Forwarded from MNU NEWS
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3😍3🔥1💯1
🏆 Ualikhanov University студенті халықаралық робототехника олимпиадасында жеңіске жетті!
«Информатика және робототехника» бағдарламасының 3 курс студенті Дәнекер Әлкенов Италияның Рим қаласында өткен «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық робототехника олимпиадасында I орынды жеңіп алды!
Олимпиада 2025 жылғы 21-25 қараша күндері өтті. Сайысқа 18 елден 623 команда қатысты, оның ішінде Әзірбайжан, Германия, Греция, Үндістан, Испания, Польша, Португалия, Түркия және басқа да елдердің үздік жас мамандары болды.
👏 Дәнекерді осындай керемет жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
🌟 Қазақстан студенттерінің халықаралық STEM сайыстарында биік деңгейде өнер көрсетуі – біздің студенттердің білім мен кәсіби шеберлігінің нақты дәлелі.

❤20👍8😍1
🇰🇿 Қазақстандық шахматшы Азия турнирінде жеңімпаз атанды
🤩 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Ерлан Тілеуханов халықаралық шахмат турнирінде U18 санатында І орын иеленді.
♟️Бангкок қаласында өткен Азиядағы ең ірі жасөспірімдер жарыстарының бірі – Asian Youth Chess Championships 2025 турниріне 32 елден 700 адам қатысты. Турнир рапид, классика және блиц бойынша өтті.
😍 ҚазҰУ-дың жас шахматшысы Ерлан Тілеуханов жоғары нәтиже көрсетіп, өз жас санатында жеңімпаз атанды👏

👍13😍5👏1🙏1💯1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🌟 Yessenov University студенті Fab Academy халықаралық сертификат иегері атанды
💥 Yessenov University «Компьютерлік ғылымдар және жасанды интеллект» факультетінің 3-курс студенті Ырысжан Сансызбай MIT Bits and Atoms орталығы әзірлеген Fab Academy бағдарламасын сәтті аяқтап, Қазақстандағы алғашқы сертификат иегерлерінің бірі атанды.
🤖 Ырысжан Yessenov Technopark жанындағы робототехника зертханасын басқарып, жастарға бағдарламалау мен робототехника бойынша курстар өткізіп келеді. Сондай-ақ халықаралық және республикалық хакатондардың бірнеше мәрте жеңімпазы.
🌐 Fab Academy – цифрлық өндіріс саласындағы әлемдік деңгейдегі практикалық бағдарлама. Оны аяқтау Ырысжанға инженерия және робототехника бағытында жаңа мүмкіндіктер ашса, университетке FabNode мәртебесіне ұмтылуға жол ашады.

❤5🔥1😍1
🌐 ҚазҰУ командасы республикалық AI-хакатонда І орын алды! 🎉
🥇 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture-2025» хакатонында бірінші орынды жеңіп алды.
🧑🔬 Жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар мен студенттерден құралған команда жасанды интеллект технологияларын қолдана отырып, агроөнеркәсіп кешенінің өзекті мәселелерін шешу үшін өз білімдері мен тәжірибелік дағдыларын біріктірді. «AI-Sana Shakarim Solveathon: AI & Agriculture-2025» – бұл ауыл шаруашылығына арналған қолданбалы AI-шешімдерді әзірлеуге бағытталған үшкүндік ауқымды хакатон.
✅ Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ командасы барлық тапсырманы сәтті орындап, Computer Vision, Data Science және AI-модельдеу салаларында жоғары кәсіби деңгейін көрсетті. Команда инженерлік міндеттерді жүйелі шешіп, әзірлеген прототипті нақты өндіріске енгізуге дайын екенін дәлелдеді.
🌟 Қазылар алқасы ҚазҰУ командасын хакатон жеңімпазы деп танып, 1 000 000 теңге көлеміндегі жүлдені табыстады.
Жеңіс құтты болсын! 👏

👍4❤3😍1
🎭 Еуразия ұлттық университетінің «Шаңырақ» театры – «Халықтық театр»!
✨ Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттік «Шаңырақ» театры «Халықтық театр» атағын иеленді!
🌟 Студенттік театрдың 15 жылдық тарихы бар және осы уақыт ішінде университеттегі өнер мен мәдениетті дамытуға мол үлес қосып келеді.
👏 «Шаңырақ» театрының актерлері мен режиссерлерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл үлкен жетістік – тек атақ емес, шығармашылыққа жаңа серпін, жаңа белестерге жетелейтін ынта!
😍 Құрметті студенттер, өнерге деген махаббат пен шығармашылыққа деген талпыныс осындай жетістіктерге жеткізеді! 💫

❤9😍2👍1🔥1