ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.17K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
🔴 «Астана – Қарағанды – Алматы» автожолының учаскесінде жүк көліктері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Алматы облыстық филиалы республикалық маңызы бар KAZ01 «Астана – Қарағанды – Алматы» автомобиль жолының Қаскелең қаласы (1209 км) – Ұлан ауылы (1201 км) аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіні туралы хабарлайды.

Жөндеу жұмыстарына байланысты 2026 жылғы 4-10 қыркүйек аралығында күн сайын сағат 06:00-ден 19:00-ге дейін жүк автокөліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

Жүк көліктері үшін уақытша айналма жол республикалық маңызы бар «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» автомобиль жолы, сондай-ақ «Алмалыбақ – Жамбыл», «Алмалыбақ – Ұлан», «Алмалыбақ – Қошмамбет», «Алмалыбақ – Елтай» жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары арқылы ұйымдастырылады.

Айналма жолдың сызбасы қоса ұсынылады.

Жеңіл және қоғамдық көліктердің қозғалысы жол жиегі арқылы жүзеге асырылады.

Жол қозғалысына қатысушылардан уақытша шектеулерді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауды, жол белгілерінің талаптарын және қозғалысты реттеушілердің нұсқауларын қатаң сақтауды сұраймыз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Трассу Кызылорда–Туркестан отремонтировали

Завершен ремонт участка автодороги Кызылорда-Туркестан, входящей в международный транзитный коридор «Западная Европа - Западный Китай». Работы начались в прошлом году. Сейчас обновленный участок полностью введен в эксплуатацию. Ежедневно по этой трассе проезжают более 10 тысяч автомобилей.

Галымжан Оспанов, руководитель отдела КОФ АО «НК «КазАвтоЖол»:

- На отдельных участках дороги образовались ямы, просадки и трещины, поэтому было принято решение провести средний ремонт. Верхний слой дорожного покрытия обновили с применением щебеночно-мастичного асфальтобетона. Также устранили все недостатки, выявленные в ходе обследования трассы. Весь комплекс работ завершили в течение трех месяцев.

Источник: Qyzylorda TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қызылорда-Түркістан жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді

Батыс Еуропа-Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізінің маңызды бөлігінің бірі - Қызылорда-Түркістан тас жолының учаскесі. Былтыр осы аралыққа орташа жөндеу басталған-ды. Енді ол толық аяқталып, қазіргі күні тәулігіне 10 мыңнан астам автокөлік жүйткіп жатыр.

Дереккөз: Қызылорда телеарнасы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Павлодарской области завершен средний ремонт 15-километрового участка автодороги «Атамекен – Аксу – Коктобе – Большой Акжар – Курчатов»

В Павлодарской области полностью завершены и введены в эксплуатацию работы по среднему ремонту участка автомобильной дороги республиканского значения KZ14-03 «Атамекен – Аксу – Коктобе – Большой Акжар – Курчатов» км 0–15.

Общая протяженность отремонтированного участка составляет 15,040 км. Данная автомобильная дорога относится ко II технической категории.

В рамках проекта было выполнено фрезерование существующего дорожного покрытия, после чего уложены нижний слой из крупнозернистой асфальтобетонной смеси и верхний слой из щебеночно-мастичного асфальтобетона (ЩМА).

Кроме того, на транспортной развязке на 11+370 км и путепроводе на 14+900 км заменены деформационные швы.

Ремонтные работы проведены в целях приведения автомобильной дороги в нормативное состояние, повышения качества дорожного покрытия, а также обеспечения безопасности и комфортности движения автотранспортных средств.

Обновленный участок дороги позволит обеспечить более безопасные и комфортные условия для водителей.

«ҚазАвтоЖол» призывает водителей соблюдать правила дорожного движения, придерживаться установленного скоростного режима и требований безопасности на дороге.

Желаем безопасных и комфортных поездок!

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Павлодар облысында «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автожолының 15 шақырымында орташа жөндеу жұмыстары аяқталды

Павлодар облысында республикалық маңызы бар KZ14-03 «Атамекен – Ақсу – Көктөбе – Үлкен Ақжар – Курчатов» автомобиль жолының 0–15 шақырым аралығындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталып, пайдалануға берілді.

Жөндеуден өткен учаскенің жалпы ұзындығы 15,040 шақырымды құрайды. Аталған автомобиль жолы II техникалық санатқа жатады.

Жоба аясында қолданыстағы жол жабыны жонылып, ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасынан төменгі қабат және қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон қоспасынан жоғарғы қабат төселді.

Сонымен қатар, 11+370 шақырымдағы жол айрығында және 14+900 шақырымда орналасқан жол өтпесінде деформациялық жіктер ауыстырылды.

Жөндеу жұмыстары автомобиль жолын нормативтік талаптарға сәйкес күтіп-ұстау, жол жабынының сапасын жақсарту және автокөлік қозғалысының қауіпсіздігі мен қолайлылығын арттыру мақсатында жүргізілді.

Жаңартылған жол учаскесі жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі жайлы қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«ҚазАвтоЖол» автокөлік жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін сақтап, жылдамдық режимін ескеруді және жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді. Сапарларыңыз сәтті болсын!

🌐Телеграм 🌐 Инстаграм 🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол сапасы

Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмысы жүріп жатыр. Жол қызметінің техникалық паркі кеңейіп, жаңа техника шығарылды. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облыстық филиалының мәліметінше, жол қауіпсіздігі мен тазалық жұмыстарына 366 қызметкер мен 181 арнайы техника жұмылдырылған. Биыл автопарк шаңсорғыш және шөп шапқыш машиналармен толықты. Жолдағы қауіпсіздікке ерекше мән беріледі. Адамдар жиі жүретін жерлерде жол таңбалары өзгертіліп, өткелдер қайта боялады.

Дереккөз: Qonaev Media
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Километр за километром

В Алматинской области продолжаются работы по содержанию автомобильных дорог республиканского значения. Для обеспечения безопасности и чистоты трасс задействованы 366 сотрудников и 181 единица специальной техники. В этом году автопарк пополнился вакуумными уборочными машинами и техникой для покоса травы. Особое внимание уделяют участкам дорог, проходящим через населённые пункты и местам с интенсивным пешеходным движением. Здесь обновляют дорожную разметку и заново наносят обозначения пешеходных переходов.

Источник: Qonaev Media
🔹 ИИ-камеры зафиксировали ДТП на трассе Астана – Темиртау из-за потери внимания водителей

На трассе Астана – Темиртау камеры с элементами искусственного интеллекта зафиксировали несколько попутных столкновений. Судя по видеозаписям, водители своевременно не реагировали на дорожную обстановку и практически без торможения столкнулись с автомобилями впереди.

Причиной потери концентрации могли стать сонливость, усталость или отвлечение на смартфон. Точные обстоятельства ДТП устанавливаются компетентными органами. В результате зафиксированных аварий погибших нет.

Эти кадры показывают, насколько опасными могут быть несколько секунд невнимательности. На высокой скорости автомобиль за это время преодолевает десятки метров, а у водителя практически не остается возможности избежать столкновения.

ҚазАвтоЖол призывает водителей не пользоваться смартфоном во время движения и не продолжать поездку при появлении сонливости. Если чувствуете усталость — остановитесь в безопасном месте и отдохните.
🔹Астана – Теміртау автожолындағы жол-көлік оқиғаларын ЖИ камералар тіркеді

Астана – Теміртау тасжолында жасанды интеллект элементтері бар камералар бір бағытта қозғалып келе жатқан көліктердің бірнеше соқтығысуын тіркеді. Бейнежазбалардан жүргізушілердің жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет етпей, алда келе жатқан көліктерге тежегішті басып үлгерместен соғылғанын көруге болады.

Жүргізушілердің зейінін жоғалтуына қалғып кету, шаршау немесе смартфонға алаңдау себеп болуы мүмкін. Жол-көлік оқиғаларының нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр. Тіркелген жол апаттарынан қаза тапқандар жоқ.

Бұл кадрлар жол үстіндегі бірнеше секундтық алаңдаушылықтың өзі қаншалықты қауіпті екенін көрсетеді. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік бірнеше секундтың ішінде ондаған метр қашықтықты жүріп өтеді. Мұндай жағдайда жүргізушінің қауіпті байқап, дер кезінде әрекет етуіне және соқтығыстың алдын алуына мүмкіндік азаяды.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жүргізушілерді көлік қозғалысы кезінде смартфон пайдаланбауға және ұйқы қыса бастаған жағдайда сапарды жалғастырмауға шақырады. Шаршағаныңызды сезсеңіз, қауіпсіз жерге тоқтап, міндетті түрде тынығып алыңыз.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍂 Осень меняет пейзаж вдоль республиканских трасс, но работа дорожников продолжается ежедневно.

Пока тысячи автомобилей следуют по своим маршрутам, специалисты КазАвтоЖол очищают проезжую часть и обочины, приводят в порядок дорожные знаки, убирают мусор и следят за чистотой придорожной территории.

Такая работа редко оказывается в центре внимания, но именно из этих ежедневных задач складывается содержание дорог.

Чистая обочина, заметный дорожный знак и порядок вдоль трассы — результат труда людей, которые каждый день выходят на дорогу независимо от погоды и времени года.

С заботой о дороге и тех, кто по ней едет.

С любовью, КазАвтоЖол💞
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🍂 Күз жол бойына өз бояуын төгіп, даланы сары реңге бөлей бастады. Жапырақтар жерге түсіп, табиғат жаңа маусымның тынысына енді. Алайда республикалық маңызы бар күре жолдардағы жұмыс бір сәтке де саябырсыған емес.

Күн сайын мыңдаған көлік алыс-жақын бағыттарға бет алады. Жолаушылардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз ету үшін «ҚазАвтоЖол» қызметкерлері жол төсемі мен жиектерін тазалап, белгілердің талапқа сай болуын тексереді. Сондай-ақ жол жиегіндегі тұрмыстық қалдықтарды жинап, аумақтың санитарлық жағдайын тұрақты бақылауда ұстайды.

Жолдың ұқыпты қалпы, белгілердің анық көрінуі, айналаның жинақылығы көпшілік үшін үйреншікті көрініс болуы мүмкін. Дегенмен осы қалыпты жағдайдың артында күн сайын өз міндетін мінсіз атқарып жүрген мамандардың еңбегі жатыр.

Жаңбырлы күн мен ызғарлы жел де жолшылардың жұмыс ырғағын бұза алмайды. Өйткені жолды күтіп ұстау – асфальт жамылғысын бақылаумен ғана шектелмейді. Бұл – сапарға шыққан әр азаматтың амандығына деген жауапкершілік.

Жолға жанашырлық – жолаушыға құрмет.

Ізгі ниетпен, «ҚазАвтоЖол» 💞
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Туризм начинается с дороги: как меняется инфраструктура

Спикер: Дудар Сагитов, руководитель проекта Департамента эксплуатации НК «ҚазАвтоЖол»

Источник: 24КЗ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Зачем объезжать весовой контроль, если нечего скрывать?

Несколько дней назад мы рассказали о повышенной нагрузке на новую автомобильную дорогу Талдыкорган – Усть-Каменогорск в области Абай. Сегодня показываем тех, кто напрямую угрожает ее состоянию.

На видео — грузовые автомобили, выезжающие с карьера с кузовами, загруженными строительными материалами. При приближении к автоматизированной станции измерения (АСИ) водители съезжают с проезжей части на обочину и объезжают систему весового контроля.

У этих грузовиков — перегруз. И именно они являются одними из главных врагов асфальта. Тяжеловесный транспорт разрушает дорожное покрытие, ускоряет появление трещин, колейности и деформаций.

Возникает закономерный вопрос: если весовые нормы соблюдены, зачем объезжать АСИ?

АСИ автоматически измеряет весовые и осевые параметры транспорта. Это не препятствие для бизнеса и не попытка ограничить грузовые перевозки. Это инструмент защиты дорог, построенных в том числе за государственные средства.

Последствия повышенной нагрузки на этой трассе уже приходится устранять. За короткий период восстановительные работы затронули более 10 тысяч м2 асфальтобетонного покрытия. Одной из главных причин повреждений является движение перегруженного транспорта.

Но, объезжая АСИ по обочине, грузовики создают дополнительную нагрузку и на элементы дороги, которые не предназначены для систематического движения многотонных автомобилей.

Мы обращаемся к владельцам карьеров, грузоперевозчикам и организациям, использующим такой транспорт: не ищите способы объехать контроль — соблюдайте весовые и осевые нормы.

Стране нужны новые дороги, инфраструктурные объекты и работающий бизнес. Но развитие одного направления не должно происходить за счет преждевременного разрушения другого.

Дорога общая. Правила тоже общие. Перегруженные грузовики — главные враги асфальта. АСИ нужно не объезжать — его нужно проезжать.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жасыратын жүк болмаса, салмақ бақылауын айналып өтудің қажеті не?

Бірнеше күн бұрын Абай облысындағы жаңадан жаңғыртылған Талдықорған – Өскемен автомобиль жолына түсіп отырған шамадан тыс жүктеме туралы жазған едік. Енді сол жолдың жай-күйіне тікелей қауіп төндіріп отырған жағдайды нақты бейнежазба арқылы көрсетіп отырмыз.

Кадрларда карьерден құрылыс материалдарын тиеп шыққан ауыр жүк көліктері көрінеді. Автоматтандырылған өлшеу станциясына (АӨС) жақындаған сәтте жүргізушілер негізгі жолдан шығып, жол жиегі арқылы салмақ бақылау жүйесін айналып өтеді.

Бұл көліктердің салмағы белгіленген нормадан асып отыр. Ал шамадан тыс жүк – асфальттың ең үлкен жауларының бірі. Артық салмақ жол конструкциясына есептік мөлшерден жоғары күш түсіріп, жамылғының мерзімінен бұрын тозуына, ойық іздердің, жарықтар мен түрлі деформациялардың пайда болуына әкеледі.

Осы тұста заңды сауал туындайды: егер көліктің салмағы мен осьтік жүктемесі талапқа сай болса, автоматтандырылған өлшеу станциясын айналып өтудің қажеті не?

АӨС көліктің жалпы салмағы мен оське түсетін жүктемені автоматты түрде өлшейді. Бұл – кәсіпке кедергі келтіретін құрал да, жүк тасымалын шектеудің амалы да емес. Керісінше, мемлекет қаржысына салынған жолдарды мерзімінен бұрын бүлінуден қорғайтын бақылау тетігі.

Бұл бағыттағы шамадан тыс жүктеменің салдарын қазірдің өзінде жоюға тура келіп отыр. Қысқа мерзім ішінде 10 мың шаршы метрден астам асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру қажеттілігі туындады. Жолдың бүлінуіне ықпал етіп отырған негізгі факторлардың бірі – белгіленген салмақ нормаларын сақтамайтын ауыр жүк көліктерінің қозғалысы.

Мәселенің тағы бір қыры бар. АӨС-ті айналып өту үшін көп тонналы көліктер жол жиегіне шығады. Ал жол жиегі ауыр жүк көліктерінің тұрақты қозғалысына арналмаған. Соның салдарынан негізгі жол жамылғысына ғана емес, жолдың өзге де конструктивтік элементтеріне қосымша салмақ түседі.

Осыған байланысты карьер иелерін, жүк тасымалдаушыларды және ауыр жүк көліктерін пайдаланатын ұйымдарды бақылаудан айналып өтудің жолын іздемей, белгіленген салмақ пен осьтік жүктеме нормаларын сақтауға шақырамыз.

Елге жаңа жол да, жаңа инфрақұрылым да, тұрақты жұмыс істейтін бизнес те қажет. Алайда бір саланың дамуы екінші инфрақұрылымның мерзімінен бұрын бұзылуы есебінен жүзеге аспауға тиіс. Экономикалық белсенділік пен жолдың сақталуы бір-біріне қарсы ұғым емес. Мұнда бар болғаны ортақ талапты сақтау қажет.

Жол – ортақ. Талап – бәріне бірдей.
Артық жүк – асфальттың жауы.
Салмақ бақылауын айналып өтпей, белгіленген тәртіппен өткен жөн.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️ ИИ-камеры зафиксировали момент смертельного ДТП на трассе Астана – Караганда – Алматы

Камеры с элементами искусственного интеллекта зафиксировали момент дорожно-транспортного происшествия на 51-м километре автомобильной дороги республиканского значения Астана – Караганда – Алматы.

На видеозаписи видно, как автомобиль Mercedes, двигавшийся в направлении Астаны, при совершении маневра обгона допустил попутное столкновение с автомобилем «Газель». После удара водитель «Газели» потерял управление, транспортное средство съехало с проезжей части и опрокинулось в кювет.

В результате ДТП погиб человек. Обстоятельства и причины произошедшего устанавливаются компетентными органами.

ҚазАвтоЖол призывает водителей соблюдать скоростной режим и правила дорожного движения, а перед совершением обгона объективно оценивать дорожную обстановку. Один рискованный маневр может стоить человеческой жизни.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▪️ЖИ-камералар Астана – Қарағанды – Алматы тасжолындағы адам өліміне әкелген жол апатын тіркеді

Жасанды интеллект элементтері бар камералар республикалық маңызы бар Астана – Қарағанды – Алматы автомобиль жолының 51-шақырымында болған жол-көлік оқиғасын тіркеді.

Бейнежазбадан Астана қаласы бағытында қозғалып келе жатқан Mercedes автокөлігінің басып озу маневрін жасау кезінде «Газель» автокөлігімен бір бағытта соқтығысқанын көруге болады. Соққы салдарынан «Газель» жүргізушісі көлікті басқара алмай, жолдың жүру бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде аударылған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тапты. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын құзырлы органдар анықтап жатыр.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді белгіленген жылдамдық режимі мен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, ал басып озу маневрін жасамас бұрын жолдағы жағдайды жан-жақты бағалауға шақырады.

Жол үстіндегі бір ғана тәуекелді әрекеттің құны адам өміріне тең болуы мүмкін.
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
⚠️ Жүргізушілер назарына!

2026 жылғы 7 қыркүйек сағат 14:20 шамасында Астана – Қарағанды – Алматы автожолының 165-шақырымында, Ақтау жол өткелі маңында жол-көлік оқиғасы орын алды. Экскаватор тиелген трал тіркемесі бар VOLVO жүк көлігі жол өткелінің конструкциясына соғылған.

Оқиға салдарынан жол өткелінің конструкциясына механикалық зақым келді. Қазіргі уақытта мамандар нысанның техникалық жай-күйіне тексеру жүргізіп жатыр.

🚙

⚠️ Вниманию водителей!

7 сентября 2026 года около 14:20 на 165-м км автодороги Астана – Караганда – Алматы, в районе Актауского путепровода, произошло ДТП.
Грузовой автомобиль VOLVO с прицепом-тралом, перевозивший экскаватор, задел конструкцию путепровода.

В результате сооружению причинены механические повреждения. Специалисты проводят обследование путепровода.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴 Маңғыстау облысында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

2026 жылғы 8-14 қыркүйек аралығында орташа жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты республикалық маңызы бар KAZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сай-Өтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» автомобиль жолының 705–712 шақырымдары аралығындағы (Шетпе–Жетібай) учаскесінде барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Жөндеу жұмыстары кезеңінде автокөлік қозғалысы Жетібай ауылының ішкі жолы арқылы ұйымдастырылады.

Жолды 2026 жылғы 14 қыркүйекте ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

#QAJ

🔴 Об ограничении движения в Мангистауской области

В период с 8 по 14 сентября 2026 года в связи с проведением работ по среднему ремонту на участке автомобильной дороги республиканского значения KAZ-11 «Доссор – Кульсары – Бейнеу – Сай-Утес – Шетпе – Жетыбай – Актау» км 705–712 (Шетпе–Жетыбай) будет введено временное ограничение движения для всех видов транспорта.

На период проведения ремонтных работ движение автотранспортных средств будет осуществляться по внутренней дороге села Жетыбай.

Ориентировочное время открытия движения – 14 сентября 2026 года.

Позвонив в Колл-центр 1403, вы можете получить дополнительную информацию в любое время суток.