QARMET
10.4K subscribers
2.71K photos
389 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
АО «Qarmet» информирует о результатах производственной деятельности и реализации стратегических инициатив компании.

В течение 2025 года предприятие обеспечило стабильную производственную деятельность и выполнение ключевых технологических задач. Компания продолжает последовательную реализацию программы модернизации производственных мощностей, повышения промышленной безопасности, экологической эффективности и развития новых технологических переделов.

По итогам 2025 года предприятие добилось улучшения своих производственных показателей, например выпущено 3,8 млн тонн стали, добыто 7,5 млн тонн угля, 3,5 млн тонн железорудного концентрата, что подтверждает устойчивую работу производственных подразделений. Однако отдельные целевые показатели операционной и финансовой эффективности требуют дальнейшей работы. Вместе с тем, акционером компании принято решение о выплате единовременного вознаграждения работникам компании. Окончательное решение по размерам выплат будет принято после опубликования финансовых показателей в соответствии с законодательством Республики Казахстан, а также действующего коллективного договора в апреле 2026 года.

Компания последовательно уделяет особое внимание вопросам охраны труда, социальной поддержки работников и развитию корпоративной культуры. В декабре 2025 года работникам была оказана разовая финансовая поддержка, что подтвердило устойчивое социальное партнёрство между работодателем и трудовыми коллективами.

На металлургическом комбинате продолжается реализация масштабных инвестиционных проектов, включая строительство современных коксовых батарей № 8–9, нового сортопрокатного цеха, линии оцинкования и полимерных покрытий, восстановление кузнечно-прессового цеха, а также модернизацию оборудования и развитие газификации производственных процессов.

В ТОО «Karaganda Komir» и ТОО «Оркен» внедряются современные цифровые системы контроля и промышленной безопасности, направленные на формирование устойчивого безаварийного производственного цикла и повышение защищённости работников. В ТОО «Курылысмет» и ТОО «Qarmet Service» наращиваются производственные мощности, улучшаются условия труда работников.

АО «Qarmet» продолжает системную работу с трудовыми коллективами, обеспечивая открытое информирование сотрудников на основе официальных и достоверных источников информации. Компания выступает за конструктивный диалог и сохранение устойчивой социальной обстановки в производственных коллективах.

Компания выражает благодарность трудовым коллективам за профессионализм, ответственное отношение к работе и поддержку реализуемых преобразований.
Qarmet компаниясының «Восточная» ОБФ-да өндірістің тұрақтылығын арттыруға және дайын өнім сапасын жақсартуға бағытталған жаңғырту жұмыстары жалғасып келеді.

Технологиялық схемаға көмір ұсағын неғұрлым дәл бөліп алуға және концентрат шығымын арттыруға мүмкіндік беретін өнімділігі жоғары 7 жаңа флотациялық машина енгізілді. Сонымен қатар ірі көмірді тиімді байыту және шикізат шығынын азайту үшін дөңгелекті сепаратор орнатылды.

Ресурстық тиімділікті арттыру мақсатында 2 магниттік сепаратор іске қосылды. Олар ауыр суспензияны қалпына келтіруге, технологиялық процесті тұрақтандыруға және материал шығынын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өзгерістер қалай жүзеге асырылып жатыр және олардың нақты нәтижесі қандай — бейнематериалдан көре аласыздар 🙌
На ЦОФ «Восточная» компании Qarmet продолжается модернизация, направленная на повышение устойчивости производства и качества готовой продукции.

В технологическую схему внедрены 7 новых высокопроизводительных флотомашин, обеспечивающих более точное извлечение угольной мелочи и рост выхода концентрата. Установлен колёсный сепаратор для эффективного обогащения крупного угля и снижения потерь сырья.

Для повышения ресурсной эффективности введены в работу 2 магнитных сепаратора, позволяющих восстанавливать тяжёлые суспензии, стабилизировать процесс и сократить расход материалов.

Как реализуются изменения и какой практический эффект они дают — смотрите в нашем видео🙌
Qarmet компаниясының еңбек ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына қатысты референдумды қолдайды

Теміртау, 13 ақпан 2026 жыл

«Qarmet» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Андрей Лаврентьев металлургиялық комбинаттың еңбек ұжымымен кездесті. Ашық диалог барысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері және олардың ел дамуына, өнеркәсіптің өркендеуіне, құқықтық мемлекетті нығайтуға және еңбек адамының құқықтарын қорғауға ықпалы талқыланды.

«Жаңа Конституция — ел болашағының берік іргетасы. Оның негізінде әділет, заң және адамға құрмет қағидаттары жатыр. Еңбек адамдары үшін мемлекет баршаға ортақ әрі түсінікті ережелерді қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтарын қорғап, даму мүмкіндіктерін жасауы аса маңызды. Күшті, тұрақты және әділ мемлекет дәл осындай қағидаттарға сүйеніп құрылады», — деп атап өтті Лаврентьев.


Мемлекет басшысы Qarmet ұжымының еңбегін жоғары бағалайды. Компания отандық өнеркәсіптің тірек кәсіпорындарының бірі ретінде ел экономикасының дамуына елеулі үлес қосып келеді.

35 мың адамнан тұратын Qarmet еңбек ұжымы жүргізіліп жатқан реформалар мен алдағы референдумды қолдайтынын білдірді. Ұжым өкілдері Конституцияның жаңартылуы қазіргі қоғамның негізгі құндылықтарын — заң мен тәртіпті, адам мен азаматтың басымдығын, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды, еңбек ету құқығын, білім алу және кәсіби даму мүмкіндіктерін айқындайтынын атап өтті.

Металлургтер адамға бағытталған тәсілді конституциялық деңгейде бекіту құқықтық кепілдіктерді күшейтіп, әділ әрі болжамды орта қалыптастыратынын, қоғамдық сенімді арттырып, өнеркәсіптік дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Компания ұжымы атынан Болат департаментінің директоры, жалпы еңбек өтілі 150 жылдан асатын атақты металлургтер әулетінің өкілі Андрей Берг сөз сөйледі: «Біз елдегі реформаларды толық қолдаймыз. Жаңа Конституция тұрақтылықтың, әділеттілік пен дамудың ұзақ мерзімді негізін қалыптастыратыны біз үшін маңызды. Өз тарапымыздан адал еңбек етіп, өнеркәсіптік әлеуетті нығайтып, еліміз бен компаниямыздың дамуына үлес қоса береміз»-
деді ол.


Бүгінде Qarmet компаниясы өндірістік қуаттарды технологиялық жаңғыртуға, тиімділікті арттыруға және адами капиталды дамытуға бағытталған ұзақ мерзімді «5-9-5» модернизация бағдарламасын іске асыруда. Бағдарлама аясында кадр даярлау, қызметкерлердің біліктілігін арттыру және заманауи қауіпсіздік стандарттарын енгізу жұмыстарына ерекше мән берілуде. Бұл білім, ғылым және инновацияны дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатпен үндеседі.

Кәсіпорын ұжымы референдумға қатысуды жоғары азаматтық жауапкершіліктің және ел болашағын қалыптастыруға саналы түрде атсалысудың көрінісі деп санайды. Металлургтер жаңа Конституция Қазақстанның мемлекеттік негіздерін нығайтып, еңбек адамының құқықтарын қорғауға және елдің ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз етуге сенімді тірек болады деп есептейді.

Жаңа Конституцияны қолдаймыз!
Трудовой коллектив компании Qarmet поддерживает проведение референдума по новой Конституции Республики Казахстан

Темиртау, 13 февраля 2026 года

Председатель Совета директоров АО «Qarmet», член Комиссии по Конституционной реформе Андрей Лаврентьев провёл встречу с трудовым коллективом металлургического комбината. В ходе открытого диалога были обсуждены ключевые положения проекта новой Конституции Республики Казахстан и их значение для развития страны, промышленности, укрепления правового государства и защиты человека труда.

«Новая Конституция — это прочный фундамент будущего страны. В её основе лежат принципы справедливости, законности и уважения к человеку. Для людей труда особенно важно, чтобы государство обеспечивало понятные и равные правила для всех, защищало права граждан и создавало условия для развития. Именно на таких принципах строится сильное, устойчивое и справедливое государство», - отметил Лаврентьев.

Глава государства высоко оценивает трудовые заслуги коллектива Qarmet, который является одним из ключевых опорных предприятий отечественной промышленности и вносит значимый вклад в экономическое развитие страны.

35-тысячный трудовой коллектив Qarmet выразил поддержку проводимым реформам и предстоящему референдуму, отметив, что обновление Конституции отражает базовые ценности современного общества — закон и порядок, приоритет человека и гражданина, защиту чести и достоинства личности, право на труд и возможности для обучения и профессионального развития.

Металлурги подчёркивают, что закрепление человекоцентричного подхода на конституционном уровне усиливает правовые гарантии, формирует справедливую и предсказуемую среду, способствует укреплению доверия и обеспечивает устойчивость промышленного развития.

