Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Әкімдік отырысында аяз кезіндегі қауіпсіздік шаралары талқыланды
———
⚡️На заседании акимата обсудили меры безопасности в период сильных морозов

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 25 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) 1-ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l, ll курстың окушылары үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылады.
———
25 февраля 2026 года в школах города Семей, из-за неблагоприятных погодных условий (сильный мороз), занятия для учащихся 1-11 классов, учащихся l, ll курсов колледжей 1-смены переводятся на дистанционный формат обучения.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🧐Қала басшысы ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы бейнебақылау жүйесі орналасқан ситуациялық орталыққа барып, жұмыс барысымен танысты.

Қазір қалалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесіне қосылған бейнекамералар жұмыс істейді.

Сондай-ақ Семей қаласының барлық жерасты өткелдері «Сергек» жүйесіне қосылған, бұл қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде тұрақты мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.

🚨Бүгінде ситуациялық орталықта 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Олардың міндеттеріне бейнебақылау жүйесін бақылау және қала тіршілігін қамтамасыз ету ғана емес, азаматтардың тәулік бойы жүгінуіне мүмкіндік беретін «109» бірыңғай байланыс орталығының жұмысы да кіреді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🧐Қала басшысы ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы бейнебақылау жүйесі орналасқан ситуациялық орталыққа барып, жұмыс барысымен танысты. Қазір қалалық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «Сергек» жүйесіне қосылған…
🧐Глава города ознакомился с работой ситуационного центра

Аким города Семей Адлет Нурсагатович посетил ситуационный центр, где размещена система видеонаблюдения, и ознакомился с ходом его работы.

В настоящее время функционируют видеокамеры, подключенные к системе «Сергек», которая обеспечивает безопасность города.

Кроме того, все подземные переходы города Семей подключены к системе «Сергек», что позволяет осуществлять постоянный мониторинг при обеспечении безопасности.

🚨На сегодняшний день в ситуационном центре работают около 50 сотрудников. В их обязанности входит не только контроль системы видеонаблюдения и обеспечение жизнедеятельности города, но и работа единого контакт-центра «109», который предоставляет гражданам возможность обращаться круглосуточно.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🧐Қала басшысы ситуациялық орталықтың жұмысымен танысты
———
🧐Глава города ознакомился с работой ситуационного центра

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының мектептерінде 2026 жылғы 26 ақпанда ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты аяз) 1- ауысымда оқитын 1-11 сынып оқушылары және колледждің l, ll курстың окушылары үшін сабақтар онлайн форматқа ауыстырылады.
———
26 февраля 2026 года в школах города Семей, из-за неблагоприятных погодных условий (сильный мороз), занятия для учащихся 1-11 классов, учащихся l, ll курсов колледжей 1-смены переводятся на дистанционный формат обучения.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅Кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау өтті

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке қабылдау өткізді.

Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру, құрылыс, әлеуметтік қолдау, оқушыларды тасымалдау, қоғамдық көлік, көшелерді жарықтандыру және жолға қатысты мәселелерін көтерді.

Қабылдау қорытындысы бойынша қала әкімі барлық өтініштердің назарға алынғанын атап өтіп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.

🔔Еске сала кетейік, жеке қабылдауға жазылу үшін Тәнірберген көшесі 1, №112 кабинет немесе Достоевский көшесі 110, №7 кабинетке барып, өтініш қалдыру қажет.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
✅Кезекті рет азаматтарды жеке қабылдау өтті Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үймен қамтамасыз ету, абаттандыру, құрылыс, әлеуметтік қолдау, оқушыларды тасымалдау, қоғамдық көлік, көшелерді…
✅Состоялся очередной прием граждан

Аким города Адлет Нурсагатович провел личный прием жителей.

В ходе встречи граждане подняли вопросы обеспечения жильем, благоустройства, строительства, социальной поддержки, обеспечение подвоза учащихся, общественного транспорта, уличного освещения и состояния дорог.

По итогам приема аким города отметил, что все обращения приняты во внимание, и дал конкретные поручения ответственным отделам.

🔔Напоминаем, что для записи на личный прием необходимо обратиться по адресам: улица Танирбергена, 1, кабинет №112, либо улица Достоевского, 110, кабинет №7, и оставить заявление.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🇰🇿«Абайға құрмет»: Семейде Рәміздер алаңының құрылысы басталды

Былтыр облысымызда Абайдың 180 жылдығына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен «Абайға құрмет» акциясы басталған болатын. Бүгін Семейдегі Бейбітшілік аралында Солтүстік Қазақстан облысының тартуы ретінде салынатын Рәміздер алаңының іргетасын қалау рәсімі өтті. Шараға облыс әкімі Берік Уәли, Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов қатысты.

📣Рәміздер алаңының іргетасын қалау рәсімінде сөз сөйлеген аймақ басшысы бұл жобаның айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Мемлекет басшысының бастамасын қолдап, өңірге Рәміздер алаңын сыйға тартқалы отырған Солтүстік Қазақстан халқына, облыстың әкімі Ғауез Нұрмұхаметбетовке өңір жұртшылығы атынан алғыс айтты.

«Бүгінгі игі шара еліміздің қос қиырының бірлігі мен ұлттық бірегейлігінің жарқын көрінісі деп білемін. Солтүстік Қазақстан мен Абай облысы солтүстік пен шығыс шекарада жатқан шалғай аймақ болса да, ниеті ортақ, тілеуі бір екенін көрсетті. Өздеріңіз көріп отырғандай, Рәміздер алаңы Бейбітшілік аралында бой көтереді. Ежелгі Түйемойнақ, қазіргі Бейбітшілік аралы тарихқа бай, тағдырдың тезін көп көрген киелі орындарымыздың бірі екені сіздерге аян. Бұл аралда қырық жыл бойы даламызға уын шашқан атомдық сынақтардың тоқтауына орай биіктігі 20 метрлік «Өлімнен де күшті» монументі тұрғызылса, ядролық полигонның жабылғанына 20 жыл толғанда биіктігі 25 метр болатын Бейбітшілік стэлласы тұрғызылды. Енді міне Абай облысы қайтадан шаңырақ көтерген тұста биіктігі 35 метр болатын Рәміздер алаңы бой көтермек. Еліміздің тәуелсіздігінің 35 жылдығымен де тұспа тұс келіп отыр. Бұл үш таған қасиетті Бейбітшілік аралына енді толық мағына беріп, қаланың көркі мен тарихын байыта түспек. Мұндай Рәміздер алаңы тарихымызда бірінші рет салынғалы жатқанын да мақтанышпен айта кеткен жөн. Алдағы рәміздер күніне дейін алаңның құрылысы аяқталып, пайдалануға берілмек», – деді Берік Уәли.


🔗Нысан дөңгелек пішінде жобаланған, диаметрі – 28 метр. Жалпы биіктігі – 35 метр. Рәміздер алаңы заманауи талаптарға сай салынып, айналасының барлығы абаттандырылып,
тұрғындар мен қала қонақтарының сүйікті орындарының біріне айналмақ.

Аймақ басшысы шара барысында Бейбітшілік аралында Президенттің арнайы тапсырмасымен қала тұрғындарының серуендеуіне арналған көлемі 56 гектар болатын Экологиялық саябақ салынатынын айтты.

Шара барысында сөз сөйлеген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Кеңесов бұл бастаманың ел бірлігін айшықтайтын рухани маңызына тоқталды.

«Ертіс жағасындағы еңселі Семейде елдің рухын асқақтататын тарихи сәттің бастауына куә болып отырмыз. Мемлекеттік рәміздер алаңы мен стелла құрылысының капсула салу – бұл жай ғана құрылыс емес, бұл – жүректегі Отанға деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі. Бұл жоба – Солтүстік Қазақстан облысының ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының жүз сексен жылдық мерейтойына орай Абай еліне, қасиетті Семейге жасаған тартуы. Бұл – ағайынның ақ ниеті, елдің елге деген құрметі», – деді ол.


🔼Айта кетейік, «Абайға құрмет» акциясы аясында еліміздің бірнеше өңірі Семей қаласына бір нысаннан салып беруге өз ұсыныстарын берді. Маңғыстау облысы Достық үйінің құрылысын бастады. Шымкент қаласы шығармашылық орталығы мен Мәдениет үйін, Түркістан облысы көрме орталығын, Астана қаласы Келешек мектебін, Ақтөбе облысы жекпе жек орталығын, Павлодар облысы үстел теннисі орталығын, Қызылорда облысы «Анаға тағзым» орталығын, Батыс Қазақстан облысы желілік саябақ салуды, Шығыс Қазақстан облысы Ертіс жағалауын абаттандыруды жоспарлап отыр. Алматы облысы былтыр Семейдегі Қарағайлы ықшам ауданында салынған саябаққа «Алтын адам» ескерткішін орнатты.

⚡️Акцияны ірі инвесторлар да қолдап отыр. Атап айтсақ, «KAZ Minerals» компаниялар тобы Семейдегі жаңа шағын аудан­да 25 мың көрерменге арналған жаңа ста­дион құрылысын бастап кетті. Сонымен қатар ұлттық компаниялар да өз үлесін қосатын болады. «Қазақстан халқына» қоры инклюзивті спорт кешенін салып беруді жоспарлап отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM