Бүгін Семей қаласының Бас жоспарына түзету енгізу жобасы бойынша қоғамдық талқылау өтті. Жиынға қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы, қоғам белсенділері мен қала тұрғындары қатысты.
Қала әкімі Бас жоспарға енгізілетін түзетулердің қаланың алдағы дамуы мен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін маңыздылығын атап өтті.
«Бас жоспарға енгізілетін түзетулер аясында облыс әкімі Берік Уәлиұлының бастамасымен Семей қаласында жаңа «Smart City» әкімшілік-іскерлік орталығын құру, Павлодар–Алматы айналма магистралін салу, арнайы индустриялық экономикалық аймақты және өзге де ірі инвестициялық жобаларды орналастыру көзделген», – деді қала әкімі.
Сонымен қатар жоба аясында Жарқын елді мекенінің аумағын Семей қаласының шекарасынан шығару арқылы қала шекарасын нақтылау ұсынылды. Бұл мәселе аталған елді мекен тұрғындарының өтініштері негізінде қарастырылды.
Қоғамдық талқылау аясында дауыс беру өткізіліп, оған қатысқан тұрғындардың басым бөлігі Бас жоспарға түзету енгізуге қарсылық білдірмеді.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
Сегодня состоялось общественное обсуждение проекта корректировки Генерального плана города Семей. В мероприятии приняли участие аким города Адлет Нурсагатович, общественные активисты и жители города.
Аким города отметил значимость корректировки Генерального плана для дальнейшего развития Семея и реализации крупных инвестиционных проектов.
«В рамках корректировки Генерального плана по инициативе акима области Берика Уали предусмотрены создание в Семее нового административно-делового центра «Smart City», строительство обходной магистрали Павлодар–Алматы, размещение специальной индустриальной экономической зоны, а также других крупных инвестиционных проектов», — отметил аким города.
Кроме того, в рамках проекта предложено уточнить границы города, исключив из них территорию населенного пункта Жаркын. Данный вопрос рассмотрен на основании обращений его жителей.
В рамках общественного обсуждения состоялось голосование, по итогам которого большинство участвовавших в нем жителей не выразили возражений против внесения изменений в Генеральный план.
#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
——
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Қазіргі уақытта қаладағы барлық жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр. 1-ЖЭО және 20 қазандық бекітілген температуралық кестеге сәйкес тұрақты жұмыс жүргізуде.
Әлеуметтік нысандар жылумен толық қамтамасыз етілді. Тұрғын үйлер мен жеке секторды жылу жүйесіне қосу жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қаладағы жылу жүйелерінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті ұйымдастырушылық және техникалық шаралар алдын ала қабылданған.
Жылу желілерінің жағдайы тұрақты бақылауда. Қазіргі таңда негізгі міндет – жылуды тұтынушыларға белгіленген режимде тұрақты әрі сапалы жеткізуді қамтамасыз ету.
#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM