Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
✅Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 20 азамат келіп, бір тұрғын онлайн форматта қосылды.

Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» қызметкерлері қатысты.

Азаматтар тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз ету, аумақтарды абаттандыру, аялдамалардың жай-күйі, жол инфрақұрылымы және қысқы спорт түрлеріне қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

❓Әрбір өтініш бойынша заңнама аясында түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
✅Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 20 азамат келіп, бір тұрғын онлайн форматта қосылды. Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары…
✅Состоялся прием граждан по личным вопросам

Аким города Семей Адлет Нурсагатович провел прием жителей по личным вопросам. На прием обратились 20 граждан, еще один житель подключился в онлайн-формате.

Во встрече приняли участие руководители отделов, представители коммунальных служб и сотрудники «Отбасы банка».

Со стороны граждан были подняты вопросы обеспечения жильем, благоустройства территорий, состояния остановочных пунктов, дорожной инфраструктуры, а также развития зимних видов спорта.

❓По каждому обращению были даны разъяснения в рамках действующего законодательства, аким города дал конкретные поручения руководителям отделов.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔴Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына қосылады

Жарқын ауылының орта мектебінде Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы, Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Бүгінде тұрғындардың басты мәселесі – қала сапынан шығып, Жаңасемей ауданына қосылу. Осыған орай облыс әкімі Берік Уәлидің тапсырмасына сәйкес Жарқын ауылын Жаңасемей ауданының құрамына енгізу бойынша жұмыстар жүргізілетін болады. Бұл үдеріс қолданыстағы заңнама талаптарына сай жүзеге асырылады.

💬Сонымен қатар, кездесу аясында денсаулық сақтау саласы, білім беру мәселесі, көлік қатынасының қолжетімділігі, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді. Қала әкімі тұрғындардың барлық өтініштері мен ұсыныстары жан-жақты қарастырылатынын, оларды шешу жұмыстары кезең-кезеңімен болатынын атап өтті.

«Ауыл тұрғындарының өтінішін тыңдай келе, облыс әкімінің тапсырмасымен Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына енетін болады. Бүгінде заңнама аясында жұмыстар басталып кетті. Сонымен қатар тұрғындарды қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету тоқтамайды. Қазіргі уақытта тәулігіне 5 рейске дейін қоғамдық көлік қатынасын іске қосу мүмкіндігі қарастырылуда», - деді Әділет Нұрсағатұлы.


Жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🔴Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына қосылады Жарқын ауылының орта мектебінде Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы, Жаңасемей ауданының әкімі Нұржан Оразбекұлы Жарқын ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында елді мекеннің әлеуметтік…
🔴Село Жаркын войдет в состав района Жаңасемей

В средней школе села Жаркын состоялась встреча акима города Семей Адлета Нурсагатовича и акима района Жаңасемей Нуржана Оразбековича с жителями села. В ходе встречи были обсуждены актуальные вопросы социально-экономического развития населенного пункта.

В настоящее время главной проблемой для жителей является выход из состава города и присоединение к району Жаңасемей. В связи с этим по поручению акима области Берика Уали будут проведены работы по включению села Жаркын в состав района Жаңасемей. Данный процесс будет осуществляться в соответствии с требованиями действующего законодательства.

💬Кроме того, в рамках встречи были подняты вопросы в сфере здравоохранения, образования, доступности транспортного сообщения, жилищных отношений, жилищно-коммунального хозяйства и развития инфраструктуры. Аким города отметил, что все обращения и предложения жителей будут всесторонне рассмотрены, а работа по их решению будет вестись поэтапно.

«Выслушав просьбы сельчан, по поручению акима области село Жаркын войдет в состав района Жаңасемей. В настоящее время в рамках законодательства работа уже начата. Кроме того, обеспечение жителей общественным транспортом не прекратится. Сейчас рассматривается возможность запуска до пяти рейсов общественного транспорта в сутки», — сказал Адлет Нурсагатович.


Работы будут проводиться на системной основе.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔴Жарқын ауылы Жаңасемей ауданының құрамына қосылады
———
🔴Село Жаркын войдет в состав района Жаңасемей

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер берілді

Абай облысының медициналық ұйымдары биылғы қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына сол техникалардың алғашқы легін – 10 санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

🔼Бұл нысан қазіргі таңда санитарлық автокөліктермен толық қамтамасыз етілген. Алайда техникалардың жалпы тозу деңгейі 90 пайыздан асады. Осы мәселені шешу үшін былтыр «Абай облысы медициналық ұйымдары үшін санитарлық автокөлік сатып алу» жобасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, облыстық бюджет қаражаты есебінен лизингтік қаржыландыру арқылы Hyundai, JAC және «Газель» маркалы 100 санитарлық автокөліктер сатып алынды. Оның ішінде 67 автокөлік облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, 33 автокөлік аудандағы медициналық ұйымдарға беріледі. Барлық автокөліктер GPS-навигациямен және халыққа медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған.

☄️Салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, жаңа автокөліктер жедел медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде «Мемлекеттің білім беру және денсаулық сақтау саласына жұмсап жатқан қаржысы, ең алдымен, азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыруға арналатынын және Әділетті Қазақстанды құру стратегиясымен ұштасып жатқанын түсінген абзал» деп атап өткен болатын. Бүгін халық игілігіне берілген жедел жәрдем көліктері осы бағыттағы өңірлік жұмыстың бір парасы. Мұндай жаңа көліктер облысымызға 2020 жылы алынған екен. Яғни, бес жарым жылдан бері осы салаға жаңа көліктер алынбаған. Бүгінгі оқиға Абай облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін ерекше маңызға ие. Санитарлық автокөліктің жаңа автомобильдерін жедел медициналық жәрдем қызметіне табыстау – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға үлкен үлес қосары сөзсіз», - деді облыс әкімі.


📊Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 872 адам еңбек етеді. Мекеме облысымыздың 620 мыңнан астам тұрғынына күн сайын қызмет көрсетіп келеді. Олар жылына 250 мыңнан астам шақыртуға шығады.

📉Өңірдің денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 60-тан астам жаңа нысан салынды. Мақаншы ауылында күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ашылды. Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының 10 төсектік реанимациялық бөлімшесінің қосымша құрылысы аяқталды. Осы медициналық мекемеде магниттік-резонанстық томографты орналастыру үшін қосымша ғимараттың және Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы базасында «Тері арқылы коронарлық араласу орталығы» ғимаратының қосымша құрылысы басталды. Үкіметтің қолдауымен салынатын 300 орындық облыстық көпбейінді аурухана мен 200 орындық облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жобалық сметалық құжаттамалары жасалып жатыр. Жалпы 2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 6 жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM