SAMRUK-KAZYNA official
17.3K subscribers
8.14K photos
1.11K videos
1.32K links
🌐 «Самұрық-Қазына» Қорының ресми Telegram-каналы
🌐 Официальный Telegram-канал Фонда «Самрук-Қазына»
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«SK Invest» – тікелей шетелдік инвестицияларды тарту құралы

🎙Samruk Podcast-тың жаңа шығарылымында «Самұрық-Қазына Инвест» компаниясының Қор құрылымындағы рөлі, инвестициялық шешімдердің логикасы және Қазақстанға тікелей шетелдік инвестицияларды тарту жолдары туралы айтылады.

▪️«SK Invest» компаниясының бас директоры Сәкен Пірмаханов идеядан бастап жоба аяқталғанға дейін инвестициялық тізбектің қалай құрылатынын, бүгінде қай салалар басым бағытта екенін толық түсіндіріп берді.

Толық шығарылым YouTube-арнамызда

🔘

«СК Инвест» как инструмент привлечения прямых иностранных инвестиций

🎙В новом выпуске Samruk Podcast говорим о роли ТОО «Самрук-Қазына Инвест» в структуре Фонда «Самрук-Қазына», логике инвестиционных решений и том, как в Казахстан привлекаются прямые иностранные инвестиции.

▪️Генеральный директор «СК Инвест» Сакен Пирмаханов подробно объясняет, как выстраивается инвестиционный цикл - от идеи до выхода из проекта, и какие отрасли находятся в фокусе сегодня.

Полный выпуск доступен на нашем YouTube-канале
❤1👍1👏1
👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Қашағандағы газ өңдеу зауыты: «Самұрық-Қазына» жобасының барысы

▶️«Самұрық-Қазынаның» портфельдік компаниясы – «QazaqGaz» АҚ Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытын салуды жалғастыруда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 1 млрд текше метр газды құрайды.

Құрылыс алаңында шамамен 1500 маман жұмыс істейді әрі 346 техника жұмылдырылған. Еңбек қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде.

Бүгінгі таңда атқарылған негізгі жұмыстар:
🔹Іргетасқа 58 399 м³ бетон құйылды – 76,7%;
🔹8 786 тонна металл құрылымдар орнатылды – 43,4%;
🔹4 671 тонна механикалық жабдық орнатылды – 47,6%;
🔹1 863 тонна резервуар қойылды – 92,6%;
🔹24 608 м жерасты құбырлары тартылды – 54,2%.

Жоба Қордың қатаң бақылауында. Оның іске асырылуы елде өңделетін газ көлемін арттырып, газ-химия саласының дамуына серпін береді.

🔘

ГПЗ на Кашагане: как продвигается проект «Самрук-Қазына»

▶️Портфельная компания «Самрук-Қазына» - АО «НК QazaqGaz» продолжает строительство газоперерабатывающего завода на месторождении Кашаган. Мощность завода составит 1 млрд кубометров газа в год.

На объекте работают около 1500 специалистов, задействовано 346 единиц техники, особое внимание уделяется безопасности труда.

На сегодняшний день выполнены ключевые работы:
🔹Фундаменты: залито 58 399 м³ бетона - 76,7%;
🔹Металлоконструкции: смонтировано 8 786 тонн - 43,4%;
🔹Механическое оборудование: установлено 4 671 тонна - 47,6%;
🔹Резервуары: 1 863 тонны - 92,6%;
🔹Подземные трубопроводы: проложено 24 608 м - 54,2%.

Проект находится под строгим контролем Фонда, его реализация должна увеличить переработку газа в стране и поддержать развитие газохимической отрасли.
👍5❤1
Жылына 4 200 бала: «Самұрық-Қазына» қоры «Ainala» орталықтарының дамуына қолдау көрсетуде

✨Ақтөбе облысының Шұбарқұдық ауылында аралас форматтағы «Ainala» оңалту орталығы іске қосылды. Бұл – ауылдағы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған алғашқы орталық.

Мұнда әртүрлі диагнозы бар 3 пен 18 жас аралығындағы балаларға көмек көрсетіледі. Орталық форматы медициналық оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді біріктіреді және жылына 840 баланы қабылдай алады. Ал қажет болған жағдайда орын саны арттырылуы мүмкін.

❗️Мекемеде күндізгі стационар және жатқызу арқылы емдеу қарастырылған. Бұл оңалту курсын үзбей жалғастыруға мүмкіндік береді.

Балалар үшін АВА-терапия кабинеттері, емдік дене шынықтыру және механикалық терапия залдары, сенсорлық интеграция кеңістіктері, тұз бөлмесі, иммерсиялық ванна, сондай-ақ еңбек және арт-терапия шеберханалары бар.

Балалармен мультидисциплинарлық команда – невропатологтар, психологтар, логопедтер, дефектологтар және ЕДШ нұсқаушылары жұмыс істейді. Орталықтың ашылуына байланысты 150 жұмыс орны құрылады.

✔️Осындай 5 орталық пилоттық режимде елдің бірнеше өңірінде жұмыс істеп тұр. Олар жылына 4 200 балаға дейін қамти алады.

Соңғы бес жылда қордың қолдауымен Қазақстанда 55 оңалту орталығы ашылып, жыл сайын 22 мыңға жуық бала мен ересекке көмек көрсетілуде.

🔘

4 200 детей в год: центры «Ainala» развиваются при поддержке «Самрук-Қазына»

✨В селе Шубаркудык Актюбинской области начнет работу реабилитационный центр смешанного типа «Ainala» - первый в поселке центр для детей с особыми потребностями.

Здесь помощь смогут получать дети от 3 до 18 лет с разными диагнозами. Формат центра объединяет медицинскую реабилитацию и социальную адаптацию. Центр рассчитан на 840 детей в год, при необходимости мощность может быть увеличена.

❗️Предусмотрены два формата работы - дневной стационар и госпитализация, что позволяет не прерывать курс реабилитации.

Для детей оборудованы кабинеты АВА-терапии, залы ЛФК и механотерапии, пространства сенсорной интеграции, соляная комната, иммерсионная ванна, а также мастерские трудовой и арт-терапии.

С детьми будет работать мультидисциплинарная команда - неврологи, психологи, логопеды, дефектологи и инструкторы ЛФК. С открытием данного центра создаются 150 рабочих мест.

✔️В пилотном режиме 5 таких центров уже работают в нескольких регионах страны и могут охватывать до 4 200 детей в год.

За последние пять лет при поддержке Фонда в Казахстане открыто 55 реабилитационных центров, где ежегодно помощь получают почти 22 тыс детей и взрослых.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
«Түркістан БГҚ» электр станциясы құрылысының жаңа кезеңі басталды

▶️Түркістан облысында қуаты 1000 МВт болатын бу-газ қондырғысы негізінде салынып жатқан электр станциясы технологиялық жабдықтарды орнату кезеңіне өтті. Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қатысуымен жүзеге асырылуда.

Қуаты 1000 МВт электр станциясының іске қосылуы еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі электр энергиясы тапшылығын жоюға мүмкіндік береді және қарқынды жүктеме кезеңінде энергожүйенің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.

📍Siemens Energy компаниясы шығарған барлық төрт газ турбинасы бас корпуста толықтай орнатылды.

2025 жылдың соңында үш газ турбинасы генераторларымен бірге уақытша тіректерге орнатылды, сондай-ақ күштік жабдықтарды басқару орталығы, негізгі маймен жабдықтау блогы және газ турбинасы генераторының салқындатқышы қойылған. Ал биыл қаңтарда төртінші газ турбинасы уақытша тіректерге сәтті орнатылды.

✅Электр станциясы екі блоктан тұрады. Әр блок газ турбиналарымен, жою қазандықтарымен және бу турбинасымен жабдықталмақ.

Нысандағы жұмыстарға шамамен 950 маман және 105 техника жұмылдырылған.

🔘

Строительство электростанции «ПГУ Туркестан» перешло в новую фазу

▶️Проект строительства электростанции на базе парогазовой установки мощностью 1000 МВт в Туркестанской области, реализуемый при участии АО «Самрук-Қазына», перешел в фазу монтажа технологического оборудования.

Запуск электростанции мощностью 1000 МВт позволит покрыть дефицит электроэнергии в южных регионах страны и обеспечит стабильную работу энергосистемы в периоды пиковых нагрузок.

📍В Главном корпусе завершен монтаж всех четырех газовых турбин производства Siemens Energy.

В конце 2025 года на временные опоры были установлены три газовые турбины с генераторами, а также смонтированы центр управления силовым оборудованием, основной блок маслоснабжения и охладитель генератора газовой турбины. В январе 2026 года успешно установлена на временные опоры четвертая газовая турбина.

✅Электростанция будет состоять из двух блоков, каждый из которых будет оборудован газовыми турбинами, котлами-утилизаторами и паровой турбиной.

На объекте задействованы порядка 950 специалистов и 105 единиц техники.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2
🇰🇿🇨🇳«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Қытайдың мемлекеттік энергетикалық корпорациясы State Power Investment Corporation (SPIC) бас директорының орынбасары Чэн Хабинмен кездесті

Кездесу барысында тараптар Павлодар облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станцияларын салу жөніндегі бірлескен инвестициялық жобаны іске асыру мәселелерін талқылады.

⚡️Жоба Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы дамытуға бағытталған және Қордың декарбонизация мен энергетика секторын тұрақты дамыту бойынша стратегиялық басымдықтарына сәйкес келеді. Нысан 2029 жылдың II тоқсанында іске қосылады деп жоспарланған.

✔️Жоба біртіндеп іске асыру кезеңіне өтуде. 2025 жылы бірқатар маңызды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, жобаны кешенді дамыту туралы келісімшартқа қол қойылды. Ол инженерлік-іздестіру жұмыстарын, жобалық құжаттаманы дайындауды қамтиды. Сондай-ақ, жел өлшейтін мұнаралар орнатылды, бұл әрі қарай жобалау жұмыстары үшін негізгі деректер алуға мүмкіндік берді. Және де «KEGOC» АҚ электр жүйесі операторымен қуат беру сызбасы мақұлданды. Бұл болашақ станцияны елдің энергетика жүйесімен біріктірудегі маңызды кезең болды.

Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы Үкіметаралық келісім аясында жүзеге асырылып жатыр.

📍Келесі маңызды қадам - ҚР Энергетика министрлігінің қатысуымен Инвестициялар туралы келісімге қол қою. Нұрлан Жақыпов энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі SPIC-пен серіктестік Қазақстанда «жасыл» генерацияны дамыту үшін озық технологиялар мен халықаралық тәжірибені тартуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ℹ️State Power Investment Corporation (SPIC) — Қытайдың ірі мемлекеттік энергетикалық корпорацияларының бірі әрі әлем бойынша электр энергетикасы саласындағы көшбасшы. Компания жел, күн және су энергетикасын қоса алғанда, жаңартылатын энергия көздері бағытындағы жобаларды белсенді дамытып, әлемнің 40-тан астам елінде инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда.

🔘

🇰🇿🇨🇳Глава АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов встретился с Чэн Хабинем, заместителем гендиректора китайской энергетической корпорации State Power Investment Corporation (SPIC)


В ходе встречи стороны обсудили вопросы реализации совместного инвестиционного проекта по строительству ветроэлектростанций в Павлодарской области мощностью в 1 ГВт.

⚡️Проект направлен на развитие возобновляемой энергетики в Казахстане и соответствует стратегическим приоритетам Фонда в области декарбонизации и устойчивого развития энергетического сектора. Ввод в эксплуатацию запланирован во II квартале 2029 года.

✔️Проект последовательно переходит к практической реализации. В 2025 году был сделан ряд важных шагов: подписан договор на комплексное развитие проекта, включающий проектно-изыскательские работы и подготовку проектной документации; завершена установка ветроизмерительных мачт, что позволило получить ключевые данные для дальнейшего проектирования; согласована схема выдачи мощности с оператором энергосистемы АО «KEGOC», что стало важным этапом интеграции будущей станции в энергосистему страны.

Проект реализуется в рамках Межправительственного соглашения между Казахстаном и КНР.

📍Очередным ключевым шагом станет предстоящее подписание Соглашения об инвестициях, с участием Министерства энергетики Казахстана. Нурлан Жакупов отметил, что партнерство с SPIC — одним из мировых лидеров в сфере энергетики — позволяет привлекать передовые технологии и международный опыт для развития «зеленой» генерации в Казахстане.

ℹ️State Power Investment Corporation (SPIC) — одна из крупнейших государственных энергетических корпораций Китая и мировой лидер в сфере электроэнергетики. Компания активно развивает проекты в области возобновляемых источников энергии, включая ветровую, солнечную и гидроэнергетику, и реализует инвестиционные проекты более чем в 40 странах мира.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🥱1
«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚҚДБ) Орталық Азия және Моңғолия бойынша басқарушы директоры Өзхан Хусейнмен кездесті

🤝Тараптар серіктестіктің перспективалы бағыттарын, оның ішінде «жасыл» энергетика саласындағы жобаларды ықтималды қаржыландыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, топтың сатып алуларын жетілдіру мәселелерін қарастырды.

❗️Еуропалық қайта құру және даму банкі «Самұрық-Қазына» қорының ұзақ жылдар бойғы серіктесі. Банк Қордың энергетика, тау-кен металлургия кешені, мұнай-газ саласы және логистика бағыттарындағы ірі жобаларына қатысады.

Қаржы институты Қордың сатып алу жүйесін халықаралық стандарттарға сай деп таныды. Қор — әлемде (Еуропалық Одақ елдерінен тыс) сатып алу жүйесі ЕҚҚДБ тарапынан ресми түрде мойындалған жалғыз құрылым.

🔘

Глава АО «Самрук-Қазына» Нурлан Жакупов встретился с управляющим директором по Центральной Азии и Монголии ЕБРР Озханом Хусейном

🤝Стороны обсудили перспективные направления сотрудничества, включая возможное финансирование проектов в сфере «зеленой» энергетики. А также вопросы совершенствования закупок Группы.

❗️Европейский банк реконструкции и развития является давним партнером «Самрук-Қазына». Банк участвует в крупных проектах Фонда в энергетике, ГМК, нефтегазовой сфере и логистике.

Фининститут признал закупочную систему Фонда соответствующей международным стандартам. Фонд — единственная структура в мире (вне стран ЕС), чья система официально верифицирована ЕБРР.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤2