Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Forwarded from SEMEI TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏡 ЖАСТАРДЫҢ БАСПАНАЛЫ БОЛУЫНА ЖАҢА МҮМКІНДІК

Семейде жастарға арналған «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы басталады. Жастар мен қоғамдық маңызы бар салаларда еңбек ететін мамандарды баспанамен қамтуға бағытталған жеңілдетілген несиелеу бағдарламасына өңірдің 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтары өтінім бере алады.

#абайоблысы #аймақтыңбастыарнасы #баспана
Forwarded from SEMEI TV
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🏡 В СЕМЕЕ ВНОВЬ СТАРТОВАЛА ЖИЛИЩНАЯ ПРОГРАММА ДЛЯ МОЛОДЕЖИ

В Семее продолжается программа льготного кредитования «Абай жастары», направленная на обеспечение жильем молодежи и специалистов, работающих в общественно значимых сферах. Подать заявку на участие в госпрограмме могут жители Семея, от 18 до 35 лет включительно.

#абайоблысы #аймақтыңбастыарнасы #жилье
🚌Қалада шағын автобустар жаңартылуда

Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында қалада шағын автобустарды жаңа автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

🌀Жаңарту жұмыстарын «Таксомоторный парк» ЖШС тасымалдаушысы жүзеге асырып жатыр. Жаңа автобустар тұрғындар арасында сұранысқа ие №16, №18 және №55 бағыттарында қатынайды.

10 бірлік жаңа автобустар кондиционерлермен және бейнебақылау жүйелерімен жабдықталған. Ертеңнен бастап жаңа автобустар желіге шығып, жолаушыларға штаттық режимде қызмет көрсете бастайды.

Биыл саяжайларға қатынайтын автобустарды кезең-кезеңімен жаңарту жоспарланған. Сол маршруттардың бірі – №18 бағыт.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🚌Қалада шағын автобустар жаңартылуда Жолаушылар тасымалының сапасын арттыру мақсатында қалада шағын автобустарды жаңа автобустарға ауыстыру жұмыстары жүргізілуде. 🌀Жаңарту жұмыстарын «Таксомоторный парк» ЖШС тасымалдаушысы жүзеге асырып жатыр. Жаңа автобустар…
🚌В городе обновляют маршрутные автобусы

В целях повышения качества пассажирских перевозок в городе проводится работа по замене маршрутных микроавтобусов на новые автобусы.

🌀Обновление автопарка осуществляет перевозчик ТОО «Таксомоторный парк». Новые автобусы будут курсировать по наиболее востребованным среди жителей маршрутам №16, №18 и №55.

10 единиц новых автобусов оснащены кондиционерами и системами видеонаблюдения. Начиная с завтрашнего дня новые автобусы выйдут на линию и начнут обслуживать пассажиров в штатном режиме.

В текущем году планируется поэтапное обновление автобусов, следующих к дачным массивам. Один из таких маршрутов — маршрут №18.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары!

Жылыту маусымында адам өміріне аса қауіпті көміртек тотығымен улану қаупі артады.

❗️Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін:
• пештердің, қазандықтардың және газ жабдықтарының жарамдылығын тұрақты түрде тексеріп отыру қажет;
• түтін мұржалары мен желдету арналарының таза әрі ашық болуын қадағалау керек;
• үй-жайда таза ауаның үздіксіз келуін қамтамасыз етіп, желдету саңылауларын жаппау қажет;
• ақауы бар жылыту құрылғыларын пайдаланбау керек;
• пештер мен жылытқыштарды қараусыз қалдырмау қажет;
• газ плиталарын үй-жайды жылыту үшін қолданбау керек;
• отын толық жанып біткеннен кейін ғана түтін мұржасының жапқышын жабу қажет;
• жер үйлерге көміртек тотығының датчиктерін орнату ұсынылады.

Уланудың алғашқы белгілері байқалған жағдайда дереу таза ауаға шығып, жедел қызметтерге қоңырау шалу қажет: 📞112, 103.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары! Жылыту маусымында адам өміріне аса қауіпті көміртек тотығымен улану қаупі артады. ❗️Жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін: • пештердің, қазандықтардың және газ жабдықтарының жарамдылығын тұрақты түрде тексеріп отыру қажет; • түтін…
📢Уважаемые жители города!

В отопительный период возрастает риск отравления угарным газом, который не имеет цвета и запаха и особенно опасен для жизни.

❗️Чтобы избежать несчастных случаев, необходимо:
• регулярно проверять исправность печей, котлов и газового оборудования;
• следить за чистотой дымоходов и вентиляции;
• обеспечивать приток свежего воздуха, не закрывать вентиляционные отверстия;
• не использовать неисправные отопительные приборы;
• не оставлять печи и обогреватели без присмотра;
• не применять газовые плиты для обогрева помещений;
• закрывать заслонку дымохода только после полного прекращения горения;
• устанавливать датчики угарного газа.

При первых признаках отравления нужно немедленно выйти на свежий воздух и вызвать экстренные службы: 📞112, 103.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅Қала әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өтті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырысқа бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты.

🌀Жиында 2025 жылы өткізілген мемлекеттік сатып алулар және 2011–2023 жылдары салынған объектілерді 2025–2026 жылдары коммуналдық меншікке беру және мәселелері қаралды. Күн тәртібіндегі сұрақтар бойынша экономика және қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Қуаныш Жакупов пен құрылыс бөлімінің басшысы Саят Тойкенов баяндама жасады.

2025 жылы барлығы 114 конкурс өтсе, оның 111-і ашық конкурс, 3-еуі рейтинг-баллдық жүйе арқылы ұйымдастырылған. Ал құрылыс бөлімі бойынша тексеру кезінде 109 нысан анықталып, қазіргі таңда 47 нысан пайдаланушы ұйымдардың теңгеріміне берілді.

«Басты міндет – басталған жобаларды сапалы аяқтау, жаңа жоспарларды нақты мерзімдермен іске асыру және халықтың күнделікті өміріне тікелей әсер ететін мәселелерге басымдық беру. Әрбір бөлім өзіне жүктелген міндет үшін нақты жауапкершілік алуы тиіс», – деді қала әкімі.


Сонымен қатар қалада ауа-райының күрт төмендеуіне байланысты «Семей Водоканал» МКК және «Теплокоммуноэнерго» МКК басшылары қазіргі жағдай туралы баяндады. Бүгінде кәсіпорындар күшейтілген режимде жұмыс жасауда. Әділет Нұрсағатұлы коммуналдық қызметтерге жағдайды бақылауда ұстауды тапсырды.

❗️Жиын соңында қала әкімі тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
✅Қала әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өтті Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиналыс өтті. Отырысқа бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысты. 🌀Жиында 2025 жылы өткізілген мемлекеттік…
✅Под председательством акима города состоялось расширенное аппаратное совещание

Под председательством акима города Адлета Нурсагатовича состоялось расширенное аппаратное совещание. В заседании приняли участие руководители отделов и коммунальных служб.

🌀В ходе совещания были рассмотрены вопросы проведения государственных закупок в 2025 году, а также передачи в коммунальную собственность в 2025–2026 годах объектов, построенных в период с 2011 по 2023 годы. По вопросам повестки дня с докладами выступили исполняющий обязанности руководителя отдела экономики и финансов Куаныш Жакупов и руководитель отдела строительства Саят Тойкенов.

В 2025 году было проведено 114 конкурсов, из них 111 — в форме открытых конкурсов, 3 — с применением рейтингово-балльной системы. По линии отдела строительства в ходе проверки было выявлено 109 объектов, на сегодняшний день 47 объектов переданы на баланс эксплуатирующих организаций.

«Главная задача — качественно завершить начатые проекты, реализовать новые планы в установленные сроки и уделять приоритетное внимание вопросам, напрямую влияющим на повседневную жизнь населения. Каждый отдел должен нести конкретную ответственность за возложенные на него задачи», — подчеркнул аким города Адлет Нурсагатович.


Кроме того, в связи с резким понижением температуры воздуха руководители ГКП «Семей Водоканал» и ГКП «Теплокоммуноэнерго» доложили о текущей ситуации. В настоящее время предприятия работают в усиленном режиме. Аким города поручил коммунальным службам держать ситуацию на постоянном контроле.

❗️По итогам совещания Адлет Нурсагатович дал соответствующим отделам конкретные поручения.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
✅Қала әкімінің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық отырыс өтті
———
✅Под председательством акима города состоялось расширенное аппаратное совещание

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅Облыс әкімі тұрғындарды өзекті мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласы тұрғындарын өзекті мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға Семей қаласының әкімі Әділет Қожанбаев, басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ Абай облысы филиалының және «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері қатысты.

🕯Қабылдау барысында көп балалы аналар тарапынан баспана мәселесіне қатысты сауалдар қойылды. «Отбасы банкіндегі» тұрғын үй кезегін жылжытуға, көп балалы аналарға бөлінетін тұрғын үй санын көбейтуге қатысты ұсыныстар айтылды. Қоғамдық көлік, жолдардың сапасына байланысты да сұрақтар болды.

⌛Ашық форматта, үш сағатқа созылған кездесуде аймақ басшысы 50-ге жуық тұрғынның сауалына жауап берді. Көп балалы отбасыларға мемлекет тарапынан заң аясында тиісті көмек көрсетіліп жатқанын атап өтіп, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

«Мен өздеріңізбен бұған дейін де бірнеше рет кездестім. Осындай кең құрамда да, жеке азаматтарды қабылдау барысында да талай рет жүздестік. Сонымен қатар, менің орынбасарларым да тұрақты түрде қабылдаулар өткізіп, әрбір өтінішті жеке қарап, тиісті бағыт-бағдар беріп келеді. Әлеуметтік көмек, тұрғын үй, жұмыспен қамту, бала тәрбиесіне қатысты мәселелердің барлығы назардан тыс қалмайды. «Отбасы банкінің» жүйесіне байланысты арыз-шағымдардың бар екенін жақсы білеміз. Бұл мәселе біз үшін де өзекті. Қазіргі таңда банкпен, жауапты мекемелермен бірлесіп, туындап отырған түйткілдерді реттеу жолдарын қарастырып жатырмыз. Әрбір нақты жағдай жеке талданады, бұл бағытта жұмыс жалғаса береді», – деді облыс әкімі.


📇Қабылдауда «Отбасы банк» АҚ Абай облысы филиалы мен «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өкілдері тұрғындарға баспананың қалай берілетінін заңдық тұрғыда түсіндіріп, мемлекеттік бағдарламалар мен жеңілдіктер туралы толық ақпарат берді.

➡️Аймақ басшысы кездесуде облыста ауылға көшкісі келетін азаматтарға арнайы, кешенді бағдарлама әзірленіп жатқанын, оның аясында бизнес жүргізуге, мал алуға «Ауыл аманаты» бағдарламасымен 2 жарым пайызбен несие берілетінін атап өтті.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM