Qalaisyn Student 🇰🇿
4.36K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿 Италияның Турин қаласындағы ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы студенттік ойындарының салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан құрамасының өту сәті.

🏆 Студент-спортшыларымызға жеңіс тілейміз!

* * *

🇰🇿 Студенческая сборная Казахстана на торжественной церемонии открытия ХХХІІ Всемирной Зимней универсиады в Турине (Италия).

🏆 Желаем нашим студентам-спортсменам победы!
❤7
Forwarded from Sayasat Nurbek
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Сүйінші! Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті!

Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті.

Универсиада ойындарында Анастасия Городко өз шеберлігін дәлелдеп, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Қалған спортшыларымыз да тамаша өнер көрсетіп, еліміздің намысын абыроймен қорғады.

Универсиадада өз өнерлерін көрсететін басқа спортшыларымызға да сәттілік тілейміз! Еліміздің студенттері жеңіс тұғырынан көріне берсін!
🎉20❤11👍2🔥2
🎓 Құрметті студенттер!

🇹🇷 Сіздерге Түркияда тегін білім алу мүмкіндігін ұсынамыз! 🌍

Түркия Бурслары бағдарламасы – шетелдік студенттерге Түркияның ең үздік университеттерінде білім алуға жол ашатын бірегей мүмкіндік.

💡 Қалай қатысуға болады?
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 10 қаңтар-20 ақпан аралығында.
Барлық қажетті ақпаратты және құжаттар тізімін Türkiye Bursları ресми сайтынан таба аласыз.

📚 Бұл бағдарлама сіздің арманыңыздағы білім алуға, жаңа тәжірибе жинауға және Түркияның мәдениетін тереңірек тануға мүмкіндік береді!

🔥 Құжат тапсыратын барлық үміткерлерге сәттілік! Мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! 🌟
❤12👍2🔥2
🖖 Qalaisyn, student!

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2025 жылдың 1 қыркүйегінен Қазақстанда стипендиялар мөлшері қалай өзгеретінін таныстырды.

Министрлік мәліметінше, 1 қыркүйектен бастап👇
✔Бакалавриат студенттерінің стипендиясы 52 372 теңгеге дейін;
педагогикалық және медициналық бағыттардағы білім алушыларға – 84 000 теңгеге дейін;
✔Магистранттарға – 117 098 теңгеге дейін;
✔Докторанттарға – 262 500 теңгеге дейін өседі.
✔ Интернатурада оқитын студенттерге стипендия – 94 862 теңге;
✔ Резидентурада – 134 664 теңге көлемінде төленеді.

💸 Сабақты жақсы оқып, стипендиядан құламауға тағы бір мотивация
❤21👍5🔥4
🔆 Қайырлы күн! Астаналық студенттерге керемет жаңалығымыз бар!🤩

😎 2025 жылдан бастап «Сеул техникалық стипендиясы» бағдарламасы аясында Сеул қаласындағы 9 үздік университеттің бірінде магистратурада оқуға мүмкіндік ала аласыз! Бұл мүмкіндікті Сеул мэриясы үздік студенттерге ұсынып отыр.

❓Қанша орын бар?
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Қазақстанға биыл алғаш рет 3️⃣0️⃣ стипендия бөлінгенін атап өтті.

✅ Байқаудан сәтті өтсеңіз, Сеулдегі 9 алдыңғы қатарлы университеттің бірінде оқып, төмендегідей артықшылықтарға ие боласыз:

💸 Қабылдау жарнасы толық төленеді
🎓 Оқу ақысы толық төленеді
💰 Ай сайын 1 000 000 корей воны өмір сүру шығындарына беріледі
🏥 Медициналық сақтандыру қамтамасыз етіледі
✈️ Кореяға ұшу үшін бір жақты әуе билеті төленеді
🔥7❤5👍2👏1
Qalaisyn Student 🇰🇿
🔆 Қайырлы күн! Астаналық студенттерге керемет жаңалығымыз бар!🤩 😎 2025 жылдан бастап «Сеул техникалық стипендиясы» бағдарламасы аясында Сеул қаласындағы 9 үздік университеттің бірінде магистратурада оқуға мүмкіндік ала аласыз! Бұл мүмкіндікті Сеул мэриясы…
❓Грант алу үшін қандай талаптар қойылған?

🔸Сеул қаласымен бауырлас қала статусы бар
🔸Астана қаласындағы ЖОО студенті болу
🔸Жасыңыз 40 жастан аспауы керек
🔸Бакалавр дәрежесі болуы және оны 2025 жылдың 31 тамызына дейін алу
🔸Академиялық үлгеріміңіз 80%-дан жоғары немесе GPA көрсеткішіңіз жақсы болуы
🔸9 университеттің бірінің корей немесе ағылшын тіліне қойылатын талаптарына сай болу


✅ Құжаттар 2025 жылдың 6 қаңтар-7 наурыз аралығында қабылданады. Құжаттарды тапсыру үшін Кореяның Астанадағы елшілігіне немесе Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтынан ақпарат алуға болады.

Баршаңызға сәттілік тілейміз! 🤗
❤12🔥2👍1
📌 Ғылым және жоғары білім министрлігінің хабарлауынша 2024 жылы ең жоғары еңбекпен қамтылу деңгейін көрсеткен білім беру бағдарламалары келесідей екен:

🌐 Информатика және робототехника – 98%;
⚡ Техникалық физика – 95%;
🪨 Пайдалы қазбаларды байыту – 93%;
🧑‍⚕Жалпы медицина – 92%.

Ал 2024 жылы жұмыс іздеудің орташа ұзақтығы – 3,3 ай болған.

❓Сен қандай мамандықта оқып жатсың?
👍10❤5
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚜️ Құрметті талапкерлер!

📆Сіздерді 29 қаңтар мен 12 ақпан аралығында өтетін өңірлердегі шетелдік жоо филиалдары көрмесіне шақырамыз.

📌Көрме барысында шетелдік ЖОО филиалдары өкілдерімен кездесіп, ҰБТ-2025 және грант туралы ақпарат алып, IELTS тапсыру жолдарымен таныса аласыздар.

🔻29 қаңтар – Қарағанды қаласы, № 2 Оқушылар сарайы (141-ші есептік орамы, ст690)
🔻30-31 қаңтар – Астана қаласы, Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайы (Б.Момышұлы даңғылы, 5)
🔻3-4 ақпан – Алматы қаласы, Оқушылар сарайы (Достық даңғылы, 124)
🔻5 ақпан – Тараз қаласы, «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешені (Төле би даңғылы, 18/7)
🔻6-7 ақпан – Шымкент қаласы, Әуезов университеті (Тәуке хан даңғылы, 5)
🔻10-11 ақпан – Түркістан қаласы, Ясауи университеті (Бекзат Саттарханов даңғылы, 29в)
🔻12 ақпан – Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата университеті (Жақаев көшесі, 11)

📥P.S. Көрмеге келгенде ҰТО стендінде сіздерді кәдесыйлар күтеді.
❤4👍4🔥2
Сәлем, студент 🖖

Стипендия шоттарыңызға аударылып жатыр.
Бүгін-ертең точно түсіп қалады дейді. Күтейік.
Если что, осы жерге жаз 🤗
❤37🥰3👍2
Forwarded from Sayasat Nurbek
Уважаемые студенты!

Уведомляем вас, что выплата государственной стипендии за январь месяц началась сегодня, 30 января. На сегодняшний день Оператор произвел выплаты студентам 77 ВУЗов. Все оставшиеся выплаты государственной стипендии будут завершены завтра, 31 января.

В сети распространяется информация о задержке выплаты стипендии, в частности, что выплаты будут произведены после 3 февраля. Данная информация не соответствует действительности. Просим вас доверять только официальным источникам.

С уважением, АО «Финансовый центр»
❤38👍7
🤗 Salem, salem, salem!

📢 SDU University 306 грант пен жеңілдік ұсынады


SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде олимпиада өткізеді.

📌 Олимпиадаға тіркелу 20 ақпанға дейін жүргізіледі.

❗️ Жалпы SPT олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:

1-ші кезең жеңімпаздары 22 ақпан күні арнайы порталда, онлайн форматтағы логикалық 50 сұраққа жауап беру арқылы анықталады.

2-ші кезеңге өткен талапкерлер 9 наурыз күні республиканың әр аймағында белгіленген (17 қала бойынша) тестілеу орталықтарында офлайн форматта тест тапсырады. Олимпиада 11-сынып бағдарламасы негізінде, тест үлгісінде қазақ не орыс тілінде өтеді.

🔥 Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 306 қатысушы SDU-дың 4 жылға жарамды грант және жеңілдік сертификаттарымен марапатталады.
❤19👍2🔥1
✨✨✨ ҚазҰУ-да «Қазақстанның жастары – жасампаз» патриоттық жиыны өтті ✨✨✨

🎓 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, білім алушы жастарға көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру мақсатында «Қазақстанның жастары – жасампаз» белсенді жастар жиыны өтті.

Еркін форматта өткен іс-шараға жастар ұйымдарының көшбасшылары, шетелдік студенттер, жас ғалымдар және қоғам өміріне белсенді атсалысып жүрген волонтерлер жиналды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев университеттік ғылым студенттерден бастау алу керектігін атап өтіп, мемлекет және білім ордасы тарапынан жастарға әрдайым қолдау көрсетілетінін атап өтті. Сондай-ақ, оқу орнының беделі білімге ұмтылған ізденімпаз жастар арқылы көтерілетінін жеткізіп, технология дамыған уақытта жастардың ғылымға жаңаша бет бұрып, тың инновациялық жобаларды іске асыруы қажеттігін жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Бізжұрттан көш ілгері жүретін ел боламыз. Үйренетін де, үйрететін де ұлт боламыз. Жастар барлық өзгерістің бастауында тұрады. Бұл өзгерістер Әділетті Қазақстанды құру, «Заң мен тәртіпті» қамтамасыз ету тұжырымдамасына негізделген, – деп атап өтті. Біздің ҚазҰУ-дың жастары да жасампаздық танытып, тың идеялар мен игі істердің бастамашысы боларына кәміл сенемін», - деді Ж.Түймебаев.


Кездесу барысында белсенді жастар мен шетелдік студенттер сөз сөйлеп, өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

«8 ақпан күні Астана қаласындаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен «Жаңа адамдар»
жастар форумы өтті. Сол шараға университет атынан қатысып, қазіргі таңдағы аса өзекті әлеуметтік мәселелермен жұмыс жүргізіп жүрген замандастарыммен танысып қайттым. Форумда вандализммен, рұқсат етілмеген жерге қоқыс төгушілермен, кәмелетке толмаған балаларға ішімдік сатушылармен, есірткі таратушылармен күрес мәселелері қозғалды. «Заң мен тәртіп» үстемдігін орнатудың маңыздылығы талқыланды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының идеологиялық мәні түсіндірілді. Бүгін форумнан алған әсеріммен сіздермен бөлісе отырып, алдағы уақытта осы түйткілдерді бірге шешуге шақырамын» деді Президент стипендиясының иегері, «Жастар рухы» жастар қанаты ұйымының төрағасы Әйгерім Есімхан.


«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да білім алумен үшін мәртебе. Мен мұнда өз білімімді жетілдіріп жүрмін. Бұйыртса, білікті дәрігерлер қатарын толықтырып, адал қызмет ететін боламын», –деді шетелдік студент Насболла Файзи.


Бүгінде ҚазҰУ-да 54 мемлекеттен келген 4 мыңға жуық студент білім алуда. Кездесуде ректор шетелдік студенттердің белсенділігін арттыруды тапсырып, жас ғалымдардың стартап-жобалары мен креативті бастамаларды дамыту мен қолдауға дайын екенін жеткізді.
❤320👍38🔥9
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨🖖 Кім Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды?

Бұл фестивальдің екінші атауы - "Көрген де арманда, көрмеген де арманда" 😊

⚡⚡⚡ Жұмысшы мамандықтары қаласында арнайы тақырыптық көшелер бар: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және т.б.

📌 Ертең фестивальдің соңғы күні
🔥7👍3👏2❤1
Қалайсың, студент?🤗

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ СПАРТАКИАДАДАН АЛТЫН ЖӘНЕ ӘЛЕМ КУБОГІНЕН КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ 🤩 🥳

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Зейнеп Құмарқан шорт-тректен VI қысқы Қазақстан Спартакиадасында алтын медаль жеңіп алып, Канадада өткен Әлем Кубогында күміс жүлдегер атанды.
🔸 Ол 21-23 наурыз аралығында өткен VI қысқы Спартакиадада 500 метр қашықтықта әйелдер арасында жеңімпаз атанды.
🔸Бұған дейін Зейнеп Харбиндегі Азия ойындарында және Канадада өткен Әлем Кубогында үздік нәтижелер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған. Сонымен қатар ол 2025 жылы өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына кірді.

Зейнепті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!🤩👏
❤19🔥5👍4👏3🤩1