Qalaisyn Student 🇰🇿
4.36K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✨🖖 Кім Астанада EXPO көрме алаңында «Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестивалінде болды?

Бұл фестивальдің екінші атауы - "Көрген де арманда, көрмеген де арманда" 😊

⚡⚡⚡ Жұмысшы мамандықтары қаласында арнайы тақырыптық көшелер бар: тау-кен, металлургия көшесі, машина жасау және көлік көшесі, ауыл және су шаруашылығы көшесі, құрылысшылар көшесі, болашақ мамандықтар көшесі, құтқарушылар мен өрт сөндірушілер бұрышы және т.б.

📌 Ертең фестивальдің соңғы күні
🔥7👍3👏2❤1
Қалайсың, студент?🤗

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ СПОРТШЫ СПАРТАКИАДАДАН АЛТЫН ЖӘНЕ ӘЛЕМ КУБОГІНЕН КҮМІС ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ 🤩 🥳

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің студенті Зейнеп Құмарқан шорт-тректен VI қысқы Қазақстан Спартакиадасында алтын медаль жеңіп алып, Канадада өткен Әлем Кубогында күміс жүлдегер атанды.
🔸 Ол 21-23 наурыз аралығында өткен VI қысқы Спартакиадада 500 метр қашықтықта әйелдер арасында жеңімпаз атанды.
🔸Бұған дейін Зейнеп Харбиндегі Азия ойындарында және Канадада өткен Әлем Кубогында үздік нәтижелер көрсетіп, күміс жүлдеге ие болған. Сонымен қатар ол 2025 жылы өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына кірді.

Зейнепті жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!🤩👏
❤19🔥5👍4👏3🤩1
🔎📄 Бүгін Heriot-Watt университетінің Ақтөбе кампусында білім алатын 1 курс студенттері алғашқы емтихандарын тапсырды.

Жалпы саны 250 студент 31 наурыз – 3 сәуір аралығында математика, физика, химия, ақпараттық технологиялар және ағылшын тілі пәндерінен сынақтан өтуде.

Студенттер алғашқы емтиханды математика пәнінен тапсырды. 1,5 сағатқа созылған сынақтан шыққан Амира Марат емтихан кезінде қиындық болмағанын айтты.

Айта кетейік, оқу жылы ішінде емтихан екі рет өткізіледі. Егер студент қорытынды емтиханда қажетті ұпай жинай алмаса, тамыз айында қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.

Сәттілік 👋
👍13❤3🎉3
🤩 Министрліктің парақшасында жаңа айдар - «Сен білесің бе?»

🔆 Ғылым апталығы аясында қазақ ғылымының көшбасшысы – Қаныш Сәтбаев туралы 10 қызықты дерек келтіреміз!


1️⃣ Қаныш Сәтбаевтың шын есімі – Ғабдулғани.
Балалық шағында анасы «Ғаниым, Ғанышым» деп еркелеткен. Ал мектепке барған кезде құжатқа «Қаныш» деп жазылып кеткен.

2️⃣ Ол – қазақтан шыққан тұңғыш геолог және академик.
Қаныш Имантайұлы – ғылым докторы атағын алған тұңғыш қазақ, әрі КСРО Ғылым академиясының мүшелігіне өткен алғашқы шығыс халықтарының өкілі болды.

3️⃣ 25 жасында алғаш рет қазақ тілінде «Алгебра» оқулығын жазған. 592 беттік бұл еңбек – қазақ жастарына арналған алғашқы математикалық оқулықтардың бірі.

4️⃣ Ғалым геологияда металлогениялық бағыттың негізін қалады. Ол алғашқы Қазақстандық металлогендік мектепті құрып, формациялық металлогендік талдау мен кен орындарын болжаудың тұтас кешенді әдісін әзірледі. Оның әдісінің арқасында 30-шы жылдардың соңында әлемдегі ең ірі Жезқазған мыс кен орны ашылды.

5️⃣ 12 сәуір – ғалымның туған күніне орай Ғылым қызметкерлері күні белгіленген. Қазақстан ғылымының дамуына қосқан орасан еңбегі осылайша ресми түрде дәріптеледі.

6️⃣ Ол – Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті.
1946 жылы құрылған Академияның бастауында Қаныш Сәтбаев тұрды. Сол кезде 1400-ге жуық қызметкері, оның ішінде 57 ғылым докторы және 184 ғылым кандидаты, 18 Ғылыми Зерттеу Институты бар еді.

7️⃣ Атақты тұлғалармен бірге оқыған. Семейдегі мұғалімдер семинариясында Мұхтар Әуезов, Әлкей Марғұланмен қатар оқыған. Ал сыныптастарының бірі – Жүсіпбек Аймауытов.

8️⃣ Уинстон Черчилльмен әзілдескен! 1947 жылы Англияға сапарында Черчилль одан: «Барлық қазақтар сіз сияқты сұңғақ, батыр тұлғалы ма?» деп сұрағанда, Қаныш Сәтбаев: «О, жоқ, Черчилль мырза, қазақтардың ішіндегі ең кішісі мен, халқым менен де биік», - деп жауап берген.

9️⃣ Александр Затаевичтің «500 қазақ әндері мен күйлері» жинағына 25 қазақ әнін өзі орындап, енгізген.
Ғалым тек геолог емес, халқымыздың музыка мұрасын жинауға да үлес қосқан. Әндерге ғылыми түсініктеме де жазған.

🔟 Көптеген жас ғалымдарға жол ашқан.
Әлкей Марғұлан, Шахмардан Есенов, Евней Букетов сынды ірі тұлғалардың ғылымға келуіне ықпал еткен ұстаз. Талантты тануда ерекше қабілеті болған.

⸻

⚜️Қаныш Сәтбаев – ғылымға ғана емес, ұлттың рухани, мәдени өрлеуіне де үлкен үлес қосқан алып тұлға.

❇️ Келесі шығарылымда тағы бір ұлы ғалым жайлы қызықты ақпарат береміз!
🔥10👌4❤2👏1
🔰Министрліктің Telegram парақшасында «Сен білесің бе?» айдарын жалғастырамыз✨

⚜️ Келесі кейіпкеріміз — ғалым, археолог, этнограф, әдебиеттанушы, өнертанушы, шығыстанушы Әлкей Марғұлан!

1️⃣ Әлкей Хақанұлы — Қазақстан археология мектебінің негізін қалаған тұңғыш ғалым. Ол еліміздің көне қалалары мен мәдени мұраларын зерттеуге зор үлес қосты.

2️⃣ Ғалым 1950 жылы Сырдария, Талас және Шу өзендерінің бойындағы көне қалаларға арналған алғашқы көлемді монографиясын жазды.

3️⃣ Ол Отырар, Тараз, Сайрам мен Сығанақ қалаларында қазба жұмыстарын жүргізіп, ел аузындағы аңыз-әпсаналар мен жырларды ғылыми тұрғыда саралады.

4️⃣ Әлкей Марғұлан 300-ден астам ғылыми зерттеу, 100-ден аса энциклопедиялық мақала жазған, олардың бірқатары шетел тілдеріне аударылған.

5️⃣ Ол 50-ден аса ғылым кандидаты мен докторының ғылыми жетекшісі болды. Бүгінгі археолог, этнограф, тарихшылардың бірнеше буыны — Марғұлан мектебінің өкілдері.

6️⃣ 1945 жылы «Қазақ халқының эпикалық жырлары» тақырыбында докторлық диссертация қорғап, қазақ фольклорын зерттеудің жаңа деңгейін көрсетті.

7️⃣ 1957-1967 жылдары Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұраларын жинап, 5 томдық академиялық жинақтың жарық көруіне жетекшілік етті.

8️⃣ Әлкей Марғұлан өз естелігінде:
«Мен өзімді ең әуелі өнертанушы, одан кейін Шоқанды зерттеуші, сосын барып қана әдебиетшімін, этнографпын, археологпын деп санаймын», - деген.


9️⃣ Семейде оқып жүргенінде ол Мұхтар Әуезовпен танысып, екеуінің достығы ұзақ жылдарға созылды.

🔟 1991 жылы Қазақстан ҰҒА жанындағы археология орталығы Әлкей Марғұлан атындағы Археология институты болып қайта құрылды.
🔥3😍2❤1
 📚 Ғылым апталығы аясында «Сен білесің бе?» айдарын жалғастырамыз.
 
📝 Бүгін филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген ғылым қайраткері Рәбиға Сыздық туралы 10 қызықты дерек ұсынамыз:

 1️⃣ Рәбиға Сыздық – қазақ тілінің көркемдік қасиеттерін, әуезі мен сазын терең зерттеген сирек кездесетін сөз зергері әрі ғалым.

2️⃣ «Халық жауының» баласы болса да, елден қалмауға, қиындықты жеңуге ұмтылған жас қыз өмір жолын ғылымға арнады. Әкесі Сәтіғали Құтқожин 1937 жылғы қуған-сүргінге ұшыраған.
«Әкеміздің атылғанын 1956 жылы ғана білдік», - дейді бұл жайында Рәбиға Сәтіғалиқызы. 


3️⃣ Р.Сыздық – «Қазақ әдеби тілінің тарихы (XV–XIX ғғ.)» атты монографиясы арқылы қазақ тілі дамуының бес ғасырлық жолын жүйелеп жазған тілші ғалым.
 
4️⃣ Ғалым Абай шығармаларының тілін 14 жыл бойы зерттеп, екі томдық іргелі еңбек жазды. Ғалым «Абай қара сөздерінің морфологиялық ерекшеліктері» тақырыбында (1959) кандидаттық, «Абай шығармаларының тілі» тақырыбында (1972) докторлық диссертация қорғаған.
 
5️⃣ Қазақ әдеби тілінің нормаларын қалыптастыруға арналған «Тілдік норма және стиль» (1984) еңбегін жазды. 

6️⃣ Рәбиға Сыздықова – «Қазақ тілі орфографиясы мен пунктуациясы» атты анықтамалығы арқылы көпшілікке тіл мәдениетін сіңіруге үлес қосқан ұстаз-ғалым. Ғалым-әдебиетші Қайым Мұқаметқанов былай дейді:
«Басқа кітаптарыңызды білмеймін. Мына орфография мен пунктуация жайлы анықтағышыңыздың орны өте ерекше. Бұл кітап арқылы сіз бәрімізге де ұстаз болып отырсыз. Ұстаз бола бересіз».


7️⃣ 1979 жылы Қазақ КСР Ғалым академиясының мүше – корреспонденті болып сайланады. Бұл – тіл білімі саласында қазақ әйелдері ішінен тұңғыш рет болған жағдай.

8️⃣ Ғалым тек тілді ғана емес, әдеби мұраларды да зерттеп, тіл мен әдебиетті тұтастықта қарастырған ғалым ретінде ерекшеленді.

9️⃣ Р.Сыздық Абайдың 150 жылдығы қарсаңында «Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиген» атты мақаласында ақын поэзиясының жаңа жазба әдебиеттің негізі екенін атап өтті.

🔟 Ол – 20-дан астам кітап пен 100-ден аса ғылыми мақала жазған, қазақ тіл ғылымының дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлға.
🔥5❤1