Qalaisyn Student 🇰🇿
4.35K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧑🏻‍✈️🎤 АВИАТОРЛАР ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫН ҚАНШАЛЫҚТЫ ЖАҚСЫ БІЛЕДІ?

✈ Республика күніне орай, Азаматтық авиация академиясының студенттер және оқытушылар арасында тәуелсіз Қазақстанның тарихын қаншалықты жақсы білетінін анықтау үшін арнайы сауалнама өткізілді.

🧐 Болашақ мамандар мен оқытушылар сұрақтарға қалай жауап берді екен? Оны видеодан көріп, өздеріңіз бағалай аласыздар!

⁉️ Ал сіз қанша сұраққа жауап бердіңіз? Міндетті түрде нәтижелеріңізбен бөлісіңіз.

🎉 Келе жатқан Республика күні құтты болсын!

#Республикакүні #2510Qazaqstan
👍10❤5👏1👌1
📢 Астаналық студенттерге хабарлама!

26 қазан күні сағат 13.00-де Астана қаласы "Барыс" аренада “Қазақстан барысы” өтеді.

Кіру ТЕГІН!
👍6🙏2
👋 Достар, стипендияға қатысты қосымша түсіндірме 👇

"Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы" Қаулыға сәйкес стипендия ағымдағы айдың соңына дейін аударылады.
😡23🙏6❤3
🇰🇿🇰🇿🇰🇿 Бүгін барлық университеттерде Республика күніне орай Мемлекеттік Әнұран шырқалып орындалды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Республика күні ұлттық мерекесіне орай, 1000 адам Мемлекеттік Әнұранды бірге орындады (📹 видеода).

Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-да Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібековтың дәрісі ұйымдастырылды (📹 видеода).

Сондай-ақ, Абай атындағы ҚазҰПУ-да түрлі мерекелі іс-шаралар ұйымдастырылып, марапаттар табысталды (📹 видеода).

Сіздің университетте қандай шаралар өтті❓
❤20👍6👏4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Мен сені сүйемін Қазақстан 🇰🇿❤️

Республика күні құтты болсын, студент 🤗
❤34👍4👏2
👋 Сәлем, студент! Қалың қалай?

Стипендия күтіп отқаныңды білеміз, 31-не дейін түседі.
Сәл күте тұрайық 🙌
😭48👍15🔥6😢5❤2😨2
🏆 СТУДЕНТТІК СПОРТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Ә. Сағынов атындағы ҚарТУ студенті қоян-қолтық ұрыста чемпион атанды!

Қазан айының 25 мен 27 аралығында Қарағандыда, «Жастар» спорт кешенінде Nomad MMA (қоян-қолтық ұрыс түрі) бойынша Әлем чемпионаты өтті. Онда Пәкістан, Үндістан, Иран, Өзбекстан, Қырғызстан, Таиланд және Ресейден спортшылар қатысты.

52 келі салмақ дәрежесінде еліміздің намысын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ студенті Еркемай Сартаева қорғады. Еркемай үш жекпе-жекке қатысып, үшеуінде де жеңімпаз атанып, Әлем чемпионы титулын иеленді.

🎉 Еркемайды жеңісімен құттықтаймыз! Оқуда да, спортта да жаңа жеңістер тілейміз!
👍20🔥5❤3🥰1
⚽ Спорт жаңалықтарының ізін суытпай.

🏆 Кеше футболдан 68-ші «Алтын доп» жүлдесін «Манчестер Сити» клубының ойыншысы Родри алды.

🤔 Қалай ойлайсыздар биылғы «Алтын доп» әділ өтті ме?
👍21👎19🤨3❤2
👨‍🔧🚘 Болашақтың машина құрастырушыларын қайда әзірлеп жатқанын білесің бе ⁉

📚 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Tiktok парақшасындағы #ФИЛИАЛДАР айдарының бүгінгі шығарылымы еліміздің шығысындағы ✨ЛУ БАНЬ ШЕБЕРХАНАСЫНА✨ арналады.

⏭️ https://vm.tiktok.com/ZMh993DHC/
👍4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Достар, аньен 🤗

🇰🇿🇰🇷 Назарларыңызға академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Намсеул университетінде (Оңтүстік Корея) білім алып жатқан Абай университетінің студенттерінен бейнеролик ұсынамыз.

💭 Бейнероликтен сіздер тек студенттеріміздің кәсіби білім алып қана қоймай, жаңа мәдениетпен, заманауи технологиялармен және теңдессіз тәжірибелермен танысуға мүмкіндік алғанына куә боласыздар!
❤13👍3
🗯 "Кітап аяулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады."

🖌 Мұхтар Әуезов

📩
#СӘРСЕНБІЛІКӘДЕМІСӨЗ
❤9👍9🔥4
🚀 K-POP, BTS, BLACKPINK IN YOUR AREA дейтіндер бар ма?

🇰🇷 Корей тілін үйренгісі келіп жүргендерге хабарлама.

📚 Алматыдағы “Q” University-де корей тілін үйренуге арналған үйірме жұмыс істейді.

💫 Үйірмеде тұрақты түрде айына бір рет студенттер мен қатысушыларға арналған көңілді отырыстар өтеді 😊

❤️ Қатысам деушілерге есік ашық

Қосымша ақпаратты университеттің сайтынан біле аласыздар 🙌
🔥11❤5👍4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔎❓ Президентіміз оқыған Қытай университетінің филиалы Астанада ашылғанын білесің бе?

#ФИЛИАЛДАР айдарымыздың бүгінгі шығарылымы ✨ПЕКИН ТІЛ ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ УНИВЕРСИТЕТІ✨ филиалына арналады.

🇰🇿🇨🇳 Пекин Тіл және мәдениет университетінің филиалы Астана Халықаралық университетінің базасында ашылып, Орталық Азияға және Қазақстанға жаңа мүмкіндіктер беріп отыр.

BLCU — қытай тілін үйретуде және синхронды аудармашыларды дайындауда әлемдегі ең үздік университеттердің бірі.

🎓 Филиалдың негізгі бағыттары:
✔ Қазақстан және Орталық Азия елдерінен келген абитуриенттерді қытай тілі емтихандарына (HSK) дайындау;
✔ Синхронды аудармашыларды қазақ-қытай, қытай-орыс, қытай-ағылшын тілдеріне дайындау;
✔ Қытайдың үздік университеттеріне түсу үшін білім гранттарына дайындық;
✔ Екі дипломдық бағдарламалар бойынша мамандарды дайындау.

🎓 Қазіргі уақытта филиалда 100 студент тіл курстарынан өтіп жатыр.

🔥 🔥 Пекин Тіл және мәдениет университетінің филиалына келіп, жаңа білім мен мүмкіндіктер әлеміне қадам бас!
❤7👍4🔥1
🎓 Болашақ докторанттарға ақпарат 👇

Singapore International Graduate Award
- бұл Сингапурда докторлық дәрежеге ие болу үшін толық қаржыландырылатын стипендия.

💰 Стипендия:
📚 Оқу құнын;
💸 $2700 көлеміндегі ай сайынғы стипендияны (ол $3200 дейін көтеріледі);
✈ $1500 дейін көлемінде авиабилеттер шығынын қамтиды.

🔎 Зерттеу салалары:
- Биомедицина;
- Ақпараттық-есептеу технологиялары;
- Инженерлік-техникалық ғылымдар;
- Жаратылыстану ғылымдары;

☝ Бұл стипендияның иегері атану үшін жоғары деңгейдегі ағылшын тілі мен жақсы оқу үлгерімі қажет. Бағдарламаның ұзақтығы - 4 жылға дейін.

Құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 1 желтоқсанына дейін.

🌐 Бағдарламаның сайты: https://www.a-star.edu.sg/Scholarships/for-graduate-studies/singapore-international-graduate-award-singa
👍4❤2❤‍🔥1
🚀 Карьера университет қабырғасынан басталады!

🚘 М. Дулатов атындағы Қостанай Инженерлік-экономикалық университеті осы қағиданы ұстанып KIA Qazaqstan-мен маңызды меморандумға қол қойды.

Кездесу барысында бұл келісімнің ҚИнЭУ білім алушыларына көптеген жаңа мүмкіндіктер сыйлап, дуалды білім беру арқылы жоғары білікті мамандарды дайындауда жаңа белеске шығаратыны айтылды.

👍 Енді ҚИнЭУ студенттері Оңтүстік Кореяда өндірістік тәжірибеден өте алатын болды.

🫵 Өзіміздің автопромның болашағынан үміт зор бізде!
👍5❤1👏1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
❗❗❗ Құрметті студенттер! Сақ болыңыздар!

Қаржы мониторингі агенттігі азаматтардың арасында оңай табыс табуға алданып қылмыстық схемаларға қатысу фактілері жиілеп кеткенін ескертеді.

Алаяқтардың жеңіл жолмен оңай олжаға ие болу уәделеріне сеніп, құқық бұзғандардың қатарына көбіне студенттер, жұмыссыздар мен осал топ өкілдері тап болады дейді.

Мысалы, Астана мен Қарағанды қаласының студенттері және Теміртаулық 64 жастағы зейнеткер Telegram-дүкенінде есірткі сатудан алынған ақшаны жылыстату схемасына қатысқан. Олардың шоттары арқылы 100 млн теңгеден астам қаржы өткен.

❗Құрметті студенттер!
Онлайн диалог арқылы бейтаныс азаматтар немесе компанияның өкілдері хабарласып, шотыңызға сыйақыға ақша аударып, есесінен оңай ақша табуды ұсынған жағдайда қырағылық танытып, өзіңізді қылмыстық схеманың мүшесі болудан сақтаңыз.

Егер сіз мұндай ұсыныстарға тап болсаңыз, алаяқтармен барлық байланысты тоқтатып, ақша аудармаңыз.

Аталған фактілер туралы құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.
👍6❤3🥰1💘1