Qalaisyn Student 🇰🇿
4.36K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
Qalaisyn Student 🇰🇿 pinned «📚 Студенттік өмірдің алғашқы жылы туралы сауалнама Университеттің бірінші курсындағы ең есте қаларлық сәттер қандай болды? Қандай оқиғалар сіз үшін ерекше? Төмендегі сұрақтарға жауап беріп, студенттік өмірдің алғашқы жылындағы естеліктеріңізді еске түсіріңіз!…»
🗯"Білімді болуға оқу керек.
Бай болуға кәсіп керек.
Күшті болуға бірлік керек.
Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек."

🖌
Ахмет Байтұрсынұлы

📩
#СӘРСЕНБІЛІКӘДЕМІСӨЗ
🔥16👍3❤2👏1
Қалайсың, студент? Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар🤩

QYZPU СТУДЕНТІ АСЫҚ АТУ МЕН БЕСАСЫҚТАН ӘЛЕМ КУБОГІ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ👏

Қараша айының 14-16 күндері Түркия астанасы Анкара қаласында ұлттық спорт асық ату мен бес асықтан жастар арасында әлем кубогі өтті.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің 1-курс студенті Амангельді Назгүл Әлем кубогінде І-орын жеңіп алды.

Жарыстың мақсаты - ұлттық ойынды насихаттап, асық атуды ұлттық спорт ретінде дамыту. Жастар арасында тұңғыш рет өткен ресми чемпионатқа Румыния, Түркия, Қырғызстан, Украина, Өзбекстан, Моңғолия және Қазақстанның үздік асықшылары қатысқан.
Назгүл Амангельді – Жастар арасындағы ұлттық құраманың мүшесі. Ол Моңғолия, Өзбекстан, Түркия, Румыния, Қырғызстан елінен келген спортшыларымен бақ сынасты.

⚜️ Дәстүрлі спортымызға айналған асықтың шартарапта дамып жатқаны және жастарымызды ұлттық ойынды дәріптеп, топ жарып жатқанына қуаныштымыз!
❤37🔥5👍3👏3
📺 Назарларыңызға #ФИЛИАЛДАР айдарымыздың кезекті шығарылымын ұсынамыз.

🤩 Бүгін сіздерге Қазақ-Неміс Тұрақты Инженерия Институты (KINI) жайлы таныстырамыз.

↪️ https://vt.tiktok.com/ZSjHaEJws/
❤5👍3
👋 Сәлем, студент!

Сіздер үшін жағымды жаңалық:
✔ Стипендия барлық университеттердің көрсеткен банк шоттарына уақытылы аударылды.

❗Егер сізге стипендия түспеген болса, ЖОО атауын, ТАӘ, ЖСН және телефон номерін көрсете отырып, Қаржы орталығының инстаграм парақшасының директісіне хат жазу арқылы анықтауыңызға болады.

🖇️ Қаржы орталығы инстаграмы:
https://www.instagram.com/fincenter.kz

Qalaisyn Student телеграм арнасы сіздер үшін қосымша ақпараттар алуға және басқа да сұрақтар бойынша байланыс орнатуға дайын 😉🙃😎


Стипендия алғандар лүпіл басып 🔥 комментарий қалдырып кетсеңіздер 🙏😍
❤42🔥6👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сәлем, достар! 🙌 Академиялық ұтқырлықпен әлемді таны!

🎓Абай университетінің студенттері Түркияның таңғажайып Нигде қаласындағы Nigde Ömer Halisdemir University-де білімдерін шыңдап, жаңа тәжірибе жинауда!

📚Олар үшін бұл – тек оқу ғана емес, сонымен қатар жаңа мәдениет, достық және ұмытылмас естеліктердің кезеңі.

🇹🇷Түркияның оңтүстік-шығысындағы Нигде қаласы – көне тарих пен заманауи өмір салты үйлесім тапқан қала. Біздің студенттер жаңа біліммен қатар, осы өңірдің табиғаты мен мәдениетінің ерекше қырларын зерттеуде.

🔆Сіз де осындай мүмкіндікті пайдаланып, шетелде білім алғыңыз келе ме? Олай болса, Академиялық ұтқырлық бағдарламасының мүмкіндіктерін жіберіп алмаңыз!
❤12👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 ҚАЗҰУ-ДА ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ ЖАСТАРЫ БАС ҚОСТЫ

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде І халықаралық түркі дүниесі жастары форумының салтанатты ашылуы өтті.

🔗 Толығырақ: https://farabi.university/news/92137?lang=kz
❤3👍1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📌 В КАЗНУ СОБРАЛАСЬ МОЛОДЕЖЬ ТЮРКСКОГО МИРА

В Казахском национальном университете имени Аль-Фараби состоялось торжественное открытие I международного форума молодежи тюркского мира.

🔗 Подробнее: https://farabi.university/news/92137?lang=ru
👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏠Студенттер тұрғын үй кезегіне тұра алады

«18 жастағы студент кезекке тұра алады. Ол кезегі келіп жатқан уақытта әлі студент болған жағдайда оның шәкіртақысы табыс көзі болып табылады. Егер ол жеткіліксіз болса, екі адам кепіл болуы керек», - дейді «Отбасы банк» АҚ Орталық филиал директорының орынбасары Дария Батенова «1001 түн» бағдарламасында.


📺@qazaqstantv
👍14🔥5❤1
🗯 "Ғашық болып, іздеген бес нәрсем бар: олар – махаббат, әділет, таза жүрек, бостандық, терең ғылым."

🖌 Шәкәрім Құдайбердіұлы

📩
#СӘРСЕНБІЛІКӘДЕМІСӨЗ
❤27
🔥18❤3
Qalaisyn Student 🇰🇿
Photo
🎓СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҮЗДІК СТУДЕНТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты бағдарламалық мақаласында ел жастары арасында ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңыздылығын атап өтті. Осы идея аясында елімізде «Қазақстанның үздік студенті» атты республикалық байқау өтіп, ол өз қатарластарына үлгі болатын дарынды және белсенді жастарды анықтауға бағытталды.

🏆 Сәтбаев университетінің 1-курс магистранты Хабибуллин Ар-Рауф Берікбайұлы байқаудың жеңімпазы атанып, оқуда да, қоғамдық қызметте те жеткен тамаша жетістіктерін көрсете білді.

🎓 Ар-Рауф осымен төртінші жыл қатарынан «Satbayev Hunterz» студенттік ұйымының президенті қызметін атқарады, сөйтіп Сәтбаев университетінің студенттеріне кәсіптік бағдар беру және оларға арналған іс-шараларды ұйымдастырумен айналысады. Осы уақыт ішінде ол өз ұжымымен бірге Қазақстанның түкпір-түкпірін аралап, 20 мыңнан астам мектеп оқушыларымен кездесті және оларға мамандық таңдауға көмектесті. Сондай-ақ ол Қазақстан ғылымының негізін қалаушы көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың өмір жолы мен ғылыми-ағарту қызметі туралы айтып, оның ғылыми жетістіктерін насихаттайды.

🎉 Біз Ар-Рауфты осы жеңісімен құттықтап, алдағы қызметіне зор табыс пен биік жетістіктер тілейміз!
❤37🔥13👏2
Qalaisyn Student 🇰🇿
Photo
🎓Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатырына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды

📯2024 жыл 26 қараша күні Астанада Maqsut Narikbayev University білім алушыларына арналған жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара 5000-нан астам қатысушыны жинап, университет үшін маңызды оқиға болды. Бұл кеш жаңа студенттерді академиялық қоғамдастыққа қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Төрт мектептің студенттері — Халықаралық экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі, Жоғары гуманитарлық мектеп және Халықаралық журналистика мектебі — іс-шараның бас жүлдесі Студенттер қатарына қабылдау кешінің кубогы үшін бақ сынасты.

🔆1995 жылдан бері өткізіліп келе жатқан студенттер қатарына қабылдау рәсімі жыл сайын ауқымын кеңейтіп, университет пен білім беру қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Биылғы шараның басты идеясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен қазақстандықтардың алты негізгі құндылығымен үндестік тапты: тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Осы құндылықтар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттырудың негізіне айналды.

Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасын Ғылым және жоғары білім министрі ашты. Ол өз сөзінде америкалық жазушы Фрэнк Герберттің әйгілі сөзін мысалға келтірді:

«Қорқыныш ақылды өлтіреді. Қорқыныш – ол кішкентай ғана өлім, бірақ бәрімізді құртатын сол болмақ». Қазақ мұны «Көз – қорқақ, қол – батыр» дейді. Мен сіздерге бір ғана кеңес берер едім: ештеңеден қорықпаңыздар. Сіздер – ең үздік ұрпақсыздар. Сіздердің барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Цифрландырылған платформаларға, жасанды интеллектке, үздік кітапханаларға баруға, пайдалануға бар мүмкіндік жасалған. Осының барлығын пайдаланыңыздар және ештеңеден қаймықпаңыздар! – деп жігерлендірді министр Саясат Нұрбек.


Жеребе тарту арқылы әр мектепке өз тақырыбы бекітіліп, оларды іс-шара аясында көрнекі түрде таныстыру міндеті жүктелді. Жоғары гуманитарлық мектеп «Тәуелсіздік пен отаншылдық» тақырыбын шебер ұсынса, Жоғары құқық мектебі — «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын айшықтады.

Халықаралық экономика мектебі «Заң мен тәртіп» ұстанымын, Халықаралық журналистика мектебі «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылықтарын ерекше креативпен жеткізді.
Сондай-ақ кеш бағдарламасының аясында ерекше оқиға орын алды — Қазақстанның ең үлкен 🇰🇿туы ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту – елдің болашағына деген асқақ арманның және Отанға деген шексіз мақтаныштың символын бейнеледі.

🥁Салтанатты рәсім Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, онда студенттер театрландырылған қойылымдар мен әлеуметтік жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Барлық факультеттер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құрметті кубокты иелену жолында қызу бәсекеге түсті.

🏆Биылғы жылы Халықаралық экономика мектебі лайықты жеңісіне қол жеткізіп, құрметті студенттер қатарына қабылдау кубогының иегері атанды.

🎼 Кештің басты хедлайнері танымал Irina Kairatovna тобы болды. Олардың өнері шараға ерекше қуат пен позитив сыйлап, салтанатты кештің жарқын нүктесін қойды.
🔥9