Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🚑Семейдегі жедел медициналық жәрдем станциясына жаңа санитарлық автокөліктер берілді

———————————-

🚑Станция скорой медицинской помощи города Семей получила новые санитарные автомобили

📹#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
📢Құрметті қала тұрғындары!
 
Семей қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепте тұрған азаматтарды түгендеу жұмысын жүргізуде.

Осыған байланысты тізімде аты-жөні көрсетілген азаматтар Қазақстан Республикасының электрондық үкімет порталы арқылы «Жеке тұрғынүй құрылысына жер учаскесін (10 сотық) алу үшін кезекті қарау немесе кезекке қою» мемлекеттік қызметін пайдаланып, уәкілетті органға өтініш жолдау арқылы жеке деректерін өзектендіруі қажет.

Өтініш беру тәртібі бейнероликте көрсетілген. Сұрақтар туындаған жағдайда Семей қаласы, Абай көшесі, 97, 8 қабат «Абай облысы Семей қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ жүгінулеріңізге болады.

Тел.: 87222355159
87084674145

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1147039?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары!   Семей қаласының әкімдігі жеке тұрғын үй құрылысына жер учаскесін алу үшін арнайы есепте тұрған азаматтарды түгендеу жұмысын жүргізуде. Осыған байланысты тізімде аты-жөні көрсетілген азаматтар Қазақстан Республикасының электрондық…
📢Уважаемые жители города!
 
Акимат города Семей проводит инвентаризацию граждан, состоящих в специальном учете на получение земельного участка для индивидуального жилищного строительства.

В связи с этим, гражданам, чьи фамилии указаны в списке, необходимо актуализировать личные данные через портал электронного правительства Республики Казахстан, воспользовавшись государственной услугой «Просмотр очереди или постановка в очередь на получение земельного участка (10 соток) для индивидуального жилищного строительства» и направить заявление в уполномоченный орган.
Порядок подачи заявления показан в видеоролике.

В случае возникновения вопросов можете обратиться в ГУ «Отдел земельных отношений города Семей области Абай» по адресу: г. Семей, ул. Абая, 97, 8 этаж.

Тел.: 8 (7222) 35-51-59
8 708 467-41-45

https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1147039?lang=ru
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🎚️Қаланың сәулеттік келбеті назарда

Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ержан Хамитұлы көшпелі кеңес өткізді. Қаланы аралау барысында жылы аялдамалар, дүңгіршектер мен сауда нысандарының жай-күйі тексерілді.

«Қалаға табан тіреген әрбір адам ең алдымен тазалыққа, инфрақұрылымның сапасына және көшелердің көркіне мән береді. Сондықтан Семейдің ажары мен тұрғындардың жайлы тұрмысы — біздің күн сайын атқарып отырған жұмысымыздың нәтижесі», - Ержан Хамитұлы.


🔼Көшпелі кеңес барысында бірыңғай сәулеттік стильдегі павильондарды орнату мәселесі де қозғалды.

Қала әкімінің орынбасары сәулеттік келбетті ретке келтіру мақсатында рейдтік шараларды жүйелі түрде өткізіп, Семей қаласының тазалығы мен тәртібін қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
🎚️Қаланың сәулеттік келбеті назарда Қала әкімі Әділет Нұрсағатұлының тапсырмасына сәйкес, қала әкімінің орынбасары Ержан Хамитұлы көшпелі кеңес өткізді. Қаланы аралау барысында жылы аялдамалар, дүңгіршектер мен сауда нысандарының жай-күйі тексерілді. «Қалаға…
🎚️Архитектурный облик города в центре внимания

В соответствии с поручением акима города Адлета Нурсагатовича заместитель акима Ержан Хамитович провел выездное совещание. В ходе объезда города были проверены состояние теплых остановок, киосков и торговых объектов.

«Каждый человек, прибывающий в город, в первую очередь обращает внимание на чистоту, качество инфраструктуры и внешний вид улиц. Поэтому привлекательность Семея и комфортная жизнь его жителей – это результат нашей ежедневной работы», - отметил Ержан Хамитович.


🔼В ходе выездного совещания также был поднят вопрос установки павильонов в едином архитектурном стиле.

Заместитель акима города поручил систематически проводить рейдовые мероприятия с целью упорядочения архитектурного облика и держать под строгим контролем чистоту и порядок в городе Семей.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында түсіндіру жұмысы және байланыс орталығы басқармасының басшысы Асем Тұрлыбекова хабарлады.

Оның айтуынша, ҚҚС бойынша міндетті тіркеу шегі 20 000 АЕК-тен 10 000 АЕК-ке дейін төмендетіледі. Бұл шара бизнесті жасанды бөлшектеудің алдын алып, нарықтағы барлық қатысушы үшін тең жағдай қалыптастыруға бағытталған.

Сонымен қатар жаңа Салық кодексіне сәйкес дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге төмендетілген ҚҚС мөлшерлемелері енгізіледі. Атап айтқанда, 2026 жылдан бастап – 5 пайыз, ал 2027 жылдан бастап – 10 пайыз мөлшерлеме қолданылады. Отандық мерзімді баспа басылымдары үшін ҚҚС 10 пайыз деңгейінде белгіленеді.

ҚҚС төлеуші ретінде тіркеу тәртібіне де нақты өзгерістер енгізіледі. Бұл жөнінде Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы Байсалбай Айдос түсіндірді. Оның мәлімдеуінше, ҚҚС бойынша тіркеу ерікті, міндетті немесе шартты тәртіпте жүзеге асырылады.

– Сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші заңды тұлғалар үшін есепке жатқызылатын ҚҚС-тың қосымша сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Бұл отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған, – деді спикер.


ҚҚС бойынша есептен шығару тек жалпыға бірдей салық режимінен арнаулы салық режиміне көшкен жағдайда немесе қызмет тоқтатылған кезде жүзеге асырылады.

Жалпы алғанда, өзгерістер салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, ашықтықты арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
✅ҚҚС әкімшілендіру: 2026 жылдан бастап негізгі өзгерістер 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасында қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 16 пайыз болып белгіленеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында…
✅Ставка НДС повышена в Казахстане: что нужно знать

С 2026 года в Казахстане вступили в силу масштабные изменения по налогу на добавленную стоимость: базовая ставка увеличена до 16%, снижен порог обязательной регистрации, а добровольный выход из системы НДС стал невозможным.

О ключевых параметрах обновлённого порядка администрирования НДС рассказали представители органов государственных доходов в ходе брифинга на площадке РСК.

Руководитель Управления разъяснительной работы и контакт-центра Асем Турлыбекова сообщила, что с 1 января 2026 года в Казахстане устанавливается ставка налога на добавленную стоимость в размере 16%.

– Ставка применяется к облагаемому обороту и облагаемому обороту по импорту. Для лекарственных средств и медицинских услуг предусмотрены пониженные ставки НДС: с 2026 года – 5 процентов и с 2027 года – 10 процентов, за исключением перечня, освобождённых от налога на добавленную стоимость. При реализации отечественных периодических печатных изданий также применяется пониженная ставка НДС в размере 10 процентов. Плательщиками налога на добавленную стоимость признаются лица, в отношении которых в базе налогоплательщиков проведена постановка на регистрационный учёт по НДС в РК, а также лица, осуществляющие импорт товаров на территорию республики в соответствии с таможенным законодательством ЕАЭС и таможенным законодательством РК, - отметила Асем Турлыбекова.


Объектами обложения налогом на добавленную стоимость являются облагаемый оборот и облагаемый импорт. Асем Турлыбекова подчеркнула, что от налога на добавленную стоимость освобождаются реализация и импорт лекарственных средств, а также оказание медицинских услуг в рамках ГОБМП и ОСМС, включая лечение орфанных и социально значимых заболеваний, по перечню, определяемому Правительством Республики Казахстан.

– Заявление о постановке на регистрационный учёт по налогу на добавленную стоимость подаётся при превышении предельного оборота, но не позднее пяти рабочих дней со дня такого превышения. В случае если заранее известно, что в результате совершения сделки будет превышен установленный предел, заявление должно быть подано до её совершения, - отметила Асем Турлыбекова.


Как отметил руководитель Управления администрирования косвенных налогов Айдос Байсалбай, добровольное снятие с НДС с начала 2026 года стало невозможным.

– Плательщиками НДС не являются государственные учреждения, структурные подразделения, лица, занимающиеся частной практикой, физлица и налогоплательщики, применяющий специальный налоговый режим. Снятие с НДС с 1 января 2026 года добровольно не предусмотрено. Налогоплательщика можно снять с НДС только в двух случаях: при переходе на специальный налоговый режим или при ликвидации либо прекращении деятельности, - сказал Айдос Байсалбай.


Также специалист добавил, что снижен порог обязательной регистрации по НДС – в 2025 году он составлял 20 000 МРП, в этом – 10 000 МРП.

– Остатки товаров, по которым ранее НДС был отнесен в зачет, признаются облагаемым оборотом. Дополнительно, в случае, если налогоплательщик применял специальный налоговый режим на основе упрощенной декларации и являлся плательщиком НДС, и его вид деятельности подходит к разрешительному списку, ему необходимо предоставить ликвидационную форму по НДС за 4 квартал 2025 года, - добавил спикер.


📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🏛Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды

Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты.

📌Мемлекеттік арнаулы қордың қаражаты есебінен салынған нысан «№1 Семей арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесінің аумағында бой көтерді. Аталған орталықта 18 жастан асқан, психоневрологиялық аурулары бар, I және II топтағы мүгедектігі бар 400 қызмет алушыға стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Мұнда 1964 және 1970 жылдары салынған екі корпус бар.

➡️Жаңа қосымша корпустың жалпы аумағы 6 281,8 шаршы метрді құрайды.
Нысан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес келеді. Ғимаратта емдік-еңбек шеберханасы, медициналық кабинеттер, заманауи асхана мен буфет, шаштараз бөлмесі, кітапхана және жатын бөлмелер қарастырылған.

Аймақ басшысы жаңа нысанның әлеуметтік маңызына тоқталып, бұл мекеме ерекше күтімді қажет ететін азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасай береді» деп әлеуметтік саланың маңызын айрықша атап өткен болатын. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес, бір адамға 5 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй алаңымен қызмет алушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша корпус санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қызмет алушылардың тұруы үшін де, орталық персоналының жұмысы үшін де неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырады. Облысымызда қайтарылған активтер есебінен 25 нысанның құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда үшеуінің құрылысы аяқталды. 22 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы 22 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Осы игі іспен айналысқан прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне Абай облысы жұртшылығы атынан алғысымызды білдіреміз», – деді облыс әкімі.


Нысан іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға сапалы қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда облыс бойынша мұндай қызметке 101 адам кезекте тұр.

🌐Облыста әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Өңірде 23 800 мүгедектігі бар адам тұрады. 2026 жылы аймақтағы 15 мыңнан астам мүгедектігі бар жандарды техникалық оңалту құралдарымен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету мақсатында 3,3 млрд. теңге бөлінді.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 200 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр. Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен 6 мыңға жуық адам қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанында салынған қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Бородулиха ауданында және Семей қаласында орналасқан қарттар үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Әлеуметтік мекемелердің қызметін арттыру мақсатында 20 автокөлікті (оның ішінде 7 инватакси) лизинг арқылы сатып алу жоспарланып отыр.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM