Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
🏅Семейде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды

Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсіміне қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев қатысып, аналарды құттықтады.

«Кеуделеріңізде жарқыраған бұл алқалар – тек марапат емес, өмір бойғы еңбектің, мейірім мен сабырдың, аналық махаббаттың белгісі. Тәуелсіз еліміздің болашағын тәрбиелеуге қосқан үлестеріңіз ұмытылмай, ардақты есімдеріңіз әрқашан құрметпен атала берсін!», – деді Қуаныш Әбілдаев.


Жиын барысында 4 анаға «Алтын алқа», 21 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Құрметті алтын құрсақты аналар!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыңызға береке-бірлік тілейміз. Жүздеріңізден күлкі кетпесін!
Семей қаласының әкімдігі
🏅Семейде «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» табысталды Семей қаласындағы тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары мен отбасыларына қолдау көрсету орталығында ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары…
🏅В Семее вручили награды «Алтын алқа» и «Күміс алқа»

В Кризисном центре для жертв бытового насилия в городе Семей состоялось торжественное вручение государственных наград «Алтын алқа» и «Күміс алқа» многодетным матерям в соответствии с Указом Президента страны. В церемонии награждения принял участие заместитель акима города Куаныш Абилдаев, и поздравил матерей.

«Эти сияющие на груди ордена – не просто награды. Это символ многолетнего труда, материнской любви, милосердия и терпения. Пусть ваши имена, как матерей, воспитавших будущее независимого Казахстана, всегда звучат с особым уважением!», - отметил Куаныш Абилдаев.


В рамках мероприятия 4 матерям была вручена награда «Алтын алқа», 21 - «Күміс алқа».

Уважаемые мамы!

Желаем вам крепкого здоровья, благополучия и единства в семье. Пусть с ваших лиц не сходит улыбка!