Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏠Семейде 30-ға жуық отбасы баспаналы болды

Бүгін Семей қаласында әлеуметтік осал топтағы азаматтарға және жетім балаларға пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Шараға облыс әкімі Берік Уәли қатысты.

🔼Тұрғындарды баспанамен қамту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы облыс орталығында барлығы 327 жалға берілетін пәтер сатып алынды. Соның ішінде Ұшақтар кентінде орналасқан 5 қабатты, 60 пәтерлі тұрғын үй «Отбасы банк» АҚ арқылы кезекте тұрған азаматтарға бөлу үшін берілді.

➡️Аймақ басшысы жаңа қоныс иелерін қуанышты мезетпен құттықтап, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде тұрғындарды баспанамен қамту бағытында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Қаламыз күннен күнге көркейіп келеді. Тұрғындардың өмір сапасын арттыру бағытында ауқымды жұмыс атқарылуда. Игі істердің жалғасы ретінде бүгін біз ерекше сәттің куәсі болғалы отырмыз. Бүгін 26 пәтердің кілті табысталмақ. Ал жақын күндері тағы 34 отбасы осы үйден баспаналы болады. Сонда бір үйдің өзінен ғана 60 адам қоныс тойын тойлайды. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, жетім балаларға беріліп отыр. Бұл – жай ғана үй емес, бұл – жаңа өмірге бастар жол, үміт пен сенімнің символы. Сондай-ақ, наурыз айындағы мерекелерде кезегі келген отбасыларға пәтер кілтін табыстайтын боламыз. Қоныс тойы құтты болсын! Жаңа баспана жаңа бақыт әкелсін!», – деді Берік Уәли.


Баспаналы болған тұрғындар ризашылықтарын жеткізді.

«Біздің жанұямыз үшін бүгін – ерекше қуанышты күн. Себебі, 11 жыл үй кезегінде тұрып, тағатсыздана күттік. Жаңа баспанаға қол жеткізгенімізге ризамыз. Халықтың жағдайын жасап, қолдау көрсетіп жатқандарыңызға алғыс айтамыз», – деді қала тұрғыны Жанна Иманғазина.


📊Облыс әкімі Семей қаласын абаттандыру жұмысы жалғасатынын, биыл 75 көшеге асфальт төселіп, 100-ге жуық ауланың жаңғыртылатынын айтты. Айта кетейік, былтыр 52 көше асфальтталып, 35 аула абаттандырылған болатын.

Ұшақтар кентінің дамуына да ерекше көңіл бөлінеді. Қазіргі уақытта жаңа саябақ пен спорттық сауықтыру кешені салынып жатыр. Екі ғимараттан тұратын спорт нысаны – «Самұрық қазына» әл ауқат қоры мен облыс әкімдігінің бірлескен жобасы.

📌Өткен жылы Қарағайлы ықшам ауданында 27 мың шаршы метрді құрайтын 5 тұрғын үй пайдалануға берілді. Биыл «Абай жастары» бағдарламасы аясында 30 пәтер берілмек.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏠В Семее около 30 семьям вручили ключи от квартир

Сегодня в городе Семей состоялась торжественная церемония вручения ключей от квартир гражданам из социально уязвимых категорий и детям-сиротам. В мероприятии принял участие аким области Абай Берик Уали.

🌐Обеспечение граждан жильем является одним из приоритетных направлений государственной политики. В результате системной работы в 2025 году в областном центре было приобретено 327 арендных квартир. В том числе пятиэтажный жилой дом на 60 квартир, расположенный в поселке Ушактар, был передан через «Отбасы банк» для распределения среди граждан, состоящих в очереди.

🗣️Глава региона поздравил новосёлов с радостным событием и отметил, что в соответствии с поручением Главы государства в области проводится планомерная работа по обеспечению населения жильем.

«Наш город с каждым днем преображается. Ведётся масштабная работа по повышению качества жизни горожан. Сегодня мы становимся свидетелями особенного события – вручения ключей от 26 квартир. В ближайшие дни ещё 34 семьи получат жилье в этом доме. Таким образом, только в одном жилом доме новоселье отпразднуют 60 семей. Квартиры предоставляются гражданам из социально уязвимых категорий и детям-сиротам. Это не просто жилье – это символ надежды, уверенности и начала новой жизни. Также в период мартовских праздников ключи от квартир будут вручены семьям, стоящим в очереди. Пусть новоселье принесет счастье и благополучие», – сказал Берик Уали.


Новоселы выразили слова благодарности.

«Для нашей семьи сегодняшний день – особенный. Мы 11 лет стояли в очереди на жилье и с нетерпением ждали этого момента. Очень рады, что получили собственную квартиру. Благодарим за поддержку и внимание к нуждам людей», – отметила жительница города Жанна Имангазина.


📉Аким области также сообщил, что в Семее продолжатся работы по благоустройству. В текущем году планируется асфальтирование 75 улиц и обновление около 100 дворов. В прошлом году было заасфальтировано 52 улицы и благоустроено 35 дворов.

Особое внимание уделяется развитию посёлка Ушактар. В настоящее время здесь строятся новый парк и спортивно-оздоровительный комплекс. Спортивный объект, состоящий из двух зданий, реализуется в рамках совместного проекта фонда Самрук-Қазына и акимата области.

⌛В прошлом году в микрорайоне Карагайлы были введены в эксплуатацию пять жилых домов общей площадью 27 тысяч квадратных метров. В текущем году в рамках программы «Абай жастары» планируется предоставить 30 квартир.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM