Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✅️Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі отырыс өтті

Әкім аппаратының басшысы Еркен Беркеновтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, сондай-ақ мемлекеттік мекемелер мен тиісті сала өкілдері қатысты.

Отырыстың күн тәртібінде 2025 жылғы қылмыстық ахуалдың жай-күйі мен оның қорытындылары талқыланды. Сонымен қатар «102» жедел желісіне келіп түскен құқық бұзушылықтар туралы хабарламалардың саны, сипаты және олар бойынша қабылданған шаралар қаралды.

Сондай-ақ қоғамдық көліктердегі қауіпсіздікті арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды.

Жиын қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар жүктелді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
✅️Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі отырыс өтті Әкім аппаратының басшысы Еркен Беркеновтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиынға бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері…
✅️Состоялось заседание по профилактике правонарушений

Под председательством руководителя аппарата акима Еркена Беркенова состоялось очередное заседание межведомственной комиссии по профилактике правонарушений. В работе заседания приняли участие руководители отделов, сотрудники правоохранительных органов, а также представители государственных учреждений и профильных служб.

В повестке дня были рассмотрены итоги и текущее состояние криминогенной обстановки за 2025 год. Кроме того, обсуждены количество и характер сообщений о правонарушениях, поступивших на экстренный номер «102», а также меры, принятые по каждому из них.

Также была заслушана информация о проводимой работе по повышению безопасности в общественном транспорте, профилактике дорожно-транспортных происшествий и обеспечению безопасности населения.

По итогам заседания был дан ряд поручений, направленных на системное продолжение мер по профилактике правонарушений.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎄Семейде жаңа жылдық шырша шамы жағылды

Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы орталық алаңдағы жаңажылдық бас шыршаның шамын жағу рәсіміне қатысты. Халықаралық, республикалық олимпиадалар мен спорттық сайыстардың, робототехника жарыстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері де шараға арнайы шақырылды.

🗣️Аймақ басшысы тұрғындарды алдағы Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

«Жаңа жыл – әр шаңырақ үшін ең жылы, ең жарқын мерекенің бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халқымыз екі жылдың тоғысар тұсын ізгі ниетпен, ерекше көңіл-күймен күтеді. Өткен күндерді саралап, ескі жылға баға береді. Арман-мақсатын айқындап, болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Бұл – нағыз отбасылық мереке» деп айрықша атап өткен болатын. Шын мәнінде, бұл – отбасы мүшелері бір дастарқан басына жиналып, өткен жылға шүкір айтып, келер күннен жақсылық күтетін сәт. Бүгін біз де осы алаңда бір үйдің баласындай, бір қолдың саласында болып, бас қосып, тату-тәтті, ырысы мен ынтымағы жарасқан өңір екенімізді тағы бір мәрте көрсетіп отырмыз. Өтіп бара жатқан 2025 жыл өңіріміз үшін нәтижелі болды. Алдағы жылға қойған мақсатымыз айқын. Келер жылы да өңіріміздің дамуын жалғастырып, жаңа жобаларды іске асырып, әр отбасыға жайлы, әр балаға қауіпсіз, әр азаматқа мүмкіндік беретін аймақ құру жолында белсене еңбек ететін боламыз», – деді облыс әкімі.


🕯Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында демеушілердің қаражатымен орталық алаңдағы Арбат бойы жұлдызды аспан шамдарымен безендірілді. Шаһардың әрбір аудандарына 40-тан астам мафтар орнатылды. Сонымен қатар мемлекеттік және жеке кәсіпкерлік ғимараттар аймағы түрлі түсті жарықтармен әшекейленді.

🔼Биыл облыста әлеуметтік маңызы бар нысандар бой көтеріп, жолдар жөнделді, елді мекендердің инфрақұрылымы жақсара түсті. Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет пен спорт салаларында нақты істер атқарылып, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілді.

🔠Шара соңында Әйгерім Қалаубаева, Әділет Жауғашар секілді эстрада жұлдыздары мен жергілікті өнерпаздар әннен шашу шашып, тұрғындарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤩В Семее зажгли огни новогодней елки

Сегодня аким области Абай Берик Уали принял участие в церемонии зажжения огней главной новогодней ёлки на Центральной площади города Семей. На праздничное мероприятие были специально приглашены победители и призёры международных и республиканских олимпиад, спортивных соревнований и конкурсов по робототехнике.

➡️Глава региона поздравил жителей с наступающим Новым годом и адресовал теплые пожелания.

«Новый год – один из самых теплых и светлых праздников для каждой семьи. Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо отмечал: «Наш народ встречает рубеж двух лет с добрыми намерениями и особым настроением. Подводит итоги прошедшего года, даёт ему оценку, определяет свои мечты и с большой надеждой смотрит в будущее. Это по-настоящему семейный праздник». Действительно, это время, когда члены семьи собираются за одним дастарханом, благодарят за прошедший год и с надеждой ждут добрых перемен. Сегодня и мы собрались здесь, как одна большая семья, демонстрируя единство, согласие и сплочённость нашего региона. Уходящий 2025 год был результативным для области. Наши цели на будущий год чётко определены. Мы продолжим развитие региона, реализацию новых проектов и будем активно работать над созданием территории, комфортной для каждой семьи, безопасной для каждого ребёнка и предоставляющей возможности для каждого гражданина», – отметил аким области.


🔴В преддверии Нового года, с целью создания праздничного настроения для жителей города, за счёт средств спонсоров аллея Арбат на Центральной площади была украшена огнями в виде звёздного неба. В разных районах города установлено более 40 малых архитектурных форм. Кроме того, здания государственных учреждений и частных предпринимателей оформлены разноцветной иллюминацией.

📊В этом году в области были построены социально значимые объекты, отремонтированы дороги, улучшена инфраструктура населённых пунктов. В сферах образования, здравоохранения, культуры и спорта реализованы конкретные проекты, а работа по повышению качества жизни населения велась на системной основе.

✨В завершение мероприятия эстрадные звёзды Айгерим Калаубаева, Адилет Жаугашар и местные артисты подарили горожанам праздничное настроение, исполнив концертные номера.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM