Qalaisyn Student 🇰🇿
4.35K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
🫂 Satbayev-тағы Наурыз шетелдіктерді біріктірді

⚜️ Сәтбаев университетінде Ғылым күні шетелдік студенттер қазақ мәдениетіне бір табан жақындады: ұлттық киім, тағам, домбыра, батырлар қойылымы, тоғызқұмалақ пен садақ ату — бәрі бір жерде!

🤩 Университетте Наурыз мейрамы атап өтіліп, қазақтың тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлері студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күйге бөледі. Ұлық мейрамды тойлау рәсімі этнофестиваль форматында өтті. Көрермендер, әсіресе, дәстүрлі садақ ату алаңына ерекше қызығушылық танытты.

💫 Мерекелік іс-шараға қатысқан шетелдік студенттер мен оқытушылар өз елдерінің ұлттық киімдері мен тағамдарын көпшілік назарына ұсынды.
❤6👌1😍1
Қалайсың, студент?🤗

Бүгін — 15 сәуір, яғни Қозы Көрпеш — Баян сұлу күні❤️❤️❤️

Бұл күн Ұлттық Ғашықтар күні ретінде аталып өтеді. Неге дәл осы күн? Өйткені Қозы мен Баян — махаббат пен адалдықтың символы. Мәңгілік сезімнің қазақи баламасы!🕊️

Махаббат пен мейірім жүректеріңізден ешқашан үзілмесін!✨🤍
❤14🥰1😍1💘1
❤️ Студенттік махаббат — бұл ...
❤13👍1😍1
Qalaisyn Student 🇰🇿
❤️ Студенттік махаббат — бұл ...
❤️ Махаббат — бұл стипендия түскен соң бірге дөнер жеу

❤️ Махаббат — бұл жатақханадағы ұйқыбас көршіңді сабаққа ояту

❤️ Махаббат — бұл бір ChatGPT аккаунтын бірге қолдану

❤️ Махаббат — бұл дәрісті түсінбесең де, бір-біріңе қарап күлу

❤️ Махаббат — бұл көшіруге рұқсат беру

❤️ Махаббат — бұл егер ол сабаққа кешігіп жатса, жаныңнан орын алып қою

❤️ Махаббат — бұл бірге емтиханға дайындалып отырып, YouTube көріп кету

❤️ Махаббат— бұл кітапханаға бірге барып, екі минуттан кейін асханаға кетіп қалу

❤️ Махаббат — бұл артқы орынға отырып, бір құлаққаптан ән тыңдау

❤️ Махаббат — бұл ештеңе салмаса да, Qalaisyn Student-тен отписка жасамау

Біз сіздерді жақсы көреміз🫶🫶🫶
❤32🔥4😍3😁2💯1