Семей қаласының әкімдігі
2.52K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!

Семей қаласы Полиция басқармасы ағымдағы жылдың 19 ақпанында қала аумағында қар жаууына байланысты көшелерде коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Осыған орай көлік құралдарын жол жиегіне қалдырмауларыңызды және қар тазалау техникаларының жұмысына кедергі келтірмеулеріңізді сұраймыз.

Сонымен қатар, кешкі уақытта ауа температурасының төмендеуіне байланысты қала көшелерінде көктайғақтың пайда болу қаупі бар. Жүргізушілерден қауіпсіз жылдамдық режимін сақтауды, арақашықтықты ұлғайтуды және жол қозғалысы ережелерін қатаң ұстануды сұраймыз.

Өз қауіпсіздігіңіз бен өзге жол қозғалысына қатысушылардың өмірі үшін жауапкершілік танытыңыз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары! Семей қаласы Полиция басқармасы ағымдағы жылдың 19 ақпанында қала аумағында қар жаууына байланысты көшелерде коммуналдық қызметтердің арнайы техникалары жұмыс жүргізіп жатқанын хабарлайды. Осыған орай көлік құралдарын…
📢Уважаемые жители и гости города!

Управление полиции города Семей сообщает, что 19 февраля текущего года в связи с выпадением осадков в виде снега на территории города на улицах ведутся работы специализированной техникой коммунальных служб.

В этой связи просим не оставлять транспортные средства на обочинах дорог и не создавать препятствий для работы снегоуборочной техники.

Кроме того, в вечернее время в связи с понижением температуры воздуха существует риск образования гололеда на улицах города. Просим водителей соблюдать безопасный скоростной режим, увеличивать дистанцию между транспортными средствами и строго придерживаться правил дорожного движения.

Проявляйте ответственность за свою безопасность и жизнь других участников дорожного движения!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔵Абай облысында «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр

Облыс әкімі Берік Уәли форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Абай облысында «Қаладан – ауылға» атты пилоттық жобаның басталғанын жариялап, мұның ауылдық жерлердің тыныс-тіршілігін жаңғыртуға, кадрлық әлеуетін күшейтуге және жаңа серпін беруге бағытталған бастама екенін айтты.

«Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мен ауыл әкімдерінің қызметіне арналған диалог-платформасында «Ауылдың жағдайы – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар мәселе. Себебі, халқымыздың тамыры – ауылда» деп ауылдың жағдайы ел үшін стратегиялық маңызға ие екенін ерекше атап өтті. Жоба аясында ауыл тұрғындарын тұрақтандыру және қаладан ауылға қоныс аударушыларды тарту арқылы демографиялық тепе-теңдікті сақтау, ауылдық елді мекендердегі кадр тапшылығын азайту, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жаңа мазмұнда тиімді іске асыру көзделеді», – деді аймақ басшысы.


Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында облысқа 1,0 млрд теңге қаражат бөлінді. Қазіргі таңда бағдарлама шеңберінде өңірдегі 10 ауданда қайта өңдеу саласы бағытында 28 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін қаржыландыру бойынша іс-шаралар атқарылуда.
Биыл «Агроөнеркәсіп кешенінде ірі инвестициялық жобаларды іске асыру» Жол картасы аясында жалпы құны 23,1 млрд теңгені құрайтын 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделіп отыр. Нәтижесінде агроөнеркәсіп кешеніне тартылатын инвестиция көлемін 78,2 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.

Мемлекет басшысының соңғы Жолдауындағы ет өнімдерімен экспорттық әлеуетті арттыруды қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес Жаңасемей ауданындағы «ЕвразияАгроСемей» ЖШС базасында 7,7 млрд теңгеге қуаттылығы жылына 11,4 мың тонна шығарылатын ет комбинаты жобасы іске асырылып жатыр. Ет комбинатының айналасында өндірістік бордақылау алаңдарының қуаттылығын арттырып, толық өндірістік циклді қамтитын ет кластеріне айналмақ.

Облыста қой шаруашылығын дамыту мақсатында Абай облысының қой шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған салалық бағдарламасы әзірленуде. Қаржыландыру ағымдағы жылы іске қосылатын «Игілік» бағдарламасы арқылы жүзеге асыру жоспарлануда. Бағдарлама аясында 300 мың бас асыл тұқымды ұсақ мал сатып алу көзделіп отыр. Аталған бағдарламаға республикалық бюджеттен 50 млрд теңге көлемде қаражат бөлу пысықталуда. Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде алдағы 5 жыл ішінде қой саны 1,2 млн бастан 2,3 млн басқа жеткізіледі.

«Бұл өз кезегінде ауылдың халқын тұрақтандырып, жұмыс көздерін ашып, ауылдан көшу үрдісін тоқтатуға септігін тигізеді. Аталған бағытта «Қаладан ауылға» атты өңіраралық жобаны іске асыруды жоспарлаудамыз. Бүгінгі форум аясында өзара тәжірибе алмасып, озық практикаларды талқылап, тиімді шешімдер ұсынатынымызға сенім білдіремін. Біздің ортақ мақсат – ауылдың әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту. Ауылды дамыту – ортақ жауапкершілік пен жүйелі жұмысты талап ететін стратегиялық міндет. Бірлесе әрекет етіп, біз ауылдың әлеуетін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жаңа деңгейге көтереміз деп сенеміз», – деді облыс әкімі.


Форумның пленарлық отырысында
Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Аманат» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Парламент Сенатының депутаты Қайрат Тастекеев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің мал шаруашылығы департаментін директорының орынбасары Қайрат Көшенов, «Семей» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамының төрағасы Мұхтар Әлімханұлы, «Елім-Ай Көкпекті» компаниясының директоры Болат Бекбердинов, «Мәуліт» шаруа қожалығының басшысы Қайырлы Қасенов, «Нарын» өндірістік кооперативінің төрағасы Олжас Шаймарданов сөз сөйлеп, ұсыныс-пікірлерін жеткізді.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Абай облысының әкімдігі
🔵Абай облысында «Қаладан – ауылға» өңірлік форумы өтіп жатыр Облыс әкімі Берік Уәли форумның ашылуында сөйлеген сөзінде Абай облысында «Қаладан – ауылға» атты пилоттық жобаның басталғанын жариялап, мұның ауылдық жерлердің тыныс-тіршілігін жаңғыртуға, кадрлық…
🔵В области Абай проходит региональный форум «Қаладан — ауылға»

Аким области Берик Уали выступая на открытии форума, объявил о запуске в области Абай пилотного проекта «Қаладан – ауылға», отметив, что инициатива направлена на обновление жизнедеятельности сельских территорий, укрепление кадрового потенциала и придание нового импульса развитию села.

«Глава государства Касым-Жомарт Токаев на диалоговой платформе, посвящённой сельскому хозяйству и деятельности акимов сельских округов, особо подчеркнул стратегическую значимость села, отметив: «Состояние села – вопрос стратегической важности для страны. Корни нашего народа – в селе». В рамках проекта предусматривается сохранение демографического баланса за счет закрепления сельских жителей и привлечения переселенцев из городов, снижение кадрового дефицита в сельских населенных пунктах, развитие малого и среднего бизнеса, а также эффективная реализация программы «С дипломом – в село» в новом содержательном формате», – отметил глава региона.


В прошлом году в рамках программы «Ауыл аманаты» области было выделено 1 млрд тенге. В настоящее время в 10 районах региона ведется финансирование 28 сельскохозяйственных производственных кооперативов в сфере переработки.

В рамках Дорожной карты по реализации крупных инвестиционных проектов в агропромышленном комплексе в этом году предусмотрено осуществление 9 инвестиционных проектов общей стоимостью 23,1 млрд тенге. В результате объем инвестиций в АПК планируется увеличить до 78,2 млрд тенге.

В соответствии с поручением Президента по наращиванию экспортного потенциала мясной продукции, озвученным в последнем Послании, в районе Жаңасемей на базе ТОО «ЕвразияАгроСемей» реализуется проект мясокомбината стоимостью 7,7 млрд тенге мощностью 11,4 тысяч тонн продукции в год.

Для развития овцеводства разрабатывается отраслевая программа развития овцеводства области Абай на 2026–2030 годы. Финансирование планируется осуществлять через запускаемую в текущем году программу «Игілік». В ее рамках предусмотрено приобретение 300 тысяч голов племенного мелкого рогатого скота. На реализацию программы прорабатывается выделение 50 млрд тенге из республиканского бюджета. В результате в течение пяти лет планируется увеличить поголовье овец с 1,2 млн до 2,3 млн голов.

«Это позволит стабилизировать численность сельского населения, создать новые рабочие места и остановить отток из села. В этом направлении мы планируем реализацию межрегионального проекта «Қаладан – ауылға». Уверен, что в рамках сегодняшнего форума мы обменяемся опытом, обсудим лучшие практики и выработаем эффективные решения. Наша общая цель – раскрыть потенциал села и повысить качество жизни его жителей. Развитие села – стратегическая задача, требующая общей ответственности и системной работы. Объединив усилия, мы сможем вывести жизнь сельских территорий на новый уровень», – подчеркнул аким области.


На пленарном заседании выступили советник Премьер-министра Ералы Тугжанов, секретарь партии «AMANAT» Эльдар Жұмағазиев, вице-министр финансов Абзал Бейсенбекұлы, депутат Мажилиса Парламента Нұртай Сабильянов, депутат Сената Парламента Қайрат Тастекеев, заместитель директора департамента животноводства Министерства сельского хозяйства Қайрат Кошенов, председатель АО «Семей әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» Мұхтар Әлімханұлы, директор компании «Елім-Ай Көкпекті» Болат Бекбердинов, руководитель крестьянского хозяйства «Мәуліт» Қайырлы Қасенов, председатель производственного кооператива «Нарын өндірістік кооперативі» Олжас Шаймарданов выступили на пленарном заседании и озвучили свои предложения и мнения.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары!

23 ақпаннан бастап құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Semey Mall» ЖШС-не Шәйжүнісов көшесінің Шәкәрім даңғылынан Ұранхаев көшесіне дейінгі бөлігін толық жабуға рұқсат берілгенін хабарлаймыз.

Аталған шектеу өрттен зардап шеккен бұрынғы Зоовет институты ғимаратын қалпына келтіру және қайта жаңғырту, сондай-ақ «Semey Mall» сауда орталығының құрылыс жұмыстарын жүргізуге байланысты енгізіліп отыр.

Көрсетілген жол учаскесі 23 ақпаннан бастап құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталғанға дейін көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер үшін толық жабық болады.

👁Осыған байланысты қала тұрғындары мен жол қозғалысына қатысушылардан:
• балама қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды;
• уақытша енгізілген жол қозғалысы өзгерістерін ескеруді;
• орнатылған жол белгілері мен қоршаулар талаптарын сақтауды сұраймыз.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары! 23 ақпаннан бастап құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты «Semey Mall» ЖШС-не Шәйжүнісов көшесінің Шәкәрім даңғылынан Ұранхаев көшесіне дейінгі бөлігін толық жабуға рұқсат берілгенін хабарлаймыз. …
📢Уважаемые жители и гости города Семей!

Сообщаем, что с 23 февраля в связи с проведением строительных работ ТОО «Semey Mall» выдано разрешение на полное перекрытие участка улицы Чайжунисова от проспекта Шакарима до улицы Уранхаева.

Данное ограничение вводится в связи с восстановлением и реконструкцией здания бывшего Зоовет института, пострадавшего от пожара, а также проведением строительных работ торгового центра «Semey Mall».

Указанный участок дороги будет полностью закрыт для транспортных средств и пешеходов с 23 февраля до полного завершения строительно-монтажных работ.

👁В связи с этим просим жителей города и участников дорожного движения:
• заранее планировать альтернативные маршруты движения;
• учитывать временные изменения в организации дорожного движения;
• соблюдать требования установленных дорожных знаков и ограждений.

Приносим извинения за временные неудобства и благодарим за понимание!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
✅Қала әкімі Қарағайлы ықшам ауданының тұрғындарымен кездесті

Бүгін қала әкімі Әділет Нұрсағатұлы Қарағайлы, 74 мекенжайының тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан көшелерді жарықтандыру, жолдардың жай-күйі, қоқыс контейнерлерінің орнын ауыстыру, автотұрақ мәселесі, сондай-ақ тұрғын үйлердің құрылыс сапасына қатысты бірқатар мәселелер көтерілді.

Сонымен қатар, негізгі көтерілген мәселе - кондоминиумды ресімдеу барысында мекенжай нөмірінің өзгеруіне байланысты тұрғындардың алаңдаушылығы болды.

Қала әкімі тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын мұқият тыңдап, әр мәселе бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті түсіндірмелер берді. Нақтырақ айтқанда, кондоминиум объектісі құрылған жағдайда мекенжайдың өзгеруі тұрғындарға меншік құжаттарын қайта рәсімдеу міндетін жүктемейтінін атап өтті.

🟢Сондай-ақ, қала басшысы тұрғындарға МИБ (ОСИ) құрылғаннан кейін аталған мәселелерді жүйелі түрде шешуге мүмкіндік туатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, нақты шаралар қабылдау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM