ҚазАвтоЖол | КазАвтоЖол | 1403
32.4K subscribers
5.15K photos
6.86K videos
3.18K links
«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми арнасы
Жаңалықтар, баспасөз релиздер мен оқиғалар

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403

***

Официальный канал АО «НК «ҚазАвтоЖол»
Новости, пресс-релизы и события

+7 (7172) 64-87-57
www.qaj.kz
info@qaj.kz
1403
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Республикалық автожолдарда цифрлық патруль жүйесі іске қосылды

Еліміздің республикалық автожолдарында цифрлық патрульдеу жүйесі іске қосылды.

Бүгін "Қазавтожол" компаниясының өкілдері тиісті пилоттық жобаны таныстырды. Патрульдеу арнайы мобильді қосымша арқылы жүргізіледі. Сол арқылы жол қызметкерлерінің қай учаскеде қандай жұмыс атқарып жатқанын көруге болады. Бұл ақпарат кәсіпорынның бірыңғай базасына түседі. Айта кетерлігі, бұған дейін қызметкерлер атқарған жұмысы туралы есепті күн сайын қағаз түрінде тапсыратын. Жаңа жүйе уақытты үнемдеп, бүкіл процестің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді. Жол тазалауға шығатын техника да заманауи бақылау жүйелерімен жабдықталды.

Нұрхат Ақылтаев, "Қазавтожол" Ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма басышысының орынбасары:

- Техниканың барлығы Джипиэс-пен қамтамасыз етілді. Әрқайсысы қай жерде, бір күнде қанша жүрді, қанша уақыт бір орында тұрды, не себепті тұрды, көп ұзақ уақыт тұрып қалған жағдай болса, орталықтан қоңырау шалып, не себепті тұрғанын біледі. Кейде бір нүктеде атқарады жұмысты. Қанша жанар-жағармай құйылатыны осының барлығы белігілі болып тұрады.

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Журналистерге республикалық жолдарды жыл бойы күтіп ұстау жұмыстары таныстырылды

Ақмола облысындағы №86 жол пайдалану учаскесінде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Журналистер жол қызметтерінің жұмысымен, арнайы техниканың мүмкіндіктерімен және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын жыл бойы күтіп ұстау тәртібімен танысты.

Іс-шарада қысқы маусымға дайындық пен ауа райы күрт нашарлаған кездегі жол қызметтерінің жедел әрекетіне ерекше назар аударылды. Соңғы екі жылда жол қызметтерінің техника паркі 1 800-ге жуық арнайы техникамен толықты.

Баспасөз туры барысында «ҚазАвтоЖол» және «КАЖсервис» өкілдері республикалық жолдарды күтіп ұстау, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қысқы кезеңге дайындық жөніндегі журналистердің өзекті сұрақтарына жауап берді.

#QAJ

🔹 Журналистам показали, как организовано круглогодичное содержание республиканских дорог

На базе дорожно-эксплуатационного участка №86 в Акмолинской области состоялся пресс-тур для представителей средств массовой информации. Журналистам продемонстрировали работу дорожных служб, специализированной техники и порядок организации круглогодичного содержания автомобильных дорог республиканского значения.

Особое внимание было уделено подготовке к зимнему периоду и оперативному реагированию при осложнении погодных условий. За последние два года парк дорожных служб пополнился порядка 1 800 единицами специализированной техники.

В ходе мероприятия представители «ҚазАвтоЖол» и «КАЖсервис» также ответили на актуальные вопросы СМИ, касающиеся содержания и обеспечения безопасности на республиканских трассах.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Жол техникасы жаңарды

Бір түнгі боран бірнеше шақырым жолды қарға көміп тастауы мүмкін. Сондықтан жолшылар қар түскенде емес, қазірден қамданып жатыр. Елдегі 25 мың шақырымға жуық республикалық жолды күтіп ұстауға арналған техника паркі соңғы екі жылда 2 мыңға жуық машинамен толықты. Оның 750-і биыл алынады. Жаңа техниканың арасында қар аршитын, қалың үйіндіні бұзып өтетін және көктайғақпен күресетін көліктер бар. Биыл бақылау жүйесі де күшейеді. Жолдағы қауіпті жасанды интеллект анықтап, қажетті мәлімет бір жүйеде жинақталмақ.

Дереккөз: Jibek Joly телеарнасы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Семь лет гарантии: как обслуживают и проверяют республиканские трассы

Более 90% республиканских трасс обслуживают специалисты «ҚазАвтоЖол». Они ежедневно патрулируют дороги, очищают их от загрязнений, при необходимости заделывают ямы. Для каждого вида работ своя техника - всего свыше 2,5 тысяч машин. Самая высокая нагрузка - зимой. Порой приходится работать круглосуточно.

Вместе с этим специалисты следят и за качеством дорожного покрытия. На всех этапах строительства материалы проходят лабораторные проверки, а готовые участки дополнительно обследуют специалисты технического и авторского надзоров. В этом году провели около 50 проверок, в результате которых выявили свыше 1,5 тысячи дефектов и нарушений. При этом в компании отмечают, основная причина разрушения дорог - большегрузы с недопустимым перевесом.

Нуркат Акылтаев, заместитель председателя Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол»:

- Наглядно это всё видно, с какого карьера выезжает большегрузная техника с перевесом. Направления, где они двигаются с грузом – дорога разрушается, а направления, где они обратно возвращаются и направления, где они не передвигаются – в хорошем состоянии.

Источник: Jibek Joly
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Транзиттік көліктер енді қалаға кірмей ме? | Jol Live

Атырауда солтүстік айналма жол құрылысы қарқын алып келеді. Атыраудағы солтүстік айналма жол – көлік қозғалысына тың серпін беретін ірі жоба. 27,5 шақырымға созылатын жаңа бағыттың құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асып жатыр. Жол төсемі төселіп, көпірлер мен жол айырықтары бой көтеруде.

«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобаның кезекті шығарылымында құрылыс алаңына барып, жобаның бүгінгі тынысымен таныстық.

Дереккөз: 24КЗ
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Этого моста ждали 60 лет! Новые дороги Казахстана | Jol live

В новом выпуске совместного с АО «НК «КазАвтоЖол» проекта «Jol live» отправляемся в большую дорожную поездку. Покажем новый мост на дороге Есиль – Жаксы – Бузулук, расскажем, почему старую переправу решили демонтировать и как проходило строительство нового объекта. Далее – Западный обход Рудного. Дорога, построенная десятки лет назад, получила новое покрытие и обновлённую инфраструктуру.

А в области Абай побываем на перевале Байбура, где после модернизации открылся пункт обогрева для водителей. Это один из сложных участков международной трассы, соединяющей Казахстан, Китай и Россию.

Источник: 24КЗ
🔴 Солтүстік Қазақстан облысында қозғалысқа шектеу енгізілді

2026 жылғы 2 қазан сағат 17:00-ден бастап Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар KAZ13 «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автомобиль жолының 875-шақырымында (Покровский көпірі) көпірге ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол қозғалысына қатысушылардан аталған учаскеде жол белгілерінің талаптарын сақтап, маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

#QAJ

🔴 В Северо-Казахстанской области введено ограничение движения грузового транспорта

2 октября 2026 года в 17:00 в Северо-Казахстанской области в связи с проведением работ по текущему ремонту моста введено ограничение движения для грузового транспорта на автомобильной дороге республиканского значения KAZ13 «Жезказган – Аркалык – Петропавловск» на 875-м километре (в районе Покровского моста).

Просим участников дорожного движения учитывать данную информацию при планировании маршрута и соблюдать требования дорожных знаков.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 В ВКО открыли обновленную дорогу к Рахмановским ключам: время в пути сократилось на два часа

В рамках исполнения поручения Главы государства Национальная компания «ҚазАвтоЖол» завершила основные работы на участке автомобильной дороги республиканского значения «Усть-Каменогорск – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Карагай – Рахмановские ключи» на км 437–450. Движение по обновленному участку протяженностью 13 км открыто.

Реализация проекта стала частью комплексного обновления одного из ключевых туристических маршрутов Восточного Казахстана. Общая протяженность автомобильной дороги от Усть-Каменогорска до Рахмановских ключей составляет порядка 450 км. После проведенных ремонтных работ маршрут стал безопаснее и комфортнее, а время поездки сократилось примерно на два часа.

Направление имеет особое значение для развития Катон-Карагайского района и туристической отрасли региона. Автомобильная дорога обеспечивает доступ к Рахмановским ключам, Катон-Карагайскому национальному парку и другим природным объектам Казахстанского Алтая. Улучшение транспортной доступности этого направления создает дополнительные условия для увеличения туристического потока, развития малого и среднего бизнеса, придорожного сервиса и туристической инфраструктуры.

В официальном открытии дороги приняли участие Председатель Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Дархан Иманашев, аким Восточно-Казахстанской области Нурымбет Сактаганов, представители дорожных служб и местные жители.

«Для Катон-Карагая качество дороги напрямую связано с развитием туризма, экономики и качеством жизни местных жителей. Сегодня речь идет не просто о ремонте отдельных километров, а о последовательном формировании безопасного и комфортного маршрута от Усть-Каменогорска до Рахмановских ключей. Проведенные работы позволили сократить время в пути примерно на два часа. Следующим важным этапом станет завершение объекта на Осиновском перевале, открытие которого планируется в конце октября текущего года. В совокупности эти проекты значительно улучшат транспортную доступность Катон-Карагая и создадут новые возможности для развития региона», — отметил Председатель Правления АО «НК «ҚазАвтоЖол» Дархан Иманашев.


Средний ремонт участка на км 437–450 был начат в 2025 году и завершен в 2026 году. На всей протяженности 13 км выполнено исправление профиля дороги, устройство слоя из черного щебня и верхнего слоя дорожного покрытия.

В рамках проекта также построены 17 водопропускных труб и три водопропускных лотка, обустроены дренажные канавы и выполнен комплекс работ по обустройству автомобильной дороги.

На объекте были задействованы 65 специалистов и около 36 единиц дорожно-строительной техники.

В текущем году работы на направлении «Усть-Каменогорск – Алтай – Үлкен Нарын – Катон-Карагай – Рахмановские ключи» проводятся на нескольких участках. Последовательное обновление трассы направлено на повышение безопасности движения и транспортной доступности одного из ключевых туристических направлений Восточного Казахстана.

Дополнительный импульс развитию маршрута даст завершение строительства новой дороги в обход Осиновского перевала. В настоящее время на объекте завершаются работы на мостовом переходе. Открытие движения планируется в конце октября 2026 года.

Новый маршрут позволит уйти от сложного горного участка и повысить надежность транспортного сообщения. Особое значение это имеет в зимний период, когда движение через Осиновский перевал осложняется снегопадами, гололедом и другими неблагоприятными погодными условиями. После ввода объекта водителям будет обеспечено более безопасное и устойчивое движение по данному направлению.
Таким образом, последовательно формируется качественный автомобильный маршрут от областного центра до одного из главных туристических кластеров Восточного Казахстана.

Обновление дороги до Рахмановских ключей и завершение объекта на Осиновском перевале создают необходимую инфраструктурную основу для дальнейшего развития Катон-Карагая, роста туристического потока и повышения транспортной доступности Восточного Казахстана.
🔹 ШҚО-да Рахман қайнарына апаратын жол жаңартылды: сапар уақыты екі сағатқа қысқарды

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының 437–450 шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтады. Ұзындығы 13 шақырым жаңартылған учаскеде көлік қозғалысы ашылды.

Бұл жоба Шығыс Қазақстандағы басты туристік бағыттардың бірін кезең-кезеңімен жаңғырту жұмысының бір бөлігі. Өскеменнен Рахман қайнарына дейінгі автожолдың жалпы ұзындығы шамамен 450 шақырым. Жүргізілген жөндеудің нәтижесінде сапар қауіпсіз әрі қолайлы бола түсті, ал жол жүру уақыты шамамен екі сағатқа қысқарды.

Бұл бағыт Катонқарағай ауданы мен өңір туризмінің өркендеуі үшін айрықша маңызға ие. Автожол Рахман қайнарына, Катонқарағай ұлттық паркіне және Алтайдың өзге де табиғи көрікті жерлеріне апарады. Жол жағдайының жақсаруы туристер санын арттыруға, шағын және орта бизнестің, жол бойындағы сервистің және туристік инфрақұрылымның өркендеуіне жаңа мүмкіндік береді.

Жолдың ресми ашылуына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, жол саласының өкілдері және жергілікті тұрғындар қатысты.

«Катонқарағай үшін сапалы жол – туризмнің, өңір экономикасының және жергілікті халықтың тұрмыс сапасының маңызды негізі. Бүгінгі мәселе жекелеген шақырымдарды жөндеумен ғана шектелмейді. Біз Өскеменнен Рахман қайнарларына дейін қауіпсіз әрі қолайлы жол қалыптастырып келеміз. Атқарылған жұмыстар сапар уақытын шамамен екі сағатқа қысқартуға мүмкіндік берді. Келесі маңызды кезең – Осинов асуындағы нысанды аяқтау. Оны биыл қазан айының соңында ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл жобалар Катонқарағайға қатынасты едәуір жақсартып, өңірдің дамуына жаңа мүмкіндік береді», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Иманашев.


437–450 шақырым аралығындағы орташа жөндеу 2025 жылы басталып, 2026 жылы аяқталды. 13 шақырым бойында жолдың бойлық және көлденең пішіні түзетіліп, қара қиыршықтас қабаты мен жол жамылғысының үстіңгі қабаты төселді.

Жоба аясында 17 су өткізу құбыры мен үш су өткізу науасы салынды. Сондай-ақ су бұру арналары жасалып, жолды жабдықтау жұмыстары атқарылды.

Нысанға 65 маман мен 36-ға жуық жол-құрылыс техникасы жұмылдырылды.

Биыл «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» автожолының бірнеше бөлігінде жөндеу жүргізілуде. Жолды кезең-кезеңімен жаңарту қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, Шығыс Қазақстандағы маңызды туристік аймаққа қатынасты жақсартуға бағытталған.

Бұл бағыттың дамуына Осинов асуын айналып өтетін жаңа жолдың аяқталуы да серпін береді. Қазір нысандағы көпір құрылысының соңғы жұмыстары жүргізілуде. Көлік қозғалысын 2026 жылғы қазан айының соңында ашу жоспарланған.

Жаңа жол күрделі таулы бөлікті айналып өтуге мүмкіндік беріп, көлік қатынасының сенімділігін арттырады. Мұның әсіресе қыс мезгілінде маңызы зор. Өйткені Осинов асуында қалың қар, көктайғақ және қолайсыз ауа райы қозғалысты жиі қиындатады. Жаңа нысан іске қосылғаннан кейін жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі тұрақты қозғалыс қамтамасыз етіледі.

Осылайша, облыс орталығынан Шығыс Қазақстанның басты туристік аймақтарының біріне дейінгі сапалы әрі қауіпсіз автожол кезең-кезеңімен қалыптасып келеді.

Рахман қайнарына апаратын жолдың жаңаруы және Осинов асуындағы жаңа нысанның аяқталуы Катонқарағай туризмінің дамуына, туристер ағынының артуына және Шығыс Қазақстандағы көлік қатынасының жақсаруына берік инфрақұрылымдық негіз қалайды.
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Астана – Қабанбай батыр – Теміртау жолының 16 шақырымы жөнделді: жаңа жабын төселіп, жарықтандыру мен бағдаршамдар орнатылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысының Целиноград ауданындағы республикалық маңызы бар KAZ05 «Астана – Қабанбай батыр – Теміртау» автожолының 16 шақырымында орташа жөндеуді аяқтады. Жол жамылғысы толық жаңартылып, қозғалыс қауіпсіздігін арттыру мақсатында жарықтандыру жүйесі мен бағдаршамдар орнатылды, кірме және шығу жолдары мен жол инфрақұрылымының басқа да элементтері ретке келтірілді.

Жөндеу 35–51 шақырым аралығында жүргізілді. III техникалық санаттағы бұл автожол Астананы Целиноград ауданының елді мекендерімен байланыстырып, әрі қарай Теміртау бағытына шығатын маңызды көлік артерияларының бірі саналады.

Жоба аясында 16 шақырым бойындағы жол төсемінің құрылымы толық жаңартылды. Деформацияға бейім тұстарда аяздан ісінген қабаттар алынып, жол негізінің тегістеу қабаты жасалды. Оның үстіне қалыңдығы 6 сантиметр ірі түйіршікті асфальтбетон қоспасының төменгі қабаты және 5 сантиметр қиыршықтас-мастикалық асфальтбетонның үстіңгі қабаты төселді.

Қиыршықтас-мастикалық асфальтбетон жол жамылғысының көлік салмағына төзімділігін арттырып, жолтабанның пайда болу қаупін төмендетеді және ауа райының әсеріне беріктігін күшейтеді.

Қозғалыс қауіпсіздігіне де басымдық берілді. Жаңа жол таңбалары сызылып, жол жиектері жонылған материалмен нығайтылды. Жалпы аумағы 1 420 шаршы метр болатын 9 кірме және шығу жолы жасалып, 1 852 бойлық метр қисық жиектас орнатылды.

Сонымен қатар демалыс алаңы жөнделіп, жаңа автопавильон қойылды.

Елді мекендерге кіреберістер мен көлік қозғалысы қарқынды бөліктердегі инженерлік инфрақұрылым да жаңғыртылды. 26+650–29+650 шақырым аралығына сыртқы жарықтандыру жүйесі тартылды. 28+300 және 33 шақырымда бағдаршамдар орнатылды. Бұл шаралар қараңғы уақытта жолдың көрінуін жақсартып, көлік ағынын реттеуге және жол қиылыстарындағы қауіпсіздікті арттыруға мүмкіндік береді.

Орташа жөндеуге 46 арнайы жол техникасы мен екі асфальтбетон зауыты жұмылдырылды. Нысанда инженерлік-техникалық мамандар, механизаторлар мен жол жұмысшыларын қоса алғанда 69 адам еңбек етті.

Жөндеу нәтижесінде 16 шақырым жолға жаңа әрі тегіс жабын төселіп, көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасалды. Сонымен бірге жүргізушілер мен маңайдағы елді мекен тұрғындарының қауіпсіздігі үшін қажетті инфрақұрылым күшейтілді.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ақмола облысындағы республикалық жолдарды кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастыруда. Бұл ретте жол жамылғысының сапасына, қозғалыс қауіпсіздігіне және жол инфрақұрылымын жетілдіруге басымдық беріледі.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 На трассе Астана – Кабанбай батыра – Темиртау завершен ремонт 16 км дороги: обновлено покрытие, установлено освещение и светофоры

АО «НК «ҚазАвтоЖол» завершило средний ремонт 16-километрового участка республиканской автомобильной дороги KAZ05 «Астана – Кабанбай батыра – Темиртау» в Целиноградском районе Акмолинской области. Помимо полного обновления дорожного покрытия, на направлении выполнены работы по повышению безопасности движения — обустроены освещение, светофорные объекты, съезды и элементы дорожной инфраструктуры.

Ремонт проведен на участке км 35–51. Автомобильная дорога относится к III технической категории и является одним из важных транспортных направлений, обеспечивающих движение между Астаной, населенными пунктами Целиноградского района и далее в направлении Темиртау.

В рамках проекта полностью обновлена конструкция дорожной одежды на протяжении 16 км. На участках, подверженных деформациям, ликвидированы пучинистые места, выполнено устройство выравнивающего слоя основания, уложены нижний слой из крупнозернистой асфальтобетонной смеси толщиной 6 см и верхний слой из щебеночно-мастичного асфальтобетона толщиной 5 см.

Применение щебеночно-мастичного асфальтобетона позволяет повысить устойчивость покрытия к транспортным нагрузкам, образованию колеи и воздействию климатических факторов.

Отдельный блок работ был направлен на повышение безопасности дорожного движения. На участке нанесена новая дорожная разметка, укреплены обочины фрезерованным материалом, обустроено 9 съездов общей площадью 1 420 кв. метров, установлено 1 852 погонных метра криволинейного бруса.

Кроме того, выполнен ремонт площадки отдыха и установлен новый автопавильон.

На подходах к населенным пунктам и наиболее интенсивных участках модернизирована инженерная инфраструктура. На отрезке км 26+650 – 29+650 устроено наружное освещение. Светофорные объекты установлены на км 28+300 и км 33. Эти меры призваны повысить видимость в темное время суток, упорядочить транспортные потоки и обеспечить более безопасное пересечение дороги.

Для выполнения среднего ремонта было мобилизовано 46 единиц специализированной дорожной техники и два асфальтобетонных завода. На объекте были задействованы 69 специалистов, включая инженерно-технический персонал, механизаторов и дорожных рабочих.

После завершения работ на участке обеспечено обновленное ровное покрытие, улучшены условия движения и усилена безопасность для автомобилистов и жителей прилегающих населенных пунктов.

АО «НК «ҚазАвтоЖол» продолжает планомерное обновление республиканской дорожной сети Акмолинской области с приоритетом на качество покрытия, безопасность движения и развитие придорожной инфраструктуры.

🚙 QazAvtoJol
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Республикалық маңызы бар автожолдарда қысқа дайындық жүріп жатыр

Қарағанды облысында республикалық маңызы бар автожолдардың қысқа дайындығы басталды. Қазір жолдарды күтіп-баптау участкелері қажетті техника бірліктерімен толықты.

Дереккөз: Сарыарқа телеарнасы
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Зимняя готовность

В Карагандинской области началась подготовка к зимнему сезону на автодорогах республиканского значения. Участки, отвечающие за содержание трасс, уже обеспечивают необходимой техникой и материалами.

Источник: Saryarqa TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹 Шекарадағы жаңғыру: БҚО-дағы өткізу бекеттері жаңартылады | Jol Live

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» және «Ақсай» автомобиль өткізу пункттерінде реконструкция жұмыстары жүріп жатыр. Жобалар аясында инфрақұрылым жаңартылып, өткізу қабілетін арттыру көзделген.

Жаңғырту жұмыстары шекарадан өту үдерісіне қандай өзгеріс әкеледі? «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының қатысуымен дайындалған жобаның кезекті шығарылымында екі өткізу бекетіндегі құрылыс барысы мен жоспарланған жаңашылдықтарды баяндаймыз.

Дереккөз: 24КЗ