Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏛Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты.

📌Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді. Аталған орталықта 18 жастан асқан, психоневрологиялық аурулары бар, I және II топтағы мүгедектігі бар 400 қызмет алушыға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мұнда 1964 және 1970 жылдары салынған екі корпус бар.

➡️Жаңа қосымша корпустың жалпы аумағы 6 281,8 шаршы метрді құрайды.
Нысан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес келеді. Ғимаратта емдік-еңбек шеберханасы, медициналық кабинеттер, заманауи асхана мен буфет, шаштараз бөлмесі, кітапхана және жатын бөлмелер қарастырылған.

Аймақ басшысы жаңа нысанның әлеуметтік маңызына тоқталып, бұл мекеме ерекше күтімді қажет ететін азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасай береді» деп әлеуметтік саланың маңызын айрықша атап өткен болатын. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес, бір адамға 5 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй алаңымен қызмет алушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша корпус санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қызмет алушылардың тұруы үшін де, орталық персоналының жұмысы үшін де неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырады. Облысымызда қайтарылған активтер есебінен 25 нысанның құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда үшеуінің құрылысы аяқталды. 22 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы 22 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Осы игі іспен айналысқан прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне Абай облысы жұртшылығы атынан алғысымызды білдіреміз», – деді облыс әкімі.


Нысан іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға сапалы қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда облыс бойынша мұндай қызметке 101 адам кезекте тұр.

🌐Облыста әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өңірде 23 800 мүгедектігі бар адам тұрады. 2026 жылы аймақтағы 15 мыңнан астам мүгедектігі бар жандарды техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 3,3 млрд. теңге бөлінді.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 200 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр. Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен 6 мыңға жуық адам қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанында салынған қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Бородулиха ауданында және Семей қаласында орналасқан қарттар үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Әлеуметтік мекемелердің қызметін арттыру мақсатында 20 автокөлікті (оның ішінде 7 инватакси) лизинг арқылы сатып алу жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
➡️В Семее открылось медицинско-социальное учреждение на 100 мест

В церемонии открытия нового здания приняли участие аким области Абай Берик Уали и прокурор области Ерлан Абаев.

📤Объект построен за счет средств Государственного специального фонда на территории учреждения «Центр оказания специальных социальных услуг №1 города Семей». В данном центре в стационарных условиях оказываются специальные социальные услуги 400 получателям услуг старше 18 лет с психоневрологическими заболеваниями, а также лицам с инвалидностью I и II групп. На территории центра ранее функционировали два корпуса, построенные в 1964 и 1970 годах.
Общая площадь нового дополнительного корпуса составляет 6281,8 кв. метра.

🔗Объект полностью соответствует стандартам оказания специальных социальных услуг в сфере социальной защиты населения. В здании предусмотрены лечебно-трудовые мастерские, медицинские кабинеты, современная столовая и буфет, парикмахерская, библиотека и спальные помещения.

Глава региона, подчеркнув социальную значимость нового объекта, отметил, что учреждение направлено на формирование комфортной и безопасной среды для граждан, нуждающихся в особом уходе.

«В Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решение через коренные цифровые преобразования» Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо подчеркнул значимость социальной сферы, отметив, что государство и впредь будет создавать все условия для того, чтобы каждый гражданин имел достойный доход, получал качественные социальные услуги и был уверен в завтрашнем дне. Введение в эксплуатацию нового здания позволит обеспечить получателей услуг жилой площадью до 5 кв. метров на одного человека в полном соответствии со стандартами оказания специальных социальных услуг. Кроме того, дополнительный корпус обеспечивает соблюдение санитарно-гигиенических и противоэпидемических требований, создает более комфортные условия как для проживания получателей услуг, так и для работы персонала центра, повышает качество медицинских и социальных услуг. В области за счет возвращенных активов было начато строительство 25 объектов. На сегодняшний день строительство трех объектов завершено, работы по 22 объектам продолжаются. В целом предусмотрено финансирование в объеме 22 млрд тенге. От имени жителей области Абай выражаем благодарность прокуратуре и сотрудникам правоохранительных органов за вклад в реализацию этих благих дел», — отметил аким области.


После ввода объекта в эксплуатацию будут созданы новые рабочие места, а жители региона, нуждающиеся в социальной поддержке, смогут получать качественные услуги. В настоящее время по области в очереди на получение таких услуг состоят 101 человек.

⌛В регионе системно реализуются меры социальной поддержки. В области проживают 23 800 человек с инвалидностью. В 2026 году на обеспечение более 15 тысяч лиц с инвалидностью техническими средствами реабилитации и реабилитационными услугами предусмотрено 3,3 млрд тенге. В целях обеспечения доступности объектов социальной и транспортной инфраструктуры в текущем году планируется адаптация 200 объектов. В настоящее время специальными социальными услугами охвачено около 6 тысяч человек. В рамках исполнения поручений Главы государства в текущем году будет введен в эксплуатацию дополнительный корпус, построенный при Центре оказания специальных социальных услуг для детей в Урджарском районе. Также в Бородулихинском районе и в городе Семей в домах престарелых будут проведены текущие ремонтные работы. В целях повышения эффективности деятельности социальных учреждений планируется приобретение 20 автотранспортных средств, в том числе 7 инватакси, на условиях лизинга.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM