Qalaisyn Student 🇰🇿
4.37K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
😍Qalaisyn, Student! Жаңа жыл құтты болсын!🎄2026 жаңа жылымыздағы алғашқы жаңалықты жариялаймыз🤗👇🏻

📣 Аманжолов студенті спорттағы жетістіктері үшін марапатталды!

🏆 С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті, гір спортынан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбол Слямбеков «Құрмет» және «Тарбағатай Тарланы» төс белгілерімен марапатталды. Бұл марапаттар оның жоғары спорттық жетістіктері мен ел спортының дамуына қосқан үлесі үшін берілді.

🏅Айбол – Қазақстан гір спортындағы ең табысты спортшылардың бірі. Республикалық деңгейде 14, Азия чемпионаттарында 10, ал әлем чемпионаттарында 9 мәрте жеңіс тұғырынан көрінді.

💪 2022 жылы Қытайда өткен әлем чемпионатында Айбол 73 келі салмақ дәрежесінде 2 алтын және 1 күміс медаль жеңіп алып, әлем чемпионатының 9 дүркін жеңімпазы атанды.

🤩 Студент-спортшымызды жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
❤5😍4👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👋🏻 Qalaisyn, Student?

Жаңа жылда сіздермен ерекше форматта қауышқымыз келді!🤗Демалыс аяқталып, қысқы семестр қайта басталды!📚

Қыстың суығына қарамай, жаңалыққа құштар студенттер сияқты, тіпті пингвиндер де Қазақстандағы білімді таңдайды 😍🐧

Олар бізге жаңашылдыққа ұмтылған, білімге құштар студенттерді еске салды ❤️🎓

Ал сіздердің қысқы семестрлеріңіз қалай басталды? Жаза кетіңіз 🤗👇
❤4🔥1😍1🤗1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨👗 Әуезов университетінің студенті «Ақылды гардероб» жобасын әзірледі

🎓 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің «Сәулет, құрылыс және көлік» факультетінің студенті Жанел Бекетова жасанды интеллектке негізделген «Ақылды гардероб» инновациялық жобасын ұсынды.

🏆 Аталған жоба университетте өткен студенттік стартап-жобалар байқауында үздік деп танылып, 300 мың теңге көлеміндегі грантты жеңіп алды😍 Жобаның ғылыми жетекшісі — Дильфуза Тұрдыбекова.

📱 «Ақылды гардероб» пайдаланушының жеке деректері мен киімдерінің фотосуреттерін талдау арқылы жеке стиль қалыптастырып, киімдерді үйлестіруге көмектеседі. Бұл жоба кәсіби стилист қызметіне қолжетімді балама ұсынуды мақсат етеді.

🌱 Жоба уақытты үнемдеуге, артық шығынды азайтуға, киім үйлестіру мәдениетін қалыптастыруға және экологияға оң әсер етуге бағытталған.

🚀 Болашақта жүйені толық автоматтандырылған виртуалды стилист деңгейіне дейін дамыту жоспарланған.

✨🎓 Басқа да студенттік жобалар біздің парақшамызда, арнамыздан алыстамаңыздар❤️
😍5🔥2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🥇 Қысқы Олимпиада – 2026 БАСТАЛДЫ! Қазақстандық студенттер еліміздің намысын қорғайды 🇰🇿

📅 Бүгін, 6 ақпан – Италияның Милан мен Кортина-д’Ампеццо қалаларында Қысқы Олимпиада ойындарының ресми басталған күні! ❄️🔥 Алдағы екі аптада әлемнің ең мықты спортшылары Олимпиадада бақ сынайды.

💥 Қазақстанның намысын қорғайтындардың қатарында Евгений Кошкин — Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) студенті бар 🎓💪

✨ Олимпиада жолында спортшы-студенттерімізге:
🚀 сенімді старттар
🏆 сәтті өнер көрсету
🥇 жоғары нәтижелер тілейміз!

📣 Алға, Қазақстан!🇰🇿🔥
🔥4👍2😍1
💪 World Cup Tashkent 2026: Аманжолов университетінің студенттері жеңіс тұғырында! 🏆

Ташкент төрінде өткен World Armwrestling & Para Armwrestling World Cup Tashkent 2026 турнирі әлемнің мықты армрестлерін жинады. Бұл – жай жарыс емес, нағыз күш пен рух сыналатын халықаралық дода.

🤩 Осы додада Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенттері өздерінің дайындық деңгейін айқын дәлелдеді.

🥇 3-курс студенттері Жалғас Төреханов пен Еламан Базылбек өз салмақ дәрежелерінде қарсыластарынан басым түсіп, екеуі де бірінші орын иеленді.

🔥 Студенттерімізді халықаралық аренадағы жетістіктерімен құттықтаймыз!
❤10👍5❤‍🔥1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⭐️ «TUMAR» роботы: жас инженерлердің жобасы

Наурыз – жаңару мен жаңа идеялардың уақыты 🌱 Осы мереке аясында Сәтбаев университеті студенттері ерекше жобамен көзге түсті.

🆕Digital Nauryz алаңында таныстырылған «TUMAR» роботы – жай ғана құрылғы емес, жас инженерлердің креативі мен еңбегінің нәтижесі. Роботты робототехникаға қызығатын студенттер өз қолдарымен жасап шыққан. Алғашында зертханада жасалған прототип болса да, оның болашағы зор📈

TUMAR не істей алады?
🔹 Заттарды тасымалдайды
🔹 Дәрі-дәрмек пен азық-түлікті жеткізеді
🔹 Әлеуметтік және медициналық салаларда қолдануға болады

🔝Роботтың атауы да ерекше мәнге ие. «Тұмар» — қазақ мәдениетінде қорғаныштың символы. Ал бұл жоба сол ұғымды жаңа деңгейге көтеріп, технология арқылы адамдарға көмектесетін құралға айналдырған.

Ең қызығы – Digital Nauryz кезінде робот қонақтарға бауырсақ ұсынып, ұлттық дәстүрді заманауи форматта көрсетті. Болашақ пен дәстүрдің тамаша үйлесімі дәл осындай болар!

Жоба авторлары мұнымен тоқтамайды. Алда TUMAR-ды жетілдіру және мүмкіндіктерін кеңейту жоспарда бар.

🤗Болашақ инженерлерге сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3🔥2⚡1🤩1
Қалайсың, студент? 🤗👋 Сессия мен емтихан тапсырып жүрсің бе? 📚

Осы қарбалас кезеңде жақсы жаңалықты атап өтейік! 🏆

Инновациялық Еуразия университетінің студенті Анель Прудникова XVII Халықаралық «IT-Планета 2026» олимпиадасы аясында өткен «Пайдаланушылар кубогы 2026» халықаралық жастар чемпионатында жеңімпаз атанды.

Ол цифрлық графика бағыты бойынша І орынды иеленіп, командалық есепте де жүлдегерлер қатарынан көрінді.

Ресей, Беларусь және Қазақстаннан қатысқан 15 мыңнан астам қатысушының арасынан үздік шыққан қазақстандық студентті құттықтаймыз! 👏🇰🇿

Білім мен табандылықтың арқасында бағындырылған тағы бір белес!
😍9❤5🔥4🤩1
⚡️ Алты шақырымдық тартыс: қазақстандық студенттер өздері құрастырған электр көліктерін жарыс жолына шығарды

Жетісу облысындағы Lepsi Fest технофестивалінде қазақстандық студенттер Formula Student форматындағы қолдан құрастырылған көліктерді алты шақырымдық трассада сынақтан өткізді😍

🏎️ Биылғы Future Race автожарысына еліміздің 7 техникалық жоғары оқу орнының командалары қатысты. Қазылар алқысы көліктердің жылдамдығын ғана емес, энергия тиімділігі мен техникалық сенімділігін де бағалады.

🥇 Жеңіс Nazarbayev University-дің Sunkar-Bulan командасына бұйырды. Ал жүлделі орындарға «Жыланды» лицей-интернатының ZHEL Zhylandy Engineers Legion, W7, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің S.U. Racing Team және Қазақстан-Британ техникалық университетінің SHALLQAR командалары да енді.

🚀 Фестиваль мұнымен шектелген жоқ. Қатысушылар робототехника, дрон технологиялары және аэроғарыш инженериясы бойынша жобаларын таныстырып, шамамен 5 миллион теңге жүлде қорын құрайтын байқауларда бақ сынады.

🤖 Сонымен қатар FIRST Tech Challenge форматындағы робототехника жарыстары, дрон-футбол, ұшу симуляторлары және зымырандар мен наноспутниктерді құрастыру бойынша шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.

Осындай жобалар студенттердің идеясы мен инженерлік ойының нақты өнімге айнала алатынын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр👏
❤3🔥2👏1😍1
🤩 Бойы 2 метр 5 сантиметр: Қазақстанның ең ұзын бойлы түлектерінің бірі диплом алды

Қазақстандағы ең ұзын бойлы түлектердің бірі – Аяжан Амангельдиева биыл университетпен қоштасты. Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің түлегі Аяжан тек бойымен ғана емес, жетістіктерімен де ерекшеленеді.

🏐 Ол – волейболдан спорт шеберлігіне үміткер, әйелдер арасындағы Қазақстанның үш дүркін чемпионы және Азия чемпионатының күміс жүлдегері.

Төрт жыл бойы Аяжан оқу мен спортты қатар алып жүріп, өзін жан-жақты дамытты. Биыл дипломын алып, енді кәсіби және спорттық жолын жаңа белеске бастамақ.

💬 «Университетте өткен төрт жыл мен үшін үлкен өмір мектебі болды. Осы уақыт ішінде тек мамандықты меңгеріп қана қоймай, спорттағы жетістіктерімді де еселей алдым. Алдағы уақытта білімімді жетілдіріп, кәсіби және спорттық бағытта дамуды жалғастырып, еліміздің дамуына өз үлесімді қосуды мақсат етемін», - дейді жас түлек.


✨ Бүгінде Аяжан Амангельдиева білім мен спортты үйлестіре білген, ерік-жігері мен табандылығы арқылы жастарға үлгі болатын түлек. Оның жетістіктері жас буынға мақсатқа жету жолында еңбек пен табандылықтың маңызын тағы бір мәрте дәлелдейді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5⚡2🔥2❤1🏆1😎1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏐 Волейболистка ростом 2 м 5 см получила диплом

Одна из самых высоких выпускниц Казахстана Аяжан Амангельдиева, чей рост составляет 2 м 5 см, окончила Amanzholov University и получила диплом.

Девушка успешно совмещает учебу и спортивную карьеру. В университете поздравили выпускницу с завершением обучения и пожелали ей дальнейших успехов в профессиональной деятельности и спорте.
👍2🔥2👏2❤1
🤩❔  Грант конкурсының қорытындысын қайдан білуге болады?

⚡ Мемлекеттік білім гранты конкурсына қатысқан талапкерлер мен олардың ата-аналары үшін ең маңызды сәттердің бірі – конкурс қорытындысының жариялануы. Бізге жиі қойылатын сұрақтардың бірі – «Грант конкурсының нәтижесін қайдан көруге болады?»

❗Сіздерге 2026-2027 оқу жылына арналған мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланатын негізгі әрі ресми ақпарат көздерін ұсынамыз:

💡ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің ресми парақшалары:
✅ https://t.me/SayasatNurbekOfficial
✅ https://www.facebook.com/sayasat
✅ https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
✅ https://sayasatnurbek.com/

💡ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми ақпарат көздері:
✅ https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
✅ https://t.me/gylym_jogary_bilim
✅ https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
✅ https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

Грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады.

🙌 Барша талапкерге сәттілік тілейміз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4⚡2🔥1😍1
📣❓Где узнать результаты конкурса на присуждение образовательных грантов?

⚡️ Для абитуриентов, участвовавших в конкурсе на присуждение государственных образовательных грантов, и их родителей одним из самых важных моментов является публикация результатов конкурса. Один из наиболее часто задаваемых нам вопросов: «Где можно ознакомиться с результатами конкурса на образовательные гранты?»

❗ Предлагаем вашему вниманию основные официальные источники, где будет опубликован список обладателей государственных образовательных грантов на 2026-2027 учебный год:

💡Официальные страницы министра науки и высшего образования РК:
✅ https://t.me/SayasatNurbekOfficial
✅ https://www.facebook.com/sayasat
✅ https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
✅ https://sayasatnurbek.com/

💡Официальные страницы Министерства науки и высшего образования РК:
✅ https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=ru
✅ https://t.me/gylym_jogary_bilim
✅ https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
✅ https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/

📌 Список обладателей государственных образовательных грантов будет опубликован до 10 августа.

🙌 Желаем всем абитуриентам удачи!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥1🤩1🏆1