Qalaisyn Student 🇰🇿
Photo
🎓Қазақстанның алты құндылығы: MNU білім алушылары студенттер қатырына қабылдау рәсімінде ұлттық бағдарларды таныстырды
📯2024 жыл 26 қараша күні Астанада Maqsut Narikbayev University білім алушыларына арналған жыл сайынғы студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Іс-шара 5000-нан астам қатысушыны жинап, университет үшін маңызды оқиға болды. Бұл кеш жаңа студенттерді академиялық қоғамдастыққа қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. Төрт мектептің студенттері — Халықаралық экономика мектебі, Жоғары құқық мектебі, Жоғары гуманитарлық мектеп және Халықаралық журналистика мектебі — іс-шараның бас жүлдесі Студенттер қатарына қабылдау кешінің кубогы үшін бақ сынасты.
🔆1995 жылдан бері өткізіліп келе жатқан студенттер қатарына қабылдау рәсімі жыл сайын ауқымын кеңейтіп, университет пен білім беру қауымдастығы үшін маңызды оқиғаға айналды. Биылғы шараның басты идеясы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық Құрылтайда атап өткен қазақстандықтардың алты негізгі құндылығымен үндестік тапты: тәуелсіздік пен отаншылдық, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық. Осы құндылықтар жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, ел болашағына деген жауапкершілік сезімін арттырудың негізіне айналды.
Студенттер қатарына қабылдау салтанатты шарасын Ғылым және жоғары білім министрі ашты. Ол өз сөзінде америкалық жазушы Фрэнк Герберттің әйгілі сөзін мысалға келтірді:
Жеребе тарту арқылы әр мектепке өз тақырыбы бекітіліп, оларды іс-шара аясында көрнекі түрде таныстыру міндеті жүктелді. Жоғары гуманитарлық мектеп «Тәуелсіздік пен отаншылдық» тақырыбын шебер ұсынса, Жоғары құқық мектебі — «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын айшықтады.
Халықаралық экономика мектебі «Заң мен тәртіп» ұстанымын, Халықаралық журналистика мектебі «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылықтарын ерекше креативпен жеткізді.
Сондай-ақ кеш бағдарламасының аясында ерекше оқиға орын алды — Қазақстанның ең үлкен 🇰🇿туы ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту – елдің болашағына деген асқақ арманның және Отанға деген шексіз мақтаныштың символын бейнеледі.
🥁Салтанатты рәсім Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, онда студенттер театрландырылған қойылымдар мен әлеуметтік жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Барлық факультеттер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құрметті кубокты иелену жолында қызу бәсекеге түсті.
🏆Биылғы жылы Халықаралық экономика мектебі лайықты жеңісіне қол жеткізіп, құрметті студенттер қатарына қабылдау кубогының иегері атанды.
🎼 Кештің басты хедлайнері танымал Irina Kairatovna тобы болды. Олардың өнері шараға ерекше қуат пен позитив сыйлап, салтанатты кештің жарқын нүктесін қойды.

