QARMET
10.4K subscribers
2.71K photos
389 videos
83 links
Бөлімшелеріне арналған алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірыңғай Telegram-арна

Единый Telegram-канал по борьбе с мошенничеством и коррупцией:
@Hotline_qarmet

Chancellery@qarmet.kz
Download Telegram
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің делегациясы Qarmet компаниясына келді.

Сапар барысында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев кәсіпорын басшылығымен кездесті. Тараптар еңбекті қорғау, қызметкерлердің әлеуметтік қорғауы, өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыру және өндірістік нысандардағы еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылады.

Қонақтарға кәсіпорынның негізгі жаңа жобалары таныстырылды, соның ішінде №8–9 кокстық батареяларды салу, газификация, металлургиялық комбинаттағы ірі жөндеулер мен модернизациялар. Бірінші вице-министр кездесуді ұйымдастырғаны үшін компания басшылығына алғысын білдіріп, отандық өндірістік қуаттарды дамытудың айтарлықтай прогресін атап өтті.

Қонақтарға Qarmet University корпоративтік университетінде кадрларды даярлау жұмысы туралы айтылды. Ірі жөндеуден кейін университет металлургиялық бағыттағы мамандарды оқыту мен біліктілігін арттыруға арналған заманауи оқу алаңына айналды. Практикалық оқу үшін университетте келесі заманауи жабдықтар бар: «Биікте жұмыс» оқу-жаттығу полигоны, «Көпірлі кран» тренажёры, кокстық және домна пештері құрылымын көрсететін интерактивті 3D-атластар, «Басқару пультінің операторы», «Агломератшы», «Конвертер пешінің балқыту шебері» имитациялық тренажёры, электротехника және электродвигательдерге арналған зертханалық стендтер, «Вибродиагностика және виброналадка» стенді және «Сварщик» VR-тренажёры. Мұндай жабдық теориялық оқытуды өндірістік жағдайға мүмкіндігінше жақын практикалық дағдылармен үйлестіруге мүмкіндік береді.

Кездесу соңында делегация компанияның негізгі өндірістік бөлімшелерін аралады, соның ішінде болат балқыту жүргізілетін конвертер цехы және қорғағыш жабындары бар өнім шығаратын ыстық мырыштау және алюминийлеу цехы. Цехтарды аралау кезінде өндірістік процестер, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және еңбек жағдайларын жақсарту мен модернизациялау бастамалары көрсетілді.

Сапар соңында тараптар әлеуметтік-еңбек қатынастарын нығайту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін одан әрі ынтымақтастыққа дайын екенін растады. Арнайы назар әлеуметтік қорғау және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруға және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен қолданбалы зерттеулер жүргізуге аударылды.
Делегация министерства труда и социальной защиты населения Республики Казахстан посетила Qarmet

В ходе визита состоялась встреча Первого вице-министра труда и социальной защиты населения Республики Казахстан Аскарбека Ертаева с руководящим составом предприятия. Стороны обсудили вопросы охраны труда, социальной защиты работников, повышение уровня промышленной безопасности и улучшение условий труда на производственных объектах компании.

Гостям представлены ключевые новые проекты предприятия, включая строительство коксовых батарей №8–9, газификацию, капитальные ремонты и модернизации на металлургическом комбинате. Первый вице-министр поблагодарил руководство компании за организацию встречи и отметил значительный прогресс в развитии отечественных производственных мощностей.

Гостям рассказали о проводимой работе по подготовке персонала в корпоративном университете Qarmet University. После капитального ремонта университет стал современной образовательной площадкой для обучения и повышения квалификации специалистов по металлургическим направлениям. Для практического обучения университет оснащён современным оборудованием: учебно-тренировочным полигоном «Работы на высоте», тренажёром «Мостовой кран», интерактивными 3D-атласами по устройству коксовых и доменных печей, тренажёрами-имитаторами «Оператор поста управления», «Агломератчик» и «Сталевар конвертера», лабораторными стендами по электротехнике и электродвигателям, а также стендом «Вибродиагностика и виброналадка» и VR-тренажёром «Сварщик». Такое оснащение позволяет сочетать теоретическое обучение с практическими навыками в условиях, максимально приближённых к производству.

После совещания делегация посетила ключевые производственные подразделения компании, включая конвертерный цех, где осуществляется выплавка стали, и цех горячего цинкования и алюминирования, специализирующийся на выпуске продукции с защитными покрытиями. В ходе обхода цехов были продемонстрированы производственные процессы, меры по обеспечению безопасности персонала и реализуемые инициативы по модернизации и улучшению условий труда.

В завершение визита стороны подтвердили готовность к дальнейшему взаимодействию и совместной работе по укреплению социально-трудовых отношений коллективов. Особое внимание было уделено реализации совместных проектов и проведению прикладных исследований совместно с министерством труда и социальной защиты населения РК, направленных на совершенствование условий труда и внедрение современных подходов к социальной защите работников.
Көмір өндіру саласын модернизациялау аясында Qarmet компаниясы Super Turbo маркалы анкерлерді бекітуге арналған заманауи жабдықтың 70 данасын сатып алды.

Құрылғы тау жыныстарының төбесін соққысыз айналмалы бұрғылау және тау-кен қазбаларын жүргізу барысында анкерлік бекітпе орнатуға арналған. Бұл жабдықты қолдану өндірістік қауіпсіздік пен орындалатын жұмыстардың сенімділігін едәуір арттырады.

Компанияның шахталары жаңа жабдықтың алғашқы партиясын қабылдап үлгерді. Super Turbo нақты өндірістік жағдайда өзін қалай көрсетті — бұл туралы біздің сюжеттен көре аласыздар.
В рамках модернизации угольного направления компания Qarmet приобретает порядка 70 единиц современного оборудования Super Turbo — мощных буровых установок, предназначенных для проходки и крепления подземных выработок в шахтах.

Технология безударного вращательного бурения кровли позволяет сохранять целостность горных пород при сверлении скважин под анкеры, что значительно повышает качество и надёжность крепи. Новые установки применяются на участках подготовительных работ, способствуя ускорению производственных процессов и, что особенно важно, повышению уровня промышленной безопасности и защите персонала.

Шахты компании уже получили первую партию нового оборудования. Как анкероустановщики Super Turbo показали себя в реальных производственных условиях — смотрите в нашем видеоролике.
Qarmet металлургиялық комбинатында жаңа сортты прокат станының құрылысы жүргізіліп жатыр. Өндірісті іске қосу биылға жоспарланып отыр, ал жыл соңына қарай тауарлық арматураның алғашқы партиясын алу көзделген.

Қазіргі таңда алаңда барлық дайындық жұмыстары аяқталды: домна цехының су құбыры көшірілді, болашақ өндіріс орны аумағындағы пайдаланылмайтын нысандар бұзылды, қажетті инженерлік коммуникацияларға қолжетімділік қамтамасыз етілді. Сонымен қатар аумақ тиісті түрде жоспарланып, кірме жолдар салынды.

Бүгінде компания иелігінде диаметрі 10–32 мм аралығындағы арматура өндіруге арналған, жобалық қуаты жылына 400 мың тонна болатын сортты прокат өндірісі жұмыс істеп тұр. Ал жаңа заманауи прокат кешені жылына 540 мың тоннаға дейін сортты өнім өндіруге мүмкіндік береді. Ол сағатына 100 тонна өткізу қабілетіне ие жоғары өнімді қыздыру пешімен жоғары өнімділікті қамтамасыз ететін, өнім сапасының әлемдік стандарттарға сай болуын көздейтін заманауи прокаттау технологияларымен жабдықталатын болады.
На металлургическом комбинате Qarmet ведется строительство нового сортопрокатного стана. Запуск производства состоится уже в этом году, а к концу года планируется получение первой партии товарной арматуры.

На данный момент завершены все подготовительные работы на площадке: выполнен перенос водовода доменного цеха, демонтированы неиспользуемые сооружения на месте будущего производства и обеспечен доступ к необходимым инженерным коммуникациям, а территория получила соответствующую планировку и проезды.

Сегодня в распоряжении компании функционирует сортопрокатное производство с проектной мощностью 400 тысяч тонн арматуры диаметром от 10 до 32 мм. Новый, современный прокатный комплекс способен производить до 540 тысяч тонн сортовой продукции. Он будет оснащен высокопроизводительной нагревательной печью с пропускной способностью 100 тонн в час и современными технологиями прокатки, которые обеспечат высокую производительность и соответствие продукции мировым стандартам качества.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Әрбір үлкен кәсіби жол алғашқы қадамнан басталады. Бүгін металлургия саласындағы еңбек жолын Qarmet комбинатында бастаған жас маман Бекзат Жұмамұратовтың тарихымен бөлісеміз.

Ол не себепті металлург мамандығын таңдады, алға қандай мақсаттар қойды және қандай армандары бар — осының бәрін біздің бейнематериалдан біле аласыздар. Бекзатқа қолдау білдірейік 🙌

***

Каждый большой профессиональный путь начинается с первого шага. Сегодня делимся историей молодого металлурга Бекзата Жумамуратова, который начинает свою карьеру на металлургическом комбинате Qarmet.

Почему он решил стать металлургом, какие цели ставит перед собой и о чём мечтает — узнаем в нашем видео. Поддержим вместе Бекзата 🙌
«Құрылысмет» ЖШС-нің стандартталмаған жабдықтар мен шағын механикаландыру өндірісінде Qarmet мамандары әзірлеген жаңа бағдарламалық қамтамасыз ету енгізілді. Бұл бағдарлама сандық бағдарламалық басқаруы бар (ЧПУ) станоктарды басқаруға арналған және күрделі бөлшектерді жоғары дәлдікпен өңдеуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде, Qarmet шахталарына арналған өтпелі техника жөндеуді қамтамасыз ететін кәсіпорында еңбек шығыны едәуір қысқарды, қосымша операциялар саны азайды және өнім сапасы артты. Станоктарды бағдарламалау конструкторлық-технологиялық бөлімнің міндетінде, оның мамандары күрделі өндірістік тапсырмаларға арналған шешімдерді әзірлейді.

Заманауи технологияларды қолдану бірден байқалатын нәтижеге әкелді: бөлшектерді дайындаудағы ауытқулар азайды, жабдықтың дәлдігі мен өнімділігі артты, бұл кәсіпорынның тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатты.
На производстве нестандартизированного оборудования и малой механизации ТОО «Құрылысмет» внедрено новое программное обеспечение, разработанное специалистами Qarmet.

Оно используется для управления станками с числовым программным управлением (ЧПУ) и позволяет с высокой точностью обрабатывать сложные детали.

Благодаря этому на предприятии, обеспечивающем ремонт проходческой техники для шахт Qarmet, значительно сократились трудозатраты, уменьшилось количество дополнительных операций и повысилось качество продукции. Программирование станков выполняет конструкторско-технологический отдел, специалисты которого разрабатывают решения для сложных производственных задач.

Использование современных технологий уже дало ощутимый эффект: снизились отклонения при изготовлении деталей, выросла точность и производительность оборудования, что повысило эффективность и конкурентоспособность предприятия.
Qarmet компаниясының болат балқыту өндірісінде ең озық технологиялар қолданылады. Соның бірі — AMEPA TSD 2.0 (Thermographic Slag Detection) жүйесі. Бұл — конвертерден болат құю кезінде қожды термографиялық әдіспен анықтауға арналған заманауи шешім.

Жүйе қожды дәл әрі уақтылы анықтауды қамтамасыз етіп, оның шөмішке түсуіне жол бермейді және болаттың сапасын арттырады. AMEPA TSD 2.0 бір инфрақызыл датчикті пайдалана отырып, екі режимде жұмыс істейді.

Ыдыс ішінде датчиктердің болмауы, жоғары сенімділік пен тұрақты жұмыс, сондай-ақ жоғары температура, шаң мен ылғал жағдайында тиімді қызмет етуі бұл жүйені болат балқыту үдерісін автоматтандырудағы аса нәтижелі құралға айналдырады.

Жүйенің қалай жұмыс істейтінін жаңа бейне материалдан көре аласыздар 🙌
В сталеплавильном производстве компании Qarmet используются самые передовые технологии. Одна из них — система AMEPA TSD 2.0 (Thermographic Slag Detection), современное решение для термографического обнаружения шлака при выпуске стали из конвертера.

Система обеспечивает точное и своевременное выявление шлака, предотвращает его попадание в ковш и повышает качество стали. AMEPA TSD 2.0 работает в двух режимах с использованием одного инфракрасного датчика.

Отсутствие датчиков внутри ёмкости, высокая надёжность и стабильная работа в тяжёлых условиях при высоких температурах, пыли и влажности, делают систему эффективным инструментом автоматизации сталеплавильного процесса.

О том, как работает система, рассказываем в новом видео 🙌