От имени всего коллектива компании выступил директор стального департамента, представитель именитой династии металлургов с общим трудовым стажем более 150 лет Андрей Берг: «мы полностью поддерживаем реформы в стране. Для нас важно, что новая Конституция формирует долгосрочную основу стабильности, справедливости и развития. Со своей стороны мы продолжим честно работать, укреплять промышленный потенциал и вносить вклад в развитие нашей страны и компании».

Сегодня компания Qarmet реализует долгосрочную программу модернизации «5-9-5», направленную на технологическое обновление производственных мощностей, повышение эффективности и развитие человеческого потенциала. Особое внимание уделяется подготовке кадров, повышению квалификации работников и внедрению современных стандартов безопасности, что соответствует государственному курсу на развитие образования, науки и инноваций.

Коллектив предприятия рассматривает участие в референдуме как проявление высокой гражданской ответственности и осознанного участия в формировании будущего страны. Металлурги убеждены, что новая Конституция станет надёжной основой укрепления государственности, защиты прав человека труда и обеспечения долгосрочного развития Казахстана.

Жаңа Конституцияны қолдаймыз!
Қарағанды облысының шахтерлері мен металлургтері үшін тегін медициналық тексеру қолжетімді болды

Qarmet компаниясы өндірістік медицинаны қайта жаңғырту бағдарламасын іске асырды. Осы жоба аясында 2025 жылы кең ауқымды медициналық қызмет көрсететін QarMed клиникалық-диагностикалық орталығы ашылған. Мұнда консультациялық көмектен бастап заманауи диагностика мен медициналық құжаттарды рәсімдеуге дейінгі қызметтер бір жерде ұсынылады.

Жыл сайынғы міндетті медициналық тексерулер шеңберінде Qarmet қызметкерлері орталықта кешенді тексеруден тегін өтіп, бейінді мамандардың кеңесін ала алады. Бұл – компанияның өндірістік медицинаны жүйелі түрде жаңғырту және персоналдың денсаулығын нығайтуға бағытталған бағдарламасының бір бөлігі.

Орталық сапалы, қолжетімді және жедел медициналық көмектікезексіз ұсынуға бағытталған. Қабылдауды білікті жалпы тәжірибе дәрігерлері мен бейінді мамандар жүргізеді. Олардың қатарында терапевт, кардиолог, хирург, оториноларинголог, офтальмолог, невропатолог, дерматолог, акушер-гинеколог, психиатр-нарколог және басқа да мамандар бар.

Ғимарат күрделі жөндеуден кейін толықтай жаңартылды. QarMed заманауи сапа және қауіпсіздік стандарттарына сай жаңа медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Орталықта эндоскопиялық зерттеулер (ФГДС, колоноскопия), функционалдық диагностика (ЭКГ, холтерлік мониторинг, СМАД, тредмил-тест, спирография, ЭЭГ, аудиометрия), сондай-ақ сәулелік зерттеулердің толық кешені — МРТ, УДЗ және рентген қолжетімді.

Сонымен қатар орталықта барлық азаматтар үшін міндетті медициналық тексерулер жүргізіліп, 073/у, 075/у, 076/у нысандарындағы анықтамалар, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға арналған 028/у нысанындағы қорытындылар рәсімделеді. Зертханалық талдаулар үшін қан алу қызметі де көрсетіледі.

Мекеме күн сайын сағат 08:00-ден соңғы клиентке дейін жұмыс істейді. Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Қ. Аманжолов көшесі, 10. Бұл орын қала мен облыс тұрғындары үшін де қолайлы. Жазылу және кеңес алу телефондары: +7 (7212) 49 30 25, +7 700 771 86 84, +7 (7212) 49 30 28.

QarMed медициналық орталығы — заманауи диагностика, кәсіби көзқарас және компания қызметкерлері мен өңір тұрғындарының денсаулығына жүйелі қамқорлық көрсетуді мақсат етеді.
Бесплатное медицинское обследование теперь доступно для шахтёров и металлургов Карагандинской области

Компания Qarmet реализует программу по возрождению производственной медицины. В рамках данного проекта в 2025 году создан Клинико-диагностический центр QarMed, предоставляющий широкий спектр медицинских услуг от консультационной помощи до современной диагностики и оформления медицинских документов в одном месте.

В рамках ежегодных обязательных медицинских осмотров сотрудники Qarmet могут здесь бесплатно пройти комплексные обследования и получить консультации профильных специалистов. Это часть системной программы компании по возрождению производственной медицины и укреплению здоровья персонала.

Центр ориентирован на качественную, доступную и оперативную медицинскую помощь без лишних ожиданий. Приём ведут квалифицированные специалисты общего и узкого профиля: терапевт, кардиолог, хирург, отоларинголог, офтальмолог, невропатолог, дерматолог, акушер-гинеколог, психиатр-нарколог и другие.

Здание центра полностью обновлено после капитального ремонта и модернизации. QarMed оснащён новейшим медицинским оборудованием, соответствующим современным стандартам качества и безопасности. Центр предлагает широкий спектр диагностических возможностей, включая эндоскопию (ФГДС, колоноскопию), функциональную диагностику (ЭКГ, холтер, СМАД, тредмил-тест, спирографию, ЭЭГ, аудиометрию), а также полный комплекс лучевых исследований — МРТ, УЗИ и рентген.

Кроме того, центр проводит обязательные медицинские осмотры и оформление справок форм 073/у, 075/у, 076/у для всех лиц, а также заключений для иностранцев и лиц без гражданства (форма 028/у). Осуществляется забор крови для лабораторных исследований.

Учреждение работает ежедневно с 08:00 — до последнего клиента. Удобное расположение по адресу: г. Караганда, ул. К. Аманжолова, 10, обеспечивает доступность для жителей всех районов города и области. Контактные телефоны для записи и консультации: +7 (7212) 49 30 25, +7 700 771 86 84, +7 (7212) 49 30 28.

Медицинский центр QarMed — современная диагностика, профессиональный подход и системная забота о здоровье сотрудников компании и жителей региона.
Қарағанды облысында сотталғандарды ресоциализациялау бойынша пилоттық жоба алғаш рет іске қосылды

Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы, Qarmet компаниясы, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаменті өңір прокуратурасының үйлестіруімен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп, сотталғандарды ресоциализациялауға және оларды кезең-кезеңімен еңбек қызметіне интеграциялауға бағытталған пилоттық жобаны енгізуде.

Бастама Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы маусымда құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа отырысында берген тапсырмасы аясында жүзеге асырылмақ.

«Біздің кәсіпкерлерімізді қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанынан түрлі өндірістер ашу мүмкіндігін қарастыруға шақырғым келеді. Мұндай өзара тиімді әріптестік шетелде кеңінен таралған. Тапқан табыс сотталған азаматтың бостандыққа шыққаннан кейін аяғынан тік тұруына мүмкіндік береді, ал алған дағдылары лайықты жұмыс табуына көмектеседі», – деп атап өтті Мемлекет басшысы.


Жобаға қатысушылар компанияның әртүрлі өндірістік нысандарында жұмыс істейтін болады. Жұмыс беруші тарапынан тұру орны, күніне үш мезгіл тамақ, арнайы киім және қажетті тұрмыстық жағдайлар қамтамасыз етіледі. Жоба үш айға есептелген және қоғамдық қауіптілігі төмен, оң мінездемесі бар әрі еңбекке дайын екендігі расталған сотталғандарды қамтиды. Белгіленген режимнің сақталуын және қауіпсіздікті ҚАЖ қызметкерлері тәулік бойы бақылап отырады.

«Біз адамға мамандық алып, жалақы табуға және бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмір бастауға мүмкіндік беретін жағдай жасаймыз. Бұл – Қазақстан азаматтарын әлеуметтендіруге және өңірдің тұрақты дамуына қосқан үлесіміз»,
– деді Qarmet АҚ басқарма төрағасы Вадим Басин.


Жоба мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының моделін қалыптастырып, үдерістердің ашықтығын, қатаң бақылауды және заңнаманың толық сақталуын қамтамасыз етеді. Пилоттық кезең қорытындысы бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бағдарламаның әлеуметтік, экономикалық және құқықтық тиімділігіне жан-жақты баға береді. Нәтижелері оң болған жағдайда, тәжірибе Қарағанды облысының өзге де кәсіпорындарында кеңейтілуі мүмкін.

«Жобаның басты міндеті – адамдарға нақты еңбек тәжірибесін және кәсіби дағдыларды меңгеруге мүмкіндік беру. Бұл олардың бостандыққа шыққаннан кейін қалыпты өмірге тез бейімделуіне көмектеседі. Сонымен қатар, бұл модель түзеу мекемелерінде сотталғандарды ұстауға кететін шығындарды азайту арқылы бюджетке түсетін жүктемені төмендетуге мүмкіндік береді»,
– деді Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Бекболат Шәкіров.


Айта кетейік, бұл Qarmet компаниясының әлеуметтік бейімдеу бағытындағы алғашқы жобасы емес. Бұған дейін компания өңірдің ҚАЖ департаментімен бірлесіп №29 және №31 мекемелер базасында тігін цехын ашқан болатын. Бұл бастамалар Qarmet-тің әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жүйелі саясатын көрсетеді.