Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🚑Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер берілді

Абай облысының медициналық ұйымдары биылғы қыркүйек айына дейін 100 жаңа санитарлық автокөліктермен қамтамасыз етіледі. Бүгін облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына сол техникалардың алғашқы легін – 10 санитарлық автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

🔼Бұл нысан қазіргі таңда санитарлық автокөліктермен толық қамтамасыз етілген. Алайда техникалардың жалпы тозу деңгейі 90 пайыздан асады. Осы мәселені шешу үшін былтыр «Абай облысы медициналық ұйымдары үшін санитарлық автокөлік сатып алу» жобасы шеңберінде «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен бірлесіп, облыстық бюджет қаражаты есебінен лизингтік қаржыландыру арқылы Hyundai, JAC және «Газель» маркалы 100 санитарлық автокөліктер сатып алынды. Оның ішінде 67 автокөлік облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына, 33 автокөлік аудандағы медициналық ұйымдарға беріледі. Барлық автокөліктер GPS-навигациямен және халыққа медициналық көмек көрсетуге қажетті медициналық жабдықтармен толық жабдықталған.

☄️Салтанатты шара барысында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы денсаулық сақтау саласын дамыту өңір үшін басым бағыттардың бірі екенін атап өтіп, жаңа автокөліктер жедел медициналық көмектің сапасы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қызылордада өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысында сөйлеген сөзінде «Мемлекеттің білім беру және денсаулық сақтау саласына жұмсап жатқан қаржысы, ең алдымен, азаматтарымыздың тұрмыс сапасын арттыруға арналатынын және Әділетті Қазақстанды құру стратегиясымен ұштасып жатқанын түсінген абзал» деп атап өткен болатын. Бүгін халық игілігіне берілген жедел жәрдем көліктері осы бағыттағы өңірлік жұмыстың бір парасы. Мұндай жаңа көліктер облысымызға 2020 жылы алынған екен. Яғни, бес жарым жылдан бері осы салаға жаңа көліктер алынбаған. Бүгінгі оқиға Абай облысының денсаулық сақтау жүйесі үшін ерекше маңызға ие. Санитарлық автокөліктің жаңа автомобильдерін жедел медициналық жәрдем қызметіне табыстау – халыққа көрсетілетін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігі мен деңгейін арттыруға мүмкіндік беріп, өңір тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға үлкен үлес қосары сөзсіз», - деді облыс әкімі.


📊Облыстық жедел медициналық жәрдем станциясында 872 адам еңбек етеді. Мекеме облысымыздың 620 мыңнан астам тұрғынына күн сайын қызмет көрсетіп келеді. Олар жылына 250 мыңнан астам шақыртуға шығады.

📉Өңірдің денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамыту мақсатында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Өткен жылы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін 60-тан астам жаңа нысан салынды. Мақаншы ауылында күндізгі стационары, зертханасы және әйелдер консультациясы бар дәрігерлік амбулатория ашылды. Аягөз ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасының 10 төсектік реанимациялық бөлімшесінің қосымша құрылысы аяқталды. Осы медициналық мекемеде магниттік-резонанстық томографты орналастыру үшін қосымша ғимараттың және Үржар ауданының көпсалалы орталық аудандық ауруханасы базасында «Тері арқылы коронарлық араласу орталығы» ғимаратының қосымша құрылысы басталды. Үкіметтің қолдауымен салынатын 300 орындық облыстық көпбейінді аурухана мен 200 орындық облыстық көпбейінді балалар ауруханасының жобалық сметалық құжаттамалары жасалып жатыр. Жалпы 2025 жылы облыстың денсаулық сақтау саласының материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға 6 жарым миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🚑Станция скорой медицинской помощи города Семей получила новые санитарные автомобили

До сентября текущего года медицинские организации области Абай будут обеспечены 100 новыми санитарными автомобилями. Сегодня аким области Берик Уали в торжественной обстановке вручил ключи от первой партии техники – 10 санитарных автомобилей – областной станции скорой медицинской помощи города Семей.

🛍В настоящее время учреждение полностью обеспечено санитарным транспортом, однако уровень износа автопарка превышает 90 процентов. В целях решения данной проблемы в прошлом году в рамках проекта «Приобретение санитарных автомобилей для медицинских организаций области Абай» совместно с АО «Фонд развития промышленности» за счет средств областного бюджета посредством лизингового финансирования были закуплены 100 санитарных автомобилей марок Hyundai, JAC и «Газель». Из них 67 автомобилей будут переданы областной станции скорой медицинской помощи, 33 – медицинским организациям районов. Вся техника оснащена GPS-навигацией и необходимым медицинским оборудованием для оказания экстренной помощи населению.

