Қаржылық сауаттылық
24.1K subscribers
236 photos
11 videos
8 files
137 links
Қаржылық сауатты үйрететін арна. Арнаның бас жағында тегін 12 сабақ бар. Көріңіз.

👫Арнаға осы сілтеме арқылы адам қоса аласыз: https://t.me/qarjysayaty
Арна иесі: Исламбек Әділбек
Менімен байланысу үшін: @Islaminvest
| Жарнама [реклама] қабылдамаймын!
Download Telegram
🎁 Қорапты ашсаңыз… ішінде NVIDIA акциясы тұр.
соңына дейін оқыңыз

Есіңізде болар: 2 ай бұрын осы арнадағы оқырмандарға арнайы ұсыныс жасадым. Қандай ұсыныс екенін осы жерден оқыңыз → ұсынысты оқимын.

~ Ұсынысты пайдаланған адамға NVIDIA компаниясының акциясын сыйға беремін деп УӘДЕ бердім. Кеше сол уәдені орындап, акцияларды өз иесіне табыстадым. Иә, кәдімгі акция сыйладым. Гүл солады, ақша азаяды, ал NVIDIA акциясы өседі...

Неге NVIDIA компаниясын таңдадым❓
1. Жасанды интеллект саласындағы ең ірі компаниялардың бірі. Қазір ЖИ технологияларына сұраныс артқан сайын, NVIDIA өнімдеріне деген сұраныс та өсіп келеді.
2. NVIDIA тек чип шығарып қана қоймай, дата-орталықтар мен басқа да жаңа технологияларға белсенді инвестиция жасап жатыр.
3. Қаржылық көрсеткіші мықты. Компанияның түсімі мен пайдасын өте жылдам өсіріп келеді.

Сондықтан бұл сыйлықты кездейсоқ таңдаған жоқпын.
💡Менің мақсатым - оқырманға жай ғана сыйлық беру емес, инвестицияның не екенін іс жүзінде сезіндіру. Инвестициялық мәдениет қалыптастыру
❤59👍29💯6👏4🏆4🔥2❤‍🔥1
Әзіл-шыны аралас
😁123❤22🤩5🔥3💔1
₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар

🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары

1. Доллар 1 аптада 7 теңгеге арзандады. Қазір: 1$ = 456 ₸.
2. Банктер депозит пайызын төмендетіп жатыр.
3. Қазақстанда үш айдан бері төленбеген несиелер көлемі 1,8 трлн теңгеге жетті.
4. Halyk Bank бір акцияға 28,09 теңге дивиденд төлейді. Төлем 7 қыркүйекте басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 26 тамызда бекітіледі.
5.  Paidax брокерінде шариғат қағидаттарына сай жаңа жинақ құралы іске қосылды. Енді брокерлік шоттағы бос теңгеге жылдық 11,5%-ға дейін табыс алуға болады.
6. «Қазатомөнеркәсіп» 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қаржылық нәтижесін жариялады. Компанияның табысы артқанымен, таза пайдасы азайып кетті.
7. S&P Global Ratings Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB»-ге көтерді. Болжам - тұрақты. Бұл елдің төлем қабілеттілігіне берілген халықаралық оң баға.

👋 Осы аптаға - осы. Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше!
👍89❤30🔥14🥰2
☘️ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!

⭐2026 жылдың ҚЫРКҮЙЕК айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3 депозит

1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз.
🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16,54%

2. Тек толықтыруға болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз.
🥇 Үздік: Bereke bank - «СӘЛЕМ» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00%

3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит
Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз.
🥇 Үздік: KZI bank - «Жинақ» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,20%

⭐ Ақпарат пайдалы болды ма? ❤️ басыңыз! Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы жерден таба аласыз.
👏48❤46👍20🥰1
🚨Декларация

Бұл тақырып қазір көп инвестордың қорқынышты түсіне айналды. Не үшін қорқады? Себебі түсінбейді. Ал адам өзі түсінбеген дүниесіне ЖАУ болады. Алдағы 3-4 күн бойы сіздерге осы декларация жайлы толық ашып айтып беремін.

🔹Қазақстандағы инвесторлар 270 нысандағы(жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы) декларацияны тапсырады.
📅Декларацияны тапсыру мерзімі:
- 270.00 нысандағы декларацияны 2026 жылғы 15 қыркүйекке дейін тапсыру керек (11 күн уақыт бар).
- Егер салық төлеу қажет болса - 25 қыркүйекке дейін төлеп тастау керек.

Нақтырақ:
"Жеке тұлғаның табыстары мен мүлкі туралы" декларацияның 2 нысаны бар. ОЛ: 250.00 \ 270.00 нысан. Cіз қайсысын тапсырасыз?

🗒️ 250.00 НЫСАН (алғашқы немесе бастапқы декларация).
250 нысан - "менде қазір не бар?" деген сұраққа жауап беретін декларация. Яғни үй, машина, ақша, қарыз - барлық мүлкіңіздің тізімі. 
✅ Егер сіз бұрын ешқашан декларация тапсырмаған болсаңыз және 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін сатып алған шетелдік активтеріңіз болса, осы декларацияны тапсырасыз. Яғни, шетелдік компаниялардың акциялары немесе ETF-тері бар болса, декларациялау қажет.
✅ Бұл декларацияда салық төленбейді. Сіз тек өзіңізде не бар, қандай активтер бар - соны көрсетесіз.

🗒️ 270.00 НЫСАН (жыл сайын тапсыру керек декларация)
270 нысан - "мен биыл қанша ақша таптым, қайдан таптым?" деген сұраққа жауап беретін декларациясы.
✅ Бұл нысанда шетелдік активтерден де, қазақстандық активтерден де (KASE/AIX) алынған табыстар көрсетілуі қажет.
✅ Тіпті қазақстандық бағалы қағаздардан алған табысыңыз салықтан босатылған болса да, оларды декларацияда көрсету қажет.
✅ Егер сіз ешқандай акция сатпаған болсаңыз да, бірақ 31 желтоқсанда портфеліңізде шетелдік бағалы қағаздар болса немесе дивидендтер алған болсаңыз, 270-нысанын тапсыру міндетті.

🪙 САЛЫҚ қалай салынады?
1️⃣. Қазақстандық бағалы қағаздар (KASE / AIX).
1.1 Баға өсімінен түскен табыс
`Егер сіз қазақстандық бағалы қағазды арзанға сатып алып, кейін қымбатқа сатсаңыз, тапқан табысыңызға салық салынбайды. Бірақ 270-нысанын тапсыру қажет, себебі алынған табысты декларациялайсыз. Салық төлемесеңіз де көрсетесіз.
1.2 Қазақстандық компаниялардың дивидендтері
`Қазақстандық компанияның акциясынан дивиденд алсаң → бұл жерде компанияның өзі барлығын жасайды: қажет болса салықты өзі ұстап қалады және мемлекетке өзі есеп береді. Яғни салық та тапсырмайсың және декларацияда да көрсетпейсің.

2️⃣. Шетелдік биржалар (NASDAQ, NYSE және т.б.)
2.1 Баға өсімінен түскен табыс
`Шетелік биржадан акция алып, оны пайдамен сатсаң, тапқан пайдаңа 10% салық төлейсің. Тапқан пайдаңды 270-нысанында көрсету міндетті. Себебі бұл шетелден сізге кірген табыс.
`Мысал: Сіз NYSE биржасында акцияны 120 долларға сатып алдыңыз, кейін 150 долларға саттыңыз. Сіздің табысыңыз - 30 доллар. Акцияны шетелдік биржадан сатып алғандықтан осы 30 доллар табыстың 10%-ын, яғни 3 доллар салық төлейсіз. Әрі осы табысты міндетті түрде 270-нысанында көрсетесіз.
2.2 Шетелдік компаниялардың дивидендтері
`Шетелдік акциялардан дивиденд алсаңыз, оларды да 270.00 нысанына декларациялау қажет.
`Салығы былай есептеледі: жыл бойы шетелдік компаниядан түскен дивидендтің 900 млн теңгеге дейін болса - 5% салық төлейсің. Ал 1 жылда 900 млн теңгеден көөпп дивиденд алсаң - 15% салық төлеуің керек болады

1\3 пост. Ертең жалғасы шығады
👍62❤25🔥6👏6
🚨Декларация | 2 бөлім

Декларация жайлы жазған алғашқы постымнан кейін көп оқырман жекеме шығып, сұрақтарын жаудырды. Сол сұрақтарға берген жауапты сіздерге де ұсынамын:

1. Мен 2025 жылы қазақстандық және шетелдік акцияларды тек қана сатып алып отырдым. Мүлде сатпадым. Олардан азын-аулақ дивиденд түсті. Мен декларация тапсырамын ба?

Жауап: Иә, тапсырасыз. 2025 жылдың 31 желоқсан күні сіздің портфеліңізде шетелдік акция болса және одан азын-аулақ дивиденд түссе де сіз оны декларациялау қажетсіз.

2. 2024 жылы брокерлік шот аштым. Алайда ештеңе сатып алмадым. Декларация тапсырамын ба?

Жауап: Жоқ, тапсырмайсыз. Себебі сіз ештеңе сатып алмадыңыз және табыс таппадыңыз.

3. Мен ауылдағы салық органына бардым. Олар бұл 270 декларация жайлы мүлде білмейді. Менде тек қазақстандық акциялар мен облигациялар. Сатпадым. Тек сатып алдым. Оларға да декларация тапсырамын ба?

Жауап: Көп салық органы дәл осы декларацияға келгенде шатасады. Себебі бұл декларацияны түсіну үшін ол адамның өзі де инвестиция, биржа, акция, облигация, дивиденд т.б ұғымдарды түсінуі керек. Ал сіздің жағдайда былай: сіз егер қазақстандық акцияны сатып, табыс тапсаңыз оны декларациялайсыз. Алайда салық төлемейсіз. Облигацияларды декларациялап қажет емес. Салық та төлемейсіз.

4. Мен 2022 жылдан бастап инвестиция жасап келемін. Шетелдік акцияларды да, қазақстандық акцияларды да сатып алдым және саттым. Алайда осы күнге дейін мүлде декларация тапсырып, салық төлемедім. Мен не істеуім керек?

Жауап: Сіз ең әуелі 250 нысандағы декларацияны тапсырасыз. Өзіңізде бар шетелдік активтерді (акция, etf) 250 нысан арқылы декларациялайсыз. Содан кейін 2022, 2023, 2024, 2025 жылға 270 нысандағы декларацияны тапсырасыз.
Өзіңіз тапсырғаныңыз дұрыс. Себебі түбі салық органы сізден оның есебін сұрайды.

5. Декларацияны қай жерде тапсырамыз және салығын қалай төлейміз?

Жауап: Декларацияны knp.kgd.gov.kz сайты арқылы тапсырасыз. Салықты кез келген банк қосымшасы арқылы төлейсіз.

❗Маңызды: Жаңа декларация бойынша кәсіби салық кеңесшісінен кеңес алдым. Қалай декларацияны дұрыс толтыру керегін де үйрендім. Толық декларация бойынша бірнеше сабақтан тұратын арнайы сабақ жазып, оны сіздерге ұсынамын. Қыргүйектің 9-10-ы күні сабақ толық дайын болады. Мүмкін одан ерте де дайын болуы мүмкін. Хабарлаймын.
👍66🔥29❤12
₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар

🟢 Аптадағы ең маңызды қаржы жаңалықтары

1. 1$ = 456 ₸.
2. Бүгіннен бастап зейнетақы жинағын инвестициялық басқарушы компанияларға толығымен аударуға болады.
3. Halyk Bank бүгін бір акциясына 28,09 теңге дивиденд төлеп бастайды. Құтты болсын!
4. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,25%-ға дейін төмендетті. Несие мен депозиттердің де пайызы төмендейді.
5. KASE мен AIX нарығы қосылмайтын болды. Президент 2023 жылы KASE мен AIX-ті біріктіру қажеттігін айтқан еді. Бірікпейтін болды.
6. 2026 жылдың II тоқсанында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 486 388 теңгені құрады.
7. 2027 жыл үшін де ең төменгі жалақы 85.000 теңге болып қалды. Өзгермеді.
8. 15 қыркүйекке дейін инвесторлар 270 нысандағы декларацияны тапсыру керек. Декларация бойынша сұрағыңыз болса жекеме жазыңыз → @Islaminvest

👋 Келесі ₸ЕЗ-де қайта кездескенше! ₸ЕЗ - тез келіп қалса да, өміріміз ₸ЕЗ өтпесін!
👍59❤26🔥16👏2
Қаржылық сауаттылық
Сатып алу батырмасын басатын уақыт келді ме? Әлемдегі ең мықты компаниялардың бірі - Microsoft акциясы төмендеп жатыр. Жыл басынан акция бағасы 26% төмендеді. Престәбләеш 26%🤫 (1-ші графиктен көріңіз) 📉Нарықта мәңгілік өсім болмайды. Тіпті IT-алпауыттары…
👀Мына постқа назар салыңыздаршы!
Алдымен мен белгілеп тұрған постты толық оқыңыз!

~ Наурыздың 30-ы күні Microsoft компаниясының акциясы тым қатты арзан бағаланып тұрғанын осында жаздым. Бұндай жеңілдік өте сирек болады деп те ескерттім. Обалы не керек🙂

⭐Мен сіздерге сатып алуға кеңес берген кезде акция бағасы: 356$ болды. Ал қазір: 516$. 5 айда шамамен +44,9% өсті. Себебі сол сәтте Microsoft компаниясы өзінің шынайы құнынан төмен бағаланып тұрған. Ал қазір ше?! Сол сәттен бастап Microsoft компаниясы қарқынды түрде өсті.

📱Microsoft акциясының өсуіне әсер еткен 3️⃣ негізгі фактор:
1️⃣. ЖИ-ға инвестиция - Компания жасанды интеллект инфрақұрылымына өте көөп қаражат жұмсады. Инвесторлар бұл шығындардың босқа кетпей, нақты табыс әкеле бастағанын көріп, компанияға деген сенімі артты.
2️⃣. Azure-дің өсуі — бұлттық бизнесі жылына 43% өсті, ал Azure табысы алғаш рет $100 млрд-тан асты.
3️⃣. Copilot сұранысы — Microsoft 365-ке енгізілген ЖИ-көмекші Copilot корпоративтік клиенттер арасында кең таралып, ақылы қолданушылар саны 30 млн-нан асты.
Қысқасы: Microsoft ЖИ-ға салған инвестициясын нақты табысқа айналдырып жатыр.

🗣Көңілім ауыған уақытта осындай инвестициялық кеңестерді осында жазып тұрамын. Дәл осындай инвестициялық кеңестерді жиі-жиі алғыңыз келсе, өзімнің жеке EQUITY telegram арнасын ұсынамын.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍19🔥6🥰2💯2👏1🎉1
₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар

🟢 Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары

1. 1$ = 441₸.
2. Kaspi тағы да дивиденд төледі. Бұл жолы 1 акцияға 4000 теңге дивиденд үлестіріп берді.
3. Kaspi брокерлік қызметпен де айналысатын болды. Жақын күндері өз брокерін таныстырады.
4. Сентрас Секьюритиз зейнетақы активтерін басқаруда көш бастады. Алғашқы 8 айдағы табыстылығы - 12,18%.
5. Қазаннан бастап доллардағы депозит пайызы өсуі мүмкін. Бұған дейін жылына 1% өсім беретін.
6. Елдегі ең төменгі жалақы мөлшері қазан айында көтеріледі. Қазір 85.000 теңге. Қанша пайыз көтерілетіні 4 қазан күні белгілі болады.
7. Paidax broker–де жаңа «мақсаттар» функциясы пайда болды. Мақсатыңызды жазып, портфеліңіздегі қажетті бағалы қағаздарды сол мақсатқа қосып қоя аласыз. Ыңғайлы. Әрі пайдалы.

👋Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
👍55❤29👏14❤‍🔥1
⛔Нарықты болжауды ТОҚТАТ!

~ Нарық ертең өседі ме, түседі ме - мұны ешкім нақты білмейді. Мүмкін ертең технологиялық компаниялардың бағасы өсетін шығар. Мүмкін денсаулық сақтау саласы алға шығатын болар. Беймәлім!
Ал инвестор үшін - нарықты дәл болжау емес, сол нарыққа бейімделе білу өте маңызды.

📄Нарықты зерттеуге, оны ылғи да бақылап отыруға уақытыңыз жоқ болса DYNF etf–ін сатып алыңыз. Бұл ETF - нарықтағы жағдайға байланысты құрамын құбылтып, сол сәтте қандай компаниялар көбірек табыс табады, сол компанияларды құрамына қосып отырады. Қысқаша айтқанда нарықты зерттеп, сол сәтте ең көп табыс табатын компанияларды құрамына қосады.

▪️Бұл ETF құрамында 261 компания бар. Олардың ішінде Nvidia, Apple, Microsoft, Amazon, Alphabet сияқты ірі компаниялар кездеседі. Құрамы ай сайын нарыққа бейімделіп, жиі өзгеріп тұрады.

🪙Жылына 4 рет дивиденд төлейді. Қазір бұл ETF - 70$ тұрады (31.000kzt). DYNF etf–нің жылдық орташа кірістілігі: 15-17%.

✅Бұл etf ұзақ мерзімге инвестиция жасайтын инвесторларға арналған. «Нарықта не болып жатыр?» деп күнде қарап отыруға уақытыңыз жоқ болса → DYNF ETF-ін қарастырып көріңіз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥38👍25❤17👏4💯1
🇰🇿Қаржы жайлы қысқа дәріс #33

Адамның бай болуы немесе кедейленуі, негізінен, бір реттік ірі шешімдерге емес, күнделікті қайталанатын ұсақ қаржылық әдеттерге байланысты

🔗Ғылыми дәлелденген тұжырым.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏65👍26❤17🔥7🤩1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45❤23👏8⚡6🏆3🎉1💯1
🪙ЕҢ-ЕҢ-ЕҢ!

2026 жылдың ҚАЗАН айындағы ЕҢ ҮЗДІК 3️⃣ депозит

1. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша сала аласыз және қажет болған жағдайда кез келген уақытта ақшаңызды шешіп ала аласыз.
🥇 Үздік: Freedom Bank - «Копилка» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 16.30%.

2. Тек толықтыруға болатын депозит
Бұл депозитке кез келген уақытта ақша қоса аласыз. Бірақ қаражатты өзіңіз таңдаған мерзім (3, 6 немесе 12 ай) аяқталғанға дейін шешіп ала алмайсыз.
🥇 Үздік: Bereke bank - «СӘЛЕМ» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 20,00%

3. Ақшаны толықтыруға да, шешіп алуға да болмайтын депозит
Бұл депозитке ақшаны бір рет саласыз. Депозит мерзімі аяқталғанша оған қосымша ақша сала алмайсыз және қаражатты мерзімінен бұрын шеше алмайсыз.
🥇 Үздік: KZI bank - «Жинақ» депозиті.
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ): 19,20%

Ақпарат пайдалы болса "❤️" басыңыз. Ай сайын ең тиімді депозиттерді осы арнаға тұрақты жариялап тұрамын...
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤101👍21⚡3👏3
₸ЕЗ | қаржы нарығындағы соңғы жаңалықтар

🟢 Апта ішіндегі ең маңызды қаржы жаңалықтары

1. 1$ = 454₸.
2. Kegoc бір акцияға 81,25 теңге дивиденд төлейді.
Төлем қарашаның 1-і басталады. Дивиденд алатын акционерлер тізімі 14 қазанда бекітіледі.
3. Доллардағы депозит пайызы өседі. Бұрын тек 1 жылға 1% еді, қазір ол шекті 2,5% көтерді.
4. Қазақстандықтар зейнетақы жинағындағы ақшасын (ИПБ) "Halyk Finance"-қа көбірек сеніп тапсыруда.
5. ҚазАтомпром акциясы 1 айда -13,87%-ға төмендеді. Қазір 1 дана акциясы 29,545 теңге.
6. Қазан айындағы ең пайызы жоғары депозит: Bereke bank–тің Invest депозиті. 21%.
7. Ұлттық банк 23 қазанда базалық мөлшерлеме бойынша жаңа шешім қабылдайды. Қаржы мамандары мөлшерлеме төмендейді деген болжам айтып отыр.

👋Осымен тәмам. Келесі аптадағы «₸ЕЗ»-де қайта кездескенше
🔥52❤21👍14👏14🎉3⚡2
Қанша төлеуге дайынсың?
(бұл жәй ғана атүсті оқи салатын жазба емес, соңына дейін түсініп оқыңыз)

~ Менің🤓 бір қаржылық қағидам бар: бір дағдыны үйренгім келсе немесе бір тақырыпты терең меңгергім келсе, сол үшін ақша төлеймін.
| Мақсат қойсам, алдымен өзіме мына сұрақты қоямын: «Мен бұған қанша теңге төлеуге дайынмын?»

Мысалы, ғылыми зерттеуді кәсіби түрде меңгергім келсе, профессордың консультациясына жазыламын, тақырыпқа байланысты кітаптар сатып аламын және Coursera-дағы ақылы курстарға тіркелемін. Не үшін бұлай жасаймын? Айтып берейін:

🧠Экономикада Willingness to Pay деген ұғым бар. Бұл бір нәрсеге ең көбі қанша төлеуге дайын екеніңді көрсететін шек.
«Үйренгім келеді, маған керек» деп армандау/қиялдау оп-оңай. Ал сол арманға ақша, уақыт, күш жұмсау мүлде басқа нәрсе.

`Неге бұл қағида жұмыс істейді?
Тегін нәрсені тастап кету оңай: жоғалтатының жоқ. Ал төлеген нәрсені тастау қымбатқа түседі. Адам бір нәрсеге нақты ресурс (қаржы) жұмсаса, шешімі жай ниеттен → әрекетке айналады.

Түйін: кейде өзіңнен «Мен мұны қаншалықты қалаймын?» деп емес, «Мен бұл үшін не беруге дайынмын?» деп сұраған дұрыс.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍64🔥18❤11🥰2🎉1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😁101👍23❤11👏5🏆3
“Tрейдингті үйренсем бе” деп ойлап жүрген әрбір жанның назарына

🤓Жоғарыдағы ГРАФИККЕ көз жүгіртіңіз. Жеке-жеке талдаймын.
Бұл графикте трейдинг әлемінің шынайы статистикасы ПИРАМИДА түрінде көрсетілген.

‘Бұл график брокерлік есеп пен нарықтық зерттеулерге негізделген. (нақты дереккөз қажет болса жекеме жазыңыз. бөлісемін)

🔵100% - Трейдингке келетін адамдардың 99,7%-ы бұл жерден еш қиындықсыз тез байып кетуді мақсат етеді. Олар мұны жеңіл табыс көзі деп қабылдайды.
🔵60% - Жаңа келген “трейдерлердің” 60%-ы алғашқы 30 күннің ішінде-ақ ақшасын жоғалтып, бұл істі тастап кетеді.
🔵80% - Алғашқы 2 жылдың ішінде кетіп қалады. Алғашқы айдан аман-есен өткендердің 80%-ы 2 жыл ішінде шығындарға ұшырап, психологиялық қысымға шыдамай, ақыры трейдингті тоқтатады. 
🔵7% - 5 жылдан кейін де жалғастыра береді. Нарықта ұзақ уақыт сауда жасап (кемі 5 жыл), күйзеліске шыдап, тәжірибе жинақтап, өз жолын жалғастыра алатындар аз - бар болғаны 7%. 
🔵1% - комиссия, салық, брокерлік шығындарды шегергенде шынайы таза табыс табады. Таза табыс табатын кәсіпқойлардың қарасы бар болғаны 1% құрайды.
Бұл ФАКТ. 

Өзін “ТРЕЙДЕРМІН” деп таныстыратын БЛОГЕРЛЕР көрсеткендей бұл - пляжда коктейль ішіп немесе кафеде тамақ ішіп отырып жасайтын ойын емес.

🔈Бұл - темірдей тәртіпті, терең математикалық білімді, мықты жүйкені және қайта-қайта шығынға ұшырасаң да, соған төтеп бере білуді талап ететін ең ауыр жұмыстың бірі.
Түйін: Иллюзияға емес нақты ғылыми дерекке жүгініңіз!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍76❤13👌7🔥6👏4💯4
30 кітап оқып түсінгенім.....

Осыған дейін қаржы сауаттылығына байланысты 30-ға жуық кітап оқыппын. Ол кітаптардың авторы, көлемі әртүрлі.

✅30 кітапты оқып байқағаным: авторлары әртүрлі болса да, бәрі бір нәрсені қайталайды. Сондықтан: сол кітаптарда кездесетін қаржылық кеңестерді осында жазып қояйын деп шештім.

Ең жиі кездесетін 8️⃣ кеңес:
1️⃣ Алдымен өзіңе төле. Жалақы түскен сәтте 10–20%-ын бөлек шотқа аудар, қалғанын ғана жұмса.
2️⃣ Табысыңнан аз жұмса. Байлық көп табудан емес, көп сақтаудан келеді. Табысың өскен сайын шығының да қатар өспесін.
3️⃣ Төтенше қор жина. 3–6 айлық міндетті шығынға жетерлік қауіпсіздік жастығы болмаса, кез келген дағдарыс қарызға батырады.
4️⃣ Тұтынушылық қарыздан қаш. Қымбат несие байлықты жейді. Алатын несиеңнің айлық төлемі еңбекақыңның 30%-ынан аспасын.
5️⃣ Активті пассивтен ажырат. Ақша әкелетін нәрсе актив, ақша алып кететіні пассив.
6️⃣ Ақшаңды жұмыс істет. Инвестиция жасап, күрделі пайызға ұмтыл. Ертерек бастаған ұтады.
7️⃣ Барлығын бір себетке салма. Құралдарыңды әртараптандыр және түсінбейтін нәрсеге ақша салма.
8️⃣ Кіріс-шығыс есебін жүргіз. Ақша қайда кеткенін білмесең, оны басқара алмайсың.

~ Бұл кеңестердің біреуі де жаңалық емес. Бәрінің құлағына сіңген, таныс кеңестер.
📍30 кітапты оқып түсінгенім: құпия формула жоқ. Қаржы сауаты деген осы кеңестерді өміріңе енгізіп, әдетке айналдыру. Басқа ештеңе де емес!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤95👍54👏10💯6🎉3⚡1🏆1