Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
➡️Семей қаласындағы Водный кентінде заманауи спорт кешені ашылды

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Берік Уәли, спорт ардагерлері қатысты.

Спорт нысанының құрылысы 2025 жылдың мамыр айында басталып, қысқа мерзім ішінде тұрғындардың игілігіне берілді.

💬Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеген аймақ басшысы өңірде спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

«Естеріңізде болар, былтыр 2 мамыр күні осында арнайы келіп, жалпы аумағы 3400 шаршы метр болатын спорттық нысанның капсуласын салған болатынбыз. Міне, небары 9 айдың ішінде халықтың игілігіне бергелі тұрмыз. Осы маңайдағы тұрғындарды қуанышты жаңалықпен құттықтаймын. 2025 жылы өңір тұрғындарының бұқаралық спортпен шұғылдануы үшін Жаңасемей, Мақаншы, Бородулиха аудандарында осындай 3 жаңа спорт нысаны пайдалануға берілді. Бүгін 2026 жылы алғаш болып Водный кентіндегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ашылуына жиналып отырмыз. Бұл – Мемлекет басшысының стратегиялық тапсырмаларын іске асыру аясында Абай облысында олимпиадалық спорт түрлерін дамыту, бұқаралық спортты кеңінен насихаттау бағытындағы жүйелі жұмыстың бір парасы ғана. Сонымен қатар, Президенттің қолдауымен басталған «Абайға құрмет» акциясы аясында Шымкент қаласы Водный кентіндегі №34 мектептің жанынан жаңа мәдениет үйін салып бермек. Құрылысы көктем шыға басталады. Аталған нысан тұрғындар үшін мәдени-рухани және спорттық орталыққа айналады», – деді облыс әкімі.


🔼Off take келісім аясында бой көтерген екі қабатты кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған. Мұндағы спорт залдары мен жаттығу алаңдары тұрғындардың спортпен жыл бойы шұғылдануына мүмкіндік береді. Бірінші қабатта волейбол, баскетбол, футзал сияқты спорт түрлеріне арналған ойын залы, екінші қабатта күрес залы орналасқан. Алдағы уақытта алты бапкер жұмыс істейтін болады.

Водный кентінің тұрғындары жаңа спорт нысанының ашылғанына ризашылықтарын жеткізді.

«Осындай әлеуметтік нысандардың салынуы жастарымыздың спортпен тұрақты айналысуына үлкен мүмкіндік береді. Келешекте еліміздің көк байрағын әлемдік, халықаралық және олимпиадалық дәрежеде желбірететін чемпиондар шықсын деп тілеймін. Қаладан шеткері жатқан аудандарға жақсы көңіл бөлініп жатыр. Былтыр кентімізде мектеп ашылды, тағы басқа да нысандар салынғалы жатыр. «Водный» және «Восход» кенті тұрғындарының атынан алғыс айтамыз», – деді Водный кентінің тұрғыны Болатхан Бөгісов.


📊Өткен жылы Водный кентінде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 600 орындық мектеп пайдалануға берілді. Восточный кентінде осы бағдарлама шеңберінде 300 орындық мектептің құрылысы аяқталды. Инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бағытында төрт көшеде электр желілерін жаңарту жұмыстары жүргізілді. «Водный» және «Восход» елді мекендерінде жалпы ұзындығы 3,2 шақырымды құрайтын көше жолдарына асфальт төселді.

📉Айта кетейік, қазіргі уақытта Абай облысында 18 спорт нысанының құрылысы жүргізілуде. Сондай-ақ, Семей қаласындағы Ұшақтар және Бобровка кенттерінде Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынып жатыр. Бұл инфрақұрылым өңір спортшыларының халықаралық деңгейдегі жарыстарға сапалы дайындалуына зор мүмкіндік береді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
➡️В Семее в поселке Водный открылся современный спортивный комплекс

В церемонии торжественного открытия физкультурно-оздоровительного комплекса приняли участие аким области Берик Уали, ветераны спорта.

Строительство спортивного объекта началось в мае 2025 года и в короткие сроки было завершено – объект введен в эксплуатацию на благо жителей.

🗣️Выступая с поздравительной речью на открытии нового здания, глава региона отметил, что в области уделяется особое внимание развитию спортивной инфраструктуры.

«Вы помните, что 2 мая прошлого года мы специально приезжали сюда и заложили капсулу в основание спортивного объекта общей площадью 3400 кв. метров. И вот, всего за 9 месяцев, он уже передается в пользование населению. Поздравляю жителей этого микрорайона с радостной новостью. В 2025 году для вовлечения жителей региона в массовый спорт были введены в эксплуатацию три аналогичных спортивных объекта в районах Жаңасемей и Мақаншы, а также в Бородулихинском районе. Сегодня же, в 2026 году, мы первыми открываем физкультурно-оздоровительный комплекс в поселке Водный. Это лишь часть системной работы, проводимой в области Абай в рамках реализации стратегических поручений Главы государства по развитию олимпийских видов спорта и популяризации массового спорта. Кроме того, в рамках акции «Абайға құрмет», инициированной при поддержке Президента, город Шымкент построит новый Дом культуры рядом со школой №34 в поселке Водный. Строительство начнется с наступлением весны. Данный объект станет для жителей культурно-духовным и спортивным центром», — отметил аким области.


🕯Двухэтажный комплекс, построенный в рамках оффтейк-контракта, оснащен в соответствии с современными требованиями. Спортивные залы и тренировочные площадки позволяют жителям заниматься спортом круглый год. На первом этаже расположен игровой зал для волейбола, баскетбола и футзала, на втором – зал для борьбы. В дальнейшем в комплексе будут работать шесть тренеров.

Жители поселка Водный выразили благодарность за открытие нового спортивного объекта.

«Строительство таких социальных объектов дает нашей молодежи большие возможности для регулярных занятий спортом. Желаю, чтобы в будущем отсюда вышли чемпионы, которые поднимут флаг Казахстана на мировых, международных и олимпийских аренах. Районам, удалённым от города, уделяется хорошее внимание. В прошлом году в нашем поселке открылась школа, впереди – строительство и других объектов. От имени жителей поселков «Водный» и «Восход» выражаем благодарность», – сказал житель поселка Водный Болатхан Бегисов.


📌В прошлом году в поселке Водный в рамках национального проекта «Келешек мектептері» была введена в эксплуатацию школа на 600 мест. В поселке Восточный в рамках этой же программы завершено строительство школы на 300 мест. В направлении обновления инженерной инфраструктуры проведены работы по модернизации электросетей на четырех улицах. В населённых пунктах «Водный» и «Восход» заасфальтированы улицы общей протяженностью 3,2 километра.

⚡️Отметим, что в настоящее время в области Абай ведется строительство 18 спортивных объектов. Также в посёлках Ұшақтар и Бобровка города Семей строятся физкультурно-оздоровительные комплексы. Данная инфраструктура создаст благоприятные условия для качественной подготовки спортсменов региона к соревнованиям международного уровня.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
🔹Семей қаласындағы Водный кентінде заманауи спорт кешені ашылды

———————————-

🔹В Семее в поселке Водный открылся современный спортивный комплекс

📹#АбайОблысыныңӘкімдігі

Facebook | Instagram | gov.kz
✅Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өтті

Семей қаласының әкімі Әділет Нұрсағатұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға барлығы 20 азамат келді.

Кездесуге қала әкімдігінің бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және «Отбасы банк» қызметкерлері қатысты.

Азаматтар тарапынан аумақтарды абаттандыру, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жол инфрақұрылымы, жарықтандыру, жер, қоғамдық көлік жай-күйі, ауыз су тарту және қоқыс жайлы бірқатар мәселелер көтерілді.

Әр тұрғынның өтініштері бойынша түсіндірме беріліп, қала әкімі тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM