SAMRUK-KAZYNA official
17.4K subscribers
8.14K photos
1.11K videos
1.32K links
🌐 «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы
🌐 Официальный Telegram-канал Фонда «Самрук-Қазына»
Download Telegram
«Самұрық-Қазына» компаниялары жылыту маусымына дайындық бойынша есеп берді🔥

Болат Жәмішевтің төрағалығымен өткен «Самұрық-Қазына» АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында «KEGOC» және «Самұрық-Энерго» компаниялары 2026–2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындық нәтижелерін ұсынды.

Қордың басқарушы директоры Бақытжан Таубаевтың айтуынша, еншілес компаниялар өткен жылыту маусымын электр және газбен жабдықтауға қатысты қауіпті жағдайларсыз сәтті өткізді.

Дегенмен, алдағы маусымда электр энергиясын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші былтыр қыстағы 17,7 ГВт-пен салыстырғанда 18,2 ГВт-қа дейін өсуі мүмкін.

⚡KEGOC: ұлттық электр желісі жылыту маусымына дайын

«KEGOC» АҚ Басқарма төрағасы Нәби Айтжанов компания Ұлттық электр желісінің 589 нысанында жоспарланған барлық жөндеу жұмыстарын аяқтап, 2 қазанда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық паспортын алғанын мәлімдеді.


Оның айтуынша, алдағы күзгі-қысқы кезеңде электр энергиясын тұтыну көлемі 3,4%-ға, ал өндіріс көлемі 3,1%-ға өсуі мүмкін.

Энергетикалық жүйенің оңтүстік аймағында жүктеме ең жоғары деңгейге дейін өседі деп күтіледі. Мұнда электр қуатын тұтынудың ең жоғары көрсеткіші 5 100 МВт-қа жетуі мүмкін. Бұл өткен маусымдағы деңгейден 700 МВт-қа жоғары. Жоспарланған қуат көздерін іске қосуды ескере отырып, меншікті электр энергиясын өндіру көлемі шамамен 2 800 МВт болады деп күтіледі. Қуат тапшылығы «Солтүстік–Шығыс–Оңтүстік» транзиті арқылы электр энергиясын жеткізу есебінен өтеледі.

⚡«Самұрық-Энерго» жөндеу науқанын аяқтауға жақын

Топтың энергетикалық нысандарында негізгі жабдықтың 111 бірлігін жөндеу жоспарланған. Оның ішінде 19 күрделі, 5 кеңейтілген және 87 ағымдағы жөндеу жұмысы бар. Жөндеу жұмыстары энергетикалық блоктарды, қазандықтар, турбиналар, электр беру желілерін, қосалқы станциялар мен жылу желілерін қамтиды. Бұл туралы «Самұрық-Энерго» басшысы Қайрат Мақсұтов мәлімдеді.


Компания еліміздің энергетика саласын дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның 2035 жылға дейінгі жоспарына сәйкес көзделген 26,4 ГВт жаңа генерацияланатын қуаттың жартысына жуығы «Самұрық-Энерго» үлесіне тиесілі.

Отырыс қорытындысы бойынша барлық дайындық іс-шараларын уақытылы аяқтап, жылыту маусымы кезінде энергетикалық нысандардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігі айтылды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Компании «Самрук-Қазына» отчитались о подготовке к отопительному сезону🔥

На заседании Общественного совета АО «Самрук-Қазына» под председательством Болата Жамишева KEGOC и «Самрук-Энерго» представили результаты подготовки к осенне-зимнему периоду 2026-2027 годов.

Как отметил управляющий директор Фонда Бахытжан Таубаев, прошлый отопительный сезон дочерние компании прошли успешно, без критических вопросов с электро- и газоснабжением.

При этом максимальное потребление электроэнергии в предстоящем сезоне может вырасти до 18,2 ГВт против 17,7 ГВт прошлой зимой.

⚡KEGOC: национальная электрическая сеть готова к отопительному сезону

Председатель Правления АО «KEGOC» Наби Айтжанов сообщил, что компания завершила все запланированные ремонтные работы на 589 объектах Национальной электрической сети и 2 октября получила паспорт готовности к отопительному сезону 2026–2027 годов.


В предстоящий осенне-зимний период максимальное потребление электроэнергии может вырасти на 3,4%, производство – на 3,1%, отметил он.

Наибольший рост нагрузки ожидается в Южной зоне энергосистемы. Максимальное потребление мощности здесь может достичь 5 100 МВт, что на 700 МВт выше уровня прошлого сезона. Собственная генерация с учетом ввода запланированных мощностей ожидается на уровне порядка 2 800 МВт. Недостающий объем мощности будет обеспечиваться за счет перетока по транзиту «Север–Восток–Юг».

⚡«Самрук-Энерго» завершает ремонтную кампанию

На энергообъектах группы предусмотрен ремонт 111 единиц основного оборудования, в том числе 19 капитальных, 5 расширенных и 87 текущих ремонтов. Работы охватывают энергоблоки, котлы, турбины, линии электропередачи, подстанции и тепловые сети, отметил глава «Самрук-Энерго» Кайрат Максутов.

Компания также играет ключевую роль в развитии энергетики страны. Из предусмотренных планом Казахстана до 2035 года 26,4 ГВт новых генерирующих мощностей на долю «Самрук-Энерго» приходится почти половина.

По итогам заседания подчеркнута необходимость своевременного завершения всех подготовительных мероприятий и обеспечения бесперебойной работы энергетических объектов в отопительный сезон.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Ғылыми әзірлемеден өнеркәсіптік технологияға дейін: «Самғау» ҒТБО бас директорымен сұхбат

▶️Ғылыми әзірлеме қалай сұранысқа ие өнеркәсіп технологиясына айналады? Бұл туралы Samruk Podcast-тың кезекті қонағы «Самғау» ҒТБО бас директоры Төлеген Орашев айтып берді.

Сұхбатта технологиялар трансферті, отандық әзірлемелерді өндіріске енгізу және ғылым мен бизнестің өзара әрекеттестігі талқыланды. Сондай-ақ, кәсіпорындардың тиімді технологиялық шешімдерді іздеу жолдары және «Самғау» орталығының 2030 жылға дейінгі мақсаттары туралы айтылды.

Ғылыми идеялардың нақты өндіріске қалай енгізілетіні жайлы - Samruk Podcast-тың жаңа шығарылымында!

🔘

От научной разработки до промышленной технологии: Samruk Podcast с гендиректором ЦНТИ «Самғау»

▶️Как превратить научные разработки в технологии, востребованные промышленностью? Об этом новый выпуск Samruk Podcast с генеральным директором ЦНТИ «Самғау» Төлегеном Орашевым.

Основные темы разговора - технологический трансферт, внедрение отечественных разработок в производство и взаимодействие науки с бизнесом. Отдельно обсудили, как промышленные предприятия находят эффективные технологические решения и какие задачи ЦНТИ «Самғау» ставит перед собой до 2030 года.

Смотрите новый выпуск Samruk Podcast, чтобы узнать, как научные идеи становятся частью реального производства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤1
🇰🇿🇧🇪«Самұрық-Қазына» басшысы Қазақстан мен Бельгия арасындағы кеңейтілген келіссөздер барысында инвестициялық ынтымақтастықтың басым бағыттарын таныстырды

Нұрлан Жақыпов Қазақстан Президенті және Бельгия Королі Филипп пен Патшайым Матильданың қатысуымен өткен кездесуде сөз сөйлеп, Қазақстан мен Бельгия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын атап өтті.

➡️Басым бағыттардың қатарында аса маңызды шикізат материалдарын өңдеу, көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту, жаңартылатын энергетика, жасанды интеллект технологиялары, ауыл шаруашылығы, фармацевтика және қаржылық қызметтер бар.

Шикізат экспортынан қосылған құны жоғары өнім өндіруге көшуге, бірлескен өндіріс орындарын дамытуға және озық технологияларды енгізуге ерекше назар аударылды.

➡️«Самұрық-Қазына» және оның портфельдік компаниялары бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, өндірісті локализациялау және ұзақ мерзімді әріптестікті дамыту мақсатында бельгиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатуға дайын.

🔘

🇰🇿🇧🇪Глава «Самрук-Қазына» представил приоритеты инвестиционного сотрудничества Казахстана и Бельгии в ходе расширенных переговоров с бельгийской стороной

Нурлан Жакупов выступил перед Президентом Казахстана, Королем Филиппом и Королевой Матильдой, обозначив перспективные направления экономического сотрудничества между Казахстаном и Бельгией.

➡️В числе приоритетов - переработка критически важных сырьевых материалов, развитие транспортно-логистической инфраструктуры, возобновляемая энергетика, технологии искусственного интеллекта, сельское хозяйство, фармацевтика и финансовые услуги.

Особое внимание было уделено переходу от экспорта сырья к созданию продукции с высокой добавленной стоимостью, развитию совместных производств и внедрению передовых технологий.

➡️«Самрук-Қазына» и его портфельные компании готовы к сотрудничеству с бельгийскими партнерами для реализации совместных инвестиционных проектов, локализации производства и развития долгосрочного партнерства.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Самұрық-Қазына» 20 жылдық мерейтойын атап өтуде ❗️

Қордың тарихы 2006 жылы «Самұрық» холдингі мен «Қазына» қорының құрылуынан басталды. 2008 жылы олар бірігіп, мемлекеттік активтерді басқарудың бірыңғай жүйесінің негізін қалады.

▶️Бүгінде «Самұрық-Қазына» – 96 млрд АҚШ долларынан астам активті басқаратын холдинг. Ол әлем бойынша ұлттық әл-ауқат қорлары тізімінде 21-орын алады.

Қордың компаниялары тобында Қазақстан экономикасының мұнай-газ бен энергетика саласынан бастап, көлік және авиацияға дейінгі негізгі салаларында қызмет ететін ондаған кәсіпорын мен 255 мыңнан астам қызметкер бар.

«Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдық мерейтойы құтты болсын!

🔘

«Самрук-Қазына» отмечает 20-летие ❗️

История Фонда началась в 2006 году с создания холдинга «Самрук» и фонда «Қазына». В 2008 году они объединились, заложив основу единой системы управления государственными активами.

▶️Сегодня «Самрук-Қазына» – это холдинг, управляющий активами на сумму более $96 млрд и занимающий 21-е место в мировом рейтинге суверенных фондов благосостояния.

Группа компаний Фонда объединяет десятки предприятий и более 255 тысяч работников, занятых в ключевых отраслях экономики Казахстана – от нефтегазовой отрасли и энергетики до транспорта и авиации.

С 20-летием, «Самрук-Қазына»!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥10🥰2
«Самұрық-Қазына» қорының 20 жылдығына орай қор тобының қызметкерлері «Самұрықнама: 20 игі іс» акциясына қатысты.

➡️20 күн ішінде еліміздің барлық өңірінде экологиялық, қайырымдылық, білім беру, мәдени және әлеуметтік бастамалар жүзеге асырылды.

Науқанның негізгі нәтижелері - графикада.

🔘

К 20-летию АО «Самрук-Қазына» работники группы Фонда объединились в акции «Самұрықнама: 20 благих дел».

➡️За 20 тематических дней по всей стране прошли экологические, благотворительные, образовательные, культурные и социальные инициативы.

В инфографике - главные результаты акции.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥3
«Самұрық-Қазынаға» 20 жыл: үздік қызметкерлер марапатталды ◼️

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның 20 жылдығына орай қорда қызметкерлердің қатысуымен мерекелік іс-шара өтті.

Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов ұжымды мерейтоймен құттықтап, қорды дамытуға және Қазақстан экономикасының негізгі салаларындағы инвестициялық жобаларды іске асыруға қызметкерлердің қосқан үлесін атап өтті.

✔️20 жыл ішінде қор мұнай-газ, энергетика, көлік-логистика, мұнай-химия, тау-кен металлургиясы және басқа да салаларда 250-ге жуық инвестициялық жобаны жүзеге асырды. Бүгінде «Самұрық-Қазына» тобының компанияларында 255 мыңнан астам адам еңбек етеді. Оның ішінде 239 мыңы – өндірістік сала мамандары.

Іс-шара аясында қор мен портфельдік компаниялардың 20 қызметкері кәсіби жетістіктері мен ортақ іске қосқан үлесі үшін марапатталды.

🔘

20 лет «Самрук-Қазына»: награждены лучшие работники ◼️

В честь 20-летия АО «Самрук-Қазына» в Фонде состоялось праздничное мероприятие с участием сотрудников.

Председатель Правления Нурлан Жакупов поздравил коллектив с юбилеем и отметил вклад работников в развитие Фонда и реализацию инвестиционных проектов в ключевых отраслях экономики Казахстана.

✔️За 20 лет Фонд реализовал порядка 250 инвестиционных проектов в нефтегазовой, энергетической, транспортно-логистической, нефтехимической, горно-металлургической и других отраслях. Сегодня в Группе «Самрук-Қазына» работают более 255 тыс. человек, в том числе 239 тысяч - работники производственных профессий.

В рамках мероприятия 20 работников Фонда и портфельных компаний были отмечены наградами за профессиональные достижения и вклад в общее дело.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2