SAMRUK-KAZYNA official
17.3K subscribers
8.15K photos
1.11K videos
1.32K links
🌐 «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы
🌐 Официальный Telegram-канал Фонда «Самрук-Қазына»
Download Telegram
Қарағандыдағы жаңа орталық аутизмі бар балалардың бейімделуі мен дамуына көмектеседі

☀️Қарағанды қаласында аутизмі және менталдық ерекшеліктері бар балаларға арналған «Қамқорлық» орталығы ашылды. Мұнда жыл сайын 125 баланың бейімделуі мен дамуы үшін қолдау көрсетіледі.

Орталық «Самұрық-Қазына» АҚ-ның бірыңғай қайырымдылық операторы — «Samruk-Kazyna Trust» қоры, «Қазақстан халқына» қоры, «Қамқорлық қоры» және Қарағанды облысы әкімдігінің серіктестігімен құрылды.

✔️Балаларға ABA-терапия, эрго және кинезитерапия, арт-терапия, сенсорлық интеграция және басқа да әдістемелер ұсынылады, сондай-ақ логопед, дефектолог және психологтармен сабақтар жүргізіледі. Сонымен қатар, нәтижелерді жақсарту мақсатында жұмыс тек балалармен ғана емес, олардың ата-аналарымен де жүргізіледі.

2020 жылдан бері Қарағанды облысында «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы құны 678,2 млн теңге болатын 11 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті. Олардың қатарында «Қамқорлық» ерте араласу орталығы, инклюзивті спорт секциялары, сондай-ақ Нұра ауылындағы спорт кешені бар.

🔘

Новый центр в Караганде поможет детям с аутизмом адаптироваться и развиваться

☀️В Караганде открылся центр для детей с аутизмом и ментальными особенностями «Қамқорлық». Ежегодно здесь будут помогать адаптироваться и развиваться 125 детям.

Центр создан при партнерстве единого оператора благотворительности АО «Самрук-Қазына» - фонда «Samruk-Kazyna Trust», фондов «Қазақстан халқына», «Қамқорлық қоры» и акимата Карагандинской области.

✔️Детям будет предоставлена АВА-терапия, эрго- и кинезитерапия, арт-терапия, сенсорная интеграция и другие методики, а также занятия с логопедами, дефектологами и психологами. Кроме того, для лучшего результата работа будет проводиться не только с детьми, но и с их родителями.

C 2020 года в Карагандинской области фондом «Samruk-Kazyna Trust» поддержано 11 социальных проектов на общую сумму 678,2 млн тенге, включая центр раннего вмешательства «Қамқорлық», инклюзивные спортивные секции, спортивный комплекс в поселке Нура.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👏1
«Самұрық-Қазына» қорының портфельдік компаниялары PwC Kazakhstan нұсқасы бойынша ESG-рейтингісінде көш бастады

Қордың бірнеше негізгі портфельдік компаниясы 2024 жылдың қорытынды есебін талдау нәтижелері бойынша PwC Kazakhstan дайындаған ESG-ақпаратты жариялау жөніндегі жыл сайынғы рейтингіде Үздік ондық қатарына енді.

✅Бірінші орында — «Самұрық-Энерго», екінші орында — «Қазақстан Темір Жолы». Төртінші орынды «ҚазМұнайГаз», бесінші орынды «Қазатомөнеркәсіп» еншілесе, «Қазақтелеком», «QazaqGaz» және «KEGOC» сәйкесінше алтыншы, жетінші және сегізінші орыннан көрінді.

Бұл қордың тұрақты даму мәселелері мен деректерді ашық жариялауға бағытталған жүйелі тәсілін көрсетеді.

«Тізімнің айтарлықтай бөлігін «Самұрық-Қазына» тобының портфельдік компаниялары құрайды, бұл қордың ESG-аспектілерін басқарудағы бірізді әрі жүйелі тәсілін айғақтайды. Яғни, 2032 жылға қарай ірі портфельдік компаниялардың ESG-рейтингі бойынша 70-перцентиліне енуін қамтамасыз ету жөніндегі қордың мақсатына сай келеді», — делінген «ESG-ақпаратты жариялау бойынша үздік 50 компания» есебінде.


PwC Kazakhstan рейтингісі - Қазақстан компанияларының экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық қызметі (ESG) туралы деректердің ашықтығы мен сапасын бағалаудың тәуелсіз құралы. Жалпы іріктеуге Қазақстанда жұмыс істейтін 98 компания қатысты.

🔘

Портфельные компании «Самрук-Қазына» стали лидерами ESG -рейтинга по версии PwC Kazakhstan

Сразу несколько ключевых портфельных компаний Фонда вошли в топ-10 ежегодного рейтинга по раскрытию ESG-информации, подготовленном PwC Kazakhstan по результатам анализа Годовых отчетов за 2024 год.

✅Первое место – у «Самрук-Энерго», второе - АО «НК «Қазақстан темір жолы». На четвертой позиции – «Казмунайгаз», пятой – «Казатомпром», у АО «Казахтелеком», АО «НК «QazaqGaz» и АО «KEGOC» - шестое, седьмое и восьмое места соответственно.

Это отражает системный подход Фонда к вопросам устойчивого развития и прозрачности раскрытия данных.

«Существенную часть списка формируют портфельные компании Группы Фонда «Самрук-Қазына», что отражает последовательный и системный подход Фонда к управлению ESG-аспектами. Это также коррелирует с целью Фонда – обеспечить вхождение крупных портфельных компаний в 70-й перцентиль ESG-рейтингов к 2032 году», - говорится в отчете «ТОП-50 лучших компаний по раскрытию ESG-информации».


Рейтинг PwC Kazakhstan служит независимым инструментом оценки прозрачности и качества раскрытия данных о экологической, социальной и управленческой (ESG) деятельности компаний Казахстана. Всего в выборку вошли 98 компаний, работающих в Казахстане.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1🔥1👏1
«Бір минутта жұмыс күніңмен таныстыр» байқауының соңғы шығарылымын «Қазақстан темір жолы» мамандарының бейнематериалдары тәмамдайды:

• Әлібек Серікұлы, «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС, ЖББ-7 бөлімшесінің вагон тексерушісі;
• Нұрасыл Жұбанов, пойыз диспетчері, ТБӨО-1, Ақтөбе магистральдық желі бөлімшесі;
• Абылай Кикбаев — машинист көмекшісі, ТЧЭ-5, Қандыағаш.

🔘

Конкурс «Покажи рабочий день за 1 минуту» завершают видео от работников АО «НК «Қазақстан темір жолы»:

• Алибек Серікұлы, осмотрщик вагонов ТОО «ҚТЖ – Грузовые перевозки» НОД-7
• Нұрасыл Жұбанов, поездной диспетчер, РЦУП-1, Актюбинское отделение магистральной сети
• Абылай Кикбаев, помощник машиниста, ТЧЭ-5, Кандыагаш.

#бірминуттажұмыскүні
#POVбайқау
👍3❤1
Air Astana-ның ұшуға даярлау орталығы: екі жылдағы жұмыс нәтижелері ✈️

2023 жылы күзде елордада ұшуға даярлау орталығы өз жұмысын бастады. Бүгінде әуе компаниясы Airbus A320 флотындағы ұшқыштардың біліктілігін шыңдауға арналған барлық тренингтерді өзінің оқу-жаттығу орталығында өткізеді.

ℹ️Орталықта L3 Harris компаниясының Reality Seven толық пилотажды симуляторы бар. Бұл — ұшудың әртүрлі аспектілерін барынша шынайы сезінуге мүмкіндік беретін әуе кемесінің жылжымалы кабинасы. Сонымен қатар, Air Astana бортсеріктер мен ұшқыштарды даярлау аясында әуе кемесінен эвакуациялау мен өрт сөндірудің түрлі жағдайларына еліктеп жасалған қондырғыларына, яғни ұшақтан апатты шығу (CEET) және өртке қарсы дайындық (RFFT) бойынша жаттығу құрылғыларына инвестиция құйды.

Заманауи жаттығу кешенінің елде ашылуы шетелде оқытуға кететін шығындарды азайтуға, ұшқыштардың жұмыс кестесін қолайлы жоспарлауға және әдеттен тыс әрі төтенше жағдайлардағы шараларды қоса алғанда, даярлау бағдарламаларын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл экипаждың кез келген жағдайда жұмысқа дайындығын тікелей арттырады.

Әр алты ай сайын Airbus флотының 600-ден астам ұшқышы міндетті тренингтер мен біліктілік емтихандарынан өтеді. Орталық тәулік бойы жұмыс істеп, оқу процесінің үздіксіз болуын қамтамасыз етеді.

➡️2026 жылы бірінші тоқсанда Air Astana компаниясы Airbus A320 екінші толық пилотажды жаттығу құрылғысын пайдалануға беруді жоспарлап отыр. Сонымен қатар, оқу-жаттығу орталығына осы үлгідегі әуе кемелері бар басқа компаниялардан да өтініштер түсуде.

🔘

Центр лётной подготовки Air Astana: результаты двухлетней работы ✈️

Осенью 2023 года в столице заработал центр лётной подготовки. На сегодня все тренинги по поддержанию квалификации пилотов флота Airbus A320 авиакомпания проводит в собственном учебно-тренировочном центре.

ℹ️В центре имеется полнопилотажный симулятор Reality Seven компании L3 Harris, который представляет собой подвижную кабину самолета для имитации различных аспектов полета с повышенной степенью реалистичности. Air Astana также инвестировала в тренажеры по аварийной эвакуации из салона (CEET) и по пожарной тренировке (RFFT), имитирующих различные ситуации эвакуации из самолета и пожаротушения в рамках обучения бортпроводников и пилотов.

Наличие современного тренажерного комплекса позволяет сократить затраты на обучение за рубежом, гибко планировать рабочие графики пилотов и расширять программы подготовки, включая отработку нестандартных и нештатных ситуаций. Это напрямую повышает уровень готовности экипажей к работе в любых операционных условиях.

Каждые шесть месяцев более 600 пилотов флота Airbus проходят обязательные тренинги и квалификационные экзамены. Центр работает круглосуточно, обеспечивая непрерывность учебного процесса.

➡️В первом квартале 2026 года Air Astana планирует ввести в эксплуатацию второй полнопилотажный тренажер Airbus A320. Кроме того, учебно-тренировочный центр уже получает запросы от других авиакомпаний, эксплуатирующих самолеты этого типа.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Келешек мектептері» ұлттық жобасының барысы ✨

Астанада Байтұрсынов көшесінде орналасқан мектептің құрылысы 11 айға созылды.

Ғимарат 600 оқушыға арналған. Қазіргі таңда мектепте сапалы әрі жайлы білім алу үшін барлық жағдай жасалған. Атап айтқанда, заманауи оқу кабинеттері, спорт залдары, STEM-зертханалар, кітапханалар және демалыс аймақтары бар.

➡️Заманауи оқу орнының іргетасын құюдан бастап толық жабдықтауға дейінгі құрылыстың барлық кезеңі - бейнематериалда.

🔘

Национальный проект «Келешек мектептері» - в динамике ✨

Строительство столичной школы, расположенной по улице Байтурсынова, велось 11 месяцев.

Школа рассчитана на 600 учащихся. На сегодня в учебном заведении имеются современные кабинеты, спортзалы, STEM-лаборатории, библиотеки и зоны отдыха - все для полноценного и комфортного обучения.

➡️Все этапы строительства – от заливки фундамента до оснащения современного учебного заведения – показали в видео.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
QazaqGaz «Барханная» газ кен орнын іске қосты

Амангелді тобына кіретін «Барханная» газ кен орны ресми түрде жұмысын бастады. Іске қосу рәсімі «QazaqGaz» АҚ басшысы Әлібек Жамауовтың қатысуымен телекөпір форматында өтті.

📍«Барханная» кен орны - елдің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтуға қосылған маңызды үлес.

2026 жылы кен орнында газ өндіру көлемі шамамен 30 млн текше метрді құрайды деп күтіледі, ал 2028 жылға қарай ең жоғары көрсеткіш — шамамен 65 млн текше метр болмақ.

▶️Жоба аясында мемлекеттік бюджетке қосымша түсімдер мен жаңа жұмыс орындарын ашу қарастырылған. Кен орнын игеруден түсетін жиынтық салық төлемдері мен келісімшарт міндеттемелерінің көлемі 18,6 млрд теңге деп бағалануда.

Жоба елде газдың ресурстық базасын кеңейту жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылды.

🔘

Газовое месторождение Барханная запустил QazaqGaz

Дан официальный старт работе газового месторождения Барханная, входящего в Амангельдинскую группу. Церемония запуска прошла в формате телемоста с участием главы АО «QazaqGaz» Алибеком Жамауовым.

📍Запуск месторождения Барханная - это важный вклад в укрепление энергетической безопасности страны.

Ожидается, что добыча газа на месторождении составит около 30 млн кубометров в 2026 году, а пиковый уровень составит порядка 65 млн кубометров и будет достигнут к 2028 году.

▶️По проекту предусмотрено создание новых рабочих мест и дополнительные поступления в государственный бюджет. Совокупные налоговые выплаты и контрактные обязательства от разработки месторождения оцениваются в 18,6 млрд тенге.

Проект реализован в рамках поручения главы государства по расширению ресурсной базы газа в стране.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3🤔2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Сирек жер металдарын барлау қалай жүргізіледі: ішкі жұмыс барысы

💠Қарағанды облысындағы перспективалы Құйрықтыкөл учаскесінде сирек жер металдарын іздеу бойынша бұрғылау жұмыстары жалғасуда.

Жұмыс барысы туралы «TULGA» айдарында «Тау-Кен Самұрық» тобына кіретін «Kazgeology Drilling» ЖШС-нің бұрғылау қызметінің бастығы Мұрабек Ешім айтып берді.

✅Қазіргі уақытта бұрғышылар бірінші кезеңге жоспарланған 2000 метрдің 1100 бойлық метрін еңсерді. Жұмыстар өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары мен геологиялық-барлау стандарттарын сақтай отырып, бекітілген кестеге сай жүргізілуде.

🔘

Как ведется разведка редкоземельных металлов: взгляд изнутри

💠На перспективном участке Куйректыколь в Карагандинской области продолжаются буровые работы в рамках поиска редкоземельных металлов.

О ходе работ в рубрике «TULGA» рассказал Мұрабек Ешім, начальник буровой службы ТОО «Kazgeology Drilling», входящей в группу «Тау-Кен Самрук».

✅На данный момент буровики прошли уже 1100 погонных метров из 2000 запланированных на первом этапе. Работы ведутся согласно графику с соблюдением требований промышленной безопасности и геологоразведочных стандартов.

#TulgaSK
#қортұлғалары #лицафонда #СҚЖұмысшыМамандықтарЖылы #ГодРабочихПрофессийСК
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥1