Qalaisyn Student 🇰🇿
4.37K subscribers
494 photos
205 videos
4 files
312 links
Қалайсың, студент! Қызықты жаңалықтан құр қалма!
Download Telegram
ҚазҰУ студенті Босфор бұғазын жүзіп өтті
 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетінің студенті, танымал спортшы Елдар Шекербек Босфор бұғазы арқылы өткен құрлықаралық жүзуде үздік ондыққа кірді. Босфор бұғазы арқылы құрлықаралық жүзу — әлемдегі ең беделді әрі ауқымды ашық судағы жүзу жарыстарының бірі — Стамбулда өтті.
❤130👍10🔥1💘1
Биыл Азия жағалауынан Еуропаға дейінгі 6,5 шақырым қашықтықты 81 елден келген 2800-ден астам спортшы бағындыруға тырысты. 19 – 24 жас аралығындағы Masters санатында Елдар Шекербек 6-орынды иеленіп, әлемнің үздік жүзушілерінің қатарына енді.
Босфор арқылы жүзу жарысы Түркияның Олимпиада комитетінің бастамасымен 37-рет өткізілді. Жарысқа қатысушылар өмір бойына құрлықаралық жүзуші мәртебесін алады.
Елдар Шекербек – ашық суда жүзу бойынша Қазақстандағы ең танымал спортшылардың бірі. Оның жетістіктері: 2 км, 5 км және 10 км қашықтықтарда Қазақстан чемпионы, 5 км қашықтықта Азияның абсолютті чемпионы, 3×500 м эстафетасында әлем чемпионы, Парсы шығанағындағы (10 км, БАӘ) жүзуде күміс және қола жүлдегер,10 км қашықтықта Еуропа чемпионы (Испания), 2023–2024 жылдардағы Универсиада жеңімпазы, триатлон мен президенттік көпсайыстан спорт шеберлігіне кандидат,ашық суда жүзуден Қазақстан Республикасының спорт шебері.
❤31👍5
⚡️⚡️⚡️«Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне шықты

Алматылық команда УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде шотландиялық «Селтикпен» кездесті.

Алғашқы матчта тең нәтиже тіркелсе, Қазақстанда өткен матчта сары-қаралар негізгі уақытта (0:0) тең түсті. Ал пенальти сериясында жеңіске жетті. Осылайша «Қайрат» алғаш рет Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне жолдама алды.

«Қайрат» футбол клубының Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіне дейінгі жолы:

«Олимпия Любляна» 1:1 «Қайрат»
«Қайрат» 2:0 «Олимпия Любляна»

«Купс» 2:0 «Қайрат»
«Қайрат» 3:0 «Купс»

«Қайрат» 1:0 «Слован Братислава»
«Слован Братислава» 1:0 «Қайрат» (п.с 3:4)

«Селтик» 0:0 «Қайрат»
«Қайрат» 0:0 «Селтик» п.с 3:2

📺Тарихи ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетті.

📺@qazaqstantv
❤41🔥16🤯3
Forwarded from Sayasat Nurbek
Room Tour

(«Бөлме туры» - бұл бөлменің орналасуын, декорын және мазмұнын көрсететін визуалды презентация, әдетте бейне немесе фотосуреттер сериясы. Ол көрермендерге кеңістікті виртуалды түрде зерттеуге және оның стилі мен мүмкіндіктерін сезінуге мүмкіндік береді, көбінесе белгілі бір элементтерді немесе дизайн таңдауларын бөлектейді. Бөлме турлары интерьер дизайны идеяларымен бөлісу немесе жеке кеңістіктерді көрсету үшін танымал)

(«Рум-тур» — это визуальная презентация, обычно в виде видео или серии фотографий, демонстрирующая планировку, декор и содержимое комнаты. Она позволяет зрителям виртуально исследовать пространство и получить представление о его стиле и особенностях, часто выделяя отдельные предметы или дизайнерские решения. Рум-тур популярен для обмена идеями дизайна интерьера, демонстрации личного пространства)

Бүгін - Астана жатақханалары:

https://www.tiktok.com/@pikwrty/video/7543363971198471432?_r=1&_t=ZM-8zFEODdBRbh

https://www.tiktok.com/@_n1mercy/video/7542955091620367622?_r=1&_t=ZM-8zFESODTY2P

https://www.tiktok.com/@_adimusik_/video/7542908569931287813?_r=1&_t=ZM-8zFEP3uESyU
❤4🔥4👎1😱1👌1
Forwarded from ORTCOM.KZ
🔶Студенттерді қолдау желісі кеңейді: ахуалдық және дағдарыс орталықтары ашылды

ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Ақерке Абылайханның айтуынша, Ахуалдық орталық студенттерді жатақханалардағы орындар туралы хабардар етеді, дағдарыс орталықтар форс-мажорлық жағдайларда тұрғын орынмен қамтамасыз етеді. Ахуалдық орталық Қазақ ұлттық педагогикалық қыздар университетінде, дағдарыс орталығы М. Тынышпаев атындағы көлік және логистика университетінде орналастырылды.

«Сонымен қатар, барлық өңірде студенттердің мәселелерін шешу үшін студенттік омбудсмендер жұмыс жасайды. Осы күнге дейін студенттік омбудсмендерге 6 079 адам хабарласып, мәселелері шешілген», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.


🔶Расширена сеть поддержки студентов: открыты ситуационные и кризисные центры

По словам и.о. председателя Комитета высшего и послевузовского образования МНВО РК Акерке Абылайхан, ситуационный центр информирует студентов о местах в общежитиях, кризисные центры обеспечивают жилыми помещениями в форс-мажорных ситуациях. Ситуационный центр размещен на базе Казахского национального женского педагогического университета, кризисный центр – на базе университета транспорта и логистики им. М. Тынышпаева.

«Кроме того, во всех регионах работают студенческие омбудсмены для решения проблем студентов. На сегодняшний день к студенческим омбудсменам обратилось 6 079 человек, вопросы решены», - сказала спикер на пресс-конференции в СЦК.


@ortcom_kz #CCS
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2
🇪🇺 Қайраттың Чемпиондар Лигасындағы қарсыластары белгілі болды
❤42🔥12🤯8😍2🥰1
🏆 ӘЛЕМДІК БОКС АҢЫЗЫ KARAGANDA BUKETOV UNIVERSITY-ДЕ

🌟 1 қыркүйектен бастап Karaganda Buketov University-де әлемге әйгілі кубалық боксшы Марио Сезар Кинделан дәріс береді. Ол – екі дүркін Олимпиада чемпионы және үш мәрте әлем чемпионы атанған даңқты спортшы. Кинделанның есімі Кубадан тыс жерлерде де кеңінен танымал, ол жанкүйерлерге ұмытылмас жекпе-жектер сыйлап, әлемдік спорт тарихына енген тұлға.

✈️ Кеше ғана әуежайда аңызға айналған боксшыны университет өкілдері мен еліміздің танымал спорт шеберлері қарсы алды. Олардың арасында Олимпиада чемпионы, Баркер кубогының иегері Серік Сәпиев те болды.

😍 Чемпион ауыл-аймақтарға да барып, мастер-кластар, жаттығулар және жастармен кездесулер өткізеді.
❤16😍11👍3🔥1😱1
🥳АХМЕТ ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТІ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ

🤼‍♂️Ахмет Ясауи университетінің студенті Асылжан Есенгелді еркін күрестен ересектер арасындағы Әлем чемпионатында ел қоржынына жүлде салды.

🇭🇷🥉Хорватия астанасы Загреб қаласында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 61 келі салмақ дәрежесінде белдескен Асылжан тартысты кездесулер өткізіп, қола медальға қол жеткізді.

🙌Осылайша, Асылжан Түркістан облысының еркін күрес тарихында ересектер арасында әлем чемпионатында жүлде алған алғашқы спортшы атанды.

💥Айта кетейік, Асылжан бұған дейін жастар арасындағы Әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленген. Енді ересектер арасында да тұғырдан көрініп отыр.
❤21🤩5👍1
😍🏆 Қазақстандық студенттер грэпплинг бойынша әлем чемпионы атанды

💥 Алматы қаласында «Samurai World 2025» халықаралық турнирі өтті. Ауқымды додаға жақын және алыс шетелдерден келген 1500-ден астам спортшы қатысты.

🌟 Байрақты бәсекеде Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенттері ерекше көзге түсіп, жүлделі орындарды иеленді. Люба Темникова – әйелдер арасында 49 кг салмақ дәрежесінде грэпплинг және грэпплинг Gi бойынша I орын алды. Камила Аманбай – 62 кг салмақ дәрежесінде грэпплинг бойынша чемпион атанды.

Любаның айтуынша, алда жас чемпионды тағы бір үлкен сын күтіп тұр. Ол 1-2 айдан кейін Грецияда өтетін Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отыр.

💬 «Қазақстанның көк туын көтеру – сөзбен жеткізуге келмейтін ерекше сезім. Бұл жеңіс – айлап дайындалған ауыр жаттығулардың нәтижесі. Жетістігіме бапкерлерім – Альберт Алдияров пен Рустам Руслановичтің де еңбегі зор. Қазір бар ойым – көк туымызды тағы да биікте желбірету», - деді чемпион.
❤12😍3👏2🏆1
🌟 SDU студенттері халықаралық аренада жарқырады!

🔰 SDU Әлеуметтік ғылымдар, Бизнес және Құқық мектебінің өкілдері Қытайда өткен Belt and Road International Speech Competition байқауында жүлделі орындарға ие болды.

👏 Экономика білім беру бағдарламасының студенттері Ясир Арслан, Әсемай Пулатова және Зере Туралықова International Electric and Energy Market Business Decision Simulation Competition атты халықаралық байқауда ІІ орынға ие болды.

❇️ Университеттің докторанты, әрі оқытушысы Гахвар Бхатти «SUEP Cup Belt and Road» шешендік өнер байқауында ІІ және ІІІ орынды қанжығасына байлады.
❤16👍6🔥2🤩1
👋 Сәлем! Qalaisyn, студент?

💸
Стипендия қашан түседі екен деп жүрсің бе?
🥰10❤5😍1
📢 Құрметті студенттер! «Қаржы орталығының» ресми ақпаратына сәйкес мемлекеттік стипендия төлемдері жөнінде келесі ақпаратты хабарлаймыз:

🎓 Жылдағыдай 1 курстың 1 семестрінде оқитын студенттеріне (бакалавриат, магистратура, докторантура) арналған қыркүйек айының стипендиясы қазан айының ішінде төленеді.

🎓 Медициналық жоғары оқу орындарының 1 курс студенттері қыркүйек пен қазанның стипендиясын қазан айында қосып алады.

🎓 Барлық басқа студенттерге қыркүйек айының стипендиясы осы айдың соңына дейін түседі.

***

📢 Уважаемые студенты! Согласно официальной информации «Финансового центра» сообщаем следующее о выплате государственной стипендии:

🎓 Как и в предыдущие годы, для студентов 1 курса (бакалавриата, магистратуры, докторантуры), обучающихся в 1 семестре, стипендия за сентябрь будет выплачена в течение октября.

🎓 Студенты 1 курса медицинских вузов получат стипендию за сентябрь и октябрь вместе – в октябре.

🎓 Всем остальным студентам стипендия за сентябрь поступит на счета до конца текущего месяца.
❤11👍11👏4😍2
🏆 Қазақстандық студент әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионы атанды!

Өзбекстанның Үргеніш қаласында өткен әмбебап жекпе-жектен әлем чемпионатында 40 елден 500-ден астам спортшы бақ сынады.

Осы додада ерекше көзге түскен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1-курс студенті Нұрсұлтан Жұбатқан. Ол 60 келі салмақ дәрежесінде қарсыластарының бәрін артта қалдырып, әлем чемпионы атағына ие болды! 🥇🇰🇿
❤12😍3