💬Выступая на торжественной церемонии, глава региона отметил, что развитие сферы здравоохранения является одним из приоритетных направлений для области. По его словам, новые санитарные автомобили позволят повысить качество и оперативность оказания скорой медицинской помощи.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев на пятом заседании Национального курултая в городе Кызылорда подчеркнул, что средства, направляемые государством на образование и здравоохранение, в первую очередь ориентированы на повышение качества жизни граждан и соответствуют стратегии построения Справедливого Казахстана. Переданные сегодня санитарные автомобили являются частью системной работы в этом направлении. Последний раз новая техника для службы скорой помощи приобреталась в 2020 году, то есть более пяти с половиной лет назад. Сегодняшнее событие имеет особое значение для системы здравоохранения области Абай», – отметил аким области.


📌На областной станции скорой медицинской помощи трудятся 872 человека. Учреждение ежедневно обслуживает более 620 тысяч жителей региона и ежегодно выезжает более чем на 250 тысяч вызовов.

📍В регионе ведется системная работа по развитию инфраструктуры здравоохранения. В прошлом году было построено более 60 объектов первичной медико-санитарной помощи. В селе Маканшы открыта врачебная амбулатория с дневным стационаром, лабораторией и женской консультацией. Завершено строительство дополнительного корпуса 10-коечного реанимационного отделения многопрофильной центральной районной больницы Аягозского района. Начато строительство дополнительных зданий для размещения магнитно-резонансного томографа в данной больнице, а также центра чрескожных коронарных вмешательств на базе многопрофильной центральной районной больницы Урджарского района. При поддержке Правительства ведётся разработка проектно-сметной документации на строительство областной многопрофильной больницы на 300 мест и областной многопрофильной детской больницы на 200 мест. В 2025 году на модернизацию материально-технической базы сферы здравоохранения области было выделено более 6,5 миллиарда тенге.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚑Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер берілді

———————————-

🚑Станция скорой медицинской помощи города Семей получила новые санитарные автомобили

📹#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
📢Құрметті қала тұрғындары!
 
Семей қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепте тұрған азаматтарды түгендеу жұмысын жүргізуде.

Осыған байланысты тізімде аты-жөні көрсетілген азаматтар Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы «Жеке тұрғынүй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алу үшін кезекті қарау немесе кезекке қою» мемлекеттік қызметін пайдаланып, уәкілетті органға өтініш жолдау арқылы жеке деректерін өзектендіруі қажет.

Өтініш беру тәртібі бейнероликте көрсетілген. Сұрақтар туындаған жағдайда Семей қаласы, Абай көшесі, 97, 8 қабат «Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ жүгінулеріңізге болады.

Тел.: 87222355159
87084674145

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1147039?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары!   Семей қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепте тұрған азаматтарды түгендеу жұмысын жүргізуде. Осыған байланысты тізімде аты-жөні көрсетілген азаматтар Қазақстан Республикасының электрондық…
📢Уважаемые жители города!
 
Акимат города Семей проводит инвентаризацию граждан, состоящих в специальном учете на получение земельного участка для индивидуального жилищного строительства.

В связи с этим, гражданам, чьи фамилии указаны в списке, необходимо актуализировать личные данные через портал электронного правительства Республики Казахстан, воспользовавшись государственной услугой «Просмотр очереди или постановка в очередь на получение земельного участка (10 соток) для индивидуального жилищного строительства» и направить заявление в уполномоченный орган.
Порядок подачи заявления показан в видеоролике.

В случае возникновения вопросов можете обратиться в ГУ «Отдел земельных отношений города Семей области Абай» по адресу: г. Семей, ул. Абая, 97, 8 этаж.

Тел.: 8 (7222) 35-51-59
8 708 467-41-45

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1147039?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎚️Қаланың сәулеттік келбеті назарда

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ержан Хамитұлы көшпелі кеңес өткізді. Қаланы аралау барысында жылы аялдамалар, дүңгіршектер мен сауда нысандарының жай-күйі тексерілді.

«Қалаға табан тіреген әрбір адам ең алдымен тазалыққа, инфрақұрылымның сапасына және көшелердің көркіне мән береді. Сондықтан Семейдің ажары мен тұрғындардың жайлы тұрмысы — біздің күн сайын атқарып отырған жұмысымыздың нәтижесі», - Ержан Хамитұлы.


🔼Көшпелі кеңес барысында бірыңғай сәулеттік стильдегі павильондарды орнату мәселесі де қозғалды.

Қала әкімінің орынбасары сәулеттік келбетті ретке келтіру мақсатында рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп, Семей қаласының тазалығы мен тәртібін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM