ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.15K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Күйік асуында апаттық тұйық салынды

Жамбылдың жолдары қырлы жерлерден төмен түсіп, жазыққа ұласатындықтан, арасында қауіпті учаскелер де кездеседі. Әсіресе, Күйік асуымен жүру жүк көліктері үшін қиын. Асу тым биік болғандықтан, көп темір тұлпардың тежегішіне салмақ түсіп, ақау пайда болып жатады. Осыны ескерген «ҚазАвтоЖол» автодәліз бойындағы қыратқа апаттық тұйық жол салды. Ол үшін жоталарды жарып, 47 метр биіктікте машинаның екпінін бәсеңдетуге арналған арнайы шағал төседі. Енді қыста тайып, тежегіші істен шыққандар жол жиегіне түсіп, қауіпсіз тоқтай алады. Мамандар бұл шешім трассадағы қайғылы жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді дейді.

Еламан Тұрсынбек, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жамбыл облыстық филиалының бас маманы:

— Бұл апаттық тұйықтың негізгі мақсаты — жол бойындағы ауыр жүк көліктерінің тежегіші істен шыққан уақытта бұрылып, осы жаққа төтенше тоқтауға арналған. Бізге ең маңызды нәрсе — жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Дереккөз: «Еуразия» бірінші арнасы
🔹 Свыше 661 тыс. нарушений скоростного режима зафиксировано на платных дорогах с начала года

С начала 2026 года на платных автомобильных дорогах Казахстана переданы данные более чем о 661 тыс. нарушений скоростного режима. Основная часть — свыше 518 тыс. фактов — приходится на превышение средней скорости движения.

Сегодня на платных автодорогах применяются два механизма контроля скорости. На 11 участках действует контроль средней скорости: система определяет время, за которое автомобиль преодолевает определенный отрезок дороги, и рассчитывает среднюю скорость движения. Этот механизм был внедрен в 2025 году.

С 1 января по 14 сентября 2026 года по результатам контроля средней скорости передано более 518 тыс. нарушений. Это порядка 78% от общего количества переданных фактов превышения скорости.

Кроме того, на 23 платных участках осуществляется фиксация превышения установленного скоростного режима — непосредственно в зоне действия соответствующего ограничения. С начала текущего года передано более 143,2 тыс. таких нарушений.

Таким образом, речь идет о двух разных форматах контроля: в первом случае оценивается скорость автомобиля на протяжении определенного участка дороги, во втором — соблюдение установленного ограничения скорости в конкретной зоне контроля.

Контроль скоростного режима на республиканских автодорогах направлен прежде всего на повышение безопасности движения и снижение рисков тяжелых ДТП. Высокая скорость сокращает время для реакции водителя и увеличивает тяжесть последствий возможного столкновения.

«ҚазАвтоЖол» призывает водителей соблюдать установленный скоростной режим не только в местах расположения камер, но и на всем протяжении маршрута. Безопасность на дороге начинается не с камеры — она начинается с ответственности самого водителя.
🔹 Жыл басынан бері ақылы жолдарда жылдамдықты асырудың 661 мыңнан астам дерегі тіркелді

2026 жылдың басынан бері Қазақстанның ақылы автомобиль жолдарында жылдамдық режимін бұзуға қатысты 661 мыңнан астам дерек тиісті жүйеге жолданды. Соның басым бөлігі – 518 мыңнан астамы орташа жылдамдықты асыруға қатысты.

Қазіргі уақытта ақылы жолдарда жылдамдықты бақылаудың екі тәсілі қолданылады. 11 учаскеде орташа жылдамдық бақыланады. Жүйе көліктің жолдың белгілі бір бөлігін қанша уақытта жүріп өткенін анықтап, соның негізінде орташа жылдамдығын есептейді. Бұл бақылау тәсілі 2025 жылы енгізілген.

2026 жылғы 1 қаңтар мен 14 қыркүйек аралығында орташа жылдамдықты бақылау нәтижесінде 518 мыңнан астам құқық бұзушылық дерегі жолданды. Бұл жылдамдықты асыруға қатысты барлық жолданған деректің шамамен 78%-ын құрайды.

Бұдан бөлек, 23 ақылы учаскеде белгіленген жылдамдықты асыру деректері тіркеледі. Яғни бұл жағдайда көліктің жылдамдығы тиісті шектеу белгіленген нақты бақылау аймағында өлшенеді. Жыл басынан бері осындай 143,2 мыңнан астам дерек жолданған.

Демек, бұл – жылдамдықты бақылаудың екі бөлек тәсілі. Біріншісінде көліктің белгілі бір жол бөлігіндегі орташа жылдамдығы есептелсе, екіншісінде нақты бақылау аймағындағы белгіленген жылдамдықтың сақталуы тексеріледі.

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жылдамдықты бақылаудың негізгі мақсаты – қозғалыс қауіпсіздігін арттыру және ауыр жол-көлік оқиғаларының қаупін азайту. Жоғары жылдамдық жүргізушінің жолдағы жағдайға дер кезінде әрекет ету мүмкіндігін азайтып, ықтимал соқтығыстың салдарын ауырлатады.

«ҚазАвтоЖол» жүргізушілерді жылдамдық режимін камера орнатылған жерлерде ғана емес, бүкіл бағыт бойында сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік камерадан емес, жүргізушінің жауапкершілігінен басталады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының Абай облыстық филиалының мамандары республикалық маңызы бар автожолдарда белгіленген салмақ нормаларын бұзатын ауыр жүк көліктерін анықтау және олардың қозғалысын бақылау жұмыстарын жүргізуде
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Специалисты филиала нацкомпании «ҚазАвтоЖол» по области Абай проводят на автомобильных дорогах республиканского значения работу по выявлению и контролю большегрузных транспортных средств, превышающих установленные весовые нормы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 11,9 млрд уже потратили. Когда достроят дорогу до Туркменистана? | Jol live

229 км дороги, которая должна связать Мангистаускую область с международными маршрутами в сторону Туркменистана, Ирана и Персидского залива. Где-то покрытие сохранилось в хорошем состоянии после реконструкции 2020 года, а спустя несколько десятков километров начинается практически бездорожье.

Сейчас на трассе одновременно идут средний и капитальный ремонт. Почему ремонт разделили на разные виды? Куда уходят миллиарды? Почему часть работ может завершиться уже в этом году при дополнительном финансировании? И когда вся дорога будет готова?

Смотрите новый выпуск совместного с АО «НК «КазАвтоЖол» проекта «Jol live» – о дороге, которая должна стать важным маршрутом для грузоперевозок Казахстана.

Источник: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Кеген-Нарынқол автожолы: 74 шақырымдық жол жөндеу қарқыны қандай? | Jol Live

Алматы облысындағы Кеген-Нарынқол автожолының 74 шақырымында орташа жөндеу жүргізілуде. Жолға 60-тан астам арнайы техника мен 90-нан астам жұмысшы жұмылдырылған. Қазір учаскелерде асфальтбетон жабынын төсеу жұмыстары атқарылып жатыр. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған Jol Live жобасында жөндеу барысын көрсетеміз.

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Ремонт 40 км трассы KAZ03 в Акмолинской области выполнен на 97%

В Акмолинской области завершается средний ремонт 40-километрового участка республиканской автодороги KAZ03 «Астана – Атбасар – Жаксы – Рузаевка – Сарыколь – Костанай – граница Российской Федерации». На сегодняшний день готовность работ по восстановлению дорожного покрытия достигла 97%.

Ремонт проводится на участке с 139-го по 179-й км. В рамках проекта предусмотрены восстановление дорожного полотна, устранение дефектов покрытия и другие работы, направленные на улучшение состояния трассы.

Всего планируется отремонтировать 371 тыс. квадратных метров дорожного покрытия. На текущий момент работы выполнены уже на 361 тыс. квадратных метров.

Отдельное внимание уделено безопасности движения. На 4 км дороги планируется установить наружное освещение, что улучшит видимость и условия движения в темное время суток.

На объекте задействованы 54 специалиста и 31 единица дорожной техники.

После завершения ремонта улучшатся транспортно-эксплуатационные характеристики участка, повысится безопасность движения и комфорт для пользователей республиканской трассы.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Ақмола облысындағы KAZ03 автожолының 40 шақырымы 97%-ға жөнделді

Ақмола облысында республикалық маңызы бар KAZ03 «Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – Ресей Федерациясының шекарасы» автомобиль жолының 40 шақырымында орташа жөндеу аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта жол жамылғысын қалпына келтіру жұмыстарының 97%-ы орындалды.

Жөндеу жолдың 139-179-шақырымдары аралығында жүргізіліп жатыр. Мұнда жол төсемі қалпына келтіріліп, жамылғыдағы ақаулар жойылуда. Сондай-ақ автожолдың жай-күйін жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыс атқарылуда.

Жоба бойынша барлығы 371 мың шаршы метр жол жамылғысын жөндеу жоспарланған. Бүгінде оның 361 мың шаршы метрінде жұмыс аяқталды.

Жол қозғалысының қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінген. Жолдың 4 шақырымына сыртқы жарықтандыру жүйесін орнату жоспарланып отыр. Бұл түнгі уақытта жолдың көрінуін жақсартып, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Жөндеу жұмыстарына 54 маман мен 31 арнайы жол техникасы жұмылдырылған.

Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жолдың осы бөлігінің жай-күйі жақсарып, қозғалыс қауіпсіздігі мен жүргізушілерге қолайлылық артады.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жаңа орталық көлік дәлізі түзіледі

Спикер: Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол бойын жасанды интеллект күзетеді

661 мың адам жылдамдықты асырған. Бұл – ақылы жолдардағы жағдай. Жасанды интеллект анықтады. Астанадан шығатын күре жолдарға ақылды камералар орнатылып жатыр. Бейнебақылау артық-ауыс қозғалысты қалт жібермейді. Шығыны да аз. Күн мен желден қуат алады. Ең бастысы жол бойына шыққан көлікті, жолдың аяғына дейін көзден таса қылмайды. Бұл қауіпсіздік үшін аса қажет.

Ниязбек Ахметов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақылы автомобиль жолдары дирекциясы филиалының бас талдаушысы :

- Осы жүйе диспетчерлерге сигнал береді. Осындай километрде, әрбір километр бойынша орнатылған камерада осы арақашықтықта инцидент бар деген сияқты. Мысалы, жануар жолға шығып кетті деп диспетчерге синал береді де, диспетчер соған әрекет жасайды. Мысалы, біздің қызметкерлерге сол ақпаратты жібереді де, олар сол малды, жануарды жолдан алып тастауға әрекет жасайды.

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қызылорда облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтті

Қызылорда облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға және жол пайдаланушылары арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жолда қабылдау» акциясы өтті.

Іс-шараны «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мен «ҚАЖсервис» ЖШС-нің Қызылорда облысы бойынша филиалдары бастамасымен Көлік прокуратурасы, облыстық Полиция департаменті және Көлік бақылау инспекциясының қатысуымен ұйымдастырылды.

Акция барысында жол пайдаланушыларға жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және жолдағы қауіпсіздік талаптарын орындау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мамандар жүргізушілердің сұрақтарына жауап беріп, жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Мұндай іс-шаралар жол пайдаланушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға, жол қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Кызылординской области прошла акция «Прием на дороге»

В Кызылординской области состоялась акция «Прием на дороге», направленная на повышение безопасности дорожного движения и профилактику нарушений правил дорожного движения.

Мероприятие организовано по инициативе филиалов АО «НК «ҚазАвтоЖол» и ТОО «ҚАЖсервис» в Кызылординской области при участии транспортной прокуратуры, Департамента полиции области и Инспекции транспортного контроля.

В рамках акции специалисты провели с водителями и другими участниками дорожного движения разъяснительную работу по вопросам соблюдения правил дорожного движения, безопасного поведения на дороге и ответственности за их нарушение.

Участникам также рассказали о необходимости неукоснительного соблюдения требований безопасности, особенно при движении по республиканским автомобильным дорогам.

Подобные мероприятия позволяют наладить прямой диалог с участниками дорожного движения, оперативно разъяснять актуальные вопросы и повышать культуру безопасного поведения на дорогах.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Павлодар облысында KAZ04 автожолының учаскесі жөнделуде

Павлодар облысында республикалық маңызы бар KAZ04 «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 230+544 – 253+120 шақырым аралығында орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жөндеуден өтіп жатқан учаскесінің ұзындығы – 22,6 шақырым.

Жұмыстарға 29 арнайы техника мен 46 маман жұмылдырылған. Қазіргі уақытта жолдың негізін суық жону әдісімен қайта өңдеу және төменгі қабатын төсеу жұмыстары екі бағытта да толық аяқталды. Жоғарғы қабатты төсеу жұмыстары кері бағытта 78% орындалды.

Сонымен қатар, жол айрықтары, жол жиегі, орталық бөлу жолағы, көпір және демалыс алаңындағы жұмыстар жүргізілуде. Демалыс алаңын абаттандыру аясында жол жамылғысы толық жөнделіп, эстакада құрылысы 95% аяқталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыру мақсатында учаскеде автоматты салмақ өлшеу жүйесін орнату, барьерлік қоршаулар, сигналдық бағаналар, санитарлық-гигиеналық торап, жол таңбалары мен су бұру элементтерін орнату жұмыстары да қарастырылған.

Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін аталған учаскеде жол қозғалысының қауіпсіздігі мен жайлылығы артып, жол инфрақұрылымының пайдалану жағдайы жақсарады.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 На участке автодороги KAZ04 в Павлодарской области проводится средний ремонт

В Павлодарской области продолжаются работы по среднему ремонту участка автомобильной дороги республиканского значения KAZ04 «Астана – Шидерты – Павлодар – Успенка – граница РФ» на км 230+544 – 253+120. Протяженность ремонтируемого участка составляет 22,6 километра.

В работах задействованы 29 единиц техники и 46 специалистов. На сегодняшний день полностью завершены работы по ресайклированию основания дороги и устройству нижнего слоя покрытия в обоих направлениях. Устройство верхнего слоя покрытия в обратном направлении выполнено на 78%.

Параллельно ведутся работы на съездах, обочинах, осевой разделительной полосе, путепроводе и площадке отдыха. На площадке отдыха дорожная одежда отремонтирована на 100%, строительство эстакады выполнено на 95%.

Для повышения безопасности и комфорта дорожного движения предусмотрена установка автоматической системы измерения весовых параметров (АСИ), санитарно-гигиенического узла, а также барьерного ограждения, сигнальных столбиков, дорожной разметки и элементов водоотвода.

После завершения ремонта ожидается повышение безопасности и комфортности движения, а также улучшение эксплуатационного состояния данного участка дороги.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🟢 Маңғыстау облысында көлік қозғалысын ашу туралы

2026 жылғы 17 қыркүйек сағат 20:00-де республикалық маңызы бар «Доссор — Құлсары — Бейнеу — Сай-Өтес — Шетпе — Жетібай — Ақтау теңіз порты» автожолының 705 — 712 шақырым аралығындағы учаскесінде (Шетпе ауылы — Жетібай ауылы) көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс ашылады.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

#QAJ

🟢 Об открытии движения в Мангистауской области

17 сентября 2026 года в 20:00 будет открыто движение для всех видов автотранспорта на участке автодороги республиканского значения «Доссор — Кульсары — Бейнеу — Сай-Утес — Шетпе — Жетыбай — морской порт Актау» км 705 — 712 (с. Шетпе — с. Жетыбай) — ул. Караванная рабочего поселка г. Петропавловск).

Позвонив в Колл-центр 1403, вы можете получить дополнительную информацию в любое время суток.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Түркістан облысында жол өткеліне күрделі жөндеу жүргізілуде

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында республикалық маңызы бар «Қорғас – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент» автомобиль жолының 756-шақырымындағы жол өткеліне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарапхана елді мекеніне жақын орналасқан нысанның көліктік маңызы зор. Аталған автожол Қазақстанның оңтүстігіндегі ірі қалалар мен шекаралас аумақтар арасындағы көлік қатынасын қамтамасыз етіп, жүк және жолаушылар тасымалында маңызды рөл атқарады.

Жоба аясында қолданыстағы жол өткелін жаңарту, оңға және солға бұрылатын жолайрықтар салу, сондай-ақ жол инфрақұрылымының қажетті элементтерін орнату қарастырылған.

Қазіргі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші 90%-ды құрайды. Нысанда абаттандыру жұмыстарының соңғы кезеңі жүргізілуде. Атап айтқанда, дөңгелек қағатын брустар, жол жиегіндегі науалар мен темірбетон блоктар орнатылуда.

Сонымен қатар сыртқы жарықтандыру жүйесі бойынша 101 тірек пен 127 жарықтандырғыш орнату көзделген.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылғы қазан айының соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беру жоспарланған.

Жол өткелін жаңарту аталған учаскедегі қозғалыс жағдайын жақсартып, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар жаңартылған инфрақұрылым өңірдегі жүк және жолаушылар тасымалының тиімділігін арттырып, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Туркестанской области продолжается капитальный ремонт путепровода

В Казыгуртском районе Туркестанской области продолжается капитальный ремонт путепровода на 756-м километре автомобильной дороги республиканского значения «Хоргос – Алматы – Тараз – Шымкент – Ташкент».

Объект расположен вблизи населенного пункта Сарапхана. Здесь проводится капитальный ремонт существующего путепровода с устройством право- и левоповоротных съездов.

Участок имеет важное транспортное значение. Автомобильная дорога обеспечивает транспортное сообщение между крупными городами юга Казахстана и приграничными территориями, а также играет важную роль в перевозке грузов и пассажиров.

В рамках проекта предусмотрено обновление существующего путепровода, устройство право- и левоповоротных съездов, а также установка необходимых элементов дорожной инфраструктуры.

На сегодняшний день общий объем выполненных работ составляет 90%. На завершающем этапе проводятся работы по обустройству дороги. В частности, устанавливаются колесоотбойные брусья, прикромочные лотки и железобетонные блоки.

В рамках устройства наружного освещения предусмотрена установка 101 опоры и 127 светильников.

Завершение работ и ввод объекта в эксплуатацию запланированы до конца октября 2026 года.

Реализация проекта позволит улучшить условия движения для водителей и пассажиров, повысить безопасность дорожного движения и обеспечить комфортное транспортное сообщение. Обновленная дорожная инфраструктура также создаст дополнительные условия для перевозки сельскохозяйственной продукции и развития предпринимательской деятельности в регионе.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Қарағанды облысында жол құрылысы қарқын алды

Жолдар да жаңарып жатыр. Қарағанды мен Жезқазғанның арасына қос қатар жол түседі. Жалпы республикалық маңыздағы жаңа автожолдың ұзындығы – 457 шақырым. Оның 122 шақырымы Қарағанды облысының аумағынан өтеді.

Екінші техникалық санаттағы қос жолақты трасса қолданыстағы ескі жолдың жанынан салынып жатыр. Бұл жол – орталық, солтүстік және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік байланысын жақсартады. Жол қысқарады. Құрылыс 2029 жылы аяқталады.

Нұрсұлтан Елемесов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ ҚОФ директорының орынбасары:

- Бізде құрылыс маусымы мұнымен аяқталмайды. Қыста материалдарды дайындау жұмыстары жүргізіледі. Темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыттармен келісімшарттар жасалады. Сондай-ақ келесі жылға қажетті инертті материалдар дайындалады. Мердігерлік компаниялар техникаларын жөндейді.


Дереккөз: 24КЗ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Как идет строительство трассы «Караганда – Жезказган»

Продолжается строительство трассы «Караганда – Жезказган», передает «24KZ». За 2,5 месяца там сняли верхний слой грунта и приступили к отсыпке земляного полотна.

Работы идут в Жанааркинском районе Улытау в направлении Карагандинской области. Сейчас строительством охвачено 70 километров дороги. Уже завершены геологические и геодезические исследования. Ход строительства контролируют специалисты Национального центра качества дорожных активов.

Общая протяжённость трассы – 457 километров, из них 122 проходят по территории Карагандинской области. После завершения строительства улучшится транспортное сообщение между центральными, северными и южными регионами страны, а также сократится время в пути, отметили в «ҚазАвтоЖол».

Нурсултан Елемесов, заместитель директора филиала НК «ҚазАвтоЖол»:

- У нас строительный сезон на этом не заканчивается. Идёт заготовка материалов параллельно, договоры заключаются с заводами по изготовлению железобетонных изделий. Будет заготовка инертного материала, необходимого на следующий год.


Источник: 24КЗ