ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.14K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Атыраулықтар жылдар бойы күткен жол: Мұқыр-Құлсары бағыты қашан толық жаңарады? | Jol Live

Мұқыр-Құлсары бағытының мәселесі атыраулықтарды талай жылдан бері толғандырып келеді. 134 шақырымдық бұл жол өңірлер арасындағы көлік қатынасы үшін маңызды бағыттардың бірі. Енді көптен күткен жоба іске асып, жолдың бірнеше учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобада жол негізін дайындаудан бастап, асфальтбетон қабаттарын төсеуге дейінгі жұмыстардың барысын көрсетеміз. Сонымен қатар осы бағытпен тұрақты қатынайтын жүргізушілердің пікірін тыңдап, жөндеу жұмыстарының қазіргі нәтижесімен танысамыз.

Дереккөз: 24КЗ
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 На Старом перевале Куюк устраняют выявленную колейность

На Старом перевале Куюк в Жамбылской области начаты работы по устранению колейности, выявленной на отдельных участках дорожного покрытия. Основные дефекты зафиксированы на затяжных подъемах, где отмечается высокая интенсивность грузового транспорта.

Дефекты были выявлены в августе текущего года. По результатам обследования Жамбылский областной филиал АО «НК «ҚазАвтоЖол» предъявил подрядной организации требование об их устранении.

Работы по переустройству асфальтобетонного покрытия начаты 28 сентября и должны завершиться до 4 октября.

«Старый перевал Куюк» испытывает высокую транспортную нагрузку. Общая интенсивность движения здесь достигает порядка 18 тысяч автомобилей в сутки, из них 2 321 — грузовые.

После открытия движения значительная часть грузового потока стала проходить через Старый перевал. Дорога относится ко II технической категории, при этом участок имеет сложный горный профиль с затяжным подъемом протяженностью более 4 км.

В летний период температура воздуха в регионе достигала +43…+46 C. В таких условиях тяжелые грузовики преодолевают подъем на низкой скорости, а в отдельных случаях с остановками, что существенно увеличивает нагрузку на дорожное покрытие.

Дополнительным фактором является движение тяжеловесного транспорта. С июня по август текущего года выдано 1 247 разрешений на перевозку крупногабаритных и тяжеловесных грузов. За превышение установленных весовых параметров наложено 69 административных взысканий.

Кроме того, для Жамбылской области с 1 июня по 31 августа с 10:00 до 22:00 при температуре воздуха выше +25 C действует ограничение движения транспорта с нагрузкой на одиночную ось свыше 8 тонн. При этом фактическая транспортная нагрузка на участок остается высокой.

Таким образом, образование колейности связано с совокупностью факторов: высокой температурой, интенсивным грузовым потоком, движением тяжеловесного транспорта и длительной нагрузкой на покрытие на затяжном подъеме.

При этом эксплуатационные факторы не освобождают подрядчика от ответственности за качество выполненных работ. Объект на сегодняшний день не введен в эксплуатацию и не принят заказчиком. Все выявленные дефекты устраняются подрядной организацией за собственный счет, без привлечения дополнительных бюджетных средств.

В 2026 году АО «НК «ҚазАвтоЖол» усилило контроль качества строительства, ремонта и содержания республиканских дорог. С начала года проведено около 50 проверок, выявлено 1 670 дефектов и нарушений, из которых 831 уже устранен.

За ненадлежащее выполнение обязанностей в сфере технического надзора применены штрафные санкции на общую сумму 53,4 млн тенге. Уволены 22 эксперта технического надзора.

Проверки охватывают качество асфальтобетонного покрытия, соблюдение технологии производства работ, состояние конструктивных слоев дорожной одежды и работу технического надзора.



Старый перевал Куюк будет принят только после полного устранения замечаний и подтверждения соответствия выполненных работ установленным требованиям.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ескі Күйік асуында анықталған жолтабан қалпына келтіріліп жатыр

Жамбыл облысындағы Ескі Күйік асуының жекелеген бөліктерінде пайда болған жолтабандарды жою жұмыстары басталды. Негізгі ақаулар жүк көліктері көп жүретін ұзақ өрлерде анықталған.

Ақаулар биыл тамыз айында тіркелді. Тексеру қорытындысы бойынша «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы мердігер ұйымға оларды жою жөнінде талап қойды.

Асфальтбетон жамылғысын жөндеу жұмыстары 28 қыркүйекте басталды. Жұмысты 4 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

Ескі Күйік асуындағы көлік жүктемесі жоғары. Тәулігіне бұл жолмен шамамен 18 мың көлік өтеді. Оның 2 321-і – жүк көлігі.

Қозғалыс ашылғаннан кейін жүк көліктерінің едәуір бөлігі Ескі Күйік асуы арқылы қатынай бастады. Жол II техникалық санатқа жатады. Таулы жер бедері күрделі, ал ұзақ өрдің ұзындығы 4 шақырымнан асады.

Жаз айларында өңірде ауа температурасы +43…+46 C-қа дейін көтерілді. Мұндай ыстықта ауыр жүк көліктері өрге төмен жылдамдықпен көтеріледі, кейде аялдауға мәжбүр болады. Соның салдарынан жол жамылғысына түсетін салмақ артады.

Ауыр салмақты көліктердің қозғалысы да жолға қосымша күш түсіреді. Биыл маусым-тамыз айларында ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға 1 247 рұқсат берілді. Белгіленген салмақ талаптарын бұзғаны үшін 69 әкімшілік жаза қолданылды.

Сонымен қатар Жамбыл облысында 1 маусымнан 31 тамызға дейін, ауа температурасы +25 C-тан жоғары болған кезде сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін дара оське түсетін салмағы 8 тоннадан асатын көліктердің қозғалысына шектеу қойылады. Соған қарамастан, бұл учаскедегі көлік жүктемесі жоғары деңгейде қалып отыр.

Демек, жолтабанның пайда болуына бірнеше жағдай қатар әсер еткен: жоғары температура, жүк көліктерінің қарқынды қозғалысы, ауыр салмақты көліктер және ұзақ өрде жол жамылғысына түсетін тұрақты күш.

Алайда жолды пайдалану кезіндегі бұл жағдайлар мердігерді атқарылған жұмыстың сапасына қатысты жауапкершіліктен босатпайды. Нысан әлі пайдалануға берілген жоқ және тапсырыс беруші оны қабылдаған жоқ. Анықталған барлық ақауды мердігер өз қаражаты есебінен жояды. Қосымша бюджет қаражаты жұмсалмайды.

2026 жылы «ҚазАвтоЖол» республикалық жолдарды салу, жөндеу және күтіп ұстау сапасына бақылауды күшейтті. Жыл басынан бері 50-ге жуық тексеру жүргізіліп, 1 670 ақау мен талап бұзушылық анықталды. Оның 831-і жойылды.

Техникалық қадағалау міндеттерін тиісінше орындамаған мамандарға жалпы сомасы 53,4 млн теңге айыппұл санкциялары қолданылды. 22 техникалық қадағалау сарапшысы жұмыстан шығарылды.

Тексеру барысында асфальтбетон жамылғысының сапасы, құрылыс технологиясының сақталуы, жолдың құрылымдық қабаттарының жай-күйі және техникалық қадағалау жұмысы қаралады.


Ескі Күйік асуы барлық ескерту толық жойылып, орындалған жұмыстың белгіленген талаптарға сәйкестігі расталғаннан кейін ғана қабылданады.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Перегруз — одна из причин ускоренного износа республиканских трасс

Автодорога Талдыкорган — Калбатау — Усть-Каменогорск сегодня испытывает серьезную нагрузку из-за интенсивного движения большегрузного транспорта.

Особенно сильное воздействие на дорожное полотно оказывает транспорт, следующий с превышением допустимой массы и нагрузки на ось. Такие машины ускоряют образование колейности, просадок и других деформаций даже на недавно отремонтированных участках.

Поэтому наряду с повышением требований к качеству дорожных работ усиливается контроль за большегрузным транспортом. На республиканской сети внедряются автоматизированные станции измерения, позволяющие выявлять перегруз без остановки автомобиля.

