Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🎙Семейде «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік концерті өтті

Қала күніне орай Семейде «Семей – жүрегімдегі қала» атты мерекелік концерт өтті. Қаланың бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеп, еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналған кешке қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы қатысты.

Шаһар тұрғындарын мерекемен құттықтаған қала әкімі Семейдің ел тарихындағы ерекше орнына тоқталып, қаланың басты байлығы оның дамуына адал еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтар екенін атап өтті.

«Семейдің тарихы – елдігіміздің, ұлттық рухымыз бен руханиятымыздың ажырамас бөлігі. Сондықтан биылғы мерекеміздің «Семейді сүю – тарихқа бас ию!» тақырыбымен өтуінің мәні терең. Мерекелік бағдарламаның өзегінде туған жерге деген сүйіспеншілік, еңбекке құрмет, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық және береке-бірлік құндылықтары жатыр. Бүгінгі «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік концерті мен «Үздік маман – 2026» марапаттауы қаламыздың дамуына күнделікті адал еңбегімен үлес қосып жүрген азаматтарға құрмет көрсетуге арналды», – деді Әділет Нұрсағатұлы.


✍️Сондай-ақ қала әкімі мерекелік апталық аясында мәдени, спорттық және әлеуметтік бағыттағы мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылып жатқанын жеткізді. Олардың қатарында ұлттық болмысымызды айшықтайтын бәйге мен аударыспақ, күш пен жігерді сынайтын «Семей батыры» турнирі, салауатты өмір салтын насихаттайтын «TUNGI RUN – SEMEY» жүгіру шарасы бар. Балалардың өнер байқауы, қолөнер жәрмеңкесі, спорттық сайыстар мен гала-концерт те тұрғындарды ортақ мереке аясында біріктіруге бағытталған.

✅Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында кәсіби мамандарды құрметтеудің, еңбекқор азаматтардың қадірін білудің маңызын атап өткен болатын. Осы орайда кеш барысында «Үздік маман – 2026» марапаттауы өтіп, түрлі салада табанды еңбек етіп жүрген азаматтарға қала әкімінің алғыс хаттары табысталды. Бұл – өз ісіне жауапкершілікпен қарап, қаланың өркендеуіне үлес қосқан жандарға көрсетілген құрмет.

Концерттік бағдарламада Семейдің тарихы сахна тілімен баяндалып, шаһардың рухани келбеті көркем қойылымдар мен ән арқылы көрініс тапты. Дәстүрлі әндер ұлттық өнердің тереңдігін танытса, заманауи туындылар кешке ерекше серпін берді. Тарих пен бүгінгі күн, дәстүр мен заманауи өнер үйлесім тапқан бағдарлама көрерменге туған қаланың қадірін сезіндіретін мазмұнды кеш ұсынды.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🎙Семейде «Семей – жүрегімдегі қала» мерекелік концерті өтті Қала күніне орай Семейде «Семей – жүрегімдегі қала» атты мерекелік концерт өтті. Қаланың бай тарихы мен рухани мұрасын дәріптеп, еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналған кешке қала әкімі Әділет…
🎙В Семее прошел праздничный концерт «Семей – жүрегімдегі қала»

В честь Дня города в Семее состоялся праздничный концерт «Семей – жүрегімдегі қала». В мероприятии, посвященном богатой истории и духовному наследию города, а также чествованию людей труда, принял участие аким города Адлет Нурсагатович.

Поздравляя жителей с праздником, аким отметил особое место Семея в истории страны и подчеркнул, что главное богатство города — люди, которые своим добросовестным трудом вносят вклад в его развитие.

«История Семея — неотъемлемая часть нашей государственности, национального духа и духовного наследия. Поэтому тема нынешнего праздника «Семейді сүю – тарихқа бас ию!» наполнена глубоким смыслом. В основе праздничной программы — любовь к родной земле, уважение к труду и старшим, забота о младших, согласие и единство. Сегодняшний концерт «Семей – жүрегімдегі қала» и церемония награждения «Үздік маман – 2026» посвящены чествованию граждан, которые своим ежедневным честным трудом способствуют развитию нашего города», — сказал Адлет Нурсагатович.


✍️Также аким рассказал, что в рамках праздничной недели проходят содержательные культурные, спортивные и социальные мероприятия. Среди них — байге и аударыспак, отражающие национальные традиции, турнир «Семей батыры», где участники демонстрируют силу и волю к победе, а также забег «TUNGI RUN – SEMEY», направленный на популяризацию здорового образа жизни. Детский творческий конкурс, ярмарка ремесел, спортивные состязания и гала-концерт также призваны объединить жителей в атмосфере общего праздника.

✅Глава государства Касым-Жомарт Токаев в Послании «Справедливое государство. Единая нация. Благополучное общество» подчеркнул важность уважения к профессионалам своего дела и людям труда. В продолжение этой идеи в ходе вечера состоялась церемония награждения «Үздік маман – 2026». Представителям различных сфер, добросовестно выполняющим свою работу, вручили благодарственные письма акима города. Награды стали признанием их ответственного отношения к делу и вклада в процветание Семея.

История города была представлена в концертной программе языком сценического искусства. Через художественные постановки и песни артисты раскрыли духовный облик Семея. Традиционные песни передали глубину национального искусства, а современные произведения придали вечеру особую динамику. Объединив историю и современность, традиции и новые творческие формы, концерт позволил зрителям еще сильнее почувствовать любовь к родному городу.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM