін марапатталды!

🏆 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті, гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбол Слямбеков «Құрмет» және «Тарбағатай Тарланы» төс белгілерімен марапатталды. Бұл марапаттар оның жоғары спорттық жетістіктері мен ел спортының дамуына қосқан үлесі үшін берілді.

🏅Айбол – Қазақстан гір спортындағы ең табысты спортшылардың бірі. Республикалық деңгейде 14, Азия чемпионаттарында 10, ал әлем чемпионаттарында 9 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

💪 2022 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында Айбол 73 келі салмақ дәрежесінде 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, әлем чемпионатының 9 дүркін жеңімпазы атанды.

🤩 Студент-спортшымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
❤5😍4👍2