«Қорқыныш ақылды өлтіреді. Қорқыныш – ол кішкентай ғана өлім, бірақ бәрімізді құртатын сол болмақ». Қазақ мұны «Көз – қорқақ, қол – батыр» дейді. Мен сіздерге бір ғана кеңес берер едім: ештеңеден қорықпаңыздар. Сіздер – ең үздік ұрпақсыздар. Сіздердің барлық мүмкіндіктеріңіз бар. Цифрландырылған платформаларға, жасанды интеллектке, үздік кітапханаларға баруға, пайдалануға бар мүмкіндік жасалған. Осының барлығын пайдаланыңыздар және ештеңеден қаймықпаңыздар! – деп жігерлендірді министр Саясат Нұрбек.
Жеребе тарту арқылы әр мектепке өз тақырыбы бекітіліп, оларды іс-шара аясында көрнекі түрде таныстыру міндеті жүктелді. Жоғары гуманитарлық мектеп «Тәуелсіздік пен отаншылдық» тақырыбын шебер ұсынса, Жоғары құқық мектебі — «Бірлік пен ынтымақ» құндылықтарын айшықтады.
Халықаралық экономика мектебі «Заң мен тәртіп» ұстанымын, Халықаралық журналистика мектебі «Еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік» құндылықтарын ерекше креативпен жеткізді.
Сондай-ақ кеш бағдарламасының аясында ерекше оқиға орын алды — Қазақстанның ең үлкен 🇰🇿туы ашылды. Аумағы 800 шаршы метрді құрайтын, салмағы шамамен 60 килограмм жібек ту – елдің болашағына деген асқақ арманның және Отанға деген шексіз мақтаныштың символын бейнеледі.
🥁Салтанатты рәсім Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті, онда студенттер театрландырылған қойылымдар мен әлеуметтік жобаларын көпшілік назарына ұсынды. Барлық факультеттер ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан құрметті кубокты иелену жолында қызу бәсекеге түсті.
🏆Биылғы жылы Халықаралық экономика мектебі лайықты жеңісіне қол жеткізіп, құрметті студенттер қатарына қабылдау кубогының иегері атанды.
🎼 Кештің басты хедлайнері танымал Irina Kairatovna тобы болды. Олардың өнері шараға ерекше қуат пен позитив сыйлап, салтанатты кештің жарқын нүктесін қойды.
🔥9
Qalaisyn Student 🇰🇿
Photo
🏆Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы футзалдан Қазақстан чемпионы атанды
Астанадағы «Sairan Arena» сарайында 24-28 қараша аралығында футзалдан «University League-2024» ҚР чемпионаты өтті. Оған республиканың түкпір-түкпірінен барлығы 10 команда қатысып, екі топқа бөлінді.
Қарағанды облысының намысын Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ құрама командасы қорғады.
Топтағы ойындардың қорытындысы бойынша Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің командасы бір ойынды тең есеппен өткізсе, қалған үшеуінде жеңіске жетті.
Жартылай финалда астаналық AITU командасын 4:1 есебімен ұттық. Финалдық матчта қарсыламысыз Алматы қаласының Тұран университетінің командасы болды, біздің команда оларға еш мүмкіндік бермей, 5:1 есебімен сенімді жеңіске жетті. Осылайша, Әбілқас Сағынов атындағы ҚарТУ командасы тарихта тұңғыш рет ел чемпионы атанды, - деп атап өтті жаттықтырушы, «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Оқасов.
Сонымен қатар, ойыншыларымыз жеке есепте де жүлделерге ие болды. Атап айтсақ, команда ойыншылары Кирилл Дуров үздік шабуылшы, ал Жарқынбек Рыспеков үздік қақпашы болып танылды.
Команданы жаттықтырушы, «Дене шынықтыру» кафедрасының аға оқытушысы Ерлан Оқасов пен УЕФА жаттықтырушысы Александр Дьяченко жаттықтырады.

👍12🔥7
Qalaisyn Student 🇰🇿
Photo
💥Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің ұйымдастырумен Farabi университетінде "Республикалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы студенттік олимпиада" өтті.
🥇Іс-шараға түрлі жоғары оқу орындарынан 20-дан астам студенттік команда қатысты. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің заң факультетінің командасы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, сенімді түрде бірінші орынды иеленді.
🎓Бұл жетістік студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының ерен еңбегінің жемісі болды. Университет басшылығы мен оқытушылары жеңімпаздарды құттықтап, олардың жетістіктеріне мақтаныш сезімін білдіреді.

❤8👏2
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📺 #ФИЛИАЛДАР айдарымыздың кезекті шығарылымында ✨COVENTRY UNIVERSITY KAZAKHSTAN✨.
🇰🇿🇬🇧 Биыл қыркүйекте Қазақстан аумағында британдық университеттің тұңғыш кампусы ашылды.
💡 Coventry University 1843 ж. Дизайн мектебі ретінде құрылған. 7 жыл қатарынан үздік заманауи британдық жоғары оқу орындарының қатарына кірді (Guardian University Guide 2013-2019).
Қазақстан кампусы студенттер үшін Ұлыбританиядағы Coventry университетіне ауысудың немесе семестрді сол оқу орнында өткізудің бірегей мүмкіндігін ұсынады.
Coventry University келесі білім беру бағдарламаларын ұсынады:
💰 Бизнес, менеджмент және маркетинг;
💻 Компьютерлік ғылым;
🌐 MBA Жаһандық бизнес.
📌 Жыл сайын жаңа бағыттар енгізіледі.
Белсенді студенттік өмір:
🗣Пікірталас клубы;
🌏 Біріккен Ұлттар Ұйымы моделі;
📚 Enactus;
🎤 Медиа-клуб.
🔥 COVENTRY UNIVERSITY KAZAKHSTAN-да сіздің оқуда табысқа жетуіңіз және болашақ мансап жолына дайындығыңыз үшін барлық жағдай жасалған.

👍2❤1
📣 Қазақстанның Оңтүстік Кореядағы елшілігі қазақстандықтарға хабарлама жасады
☎ Елшілік Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұрайды!
Оңтүстік Кореяда оқып жатқан студенттерімізді Елшіліктің нұсқауларын орындауды сұраймыз.
Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің әскери жағдай енгізуіне байланысты Корея Республикасында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарын сабырлық сақтап, жергілікті биліктің ұсыныстарын орындауға және көпшілік іс-шаралардан аулақ болуға шақырамыз.
☎ Елшілік Қазақстан Республикасының азаматтары үшін төтенше жағдай туындаған жағдайда, жедел байланыс үшін +8210-6572-9311 телефоны арқылы хабарласуларыңызды сұрайды!
Оңтүстік Кореяда оқып жатқан студенттерімізді Елшіліктің нұсқауларын орындауды сұраймыз.
👍5🙏3
💖 Бүгін Халықаралық волонтерлер күні!
Айтулы дата күнтізбеде 1985 жылы БҰҰ-ның бастамасымен пайда болған.
Күллі әлемге ізгілік нұрын шашқан осы бір еріктілер қозғалысы біздің елде де белсенді дамып келеді. Қазіргі таңда өңір-өңірде 240 мыңнан астам волонтер қайырымдылық қызметін атқарып жүр.
🤗 Волонтер студенттерімізді құттықтаймыз!
🥰 Әрдайым көмек қолын созып, біздің әлемді сәл болсын жақсартуға тырысып жатқандарыңыз үшін рахмет!

❤19👏4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌞🌞 Астаналықтар аспаннан бірден бірнеше "күнді" көрді
Бұл қызықты оптикалық эффект паргелий деп аталады.
Кім байқады❓

😍22❤7🔥1
🌞☀️ Қайырлы күүүүн, құрметті студенттер! 🤗
Демалыстарыңыз қалай өтіп жатыр? Сессияны ойдағыдай аяқтап, тынығып жатсыздар ма? 🥳🥳🥳 Пікірлеріңізді төменге жаза кетіңіздер👇
Біз сіздерге біраз уақыт шықпадық, бірақ енді жиі байланыс орнатамыз!🥰 Бізбен бірге болыңыздар, жаңа бастамалар мен қызықты жаңалықтар көп болады!❤️🙌

❤16🔥4🥰2👍1
⚡Оқуда тиімділікті арттырудың бірнеше жолы
Заманауи технологиялардың дамуы ізденісте жүрген әрбір студентке үлкен мүмкіндіктер ұсынды. Шексіз мүмкіндіктерді тиімді игере алған әрбір студент ізденіс жолын едәуір жеңілдетіп, оқу процесін өнімді ете алады. Ал ол үшін жетістікке тезірек жеткізетін тиісті құралдарды пайдалана білсеңіз болғаны. Төменде сол құралдар мен қосымшалар тізімін ұсынамыз:

❤5🔥1
📱 1. Жазбалар мен ұйымдастыруға арналған қосымшалар
Notion: Жазбалар, кесте құру және жобаларды жоспарлауда таптырмас әрі ыңғайлы қосымша. Notion-да оқу материалдарын ұйымдастырып, әртүрлі мәліметтер базасын қосып, тіпті топтық жобалармен де жұмыс жасай аласыз.
Evernote: Жазба қалдыруға, сканерлеу мен кескіндерді қосуға арналған классикалық қосымша. Деректерді құрылғылар арасында синхрондап, ноутбугыңызбен де, смартфоныңызбен де бірдей жұмыс істей аласыз.
OneNote: Тақырыптар бойынша материалдарды оңай құрылымдауға және суреттерді, схемаларды және тіпті дауыстық жазбаларды қосуға мүмкіндік беретін қарапайым және ыңғайлы дәріс жазу құралы.
⏳2. Уақытты басқару және өнімділік
Trello: тапсырмаларды жоспарлау мен ұйымдастырудың тамаша құралы. Тапсырмаларды шағын қадамдарға бөлуге және прогресті бақылауға болатын жобалармен жұмыс істеу үшін қолайлы.
Todoist: тапсырмаларды жоспарлауға және оқуды күндер бойынша ұйымдастыруға көмектесетін іс-әрекет тізімін жасау қосымшасы. Сондай-ақ тапсырмаларды уақытылы орындауыңыз үшін ескертпе жіберіп отырады.
Pomodone: "Помодоро" әдісімен жұмыс істеуге көмектесетін қосымша. 25 минуттық жұмыс пен 5 минуттық демалысқа негізделген тамаша әдіс.
🌐 3. Онлайн курстар мен білім беру платформалары
Coursera: Әлемдегі ең жақсы университеттердің онлайн курстарын ұсынатын платформа. Мамандығыңызға қатысты пәндерді оқып, сертификат ала аласыз.
edX: Coursera платформасының аналогы. Жаңа тақырыптарды үйренуге немесе өз мамандығыңыз бойынша білімді тереңдетуге арналған тамаша ресурс.
Khan Academy: Жаратылыстану пәндерінен гуманитарилық пәндерге дейін тегін курстар мен бейне сабақтар ұсынатын платформа.
❇️ 4. Тілдерді үйренуге арналған құралдар
Duolingo: шет тілдерін үйренудің ең танымал тәсілдерін ұсынатын қосымша. Ойын тапсырмалары арқылы сөздік, грамматика және сөйлеу дағдыларын дамытуға болады болады.
Memrise: жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйрену үшін есте сақтаудың әртүрлі әдістерін қолданатын платформа. Жаңадан бастаушыларға да, озық студенттерге де қолайлы.
Anki: Флэш-карталар арқылы жаңа сөздер мен сөз тіркестерін есіңізге сақтауды жеңілдететін қосымша.
🤝🏻 5. Бірлескен жұмыс бағдарламалары
Google Docs: Әріптестеріңізбен немесе курстастарыңызбен нақты уақыттағы құжатпен жұмыс істей аласыз. Құжатқа өзгерістер енгізіп, ұжыммен талқылауға болады.
Miro: ұжымдық шығармашылыққа арналған виртуалды тақта. Топтық жобалар үшін таптырмас құрал. Құралмен идеяларды визуализациялап, схемалар мен диаграммалар жасай аласыз.
Slack: бұл командалық жұмысты тиімді үйлестіретін қолданба. Файлдарды бөлісуге және маңызды тапсырмаларды бақылауға көмектесетін командалық байланыс қолданбасы.
🔎 6. Ғылыми материалдар мен әдебиеттерді іздеуге арналған ресурстар
Google Scholar: бұл ғылыми мақалалар мен жарияланымдарды арнайы іздейтін арнайы жүйе. Ғылыми жұмыстардағы зерттеуге сілтеме қалдыру қажет болса, сондай-ақ кез-келген тақырыпқа ізденіс жасау үшін қолданылады.
JSTOR: ғылыми журналдар мен мақалалардың мәліметтер базасы. Дипломдар мен курстық жұмыс жазу үшін сенімді дереккөздерді қажет ететін студенттер үшін тамаша ресурс.
ResearchGate: ғалымдарға арналған әлеуметтік желі. Зерттеулер мен мақалаларды оқып, әлемнің түкпір-түкпіріндегі зерттеушілермен қарым-қатынас орнатуға болады.
🎙️7. Танымдық білімді арттыруға пайдалы құралдар
TED: Әр сала мамандарының шабыттандыратын дәрістері мен презентациялары бар. Көкжиекті кеңейту мен жаңа идеялар үшін тамаша ресурс.
Medium: Өз мақалалаңызды жариялауға арналған платформа. Сарапшылар пікірін оқып, өз идеяларыңызбен бөлісе аласыз.
💥

Осы құралдар мен ресурстардың көмегімен оқудағы тиімділігіңізді және өнімділігіңізді арттырып, сапалы маман болып қалыптасасыз. Ең бастысы тұрақтылық екенін ұмытпаңыз. Оқуыңызға сәттілік!
❤️
🔥7👏1
🎉 Қазақстандық студенттер Туринде өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадаға қатысады! ❄️
📅 Қашан? 13-23 қаңтар 2025 жыл, Италия, Турин қаласы.
🌍 Қанша ел қатысады? 57 елден 2000-ға жуық спортшы!
🏅 Қай спорт түрлері? 11 түрінен 90 медаль үшін жарыс өтеді. Оның ішінде биатлон, шаңғы жарысы, фристайл, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, тау шаңғысы және тағы да басқа қызықты спорт түрлері бар.
🇰🇿 Қазақстаннан кімдер қатысады? 103 спортшы 10 спорт түрінен еліміздің намысын қорғайды!
✨ Ашылу рәсімі: 13 қаңтар, сағат 19:30, «Inalpi Arena», Турин.
❗ Қатысушыларды қолдап, жарысты бақылап отырыңыз! Студент-спортшыларымызға сәттілік тілейміз!

👍7❤4👏3