Qalaisyn Student 🇰🇿
4.37K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
💥 Qalaisyn, Student! Ғылым жаңалықтарынан құр қалмаңыздар ⤵️🤗

🔬✨ ҚазҰУ-да «SCIENCE 0+» халықаралық ғылым фестивалі өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ғылымды баршаға жақын ететін «SCIENCE 0+» халықаралық ғылым фестивалі табысты өтті.

Іс-шара ғылымды кеңінен насихаттауға, жастардың ғылыми ойлау мәдениетін қалыптастыруға және инновация мен жоғары технологияларға қызығушылықты арттыруға бағытталды.

📍 Farabi HUB ғылыми орталығында өткен фестиваль аясында интерактивті көрме ұйымдастырылып, онда:
🌱 ауыл шаруашылығы
⚡ энергетика
🚀 ғарыш
🧬 медицина, биотехнология
☢️ ядролық технология салаларындағы заманауи ғылыми жобалар мен әзірлемелер таныстырылды.

🧠 Сондай-ақ фестиваль барысында ғылыми демонстрациялар, тәжірибелік шеберлік сабақтары, танымдық лекциялар, зияткерлік викториналар, пікірталас алаңдары өтті.

🌟 Фестиваль келушілерге ғылымның күнделікті өмірдегі маңызын түсінікті әрі қызықты форматта көрсетуге мүмкіндік берді.
👍4😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔥ТОП-жаңалық!!!😱🔥🔥

🚀 ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлескен наноспутникті ғарышқа ұшырды!

😍 ҚазҰУ мен Қытай университеті бірлесіп жасаған «Қазақстан – Қытай» наноспутнигі 530 км биіктікте Жер орбитасына ұшырылды.

🛰️ Наноспутник ғарыштық зерттеулер жүргізуге, нысандарды дәл бақылауға және Жерді қашықтан зондтауға арналған.

🇰🇿🇨🇳 Жобаға Қазақстан мен Қытайдан 20-дан астам ғалым мен жас зерттеуші қатысты.

😎 Ғылым жаңалықтарынан қалыс қалмау үшін бізге жазыл, бірге оқиық!
👍8😱2🔥1
🆕🤩 inVision U университетінің студенттер тобы мектеп оқушылары мен студенттерге арналған білім беру мүмкіндіктері туралы ақпаратты біріктіретін онлайн-платформаны іске қосты.

🌟 ZhasLink платформасы байқаулар, олимпиадалар, гранттар мен курстар туралы ақпаратты жариялап, жаңа мүмкіндіктер жөніндегі деректерді жаңартып отырады. Сондай-ақ платформа түрлі білім беру мүмкіндіктерін пайдаланған студенттер мен мектеп оқушыларының жетістіктерін жариялайды.
👍2🔥1😍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазақстан студенттері әлемдік ТОП-3 қатарында 🇰🇿🔥

Yessenov University базасында жұмыс істейтін Huawei ICT Academy студенттері халықаралық Huawei ICT Competition 2024-2025 байқауында жоғары нәтиже көрсетті.

🤩 Yessenov University студенті Руслан Таңатар
🔹 өңірлік кезеңнен өтіп,
🔹 ұлттық финалда 1-орын иеленіп,
🔹 Сауд Арабиясында өткен халықаралық кезеңде Yessenov University, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Astana IT University студенттерінен құралған Қазақстан құрамасы 2-орын,
🔹 ал Қытайдың Шэньчжэнь қаласындағы Global Final кезеңінде Cloud Track бағыты бойынша әлемдік деңгейде 3-орынға қол жеткізді.

💥 Глобалдық финалда әлемнің 2000-нан астам университетінен іріктелген 24 үздік команда бақ сынады.
👍5❤3😍1
💡 Huawei ICT Competition – бұлтты есептеулер, желілік технологиялар, киберқауіпсіздік, жасанды интеллект және Big Data салаларында тәжірибе жинап, халықаралық деңгейде өзіңді көрсетуге мүмкіндік беретін байқау.

Бұл жетістік – қазақстандық студенттердің ІТ саласындағы жоғары әлеуетін дәлелдейді 👏
❤8🔥3👍2😍1