Наша задача — не только ремонтировать последствия, но и устранять причины преждевременного разрушения дорог.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Ауыр жүк – республикалық жолдардың мерзімінен бұрын тозуының негізгі себептерінің бірі

Бүгінде Талдықорған – Қалбатау – Өскемен автожолына ауыр жүк көліктерінің қарқынды қозғалысынан едәуір салмақ түсіп отыр.

Әсіресе рұқсат етілген жалпы салмақ пен осьтік жүктемеден асатын көліктер жол жамылғысына айтарлықтай зиян келтіреді. Мұндай көліктер жаңадан жөнделген учаскелердің өзінде жолтабанның, шөгудің және басқа да ақаулардың пайда болуын жеделдетеді.

Сондықтан жол жұмыстарының сапасына қойылатын талаптарды күшейтумен қатар, ауыр жүк көліктеріне бақылау да артып келеді. Республикалық жолдарда көлікті тоқтатпай-ақ оның салмағы мен осьтік жүктемесін анықтайтын автоматтандырылған өлшеу станциялары орнатылуда.

Біздің міндет – жолдағы ақауды жөндеумен ғана шектелмей, оның мерзімінен бұрын тозуына әкелетін себептердің алдын алу.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚙 1403 - әрқашан байланыста!

Біздің байланыс орталығының мамандары күн сайын мыңдаған жүргізушіге көмектеседі.

Республикалық автожолдардағы әрбір жол пайдаланушылардың қауіпсіздігі біз үшін маңызды!

🚘🚘🚘🚘🚘🚘🚘🚘
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В Кегенском и Райымбекском районах до конца года отремонтируют 109 км республиканских дорог

В 2026 году в Алматинской области средним ремонтом охвачено 308 км автомобильных дорог республиканского значения. Значительный объем работ приходится на Кегенский и Райымбекский районы, где в общей сложности обновляется 109 км автодорог.

Работы ведутся на трассах «Кокпек – Кеген – Тюп» и «Кеген – Нарынкол», обеспечивающих транспортное сообщение между населенными пунктами двух районов и другими территориями Алматинской области.

В Кегенском районе средним ремонтом охвачено 35 км автодороги «Кокпек – Кеген – Тюп». Работы выполняются на участках км 26–41 и км 68–88. На объекте задействованы 40 специалистов и 45 единиц техники.

В Райымбекском районе ремонтируется 74 км автодороги «Кеген – Нарынкол». На участке работают 90 специалистов и 50 единиц дорожной техники.

Учитывая отсутствие альтернативных маршрутов на данных направлениях, дорожные работы организованы с сохранением транспортного сообщения.

На объектах применяется технология ресайклирования дорожного основания с последующим устройством двух слоев асфальтобетонного покрытия.

Для обеспечения необходимых темпов подрядными организациями мобилизованы три асфальтобетонных завода. Производство асфальтобетонной смеси организовано непосредственно в районе проведения работ.

Завершить ремонт на участках в Кегенском и Райымбекском районах планируется до конца 2026 года.

Реализация проектов позволит улучшить состояние республиканских дорог, повысить безопасность движения и обеспечить более надежное транспортное сообщение между населенными пунктами региона.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Кеген және Райымбек аудандарында жылдың соңына дейін 109 шақырым республикалық жол жөнделеді

2026 жылы Алматы облысында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 308 шақырымы орташа жөндеумен қамтылды. Соның 109 шақырымы Кеген және Райымбек аудандарына тиесілі.

Жол жөндеу шаралары екі ауданның елді мекендерін және Алматы облысының өзге аумақтарын байланыстыратын «Көкпек – Кеген – Түп» және «Кеген – Нарынқол» автожолдарында жүргізілуде.

Кеген ауданында «Көкпек – Кеген – Түп» автожолының 35 шақырымы жаңартылып жатыр. Жоба 26–41 және 68–88 шақырымдар аралығын қамтиды. Мұнда 40 маман мен 45 техника жұмылдырылған.

Райымбек ауданында «Кеген – Нарынқол» автожолының 74 шақырымы жөнделуде. Нысанда 90 маман мен 50 жол техникасы жұмыс істеп жатыр.

Бұл бағыттарда балама жол болмағандықтан, жөндеу кезінде көлік қатынасы тоқтатылмайды. Қозғалысты сақтай отырып, жұмыстар кезең-кезеңімен атқарылуда.

Жол негізін нығайту үшін ресайклинг әдісі қолданылып, оның үстіне екі қабат асфальтбетон жамылғысы төселеді.

Жоспарланған қарқынды сақтау үшін мердігер ұйымдар үш асфальтбетон зауытын жұмылдырды. Асфальтбетон қоспасы тікелей жөндеу жүріп жатқан аумақта өндіріледі.

Кеген және Райымбек аудандарындағы 109 шақырым жолды 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау жоспарланған.

Жобалар республикалық жолдардың жағдайын жақсартып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға және елді мекендер арасындағы тұрақты көлік қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол сапасына көз жұмғандар жазаланды

Жол сапасын тиісті деңгейде тексермей, кінәратқа көз жұмғандар жазаланды. Тіпті қызметтен кеткен жауаптылар бар. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» компаниясы хабарлады. Бұл кемшіліктер қалай анықталған? Енді құрылыс сапасы қалай тексереледі? Бұл туралы 24KZ хабарлайды.

Әділет Әнуарбеков, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Техникалық саясат және сапаны бақылау департаментінің директоры:

- Анықталған ақаулар бойынша тиісті іс-шара құжаттары жасалынып, тиісті уақыттары белгіленеді. Сол уақыттар аясында мердігер өз қаражаты есебінен толықтай осы анықталған ақауларды жоюға міндетті.

Дереккөз: 24КЗ
🔹 Как содержат республиканские трассы: журналистам показали работу дорожных служб изнутри

Сегодня на базе дорожно-эксплуатационного участка №86 в Акмолинской области прошел пресс-тур для представителей СМИ, посвященный круглогодичному содержанию автомобильных дорог республиканского значения.

Журналистам показали работу дорожного подразделения и специализированной техники — комбинированных дорожных машин, шнекороторов, дорожных пылесосов, автомобилей технической помощи и другой техники, используемой для содержания трасс в зимний и летний периоды.

В мероприятии приняли участие заместитель Председателя Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Нурхат Акылтаев и генеральный директор ТОО «КАЖсервис» Марат Сулейменов.

Особое внимание уделили подготовке дорожных служб к зиме. На предстоящий сезон заготовлено 125 534 м3 песка, 250 552 м3 отсева, 99 794 м3 соли и 18 515 м3 угля. За последние два года парк дорожных служб пополнился порядка 1 800 единицами специализированной техники.

Масштаб работы дорожников особенно заметен в зимний период. За прошедший сезон с республиканских трасс было убрано порядка 47 млн м3 снега, обеспечено сопровождение 711 тыс. автомобилей, помощь оказана 2,4 тыс. гражданам.

«Содержание дороги — это ежедневная работа, которая не прекращается ни летом, ни зимой. Главная задача для нас — обеспечить безопасный и стабильный проезд. Поэтому мы последовательно обновляем парк техники, усиливаем дорожные подразделения и заранее формируем необходимые запасы материалов. Сегодня мы специально показали журналистам эту работу изнутри — от подготовки техники до непосредственной работы на трассе», — отметил Нурхат Акылтаев.


Сотрудники ТОО «КАЖсервис» на практике продемонстрировали возможности дорожной техники, рассказали об организации дежурств, очистке трасс во время снегопадов и метелей, обработке покрытия противогололедными материалами и действиях при возникновении нештатных ситуаций.

«За проезжаемостью каждой трассы стоит круглосуточная работа механизаторов, дорожных рабочих, мастеров и диспетчеров. В период сложных погодных условий наши сотрудники находятся непосредственно на дороге. От оперативности их действий зависит безопасность тысяч людей», — подчеркнул Марат Сулейменов.


Отдельно журналистам рассказали о работе контакт-центра 1403, который функционирует круглосуточно. Для повышения оперативности информирования в его работу внедрены технологии искусственного интеллекта. С начала 2026 года контакт-центр обработал более 1 млн обращений пользователей республиканских дорог.

В завершение пресс-тура представители «ҚазАвтоЖол» и «КАЖсервис» ответили на вопросы журналистов о зимнем содержании трасс, состоянии дорожной сети, работе спецтехники и оперативном реагировании дорожных служб.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔹 ҚазАвтоЖол қысқы маусымға дайындығын таныстырды: жол қызметтерінің жұмысы БАҚ өкілдеріне көрсетілді

Бүгін Ақмола облысындағы №86 жол пайдалану учаскесінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистерге республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жыл бойы күтіп ұстау жұмыстары таныстырылды.

БАҚ өкілдері жол қызметінің жұмысымен және арнайы техниканың мүмкіндіктерімен танысты. Олардың қатарында құрама жол машиналары, шнекороторлар, жол тазалауға арналған вакуумдық техника, техникалық көмек көліктері және қысқы әрі жазғы күтіп ұстауға арналған өзге де машиналар бар.

Іс-шараға «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Нұрхат Ақылтаев пен «КАЖсервис» ЖШС бас директоры Марат Сүлейменов қатысты.

Баспасөз туры барысында жол қызметтерінің қысқа дайындығына ерекше назар аударылды. Алдағы маусымға 125 534 текше метр құм, 250 552 текше метр еленген материал, 99 794 текше метр тұз және 18 515 текше метр көмір әзірленді. Соңғы екі жылда жол қызметтерінің техника паркі 1 800-ге жуық арнайы техникамен толықты.

Жолшылар еңбегінің ауқымы әсіресе қыс мезгілінде айқын көрінеді. Өткен қысқы маусымда республикалық жолдардан 47 млн текше метрге жуық қар шығарылды. 711 мың автокөліктің қауіпсіз өтуіне сүйемелдеу ұйымдастырылып, 2,4 мың азаматқа көмек көрсетілді.

«Жолды күтіп ұстау – жазда да, қыста да тоқтамайтын күнделікті еңбек. Басты міндетіміз – жолдағы қауіпсіз әрі тұрақты қозғалысты қамтамасыз ету. Сондықтан техника паркін кезең-кезеңімен жаңартып, жол бөлімшелерінің әлеуетін күшейтіп, қажетті материал қорын алдын ала жасақтап келеміз. Бүгін журналистерге осы жұмыстың барлық кезеңін – техниканы дайындаудан бастап, оның жол үстіндегі қызметіне дейін көрсеттік», – деді Нұрхат Ақылтаев.


«КАЖсервис» ЖШС мамандары арнайы техниканың мүмкіндіктерін іс жүзінде көрсетті. Сондай-ақ кезекшілік ұйымдастыру, қар мен боран кезінде жолды тазарту, көктайғаққа қарсы материал себу және төтенше жағдай туындаған кездегі іс-қимыл тәртібі түсіндірілді.

«Әрбір жолдағы үздіксіз қозғалыстың артында механизаторлар, жол жұмысшылары, шеберлер мен диспетчерлердің тәулік бойғы еңбегі тұр. Ауа райы күрт нашарлаған кезде мамандарымыз тікелей жол үстінде жұмыс істейді. Мыңдаған адамның қауіпсіздігі олардың жедел әрі үйлесімді әрекетіне байланысты», – деді Марат Сүлейменов.


Журналистерге тәулік бойы қызмет көрсететін 1403 байланыс орталығының жұмысы да таныстырылды. Ақпаратты жедел өңдеу үшін орталық жұмысына жасанды интеллект технологиялары енгізілген. 2026 жылдың басынан бері 1403 байланыс орталығы республикалық жолдарды пайдаланушылардан түскен 1 млн-нан астам өтінішті өңдеді.

Баспасөз турының соңында «ҚазАвтоЖол» және «КАЖсервис» өкілдері журналистердің қысқы жол күтімі, жол желісінің жай-күйі, арнайы техниканың жұмысы және жол қызметтерінің жедел әрекеті туралы сұрақтарына жауап берді.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM