Кай_Фу_Ли_ИИ_2041_Десять_образов_нашего_будущего.pdf
11.9 MB
📚 Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қандай кітап оқып жүр?
«Бірге кітап оқиық» челленджі аясында Саясат Нұрбек жастарға ерекше бір кітапты ұсыныпты - бұл Кай-Фу Лидің «Жасанды интеллект 2041» атты шығармасы.
🔍 Бұл – тек технология жайлы емес, болашаққа дайын болудың жолын көрсететін мотивациялық еңбек. Студенттер үшін өте пайдалы болары сөзсіз!
💬 Ал сен соңғы рет қандай кітап оқыдың? Комментарийге бөлісіп кет!

Кітапта AI (жасанды интеллект) технологиясының бүгінгі дамуы мен болашақтағы мүмкіндіктері нақты өмірлік сценарийлер арқылы баяндалады. Әр тарау - адам мен технологияның өзара әрекетін сипаттайтын қызықты хикая. Автор - Google China-ның бұрынғы президенті, қазір Sinovation Ventures компаниясының басшысы - ғылым мен технологияны терең түсіндіре отырып, болашаққа көз жүгіртеді.
🔍 Бұл – тек технология жайлы емес, болашаққа дайын болудың жолын көрсететін мотивациялық еңбек. Студенттер үшін өте пайдалы болары сөзсіз!
💬 Ал сен соңғы рет қандай кітап оқыдың? Комментарийге бөлісіп кет!
🔥8👍1👌1
🎉 Астанада атақты МГИМО (ММХҚИ) филиалы қыркүйек айында өз жұмысын бастайды!
📚 Бакалавриат бағдарламалары:
*«Дүниежүзілік минералдық-шикізат және энергетикалық нарықтар» (Экономика) 🌍💡
*«Әлеуметтік-экономикалық және бизнес-процестерді талдау мен модельдеу» (Бизнес-информатика) 💻📊
📚Магистратура бағдарламалары:
*«Қаржы экономикасы және қаржы технологиялары» 💰📈
*«Көпжақты институттар және жаһандық технологиялық дамуды басқару» 🌐⚙️
Оқуды бітіргендерге Ресейдің мемлекеттік үлгідегі дипломы беріледі 🎓📜.
✉️ Қосымша ақпарат алу үшін: official@inno.mgimo.ru

Бакалавриат бағдарламаларының оқу ұзақтығы – 4 жыл. Қабылдау ҰБТ нәтижелері негізінде (төменгі шекті балл – 65). Грант саны – әр бағдарламаға 30 грант бөлінген. МГИМО-ның ресейлік кампусында 2 семестр оқу мүмкіндігі бар.
📚Магистратура бағдарламалары:
*«Қаржы экономикасы және қаржы технологиялары» 💰📈
*«Көпжақты институттар және жаһандық технологиялық дамуды басқару» 🌐⚙️
Магистратура бағдарламаларының оқу мерзімі – 2 жыл. Әр бағытқа 20 гранттық орын. Магистранттар 2 айлық ресейлік модульден өте алады.
Оқуды бітіргендерге Ресейдің мемлекеттік үлгідегі дипломы беріледі 🎓📜.
✉️ Қосымша ақпарат алу үшін: official@inno.mgimo.ru
🔥3👎2❤1🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Осы посттың астында "Стипендия" беседасы болсын👀
Кімге түсті, кімге түспеді, не жоспарлап жатырсыңдар? Жаза отырыңдар 👇🏻

👍9
🌍 ЭКО-жаңалық! ШҚТУ топ жарды! 🍃
Бүгін "Таза Қазақстан" экофестивалінде ШҚТУ "ЖАСЫЛ УНИВЕРСИТЕТ" атағын жеңіп алды! 🔥
Президент Тоқаевтың өзі қатысқан іс-шарада ШҚТУ экобелсенді универ ретінде танылды 😎
Университет экологиялық білім беріп, кампусты көгалдандырып, ағаш отырғызып, "жасыл" технологияларды өмірге енгізіп жатқаны үшін марапатталды. Тамаша!
🔬 Сондай-ақ универде қазір 28 ғылыми жоба, 4 экожоба іске асырылып жатыр.
Құттықтаймыз🎉

👏7🔥2❤1😍1
📢Құрметті, алматылық студенттер!
Ертең “Ұлттық кітап” күні аясында Ғылым ордасының Орталық ғылыми кітапханасы қорындағы 100-ге жуық кітап тегін таратылады. Сонымен қатар көрме ұйымдастырылып, Сирек кітаптар музейіне экскурсия өткізіледі.
Келем деушілерге – мархабат!
📍 Мекенжайы: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28
🕚 Басталуы: 23 сәуір, сағат 11:00

😍16❤🔥1❤1🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 Ұлттық кітап күнімен құттықтаймыз!
Студент үшін кітап – тек білім көзі ғана емес, шабыт пен дамудың кілті. Әр парақ – жаңа идея, әр жол – жаңалық!
Кітап адамның ой-өрісін кеңейтіп, дүниетанымын байытады. Ол – армандарға жол ашатын, рухани азық сыйлайтын сенімді серік.
Ал студенттік шақ – осы рухани байлықты жинайтын ең тамаша кезең.
Сол себепті, құрметті студент, кітап оқу – өз болашағыңа жасаған ең үлкен инвестиция!

❤4👍1🥰1
Forwarded from ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі
↪️ https://vm.tiktok.com/ZMBnnTj5p/
💫 Бүгін #ФИЛИАЛДАР айдарында ерекше шығарылым!
🌐 ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Tiktok-парақшасында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде ашылған Сеул ұлттық ғылым және технология университетінің (SeoulTech) Жасанды интеллект институтын таныстырамыз.

🔥4❤1👍1👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтеді
Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.
Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.
t.me/aqorda_resmi

❤5
🏆🏆🏆 ҚазҰУ боксшысы Азия чемпионы атанды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Медицина және денсаулық сақтау факультетінің 1 курс студенті Әділет Тортубек Шри-Ланка мемлекетінде өткен Азия чемпионатында бокстан 60 кг салмақ дәрежесінде жеңіске жетіп, чемпион атанды.
ҚазҰУ-дың жас боксшысы бұған дейін бірнеше халықаралық жарыстарда топ жарып, биыл 5 сәуірде Түркістан қаласында өткен белгілі боксшы Бекзат Саттархановтың еске алуға арналған жастар арасындағы халықаралық турнирде 1 орын алған болатын.
🎉Жас спортшымызды кезекті жеңісімен құттықтаймыз!

👍9❤4😍4🔥2
🎓 Студенттердің назарына жазғы стипендия туралы
Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу және олардың мөлшері туралы ереженің 22-тармағына сәйкес:
📌 Маусым айында маусым айының стипендиясы түседі
📌 Шілде айында стипендия шілде және тамыз айлары үшін бірге беріледі
Шығындарыңызды жоспарлап, тамызда стипендия қайда демеңіздер😉

❤48👍5
⚜️ 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні!
Бүгін – халқымыздың бірегей тарихы мен ұлттық болмысын айқындайтын ерекше күн. 1992 жылы дәл осы күні Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз ресми түрде бекітілді. Содан бері бұл күн еліміздің егемендігін бейнелейтін маңызды дата ретінде аталып келеді. Биыл қасиетті рәміздерімізге – 33 жыл!
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны, әр азаматтың жүрегінде отаншылдық пен мақтаныш сезімін ұялататын қастерлі белгілер. Оларды құрметтеу – Отанға деген сүйіспеншіліктің айғағы.
🇰🇿 Туымыз желбірей берсін, Елтаңбамыз асқақтай берсін, Әнұранымыз шарықтай берсін!
✨Құрметті, студенттер! Еліміздің болашағы – біздің қолымызда. Білім алып, дамып, биікке ұмтылу арқылы Қазақстанның жарқын келешегін бірге жасайық!

❤12😍1🤗1
🏆 AMANZHOLOV UNIVERSITY СТУДЕНТІ – АЛТЫН ЖҮЛДЕ ИЕГЕРІ! 💥
🥇 4-курс студенті, жеңіл атлет Алексей Хлыстов Алматыда өткен VI Республикалық жастар ойындарында найза лақтырудан алтын медаль жеңіп алды! 💪
🔹 Көрсеткіші – 67.10 метр!
🔹 Бұл – Алексейдің жеке рекорды! 🚀
Қазір спортшы келесі үлкен дода – Қазақстан кубогына қызу дайындық үстінде.
Жарайсың, Алексей! Сәттілік тілейміз!✨

❤9👏4🔥3😍2👍1🤔1🎉1
🤩 Белгілі спортшы Абиба Абужақынова ҚазҰУ дипломын алды
👩🎓 Спортшы-дзюдошы, Будапешттегі әлем чемпионатының күміс жүлдегері Абиба Абужақынова әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқуын аяқтап, «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша екінші жоғары білім алды.
🌟 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абиба – әлем чемпионатының тұғырына үш рет көтерілген алғашқы қазақстандық дзюдошы. 2023 жылы ол әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына енді.
💥 Білім ордасын табысты тамамдаған ҚазҰУ түлегін құттықтай отырып, спортшыға өмірде де, спортта да жаңа жеңістер тілейміз!

💬 «Университет қабырғасында мен екінші жоғары біліммен қатар өмірлік маңызды тәжірибе алдым», - деді спортшы. Қазір ол магистратураға дайындалып жатыр.
🌟 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Абиба – әлем чемпионатының тұғырына үш рет көтерілген алғашқы қазақстандық дзюдошы. 2023 жылы ол әлемнің үздік бес дзюдошысының қатарына енді.
💥 Білім ордасын табысты тамамдаған ҚазҰУ түлегін құттықтай отырып, спортшыға өмірде де, спортта да жаңа жеңістер тілейміз!
❤14👍2🔥1😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🎓 РИУ-де диплом тапсыру салтанаты өтті!
Рудный индустриялық университетінде ерекше қуанышты сәт — түлектерге диплом табысталды! Бұл маңызды күн тек студенттер үшін ғана емес, ата-аналар үшін де үлкен мереке болды.
Университет тарапынан ұйымдастырылған салтанатты шара жылы атмосферада өтті, ата-аналар мен оқытушылар шәкірттердің жетістіктеріне қуанып, бір-біріне қолдау білдірді.
✨ Біздің мақтаныштарымыз – үздік бітірушілеріміз!
РИУ-дің білімді де белсенді алты үздік түлегіне серіктесіміз — «Қостанайские минералы» компаниясы тарапынан 100 000 теңге көлемінде сертификат табысталды. Бұл қолдау олардың оқу барысында көрсеткен қажырлы еңбегіне берілген әділ баға деп білеміз.
💐 Студенттерімізге жарқын болашақ, ал ата-аналарға және ұстаздарға – сәттілік пен шабыт тілейміз!
Бүгінгі күн – естен кетпес ерекше күн!

🤣4👍2
🔰ҚазҰУ-да бір топтан 21 қызыл диплом иегері шықты
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің 401-топ түлектері оқу орнын ерекше жетістікпен тамамдады.
21 студенттің 21-і оқуын қызыл дипломмен аяқтап, факультет тарихында бұрын-соңды болмаған нәтиже көрсетті.
Кіл қыздардан құралған топ «Түркітану және тіл теориясы» кафедрасында «Екі шет тілі» мамандығы бойынша білім алып шықты.
Аталған топ студенттері оқуда озат қана емес, жан-жақты дамыған, заманауи көзқарастағы жастар ретінде де ерекшеленеді.
Сондай-ақ топ қыздары ғылыми жобалар, дебаттар, конференциялар мен қоғамдық іс-шараларға белсене қатысып, көшбасшылық қабілеттерін шыңдаған. Бірнеше студент шетелдік магистратура бағдарламаларына құжаттарын тапсырып та үлгерген.
Жас мамандар өз кезегінде сапалы білім беріп, көптеген мүмкіндіктерге жол ашқан туған университет пен барша оқытушылар қауымына шексіз алғыстарын білдірді.

🔥11❤9