ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.14K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
🔹 Как содержат республиканские трассы: журналистам показали работу дорожных служб изнутри

Сегодня на базе дорожно-эксплуатационного участка №86 в Акмолинской области прошел пресс-тур для представителей СМИ, посвященный круглогодичному содержанию автомобильных дорог республиканского значения.

Журналистам показали работу дорожного подразделения и специализированной техники — комбинированных дорожных машин, шнекороторов, дорожных пылесосов, автомобилей технической помощи и другой техники, используемой для содержания трасс в зимний и летний периоды.

В мероприятии приняли участие заместитель Председателя Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Нурхат Акылтаев и генеральный директор ТОО «КАЖсервис» Марат Сулейменов.

Особое внимание уделили подготовке дорожных служб к зиме. На предстоящий сезон заготовлено 125 534 м3 песка, 250 552 м3 отсева, 99 794 м3 соли и 18 515 м3 угля. За последние два года парк дорожных служб пополнился порядка 1 800 единицами специализированной техники.

Масштаб работы дорожников особенно заметен в зимний период. За прошедший сезон с республиканских трасс было убрано порядка 47 млн м3 снега, обеспечено сопровождение 711 тыс. автомобилей, помощь оказана 2,4 тыс. гражданам.

«Содержание дороги — это ежедневная работа, которая не прекращается ни летом, ни зимой. Главная задача для нас — обеспечить безопасный и стабильный проезд. Поэтому мы последовательно обновляем парк техники, усиливаем дорожные подразделения и заранее формируем необходимые запасы материалов. Сегодня мы специально показали журналистам эту работу изнутри — от подготовки техники до непосредственной работы на трассе», — отметил Нурхат Акылтаев.


Сотрудники ТОО «КАЖсервис» на практике продемонстрировали возможности дорожной техники, рассказали об организации дежурств, очистке трасс во время снегопадов и метелей, обработке покрытия противогололедными материалами и действиях при возникновении нештатных ситуаций.

«За проезжаемостью каждой трассы стоит круглосуточная работа механизаторов, дорожных рабочих, мастеров и диспетчеров. В период сложных погодных условий наши сотрудники находятся непосредственно на дороге. От оперативности их действий зависит безопасность тысяч людей», — подчеркнул Марат Сулейменов.


Отдельно журналистам рассказали о работе контакт-центра 1403, который функционирует круглосуточно. Для повышения оперативности информирования в его работу внедрены технологии искусственного интеллекта. С начала 2026 года контакт-центр обработал более 1 млн обращений пользователей республиканских дорог.

В завершение пресс-тура представители «ҚазАвтоЖол» и «КАЖсервис» ответили на вопросы журналистов о зимнем содержании трасс, состоянии дорожной сети, работе спецтехники и оперативном реагировании дорожных служб.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 ҚазАвтоЖол қысқы маусымға дайындығын таныстырды: жол қызметтерінің жұмысы БАҚ өкілдеріне көрсетілді

Бүгін Ақмола облысындағы №86 жол пайдалану учаскесінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жыл бойы күтіп ұстау жұмыстары таныстырылды.

БАҚ өкілдері жол қызметінің жұмысымен және арнайы техниканың мүмкіндіктерімен танысты. Олардың қатарында құрама жол машиналары, шнекороторлар, жол тазалауға арналған вакуумдық техника, техникалық көмек көліктері және қысқы әрі жазғы күтіп ұстауға арналған өзге де машиналар бар.

Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрхат Ақылтаев пен «КАЖсервис» ЖШС бас директоры Марат Сүлейменов қатысты.

Баспасөз туры барысында жол қызметтерінің қысқа дайындығына ерекше назар аударылды. Алдағы маусымға 125 534 текше метр құм, 250 552 текше метр еленген материал, 99 794 текше метр тұз және 18 515 текше метр көмір әзірленді. Соңғы екі жылда жол қызметтерінің техника паркі 1 800-ге жуық арнайы техникамен толықты.

Жолшылар еңбегінің ауқымы әсіресе қыс мезгілінде айқын көрінеді. Өткен қысқы маусымда республикалық жолдардан 47 млн текше метрге жуық қар шығарылды. 711 мың автокөліктің қауіпсіз өтуіне сүйемелдеу ұйымдастырылып, 2,4 мың азаматқа көмек көрсетілді.

«Жолды күтіп ұстау – жазда да, қыста да тоқтамайтын күнделікті еңбек. Басты міндетіміз – жолдағы қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысты қамтамасыз ету. Сондықтан техника паркін кезең-кезеңімен жаңартып, жол бөлімшелерінің әлеуетін күшейтіп, қажетті материал қорын алдын ала жасақтап келеміз. Бүгін журналистерге осы жұмыстың барлық кезеңін – техниканы дайындаудан бастап, оның жол үстіндегі қызметіне дейін көрсеттік», – деді Нұрхат Ақылтаев.


«КАЖсервис» ЖШС мамандары арнайы техниканың мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсетті. Сондай-ақ кезекшілік ұйымдастыру, қар мен боран кезінде жолды тазарту, көктайғаққа қарсы материал себу және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

«Әрбір жолдағы үздіксіз қозғалыстың артында механизаторлар, жол жұмысшылары, шеберлер мен диспетчерлердің тәулік бойғы еңбегі тұр. Ауа райы күрт нашарлаған кезде мамандарымыз тікелей жол үстінде жұмыс істейді. Мыңдаған адамның қауіпсіздігі олардың жедел әрі үйлесімді әрекетіне байланысты», – деді Марат Сүлейменов.


Журналистерге тәулік бойы қызмет көрсететін 1403 байланыс орталығының жұмысы да таныстырылды. Ақпаратты жедел өңдеу үшін орталық жұмысына жасанды интеллект технологиялары енгізілген. 2026 жылдың басынан бері 1403 байланыс орталығы республикалық жолдарды пайдаланушылардан түскен 1 млн-нан астам өтінішті өңдеді.

Баспасөз турының соңында «ҚазАвтоЖол» және «КАЖсервис» өкілдері журналистердің қысқы жол күтімі, жол желісінің жай-күйі, арнайы техниканың жұмысы және жол қызметтерінің жедел әрекеті туралы сұрақтарына жауап берді.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM