Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Берік Уәли, облыс прокуроры Ерлан Абаев қатысты.
Нысан халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес келеді. Ғимаратта емдік-еңбек шеберханасы, медициналық кабинеттер, заманауи асхана мен буфет, шаштараз бөлмесі, кітапхана және жатын бөлмелер қарастырылған.
Аймақ басшысы жаңа нысанның әлеуметтік маңызына тоқталып, бұл мекеме ерекше күтімді қажет ететін азаматтар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекет әр азаматтың лайықты табыс тауып, сапалы әлеуметтік қызмет алып, ертеңгі күніне сенімді болуы үшін барынша жағдай жасай береді» деп әлеуметтік саланың маңызын айрықша атап өткен болатын. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына толық сәйкес, бір адамға 5 шаршы метрге дейінгі тұрғын үй алаңымен қызмет алушыларды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қосымша корпус санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, қызмет алушылардың тұруы үшін де, орталық персоналының жұмысы үшін де неғұрлым қолайлы жағдайлар жасайды, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету сапасын арттырады. Облысымызда қайтарылған активтер есебінен 25 нысанның құрылысы басталған болатын. Қазіргі таңда үшеуінің құрылысы аяқталды. 22 нысанның құрылысы жүргізіліп жатыр. Жалпы 22 миллиард теңге қаржы қарастырылды. Осы игі іспен айналысқан прокуратура, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне Абай облысы жұртшылығы атынан алғысымызды білдіреміз», – деді облыс әкімі.
Нысан іске қосылғаннан кейін жаңа жұмыс орындары ашылып, өңірдегі әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға сапалы қызмет көрсетіледі. Қазіргі таңда облыс бойынша мұндай қызметке 101 адам кезекте тұр.
Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында биыл 200 нысанды бейімдеуден өткізу жоспарланып отыр. Облыста арнаулы әлеуметтік қызметтермен 6 мыңға жуық адам қамтылған. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Үржар балаларға арналған арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының жанында салынған қосымша ғимараттың құрылысы аяқталып, биыл пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, Бородулиха ауданында және Семей қаласында орналасқан қарттар үйіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалатын болады. Әлеуметтік мекемелердің қызметін арттыру мақсатында 20 автокөлікті (оның ішінде 7 инватакси) лизинг арқылы сатып алу жоспарланып отыр.
АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
В церемонии открытия нового здания приняли участие аким области Абай Берик Уали и прокурор области Ерлан Абаев.
Общая площадь нового дополнительного корпуса составляет 6281,8 кв. метра.
Глава региона, подчеркнув социальную значимость нового объекта, отметил, что учреждение направлено на формирование комфортной и безопасной среды для граждан, нуждающихся в особом уходе.
«В Послании народу Казахстана «Казахстан в эпоху искусственного интеллекта: актуальные задачи и их решение через коренные цифровые преобразования» Глава государства Касым-Жомарт Токаев особо подчеркнул значимость социальной сферы, отметив, что государство и впредь будет создавать все условия для того, чтобы каждый гражданин имел достойный доход, получал качественные социальные услуги и был уверен в завтрашнем дне. Введение в эксплуатацию нового здания позволит обеспечить получателей услуг жилой площадью до 5 кв. метров на одного человека в полном соответствии со стандартами оказания специальных социальных услуг. Кроме того, дополнительный корпус обеспечивает соблюдение санитарно-гигиенических и противоэпидемических требований, создает более комфортные условия как для проживания получателей услуг, так и для работы персонала центра, повышает качество медицинских и социальных услуг. В области за счет возвращенных активов было начато строительство 25 объектов. На сегодняшний день строительство трех объектов завершено, работы по 22 объектам продолжаются. В целом предусмотрено финансирование в объеме 22 млрд тенге. От имени жителей области Абай выражаем благодарность прокуратуре и сотрудникам правоохранительных органов за вклад в реализацию этих благих дел», — отметил аким области.
После ввода объекта в эксплуатацию будут созданы новые рабочие места, а жители региона, нуждающиеся в социальной поддержке, смогут получать качественные услуги. В настоящее время по области в очереди на получение таких услуг состоят 101 человек.
ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Forwarded from Абай облысының әкімдігі
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔶Семейде 100 орындық медициналық-әлеуметтік мекеме ашылды
———————————-
🔶В Семее открылось медицинско-социальное учреждение на 100 мест
📹#АбайОблысыныңӘкімдігі
Facebook | Instagram | gov.kz
———————————-
🔶В Семее открылось медицинско-социальное учреждение на 100 мест
📹#АбайОблысыныңӘкімдігі
Facebook | Instagram | gov.kz