Семей қаласының әкімдігі
2.53K subscribers
16.4K photos
3.37K videos
9 files
2.25K links
📍Семей қаласының әкімдігі
———
📍Акимат города Семей
Download Telegram
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары!

Қазіргі уақытта ауа-райының қолайсыздығына байланысты қала көшелеріндегі шұңқырларды асфальтпен толық жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Асфальт төсеу технологиясы белгілі бір температура мен құрғақ ауа райын талап етеді.

Осыған байланысты тұрғындар мен жүргізушілердің қауіпсіздігі мен қолайлы қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды уақытша брусчаткамен жабу жұмыстары жүргізілуде.

❗️Аталған шара уақытша екенін атап өтеміз!

Күн жылып, жер кепкеннен кейін жоспарға сәйкес орташа жол жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шұңқырлар асфальтпен толық қалпына келтірілетін болады.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#СемейҚаласыныңӘкімдігі
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Семей қаласының әкімдігі
📢Құрметті Семей қаласының тұрғындары! Қазіргі уақытта ауа-райының қолайсыздығына байланысты қала көшелеріндегі шұңқырларды асфальтпен толық жөндеу жұмыстарын жүргізу мүмкін болмай отыр. Асфальт төсеу технологиясы белгілі бір температура мен құрғақ ауа райын…
📢Уважаемые жители города Семей!

В настоящее время из-за неблагоприятных погодных условий проведение полноценного ремонта дорожного покрытия с использованием асфальта на улицах города не представляется возможным. Технология укладки асфальта требует определенной температуры и сухой погоды.

В связи с этим, в целях обеспечения безопасности и более комфортного передвижения жителей и водителей, проводится временное закрытие образовавшихся дорожных ям брусчаткой.

❗️Подчеркиваем, что данная мера является временной!

После наступления благоприятных погодных условий и просыхания грунта, в соответствии с планом, будут проведены работы по среднему ремонту дорог, а ямы будут полностью восстановлены асфальтовым покрытием.

Благодарим вас за понимание!

📷inst | 🗳fb | 🌐gov.kz

#АкиматГородаСемей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️Абай облысында «Семейдің мәдени маусымдары» жобасы басталды

Биыл Наурыз мейрамы жалпыұлттық «Наурызнама» онкүндігі аясында әзірленген іс-шаралар жоспарына сәйкес атап өтіледі. 14 наурыз – Амал мерекесіне орай Семей қаласындағы Қарағайлы ықшам ауданындағы республика алаңында «Семейдің мәдени маусымдары» жобасы шеңберінде «Семей көктемі» фестивалі ұйымдастырылды.

⚡️Алаңда сахна құрылып, киіз үйлер тігілді. Фестиваль театрландырылған көрініспен басталып, онда үлкендер мен жастар көрісіп, «Амал құтты болсын!» деп қауышу дәстүрі мен аластау рәсімі көрсетілді.

Мерекелік шараға қатысқан облыс әкімі Берік Уәли жиналған жұртшылықты алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Төл мерекемізді тойлаудың мазмұнын идеологиялық мәнмен байыта түсу үшін Мемлекет басшысы 2024 жылы мақұлдаған «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес жаңартылған форматта – Наурызнама онкүндігі аясында өткізілуде. Бұл онкүндіктің басты мақсаты – Наурыз мейрамын тек бір күндік думан емес, тұтас бір ұлттық жаңғыру кезеңіне айналдыру», – деді аймақ басшысы.


Облыс әкімі өңірде аймақтың мәдени өміріне тың серпін беретін жаңа бастама «Семейдің мәдени маусымдары» атты ауқымды жобаның басталғанын жария етті.

«Аталған жоба аясында өңіріміздегі мәдени шаралар жылдың төрт мезгіліне сәйкес ұйымдастырылады. Яғни, «Семей көктемі», «Семей жазы», «Семей күзі», «Семей қысы» атты мәдени маусымдар арқылы жыл бойы халқымыздың өнері мен мәдениеті жаңа мазмұнда насихатталатын болады. Баршаңызға белгілі, Абай атамыздың өзі де төрт маусымды жырға қосып, атақты «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс», дейтін төрт маусымды бедерлеген классикалық өлең жазған болатын. Біздің «Семейдің мәдени маусымдары» хакім атамыздың осы жырларынан тамыр тартып отырғанын айрықша айта кеткеніміз жөн. Тағы да бір атап өтерлігі, бүгін өздеріңіз жиналып отырған алаң былтыр Республика күнінде пайдалануға беріліп, Республика алаңы деп атау ұсынылған болатын. Алаң төрінде бүгін отанымыздың көк туы желбіреп, тұғырына көтерілді. Көк байрағымыз осы жерде енді үнемі желбіреп тұратын болады», – деді Берік Уәли.


💬Аймақ басшысы шара барысында Семейді көркейту бағытындағы жұмыстардың қарқынды түрде жалғасып, бірнеше есеге ұлғаятынын, биыл 100 аула абаттандырылып, осынша аулаға асфальт төселетінін, 100 көшеге орташа жөндеу жүргізіліп, осынша көше жарықтандырылатынын айтты. Айта кетейік, былтыр 35 аула абаттандырылып, 40 аулаға асфальт төселіп, 52 көшеге орташа жөндеу жасалып, 15 көше жарықтандырылған болатын.

Мерекелік концертте өңір өнерпаздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Айта кетейік, «Наурызнама» тұжырымдамасына сәйкес өткізілетін 10 күндік аясында облыс бойынша 300-ден астам мәдени, әлеуметтік және спорттық іс-шара ұйымдастыру жоспарланған.

АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
⚜️В области Абай стартовал проект «Семейдің мәдени маусымдары»

В этом году Наурыз мейрамы отмечается в соответствии с планом мероприятий, подготовленным в рамках общенациональной декады «Наурызнама». В честь 14 марта на площади Республики в микрорайоне Карагайлы города Семей в рамках проекта ««Семейдің мәдени маусымдары» был организован фестиваль «Семей көктемі».

☄️На площади была установлена сцена и возведены юрты. Фестиваль начался с театрализованного представления, в котором была показана традиция встречи старших и младших со словами «Амал құтты болсын!» и обряд благословения – аластау.

Аким области Берик Уали, принявший участие в праздничном мероприятии, поздравил жителей с наступающим Наурыз мейрамы.

«Для того чтобы наполнить наш традиционный праздник более глубоким идеологическим содержанием, по инициативе Главы государства с 2024 года он отмечается в обновленном формате – в рамках декады «Наурызнама». Главная цель этой декады – превратить Наурыз не просто в однодневное торжество, а в период национального обновления», – отметил глава региона.


Аким области также объявил о запуске новой масштабной инициативы, которая придаст дополнительный импульс культурной жизни региона, – проекта «Семейдің мәдени маусымдары».

«В рамках этого проекта культурные мероприятия региона будут организовываться в соответствии с четырьмя временами года: «Семей көктемі», «Семей жазы», «Семей күзі», «Семей қысы». Таким образом, на протяжении всего года искусство и культура нашего народа будут представляться в новом содержательном формате. Как известно, великий Абай также воспевал четыре времени года в своих известных стихотворениях «Жазғытұры», «Жаз», «Күз», «Қыс». Наш проект во многом вдохновлен именно этими произведениями великого мыслителя. Кроме того, стоит отметить, что площадь, на которой мы сегодня собрались, была открыта в прошлом году ко Дню Республики и получила название площадь Республики. Сегодня на ее центральной части был поднят государственный флаг, который теперь будет постоянно развеваться здесь», – сказал Берик Уали.


🗣️Глава региона также сообщил, что в городе продолжается активная работа по благоустройству. В этом году планируется благоустроить 100 дворов, в таком же количестве дворов будет уложен асфальт, средний ремонт проведут на 100 улицах и столько же улиц будут освещены. Для сравнения, в прошлом году было благоустроено 35 дворов, асфальт уложен в 40 дворах, средний ремонт проведён на 52 улицах и освещено 15 улиц.

В рамках праздничного концерта выступили артисты и творческие коллективы региона. Стоит отметить, что в рамках десятидневной декады «Наурызнама» в области планируется провести более 300 культурных, социальных и спортивных мероприятий.

ПРЕСС-СЛУЖБА АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM